ЭКГ.pptx
- Количество слайдов: 11
“Астана Медицина Университеті” Кафедра: Радиология Тақырыбы: Жүрек қарыншалары мен жүрекшелері гипертрофиясының диагностика әдістері Орындаған: Қарсыбаев Н. Қ. 334 OM Қабылдаған: Астана 2014.
Жоспар Жүрек қарыншасы мен жүрекшелерінің гипертрофиясының жалпы көрінісі ЭКГ және шығу тарихы Электрокардиографиялық тексеру ЭКГ жазу техникасы мен әдісі Жүрекшелер мен қарыншалар миокарды гипертрофиясының ЭКГ-лық белгілері
ЭКГ және шығу тарихы Жүректің негізгі қасиеттері: өткізгіштігі, жиырылғыштығы, қозғыштығы, рефрактерлігі. ЭКГ жүректің автоматтық, қозғыштық, өткізгіштік, рефрактерлік функцияларын анықтауға мүмкіндік береді. ЭКГ әдісі голланд физиологы Эйнтховен 1903 жылы алғашқы ЭКГ аппаратын және онымен стандартты тіркемелерде ЭКГ-ні жазуды, оны талдаудың векторлық әдісін ұсынды. Электрокардиограмма жүректің биоэлектрлік потенциалдарын зерттеу тәсілі.
Адам денесіндегі потенциалдар айырмасын табу тәсілін электрокардиограммалық тіркеме дейді. Ең жоғары деңгейлі потенциалдар айырымы бар тіркемелерден ғана ЭКГ жазылады. Тіркемелердің 3 түрі бар: стандартты, күшейтілген, кеуделік. Қалыпты электрокардиограммада Р, Q, R, S, T, U тісшелері және PQ, ST, TP аралықтары бар.
Р – тісшесі жүрекше қозуынан пайда болған биопотенциал. PQ – жүрекшенің қозуынан бастап қарынша қозғанға дейінгі уақыт. Q – тісшесі қарынша аралық перденің қозуына сәйкес келеді. R – тісшесі қарыншаның субэндокардиалды қабатынан бастап қозуы. S – тісшесі сол қарыншаның базальды бөлігінің қозумен қамтылуы. ST – толық деполяризацияланған сәт. Т – реполяризация кезіне сәйкес. QRST – қарыншалардың қозу уақыты Т-Р – диастола сәті R-R – аралығы жүректің бір цикліне сәйкес (диастола, систола).
Жүрек бөліктерінің электрокардиограммадаға гипертрофиялық белгітері Жүректің гипертрофияланған бөлігінде, осы бөлікті жазатын тіркемелерде Р және R тісшелері вольтажы өседі, ал қарама қарсы тіркемелерде S тісшесі тереңдейді. Жүректің гипертрофияланған бөлігінде жүрекшенің немесе қарыншаның электр осі фронтальды бағытта ауытқиды. Гипертрофияланған жүрек бөлігінде қозу уақыты ұзаруына байланысты Р тісшесі не QRS комплексі кеңиді. Түрі өзгереді Қозу процесінің аяқталуына байланысты PQ, ST аралығының және Т тісшесінің өзгеруі пайда болады.
Жүрек рентгенограммасы: (жүректің гипертрофиясы кезіндегі митральды конфигурациясы)
Жүрек көлемінің өзгеруі Оң жақ қарыншаның көлемі үлкейген кезде, қарама-қарсы бағытта, жүрек көлеңкесінің көлденеңі оң жаққа қарай кеңейеді. Оң жақ төменгі шеті оң жақ қарыншаның көлеңкесі болуы мүмкін. Сол жақ жүрекшенің көлемі үлкейгенде қарама-қарсы бағытта жүректің сол жақ шетіндегі ойық үшінші бөлшегінің тұсында теңеліп не томпайып шығып тұрады. Оң жақ жүрекшенің көлемі үлкейген кезінде қарама қарсы бағытта жүректің көлеңкесі оң жаққа қарай кеңейеді.
Сол жүрекше гипертрофиясы ЭКГ- да 1 -11 стандартты тіркемелерде Р тісшесінің кеңеюі, тегістігінің өзгеруі, ұзаруы тән. Бұл көбіне митралды ақауда кездесетіндіктент “P-mitrale” деп аталады. Оң жүрекше гипертрофиясы ЭКГ-да Р тісшесінің 1 -111 -і стандартты тіркемелерде биіктеу, үшкірленген. Бұл өзгеріс көбіне “P-pulmanale” деп аталады.
- - Сол қарынша гипертрофиясы ЭКГ да мынадай өзгерістер береді: R тісшелерінің 1, 11, AVL, V 5, V 6 - тіркемелерде вольтажы өсуі, жүректің электрлік осінің солға ығысуы; inersecoid-ішкі ауытқу уақытының 0, 005 секундтан өсуі; R+S 111 қосындысының 25 мм-ден асуы; 1 -і стандартты тіркемеде, V 5 -V 6 тіркемелерде R тісшесі биік, ST аралығы төмен ығысқан, бірақ дөңестігі жоғары қараған, Т қос фазалы не теріс мәнді. Оң қарынша гипертрофиясы: Жүректің электрлік осі оңға ығысқан; Ішкі ауытқу уақыты 0, 03 секундтан ұзақ; R 111+S 1 10 мм ден жоғары; AVR тіркемесінде R вольтажы тым өскен; R волтажы V 1 -V 2 де өскен, V 5 -V 6 -да төмендеген; S тісшесінің кішіреюі V 1 -V 2 -де, тереңдеуі V 5 -V 6 -да.
Қолданылған әдебиеттер Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы. Б. Н. Айтембет. Алматы 2003 Ішкі аурулар пропедевтикасы. Ахметов. Интернет сайт www. google. ru.
ЭКГ.pptx