
гиста 3курс срс.pptx
- Количество слайдов: 15
«Астана Медициналық Университеті» АҚ Гистология, цитология және эмбриология кафедра: сы Студенттің өзіндік жұмысы Тақырыбы: Жасқа және орналасуына байланысты терінің ерекшеліктері. Орындаған: Бақтыгереева К. Астана 2014 ж
Жоспар: 1. Кіріспе 2. Негізгі бөлім: А) Терінің құрылысы; Б) Терінің қызметі; С) Терінің жастық ерекшеліктері; 3. Қорытынды 4. Пайдаланған әдебиет.
Тері - адам денесінің сыртқы жабыны. Тері ағзада әр түрлі қызмет атқарады. Ішкі мүшелерді сыртқы ортаның механикалық әсерінен (соғылудан, жарақаттанудан) қорғайды. Тері микробтарды, еріген улы және зиянды заттарды өткізбей қорғаныштық қызмет атқарады.
Терінің құрылысы: Адам терісі негізінен үш қабаттан тұрады. 1) Терінің сыртқы қабаты - эпидермис (лат. ері - сырты, үсті, derma - тері), 2)ортаңғы қабаты - нағыз тері(дерма), 3)ішкі қабаты - шелді қабаты деп аталады.
Терінің эпидермис қабаты - көп қабатты жалпақ эпителий (жабын) ұлпасынан тұрады. Оның қалыңдығы атқаратын қызметіне сәйкес түрліше болады. Үнемі механикалық күш түсетін жерлерде (алақанда, табанда) эпидермис едәуір қалың (0, 5 -2, 3 мм). Көкіректе, құрсақта, санда, білекте, мойында эпидермис қабатының қалыңдығы 0, 02— 0, 05 мм-ден аспайды.
Терінің дерма қабаты дәнекер ұлпадан түзілген. Оның қалыңдығы 12, 5 мм. Дерманың эпидермиске жанаса орналасқан сыртқы қабатын -емізікшелі (сосочковый), ішкі жағын - торлы (сетчатый) қабат дейді. Дерманың емізікшелі қабаты тығыз талшықты дәнекер ұлпадан тұрады. Бұл қабатта қантамырлары, лимф тамырлары, жүйке талшықтары өте жиі орналасқан.
Тері шелмайы қабаты (гиподерма) да дәнекер ұлпадан тұрады, онда майлы қосылыстар көп болады. Мұнда жиналған майлы заттарды ағза қажет кезінде пайдаланады. Терінің бұл қабаты ағзаны суықтан және сыртқы ортаның механикалық әсерлерінен қорғайды.
Терінің қызметі: ØҚорғаныштық (организмді механикалық және химиялық факторлардан, микробтардың енуінен, ультрафиолеттік сәулелерден қорғайды); Øтерморегуляторлық (тер булану және жылу бөлінудің әсерінен); ØСу тұз алмасу (терлеудің әсерімен); Øэкскреторлық (тұздардың, дәрілердің термен шығуы); Øэндокриндік және метаболитикалық (синтез және D витаминінің, кейбір гормондардың жиналуы); ØРецепторлық қызмет (көптеген жүйке талшықтары); ØИммунндық қызмет.
Әр түрлі кездегі тері ерекшелігі: v. Эпидермис і өте жұқа. Жасушалар борпылдақ күйде және жәй байланысқан. Бұндай эпидермистің құрылымы оған нәзіктік пен қызғылт түс береді. v. Ересек тері екі қабаттан тұрады: емізікті және торлы. Олардың құрамына коллагендік, эластикалық және аргирофильді талшықтар кіреді. Дермада байланыстырушы жасушалық ұлпалар бар: гистоциттер, фибробласттар, моноциттер, ретикулоциттер. Талшықтар және жасушалар аморфтық заттармен байланысқан. v. Егерде ересек адамның терісінде талшықтар басым болса, нәрестелерде жасушалық элеметтер басым және аморфтық зат едәуір көп. v. Коллагендік, эластикалық және аргирофильдік талшықтар балаларда жұқа, нәзік болып келеді. v. Нәресте мен емшектік сәбилерде шелді қабат жақсы дамыған, оның массасы ересектерден бес есе көп. vҚалыпты тер бөліну он торт немесе он бес жасқа келгенде дамиды. Апокриндік бездер жыныстық жетілу кезінде белсенді жұмыс жасай бастайды. v. Нәрестелерде оттегіні сіңіру және көмірқышқыл газын шығару белсенді жүреді. vӨскен сайын тері өзгере береді. Жеті немесе сегіз жас аралығында тері ересек теріге ұқсай бастайды. Эпидермис пен дерманың байланысы көбейеді, үлкейеді.
Кәрілік кездегі тері ерекшелігі: v Терінің сыртқы түрі өзгереді, қызғылт түсі жоғалады; тері сұрғылт боз түске енеді. v. Тері салбырыңқы, қатпарлы болады, әжім түседі, . Бұл атрофикалық процесстер әсерінен болады, дерманың эластикалық талшықтарында болады. v. Терінің беткі қабаты құрғақ болып көрінеді, ол тер және май бездерінің көлемінің және олардың қызметінің төмендеуінен болады. v. Кәрі терінің қызметі жаймендеп төмендейді. Ең соңында бұл бұзылулар организмнің де қалпына әсер етеді. Қорғаныштық, сезімталдық, зат алмасу, иммунологиялық қызметі төмендейді. v. Кәрі кездегі тері обыр ауруларының дамуына қолайлы. Аллергиялық дерматоздар ұзаққа созылады. v. Регенерация төмендегеннен соң көбінесе іріңдік жерлер пайда болады.
Қорытынды Тері – біздің денеміздің сыртқы жабыны. Ол мықты, серпімді болады. Бұл адамның жеңіл және еркін қозғалуына мүмкіндік береді. Тері адамның ішкі мүшелерін сыртқы соққыдан қорғайды және судың мөлшерін белгілі бір көлемде сақтайды. Таза және ауруға шалдықпаған тері организмге әр түрлі микробтардың енуіне жол бермейді. Тері жүйке талшықтарының ұштарымен торланған. Сондықтан біз ыстықтың, суықтың әсерін, сипау және ауру сезімдерін қабылдап, өзімізді күюден, үсуден, жарақаттанудан қорғай аламыз. Тері организмнің ысып немесе суып кетуіне және дененің қызуын сақтауға қатысады. Организмдегі зиянды заттар, мөлшерден артық тұздар тepi арқылы (термен) бөлініп отырады. Tepi газдардың алмасуына қатысады, оттекті ciңipiп, көмірқышқыл газын бөледі. Tepi — сезім мүшесі.
Пайдаланған әдебиет Ø «Кожные и венерические болезни» , А. А. Студницин, Б. Г. Стоянов Ø Ғаламтор беттері.
гиста 3курс срс.pptx