АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ ОРТОПЕДИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БАЛАЛАР СТОМАТОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ
АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ ОРТОПЕДИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БАЛАЛАР СТОМАТОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ ТІС ПРОТЕЗДЕРІН ДАЙЫНДАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША ДӘРІС 7 дәріс Көмекші материалдар. Қалып алатын материалдар және қалыптардың жіктелуі.
ЖОСПАР Таныстыру: 1. Ортопедиялық стоматологиядағы көмекші материалдармен 2. Қалып алатын материалдардың жіктелуімен. 3. Қалып, мүсін, қасықтар түсініктемесі. 4. Қалып алу технологиясы. 5. Заманауи материалдар.
ҚАЛЫП АЛУ МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ Ауыз қуысындағы кілегей қабықтың және тістердің рельефтерін дәл түсіруі және үлгіні ауыз қуысынан алған кезде қалыбын өзгертпеуі Көлемінің өзгермеуі Ауыз қуысына салған кезде қамыр тәріздес болып, қатқаннан кейін эластикалы болуы Ауыз қуысындағы температура мен ылғалдылық жағдайында тез және толық қатуы Ауыз қуысына кіргізілуінің және алынуының ыңғайлығы Ауыз қуысында болатын термиялық және химиялық процесстердің әсерінен туындайтын зияндық әрекеттердің болмауы Жаман иісі мен дәмінің болмауы Пайдаланған материалдардың жеңіл залалсыздандырылып қайтадан қолдану мүмкіндігінің болуы Модельді құйғаннан кейін одан жеңіл ажыратылуы Жеңіл қапталынып, сақтауға, алып жүруге ықшам және арзан болуы керек.
КӨМЕКШІ КӨМЕКШІ МАТЕРИАЛДАР МҮСІНДЕЙТІН ҚАЛЫПТАҒЫШ МАТЕРИАЛДАР: v Базистік балауыз v. Формолит v. Кристосил v Мүсіндейтін балауыз v. Силамин v Жабысқақ балауыз
КӨМЕКШІ МАТЕРИАЛДА Р АБРАЗИВТІ § БАСҚА ДА КӨМЕКШІ МАТЕРИАЛДАР: МАТЕРИАЛДАР § Флюстер Алмаз § Тез балқитын қорытпалар Корунд § Қышқылдар Электрокорунд § Сілтілер Карборунд § Оқшаулау материалдары Жылтырататын § Цементтер пасталар (ГОИ, § Амальгамалар крокус) § Мольдин пемза § Спирт бор § Бензин (жанармай)
ЖІКТЕЛУІ: 1) Қатаятын қалып 2) Термопластикалық алатын қалып алатын материалдар: 1) Ғаныш 1) Масстер 2) Дентол 2) Стенс- 03 3) Репин 3) MCT- 03 4) Неогенат 4) Дентафоль 5) Викопресс 5) Стомапласт 6) Ортокор
3) ҚАЛЫП АЛАТЫН МАТЕРИАЛДАР: А) АЛЬГИНАТТЫ Б) СИЛИКОНДЫ МАССАЛАР: 1. Стомальгин-02 1. Сиэласт-69 2. Алигин 2. Сиэласт-05 3. Гельтрей 3. Сиэласт-21 4. Эластик плюс 4. Стомафлекс 5. YPEEN 5. 3 М 6. Phase PLUS 7. Гидрогум 8. Ортопринт 9. Волоколоид 10. Кромальган
Силиконды массаларлың түрлі жинағы
Қалып дегеніміз протездеу аймағы мен оның шекараларында орналасқан қатты және жұмсақ тіндердің көрінісінің көшірмесі. Протезбен байланыста болатын мүшелер мен тіндердің бірігуін протездеу аймағы деп айтамыз.
Тіс протездерін жасау үшін ауыздағы тістің, иектің үлгісін алу керек. Үлгілік материалдар қатқаннан кейін физикалық жағдайына байланысты былайша жүйеленіп жүр: Қатты кристалданатын материалдар Эластикалық материалдар А) альгинатты Б) силиконды В) тиоколды Г) гидроколлоидты материалдар
Гидроколлоидтік қалыптық материалдар Бұл үлгілік материалдардың қасиетін түсіну үшін коллоидті химияның кейбір сұрақтарын еске түсірейік. Коллоид деген сөз грек тілінде желім деген сөзді білдіреді. Коллоидты жағдай барлық заттарға тән болуы мүмкін, ол негізінен заттың дисперстік жәрежесіне байланысты. Қорытына айтқанда, коллоид деп, бір заттың екінші бір ортаға біркелкі, тарап, жүйелі түрде орналасуын айтамыз.
Коллоид заттың бөлшектернің фазасы 100 ден 1 ммк аралығында жатқанда түзіледі. Сұйық коллоидтерден басқа, қатты эластикалық денелердің қасиетін беретн коллоидік жүйелер де бар. Бұл коллоидттарды ұйынды немесе гель деп атау қалыптасқан.
Сұйық коллоидттар суытылса ұйып желімденеді. Мысалы крахмалды, агар- агарды суытқан кезде бұл құбылысты айқын көруге болады. Коллоид бөлшектері бір-біріне ілінісіп, кеңістікте құрылыс түзеді. Қыздырған кезде бөлшек аралық байланыс бұзылып, қайтадан сұйық коллоид түзеді. Желім тәріздес ұйынды – тұрақсыз жүйе. Біраз уақыт өткеннен кейін ол ескрп, бетіне суы шығады. Сонымен бірге гельдің көлемі кішірейеді. Бұл құбылысты синерезис деп атайды. Қалыптық материал ретінде гидроколлоид материалдарын қолданатын болса, тез арада модель құйылуы керек.
Альгинатты материалдар осы ғасырдың 40 -шы жылдарынан бастап қолданыла бастады. Бұл материалдар қазіргі кезде гипсті ығыстырып, оның орнын басуда. Альгинатты қалыптық материалдардың негізі – альгин қышқылдарының натрий тұздары. Ол өзі ұнтақ, суға тиген кезде ісініп және колоидты жүйе түзетін гель. Гельге физикалық қасиет беріп, сапалы үлгілік матреиал ретінде қолдану үшін оның эластикалық және қаттылық қатиестін арттырып, жабысқақтығын азайту қажет. Оның құрамына гипс және толтырғыштар енгізіп қажетті материал алу өте маңызды. Ол натрий альгинатының ерігіштік гелін ерімейтін кальций альгинатына ауыстыру мақсатында қолданылады.
Альгинатты қалыптық материалдарды бір қолданған соң қайтып қолдануға болмайды. Өндірісте бұл материалдар көптеп шығарылады. Ең көп тарағаны барлық компоненттерінің ұнтақ қоспа ретінде қолданылуы. Қалыптық масса болуы үшін ұнтақты сумен араластырады. Аьгинатты қалыптық материалдармен протез орналасатын орындардан жоғарғы дәлділікпен таңба болуға болады. Бұл қалыптық массаның дайындаудың және ауызға енгізудің қарапайымдылығы, тіс протездерін орналасатын орнының такеньдерінің дәлділікпен қалыпқа көшуі, қалыптың ауыз қуысынан толығымен бұзылмай шығуы, дәмі мен иісінің жағымды болуы. Қатайған қалыптық масса серіппелі, қаттылығы жеткілікті және қысымға төзімді. Альгинатты қалыптан модель алу өте жеңіл және ыңайлы болады
Альгинатты материалдардың артықшылығымен қатар кемшіліктері де бар. Оларда гель түзгеннен кейінгі макромолекулаларының тығыздығына байланысты синерезис құбылысы болады да көлемі кішірейеді. Материалдың бетіне шыққан сұйық гипстің қатуын төмендетіп, алынатын модельдің беткі қабатының тазалығын бұзады. Қалыптың бетіне шыққан сұйықты тазалау үшін модельді құймастан бұрын ағын суға салып жуады да, 3 -5 минутқа 2 %-ті натрий сульфатына салады. Қалыпты ыстық жерде сақтайтын болса, масса кеуіп 15 - 20 минуттан кейін көлемі кішірейгендіктен құюға жарамсыз болады.
Альгинатты массаның тағы бір кемшілігі оның механикалық қаттылығының төмендігі. Бұл жағдайды модель алған кезде есте ұстаған жөн. Қалыпты тек қана жақсы ағып, барлық шұңқырлардың еркін толтыратын массалармен құю қажет. Қалыпқа ешқандай қысым түсірмеу керек, өйткені оның жұқа бөліктері қалыбын жоғалтуы мүмкін. Альгинатты массалар үлгілік қасықтарға жабыспайды, сондықтан тесік қасықтарды, болмаса лейкопластырь жапсырып ретенциялы орын жасап қолданылады. Қалыпты алған соң көлемі кішірейіп қалмай тұра тез арада құйылуы қажет. Модель еш қысымсыз сұйық гипсті құю арқылы алынады.
Силиконды қалыптық материалдар Силиконды қалыптық материалдар тобы 50 -ші жылдардан бастап қолданыла бастады. Қазіргі кезде кремнийорганикалық полимерлердің негізінде силиконды қалыптық материалдар стоматологиялық тәжірибеде кеңінен қолданылып жүр. Силиконды материалдардың негізін құрайтын активті гидроксил топтары бар түзу полимер.
Катализатордардың әсерімен түзу полимерлер конденсация арқылы байланысып, тігілген полимер түзеді. Масса қатқаннан соң созылмалы резеңке тәріздес болады. Катализаторлар ретінде қалайы және титанорганикалық заттар қолданылады. Қатаю процесін тездету үшн катализаторларға әсер ететін инициаторлар қосады. Полимердің вулканизациялау процесін және созылмалығын тігін-агентін, катализаторлар, толтырғыштар қосып реттеуге болады.
Қазіргікезде қолданылып жүрген «Сиэласт-69» материалының құрамы төмендегідей: Полиметилсилоксан – 48, 0 Алюминий тотығы – 35, 8 Барий сульфаты – 16, 0 Бояғыш – 0, 2
«Сиэласт- 69» жоғары сапалы силикон полимерлерінің негізіндегі қалыптық материал, көлемі кеуіп кішіреймейді, сондықтан қалыптарды көпке дейін сақтауға және алынған бір қалыппен бірнеше модель алуға болады. Ауыз қуысында қалыптың вулканизациялану уақыты 4 -5 минут. Егер катализатордың қатынас көлемі көбейтілсе немесе айналадағы ортаның температурасы жоғары болса, онда қатаю уақыты жылдамдайды. Модельді құяр алдында 15 минутқа қалыпты сабынды суға салып, содан соң сумен шаяды да ауада кептіреді.
Тиколды материалдар Тиоколды қалыптық материалдардың негізін металл тотықтарымен реакцияға түсіп эластикалық қосылыс түзетін меркаптен құрайды. Қазіргі кезде шығарылатын тиоколды үлгілік материал «Тиодент» екі сықпадан және тездеткіштен тұрады. Негізгі сықпаның құрамында полисульфидті каучук және
Қалып алу үшін едәуір қысым қолданған жөн. Тиоколды массалар, силиконды массалар сияқты ауызға енгізген кезде жоғары иілімділік көрсетеді, Қатқаннан кейін созылғыш резеңке тәріздес. Көлемі өзгермей, көпке дейін сақтауға болады. Тиоколды массалардың вулканизациялану жылдамдығына температура мен ауаның ылғалдылығы әсер етеді.
Мүсін қандайда бір көріністі жасау кезіндегі толық пішінін беретін үлгі. Жақтардың мүсіні— протездеу аймағымен және оның шекараларында орналасқан қатты және жұмсақ тіндердің көшірмесі.
Жұмысшы қалыптың көмегімен тіс жақ аппараттары мен протездерді жасаймыз. Жақтың тіс қатарларында қандайда бір өзгеріс кезінде қосымша алынатын қалыпты көмекші қалып деп атаймыз. Жасалынатын протездің конструкциясын толық жоспарлау үшін және диагнозды толық анықтауға көмек беретін қалып түрін диагностикалық қалып деп атаймыз. Бақылау мүсіні ол осы диагностикалық қалып атауымен аталады, яғни қандайда бір ортопедиялық ем кезінде және протездеу кезіндегі ауыз қуысының жалпы жағдайын ескеруге мүмкіндік береді.
Қалып алатын қасықтар. Қалыпты арнайы стандартты және жеке дара қасықтармен алады. Жоғарғы және төменгі жақтарға арналған стандартты қасықтарды фабрикаларда тот баспайтын металдан, дюралюминиден немесе пластмассадан жасайды. Металлдан жасалынған қасықтарды арнайы өңдеуден (стерилизация) өткізген соң қайта қолдануымызға болады. Герметикалық қорапта болатын пластмасса қасықтар бір рет қолдануға арналған. Олардың әртүрлі формасы мен размері болады. Метал қасықтар перфорация жасалған және жасалмаған болады. Пластмассалы қасықтар перфорациялармен шығарылады. Бұл қалып алу массасының фиксациясын күшейтеді. Жақсы таңдалған қасық қалып алу жұмысын жеңілдетеді. Қалып алар алдында ауыз қуысын жеңіл антисептикалық ерітіндімен шаю керек (марганцовка, хлоргексидин, Дуплексол препараты).
Шайнау қысымы немесе мөлшерленген қысым әсерінен алынған қалып компрессионды қалып деп аталады. Ол үшін тығыз қалып алатын материалдарын және аққыш материалдарды қолданады. Сонымен қатар, тығыз және аққыш материалды қолданып алынған қалып қос қабатты қалып деп аталады. Бірінші қабат стандартты қасықты жеке дара қасыққа айналдырады (силиконды қалып алатын материалды қарастырамыз). Алынған қалыпқа екінші қабат болып корригерлеуші масса жағылады.
Араластыратын материалды арнайы резеңке колбада, металл не пластмасса шпательдің көмегімен әйнектің үстінде, болмаса мелованды қағаз үстінде араластырамыз. Сонымен қатар қазіргі кезде арнайы картриджді пистолеттер де бар. Әр материалды инструкциясы бойынша арластырамыз. Ауа көпіршіктерінің болмауы үшін материалды қасыққа біркелкі жағу керек.
Науқастың ауыз қуысының бұрышына вазелин немесе арнайы антисептикалық крем жағып қояды, мысалы «Галеника» фирмасынан шығатын Вико-1. Қасықты ауыздың сол жақ бұрышын итеріп еңгізеді. Одан соң стоматологиялық айнаның не шпательдің көмегімен ауыздың келесі бұрышын итеріп қасықты ауыз қуысына еңгіземіз. Қасықтың ұстайтын тұтқасы беттің орталық сызық бойында орналасып, ал қалған бөлігі тіс қатар проекциясында орналасқаны жөн. Қасықты массамен бірге тіс қатарларына жабыстырамыз. Жоғары жақта қысым алғашқыда жақтың артқы бөлігіне, содан соң алдыңғы бөлігіне түсіріледі. Бұл массаның жұтқыншаққа түсіп, тұрып қалуын болдырмайды. Материалдың артығы алға қарай жылжып шығады, оны стоматологиялық айнаның көмегімен алып тастайды.
Жоғарғы жақтан қалып алу кезінде құсу рефлексінің алдын алу үшін, массаның не сілекейдің өңешке және трахеяға түсіп аспирация болмауы үшін науқастың басы алға қарай сәл еңкейуі керек. Жоғарғы ерін мен ұртты саусақпен ұстап, қасықты итеріп кіргізеді. Төменгі жақта ерінді жоғары қарай көтеріп, қасықты кіргізіп отырғызады. Төменгі жақтың ерін бөлігін пішіндеуде тілді жоғары қарай көтеріп, не шығарып жалағандай әрекет жасауды сұрайды. Бірнеше минуттан соң масса қатқан соң рычак тәрізді қимылмен сұқ саусақтың көмегімен ауыз қуысынан шығарамыз.
Алғашқыда бір жақтан қалып алынады, содан соң екіншісінен. Басқа да қалып алу әдістері белгілі, «Ивоклар» фирмасының материалымен орталық арақатынаста екі жақтың түйісуі кезінде алуға болады. Бұл әдісті 1, 5 мин аралығанда мұрнымен дем алатын жағдайда қолдануға болады. Егер протездеу аймағы толық түсіріліп, ешқандай қуыстар болмаған жағдайда қалыптың сапасы дұрыс деп есептеледі.
АЛЬГИНАТТЫ ҚАЛЫП АЛАТЫН МАТЕРИАЛДАР Альгинатты масса қалып алу үшін стоматологиялық практикада жиі қолданылады. Қазіргі кездегі альгинатты қалып алатын материалдар көп компонентті түрде майда дисперсті ұнтақ ретінде шығарылады. Альгинатты ұнтақты арнайы мөлшерде салқын су қосып, резина колбада шпательдің көмегімен біркелкі паста болғанша 30 -40 с аралығында араластырады. Қалып алуға дайын массаны қасыққа саламыз. Массаның қаттуы шамамен 2 -2, 5 минуттан 5 минутқа дейін созылады. Колбадағы қалған масса бойынша қатуын байқауға болады. Масса қатпай ерте алынған жағдайда қалып деформация береді.
Қалыпты ауыз қуысынан шығарған соң, ағынды сумен сілекейін шайып тастайды. Альгинатты қалып ауада көлемі тез өзгереді , суда ісінеді. Неғұрлым ертерек құйылса дұрыс болады. Қасықтарды арнайы ерітінділерде дезинфекция жасайды. Упин (Чехия) - альгинатты масса, жасыл түсті, ұсақ дисперсті ұнтақ. Сумен бөлме температурасында 30 -45 с аралығында араластырамыз. Қатаю уақыты 2, 5 мин, кейде 3 мин болады.
ЭЛАСТИКАЛЫҚ ҚАЛЫП АЛАТЫН МАТЕРИАЛДАР Стоматологиялық қалып алатын материалдар ішінде жоғары дәрежеде қолданылады. Құрамы кремний органикалық полимер негізінде — силиконды каучук болып табылады. Силиконды қалып алатын материалдар қос қабаты қалып алу үшін кеңінен қолданылуда. Екі қойыртпақ түрінде шығарылады: негіз және катализатор. Катализатор ретінде негізге жабыса алатын сұйықтық қолдануға болады.
Көбінесе қос қабатты қалып алу екі кезеңде жүреді. Бірінші кезеңде адгезив жағылған қалып алатын қасыққа, катализатор қосып арластырылған негізгі тығыз пастаны салып қалып алынады. Корригерлеуші пастаға орын қалдыру үшін арнайы полиэтиленді қабық жабады.
Қос қабатты қалып алу
Егелген тістердің мойын беткейіндегі қалта бөлігіне ерітінді жағылған (ретракциялық) жіпті орап саламыз. Алынған қалыптың үстіне коррегирлеуші қабатты жағамыз. Тістің мойын беткейіндегі қалта бөлігіндегі жіптерді алып тастап, жылы ауаның көмегімен кептіреміз. Сол жерді шприцтегі арнайы корригерлеуші пастамен толтырамыз. Кейде қойыртпақты шприцсіз еңгізуге де болады. Қос қабатты қалыпты бір кезеңде де алуға болатын әдісі бар. Қасықты негізгі массамен толтырғаннан соң, тірек тістердің аймағында дәрігер ойықтар жасайды да, корригерлеуші массаны жағады. Содан соң ауыз қуысына енгізеді.
ПОЛИСУЛЬФИДТІ ҚАЛЫП АЛАТЫН МАТЕРИАЛДАР Полисульфидті полимерлер бүйір жетілмеген меркаптенті топтан болады. Аталған топ аралас молекуладан тұратын қышқыл катализатордан тұрады. Реакцияның қортындысы болып, қысқа молекулярлы пастаның каучукке айналуы болып табылады. 10 мин аралығында алынған каучук одан ары реакция бірнеше сағатқа созыла береді. Материалдың консистенциясы толтырғышқа байланысты болады. Полисульфидті қалыпты дезинфекция жасау үшін 2% глутаральдегид ерітіндісі қолданылады. Бұл материал екі қосындыдан тұрады: негізгі және катализатор.
3 дәрежелі термопластик аққыш болып келеді, анатомиялық және функционалдық, бір қабатты және қос қабаты қалып алуға мүмкіндік береді. Бұл материал беріктілік және тұрақтылық қасиетімен ерекшеленеді. Эластикалық қасиетінің жақсы болуы және мықтылығы бір қалыптан бірнеше үлгі алуға мүмкіндік береді. Материалды ауыз қуысында енгізген кезде, кейбір жерлеріне материал жетіспей қалған жағдайларда, материалды қосымша қосып қайта ауыз қуысына енгізуге болады.
ТЕРМОПЛАСТИКАЛЫҚ ҚАЛЫП АЛАТЫН МАТЕРИАЛДАР. Бұл материалдар жылытқан кезде жұмсарып, суытқанда қатаяды. Бұл көп компонентті жүйе табиғи және синтетикалық смола түрінде жасалынады, қосымша модификаторлы қоспалар, пластификаторлар және бояғыштар бар. Термопластикалық зат ретінде парафинді, стеаринді, гуттаперчаны, ара балауызын, церезинді және т. б қолданады. Термомассаларға қойылатын талаптар: 1) Ауыз қуысын күйдірмеуі, ешқандай ауру сезімін тудырмауы керек; 2) Жұмысшы температурада ерігіш болмауы керек; 3) Ауыз қуысының температурасынан жоғары температурада қатуы керек; 4) Масса біркелкі болуы керек; 5) Оңай өңделуі керек.
Стенс түсі қызыл, дөңгелек пластина тәрізді түрде шығарылады. Материал 45 -55° С температурада жұмсарады, өзіне қажетті күйді таңдап, содан 35 -37° С қатаяды. Клиникада алдын ала қалып алған кезде қолданылады. 45 -55° С температурадағы суда жұмсарған кезде сопақша келген білік жасап, қасыққа енгізеді де ауыз қуысына жылдам отырғызып қалып алады. Материалды қайта қолданбаған жөн.
ЗАМАНАУИ ҚОЛДАНЫЛАТЫН МАТЕРИАЛДАР Қазіргі кезде жаңадан шыққан сапасы және қызметі өте жоғары силиконды материалдар бар. Олар арнайы картридж ішінде шығарылады. Қату уақыты екі түрлі және консистенциялары бойынша түрге бөлінеді. Бұл материалдар қалып алудың кез келген әдісіне сәйкес келеді. Материалдың консистенциясын сыртындағы түстік кодына және жазуларына сәйкес айыруға болады. Материал канюлясынан оңай ағып шығады және тістерде жақсы бекітіледі. Одан жасалған қалып дәл және ауа кеңістіксіз болады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 1. Рузуддинов С. Р. , Исендосова Г. Ш. , Жаубасова А. Ж. «Материаловедение в ортопедической стоматологии» Алматы, 2000 2. Трезубов В. Н. , Щербаков А. С. , Мишнёв Л. М. «Ортопедическая стомаология» С – П. , 2001 3. Копейкин В. Н. , Демнер Л. М. «Зубопротезная техника» М. , 2003 4. Копейкин В. Н. «Руководство по ортопедической стоматологии» М. , 2004 5. Интернет желісі.
каз лек 7.ppt
- Количество слайдов: 43

