
Дыхательная система 1ОМ 2009.ppt
- Количество слайдов: 11
“АСТАНА МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ” АҚ ІШКІ АУРУЛАР ПРОПЕДЕВТИКА КАФЕДРАСЫ № 1 ДӘРІС Тынысалу жүйесі ауру науқастардың шағымдарын, ауру және өмір анамнезін жинақтау ерекшеліктері. Балалардағы ерекшеліктері. Абдахина Б. Б.
Тыныс алу жүйесі ауру науқастарында анықталатын негізгі шағымдар: • • кеуде сарайындағы ауру сезімі; жөтел (құрғақ немесе ылғалды); демікпе; қан қақыру.
Кеуде сарайындағы ауру сезімі болуы мүмкін: • құрғақ плевритте; • қабырға аралық нервтерінің невралгиясында; • миозитте; • қабырға сынғанда; • жүрек-тамыр жүйесіне байланысты; • құрсақ қуысындағы өзгерістерге байланысты.
Кеуде сарайындағы ауру сезіміне байланысты анықтау қажет: • оның локализациясын (төстің асты, жауырын асты); • түрін (сыздап, басып, керіп, шаншып); • ұзақтығын; • таралуын; • немен байланысты (жөтелмен, демалумен, қимылмен); • қандай жағдайда азаяды (ауру жағымен жатқанда).
Жөтел болуы мүмкін: • жүрек-тамыр жүйесі зақымдалғанда; • уремияда; • т. б. жағдайларда.
Жөтелге байланысты анықтау қажет: • түрін ( сирек, жиі, ұстамалы түрде, барлық уақытта); • қандай жағдайда пайда болады (ыстықтан суыққа шыққанда немесе керсінше, иістерге); • ылғалды немесе құрғақ; • ұзақтылығын; • қаттылығын және оның тембірін; • ауру сезімінің пайда болуын.
Ылғалды жөтелде анықтау қажет қақырықтың: • түсін (түссіз, сары, көкшіл сары, алқызыл, қара, қызыл, тотық түстес); • Иісін (иісті, иіссіз); • консистенциясын (сұйық, қою); • көлемін (бірең-сараң, ауыз толтырып, 100 мл –ден жоғары болса өкпеде абсцесс, бронхоэктатикалық ауру);
Қан қақыру • Қан қақыру мен қан кетуді ажырата білу керек. 5 мл –ге дейін қанның көлемін қақыру дейміз, одан көп болса өкпеден қан кету дейміз. Өкпеден қан кеткенде қанның түсі алқызыл түсті және көпіршікті болады. Крупозды пневмонияда қан қақыру болады қанның түсі тотық түске ауысады (өкпеде қан химиялық реакцияның салдарынан гемосидеринге ауысады). Бронхитте қан ашық қызыл түсті – қақырықтың бетінде жіп тәрізді бірең-сараң болып келеді.
Демікпе • Демікпе тыныс алудың қиындауы. Бұл науқастың субъективті сезімі. Бірақта субъективті сезім объективті көрсеткіштермен бірге жүруі мүмкін (тыныс алу жиілігі, тереңділігі, ырғағы). • Демікпе үш түрге бөлінеді: • экспираторлы; • инспираторлы; • аралас. Демікпенің күрделі сатысы тұншығу деп аталынады.
Ауру анамнезі • ауру қашан басталды, қалай басталды, алғашқы көрінісі, жедел немесе біртіндеп; • аурурудың даму ерекшелігі, немен байланысты; • аурудың пайда болу себептері (науқастың өзінің болжамы бойынша) және оның даму себептері; • бұған дейінгі жүргізілген зерттеу әдістері олардың нәтижесі; • бұған дейінгі жүргізілген емдік шаралар және оның нәтижесі; • егер созылмалы ауру болатын болса аурудың әр өршудегі өзгерістері (жоғарғы көрсетілген схема бойынша).
Науқастың өмір тарихын анықтау • • • туған жылы, туып-өскен жері; әлеуметтік тұрмыс жағдайы; әскери қызметі; жанұялық жағдайы; еңбек тарихы; бұрын ауырған аурулары; тұқым қуалаушылық ерекшеліктері; тұрмыс күйі; денсаулыққа зиянды әдеттері; жұқпалы аурулар туралы мәлімет.
Дыхательная система 1ОМ 2009.ppt