Узелковый периартеит101.pptx
- Количество слайдов: 15
«АСТАНА МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ ІШКІ АУРУЛАР КАФЕДРАСЫ ПРЕЗЕНТАЦИЯ Тақырыбы: Түйінді периартерит Орындаған: Ахмет Қ. Н. Қабылдаған: Байтенова Л. Н. Астана 2015 жыл
Жоспар: І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім 1)Этиологиясы 2)Патогенезі 3)Клиникасы 4)Жіктелуі 5)Диагностикасы 6)Емі ІІІ. Қорытынды ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ Түйінді периартерит (ТП) – сегментті түрде ұсақ және орта калибрлі артерияларды басым зақымдайтын некроздаушы аутоиммунды қабыну ауруы. Оның басқаша атауы түйінді полиартрит.
Этиологиясы Түйінді периартеритті туындататын нақты себептер анықталмаған. Түйінді периартериттің дамуына әсер ететін факторлар: Вирусты инфекция: Гепатит В, Герпес вирустары, Цитомегаловирустар және т. б. ; Бейспецификалық факторлар: суықтау, вакцинация, инсоляция, сарысу; Дәрі-дәрмектер: Туберкулостатиктер, сульфаниламидтер, анальгетиктер, кейбір антибиотиктер, рентгеноконтрасттық заттар; Ген кемістігі.
Патогенезі
Клиникасы Ауру алғашында жалпы синдромнан көрінеді: ұзаққа созылған қызба, жүдеу, бұлшықет-буындық ауырсыну. Қызба симптомы 95 -100% ауруда кездеседі, антибиотиктермен басылмайды, антибиотикке сезімтал. Қызбамен тершеңдік байқалады. Жүдеу патогномды дүреді. Науқастар бірнеше айда 30 -40 кг салмақ тастайды, кахексия дәрежесі онкологиялық аурулардан жоғары. Бұлшықет-буын синдромы. Миалгиялар және артралгиялар аурудың басында кездеседі. Ірі буындар мен бұлшықетте басталады.
Бүйрек тамырларының зақымдануы 75 -90% кездеседі. Ең жиі дамитын гломерулонефрит, бүйрек инфаркты, сиректеу – бүйрекіші артерияның жарылуы кездеседі. Бүйрек зақымдануына артериялық гипертензияның (кейде қатерлі түрі) дамуы тән. Оған әкелетін бүйрек васкулиті және көптеген инфарктар. Қатерлі гипертензия өзіне тән белгілермен (сол қарынша шамасыздығымен, энцефалопатиямен, зағиптыққа дейін жеткізетін ретинопатиямен) дамиды. Нефротикалық синдром, бүйрек артериясының жарылуынан болатын паранефральдік гематома, бүйрек асты артеиясының тромбозы бұл ауруда сирек байқалады. Кардиоваскулярлық синдром. 50 -70% жүрек тамырларының зақымдануы кездеседі. Бұл ауруда тәж артерияларының зақымдануы тән. Коронариттің салдарынан коронарлық синдромдар жиі байқалады – стенокардия, ұсақ ошақты миокард инфаркты, кардиосклероз және ырғақ өткізу бұзылыстары. Сырқаттардың 12 -15%-да жүрек шамасыздығы, 10%-да митральды қақпақтың шамасыздығы қалыптасады. Перикардит сирек, АГ жиі кездеседі.
Асқорыту жолының зақымдану синдромы. Науқастардың 50 -60%-да зақымданады. Асқазанда іштің өткір, интенсивті ауру сезімімен сипатталады. Диспепсиялық бұзылыстар: диарея тәул 6 -10 рет қан аралас нәжіс және жүрек айну, құсу, анорексия кездеседі. Жара перфорациясынан және ішек гангренасынан жиі перитонит дамиды. Өкпе зақымдануы. Сирек кездеседі. Тыныс жүйесі өкпе васкулиті, өкпе инфаркты немесе интерстициялық пневмония түрінде зақымданады. Мұндайда ентікпе, жөтел, қан қақыру, кеуденің ауырсынуы пайда болады, түрлі сырылдар естіледі. Рентгенограммада тамыр өрнегінің күшеюі, деформациясы және өкпенің, әсіресе төменгі аймақтарында, инфилтрациялық көлеңкелер анықталады.
Нерв жүйесінің зақымдануы. Бұл ауруда ассиметриялық моно және полиневрит жиі дамуы кездеседі (қол-аяқтардың күйдіріп қатты ауруы, сезімталдық бұзылыстары, парездер). Кейде менингоэнцефалит, инсульттер дамиды, сондықтан аурудың көрінісінде гемипарез, құрысулар, психикалық бұзылыстар, эпилепсия ұстамалары орын алуы мүмкін. Эндокриндік жүйенің зақымдануы. Түйінді периартеритте бүйрекүсті, қалқанша бездерінің функциялық бұзылыстары болуы мүмкін, 80%-да, көбіне В вирусының тасымалдаушыларында, орхит, эпидидимит дамиды.
Диагностикасы
Емі Емнің негізгі мақсаттары: 1) Иммундық комплекстердің, антиденелердің түзілуін азайту, иммундық қабынудың бетін қайтару; 2) Гиперкоагуляциямен күресу; 3) Иммундық комплекстерді алып шығу; 4) Кейбір айқын көрінген синдромдарды басу.
Түйінді периартерит емінің негізгі дәрі-дәрмектері – глюкокортикоидтар мен цитостатиктер. Гдюкокортикоидтардан әдетте қолданылатын: преднизалон және метипред. Преднизалон тәул 60 -100 мг (кейде 300 мг 3 -4 күн беріп), науқастың жағдайы жақсарған соң азайтады. Висцериттер және шеттік невриттер болғанда емге цитостатиктерді қосады. Бұл жағдайда цитостатиктер үлкен дозада-азатиоприн 2 -3 мг/кг, циклофосфан 1, 5 -2 мг/кг 1 -2 ай көлемінде беріледі, содан кейін емді сүйемелдеуші дозада ұзақ (4 -5 жыл) жүргезеді. Иммундысупрессиялық ем әсер етпесе немесе оның әсерін арттыру үшін иммундық коплекстер мен антиденелерді алып шығу мақсатымен плазмоферез жасалынады. Гиперкоагуляциямен күресу мақсатымен міндетті түрде гепаринді 5000 Б. Күніне 30 -45 күн енгізеді және антиагреганттарды қолданады. Сүйемелдеуші емге немесе кеселдің созылмалы жұмсақ туындыларын тәул 200 -400 мг және стероидтық емес қабнуға қарсы дәрілерді қолданамыз.
Түйінді периартерит (ТП) – сегментті түрде ұсақ және орта калибрлі артерияларды басым зақымдайтын некроздаушы аутоиммунды қабыну ауруы. Түйінді периартеритті туындататын нақты себептер анықталмаған. Әйелдерден қарағанде ерлер жиі ауырады. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер: Б. Қалимұрзина, “Ішкі аурулар” www. bing. kz Wikpedia
Узелковый периартеит101.pptx