Менеджмент.pptx
- Количество слайдов: 19
Астана медициналық университеті АҚ «№ 1 Қоғамдық денсаулық сақтау» кафедрасы СӨЖ Тақырыбы: Менеджмент ғылымының даму тарихы Орындаған : ҚДС 501 топ Жұмағалиева Қ. Б. Қабылдаған : Байгулова Г. Б. Астана 2017 ж.
Менеджментті дамыту – бұл үзіліссіз болатын ұйымның мақсатына, стратегиясына және мәселелеріне бағытталған эволюциялық үрдіс. Басқару үрдісі үнемі жаңарып отырады. Менеджменттің тарихи кезеңделуі расталады және оның дамуының ең алдымен сыртқы жағдайларға тәуелді екендігін көрсетеді. Менеджментті дамыту, еліктеу қадамдарының қатары емес басқаруды дамытуда бірнеше көзқарастың бір-бірімен сәйкес келуі орын алады. Басқарудың теориясы мен практикасы дамуына айтарлықтай үлес қосқан маңызды көзқарас белгілі.
Менеджменттің даму кезеңдері Менеджменттің теориясы мен практикасының дамуы бірнеше кезеңдерге бөлінеді І кезең – ежелгі кезең. Алғашқы қауымдық құрылыста ру басшысының, қауымдық жетекшінің көмегімен, басшылығымен бірігіп тіршілік еткен. Б. э. дейінгі басқару принципінің жан-жақтылығын зерттеп сипаттама берген адам Сократ (470 -439 жж. ) болды. Платон (б. э. дейінгі 428 -348 жж. ) мемлекеттік басқарудың түрлерін талдаумен бірге басқару органдарының фугкцияларын анықтаған, ал Александр Македонский (б. э. дейінгі 356 -323 жж. ) әскерді басқарудың теориясы мен практикасын дамытты. ІІ кезең – индустрияның даму кезеңі (1776 -1890 жж. ). Бұл кезеңде мемлекеттік басқарудағы еңбек бөлінісінің әртүрлі формаларын анықтап, мемлекет пен мемлекет басшысының міндеттеріне сипаттама берген ғалым – Адам Смит. ІІІ кезең – басқаруды бір жүйеге (систематизация) келтіру кезеңі (1856 -1960 жж. ) ІV кезең – ақпараттар кезеңі (1960 ж. – қазіргі уақытқа дейін). Басқару ғылымы үнемі даму үстінде. Сондықтан басқару бағыттары, мектептері өзгеріп, жетіліп отырады. Қазіргі менеджмент ХІХ ғасырдағы өнеркәсіп революциясы кезінде туындаған. Өндірістің алғашқы түрлерінде, фабрикаларда адамдарды жұмыспен қамту және оларды біріктіріп, жұмысқа бағыттау қажеттілігі туындаған. Міне сондай жағдайда қабілетті жұмысшыны үйретіп, оқытып, кәсіпорын иесінің мақсатын орындау үшін пайдаланған. Олар – алғашқы менеджерлер болатын. басқарудың дамыған мерзімінде математика мен компьютерді, электронды есептеу техникасын кеңінен қолдану арқылы басқаруды жетілдіруде мүмкіндік туды.
Басқару көзқарастары: • 1 -ші басқарудағы әртүрлі мектептер тұрғысынан көзқарас. Бұл көзқарас басқару әртүрлі 4 көзқарастан қарастырылуымен сипатталады. • 2 -ші үрдістік көзқарас • 3 -ші ситуациялық көзқарас • 4 -ші жүйелік көзқарас.
Басқарушылық мектебінің дамуы 20 ғ. 1 -ші жартысында басқарушылық ойының әртүрлі мектебінің дамуы орын алады. Хронологиялық түрде оларды мынадай тәртіппен айтады. • ғылыми басқару мектебі; • классикалық мектеп; • адалдық қатынастар және мінез-құлық ғылымының мектебі; • басқару ғылымының мектебі.
Басқарудың негізгі мектептері Ғылыми басқару мектебі (1885 -1920 жж. ) негізін қалаушылар Фредрик Тейлор, Френк және Милли Пельберг Генрий Ганк құрушыларының ойынша өлшеуді, талдауды, логиканы пайдаланып қол еңбегін көптеген операцияларын олардың неғұрлым тиімді орындалуын қол жеткізе отырып жетілдіруге болады. Фредрик Тейлор мектебінің дамуына үлкен үлес қосты. Оның мақсаты еңбекті және басқаруды дұрыс ұйымдастыру принциптерін қалыптастыруда болады. Негізгі назарды ол физикалық еңбекті ғылыми ұйымдастырып принциптерінің қалыптасуына бөлді. Оның ойынша кәсіпорында өзінің жеке тәжірибесі негізінде еш нәрсе істелмеуі керек. Тейлордың қағидасы: қызметкерлерді ғылыми түрде сұрыптау(физикалық интеллектуалды дамыған адамдарды); жалақы, еңбекақы төлеуде жұмысшыларды ынталандыру үшін әділетті жалақы төлеу.
Басқарудың ғылыми ретінде дамуына қосқан үлестері Ғылыми басқару мектебі: • міндетті орындаудың таңдалу әдістерін анықтағанда ғылыми таңдауды пайдалану. • мақсатқа қол жеткізу үшін ең қолайлы қызметкерлерді таңдау, оларды баулап отыруды қамтамасыз ету. • қызметкерлерді өз міндеттерін тиімді орындауға қажетті ресурстармен қамтамасыз ету. • Еңбек өнімділігін арттыруға материалдық ынталандыруды ұдайы және дұрыс қолдану.
Басқарудың негізгі мектептері Басқалардың классикалық және әкімшілік мектебі 1920 -1950 жж. Бұл мектептің негізін көңіл бөлгені — әкімшілік басқаруды дамыту. Яғни басқарудың әмбебап принциптерін дамыту. Бұл мектептің негізгі өкілі А. Фаелдің 14 қағидасы бар: -еңбек бөлінісі; - өкілеттілік және жауапкершілік; - тәртіп; - дара басшылық; - бір ғана бағытқа бағытталуы; - жеке мүдделердің жалпы мүдделерге бағыныштылығы; - персоналдарды марапаттау; - орталықтандыру; - әділеттілік; - персоналдарға жұмыс орнының тұрақтылығы; - сколярлық цепь; - инициатива; - корпоративті рух; - порядок.
Басқарудың ғылыми ретінде дамуына қосқан үлестері Басқарудың классикалық мектебі: • басқарудың қағидаларын дамыту; • басқарудың функцияларын бейнелеу; • ұйымды басқарудығы жүйелендірілген әдіс.
Басқарудың негізгі мектептері адамдық қатынастар мектебі. 1930 -1950 жж. Негізгі өкілдері Элтон Мэйо, Мери Паркер Фале. Негізгі мақсаты жұмыскерлер арасында жақсы қарым-қатынас орнату, жақсартып еңбек өнімділігін арттыру. Бұл мектепті неоклассикалық мектеп деп атайды. Бақытты жұмысшы ең тиімді «жұмысшы» деген қағидаға ұстаған. Жұмысшылардың неғұрлым әлеуметтік жағдайлармен қамтамасыз етілсе жұмысшылар өздерінің жұмыстарына ыңталасты, жақсы жұмыс істейді.
Басқарудың ғылыми ретінде дамуына қосқан үлестері Адамгершілік қарым-қатынастар мектебі: • еңбек өнімділігімен еңбекке қанағаттандыруды арттыруда тұлға ара қатынастарын қолдану. • Ұйым қызметкерлерін адамның қатынастарымен мінез-құлық әрекетіне бейімдеп қалыптастыру.
Басқарудың негізгі мектептері Басқарудың ғылыми мектебі – бұл бағыт 50 -ші жылдары қазірге дейін жалғасады Бұл бағыт қазіргі автоматтандырылған құрал-жабдықтар мен компьютерлерді орынды пайдалануды көздейді. Бұл бағыт кейбір оқулықтарды Сандық әдістер мектебі деп аталады. Басқару шешімдерін қабылдау, оңтайлы шешімдерді анықтау, есептеулер мен салыстыру арқылы және математикалық әдістерді қолдану арқылы жүзеге асырылатын болды. Басқаруда мәліметтер мен ақпараттарды қолдану кезеңі сандық мектеп өкілдері теориясымен дамыды. Сандық мектеп теорияшыларының ойынша басқарудың концепциясын дайындау, жоспарлау математикалық талдаулардың нәтижесі арқылы ғана жүзеге асады. Шын мәнінде қазіргі заманда әрбір өркениетті елдің табыстарға жетуі математикалық-техникалық прогрестің көмегі екендігіне сөз жоқ.
Басқарудың ғылыми ретінде дамуына қосқан үлестері Басқару ғылыми мектеп: • жобаларды ойластыру мен қолдану арқылы күрделі басқару проблемаларын түсінуді тереңдету. • Күрделі жағдайларда шешім қабылдаған басшыларға жәрдем ретінде сандық тәсілді дамыту.
Басқару ғылымының даму эволюциясын сипаттайтын көзқарас Қазіргі кезде басқару ғылымының даму эволюциясын сипаттайтын 4 көзқарасты атап көрсетуге болады: жүйелік; процестік; жағдайлық
Басқару ғылымының даму эволюциясын сипаттайтын көзқарас Жүйелік көзқарас – объектінің немесе ұйымды өзара бір-біріне тәуелді байланысқан элементтің жиынтығы ретінде сипатталады. Ол әлемдегі ұйым мақсаты, құрылымы, міндеті, технологиясы және еңбек ресурстары жатады.
Басқару ғылымының даму эволюциясын сипаттайтын көзқарас Процестік көзқарас – басқаруды тізбектей бірінен кейін бірі орындалатын процестің жиынтығы ретінде сипатталады. Ол процестерде басқару функциясының көмегі арқылы жүз асыру, яғни жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау және ынталандыру.
Басқару ғылымының даму эволюциясын сипаттайтын көзқарас Жағдайлық көзқарас – кез елген мәселені шешуіге, кез келген іс-әрекеттерді талдауға, басқарудың универсалды амал тәсілдерінің әдістері жоқ екендігін атап көрсетеді. Осыған орай кез келген проблеманы, жағдайға өзіндік қолайлы әдістер арқылы ықпал етуді сипаттайды.
Қазақстандағы менеджменттің дамуы Менеджмент туралы сөз болғанда біз ең бірінші Әбу Нәсір Әл-Фарабиді еске аламыз. Әбу Нәсір Әл-Фараби (870 -950 жж. ) ғылымның әр алуан саласында аса маңызды, құнды пікірлер, тұжырымдар қалдырған кемеңгер ғалым, данышпан ойшыл, энциклопедист адам болған. Ұлы ойшыл басқару екі түрлі болады деген: «Егер басқару әділеттік бағытқа жеткізетін әрекеттерді, мінез-құлықтарды, ер қасиеттерін нығайтса, ол – қайырлы басқару. Оған мойын ұсынатын қалалар мен халықтар – қайырлы қалалар мен халықтар» - дейді ол. Ұлы ойшылдың ойынша бұл принциппен қабыспайтын басқару қиялдағы бақытқа ғана жеткізеді. Шындығында ол бақыт бола алмайды. Өйткені ол қаладағы теріс әрекеттер мен жаман қасиеттерді нығайтады, сондықтан ондай басқару – надандық басқару болып саналады. Әбу Нәсір Әл-Фараби азаматтық ғылым туралы еңбектерінде саясат пен этиканың арасындағы өзара тығыз байланысты талдай отырып, мемлекеттік қайраткерлердің алдына қойған мақсатын жүзеге асыруда және бақытқа жетуде қажетті жағдайлар жасауда өз көрінісін табатын «мемлекетті басқару өнеріне» баса назар аударды.
Қазақстандағы менеджменттің дамуы Қазақстанда менеджмент негіздеріне арналған оқу құралын ең бірінші 1992 жылы ағылшын ғалымдарының теориясын негізге ала отырып, Орал ауыл шаруашылығы институтының профессоры К. Ғ. Ахметов жазып шығарды. Осыдан кейін басқару академиясының профессоры К. Б. Бердалиевтің басшылығымен «Басқару негіздері» оқулығы баспадан шықты. Республикамыздың нарықтық экономикаға өтуіне байланысты барлық кәсіпорындарда «менеджер» қызметі пайда болып, қазіргі менеджерлер, бұрынғы жоғарыдан бұйрық арқылы ғана өз міндетін орындайтын басшы емес, әр істің басы-қасында болып, ұйымның барлық деңгейіндегі іс-әрекеттерге қанық, іс жүзінде болып жатқан жағдайларды талдау арқылы шешім қабылдап, оны жүзеге асырушы маман, қызметкерлер. Ондай қызметкерлер менеджмент негідерін толық меңгерген, менеджерге қойылатын талаптарды нақты білетін, басқаруда бар теориялармен ғана шектелмей, ой-өрісі жоғары, жаңашыл, кезкелген тұйықтан шығатын, тапқырлық қасиеті мол, жедел шешім қабылдауға қабілетті адамдар болуы тиіс.
Менеджмент.pptx