ostro кишеч проф.pptx
- Количество слайдов: 16
“Астана Медицина Университеті” АҚ Жедел ішек инфекциялық аурулар профилактикасы Орындаған: Ешпан М. М Қабылдаған: Құлжанова Ш. А Астана, 2013 ж
Іш сүзегі жиі кездесетін жерлерде тұрғындарға, 7 жасар балалардан бастап іш сүзегіне қарсы вакцинация өткізеді. Осындай арнайы профилактиканы су тазарту кешендерінде, жұқпалы аурулар ауруханасында, бактериялық зертханаларда жұмыс істейтіндерге де жүргізеді. Іш сүзегі көп кездесетін Африка және Азия елдеріне баратындарға егіледі. Ресейде іш сүзегіне қарсы егетін вакциналар: іш сүзегінің құрғақ спиртті вакцинасы, іш сүзегінің Viантигенімен қаныққан спирттік вакцинасы, іш сүзегінің Vi-полисахаридтік сұйық вакцинасы. Егілгендерде 1 -2 кейін дамыған иммунитет 2 жыл бойы сақталады. Шетелдерде іш сүзегіне қарсы тірі вакцина қолданады.
Шигеллез Инфекция көзіне бағытталған шаралар- ішектің жедел инфекцияларын дер уақытында, ерте анықтап, бақылауға алып, емдеу. Әсіресе жизентерияның жеңіл, субклиникалық түрлерін анықтаудың ерекше маңызы бар. Инфекцияның көзін іздеу дизентерияның ошағында, балалар мекемелерінде, жоспарлы, кәсіби топтарды жоспарсыз тексергенде жүргізіледі. Дизентерия ошақтарында күнделік және науқас ауруханаға түскенде қорытынды дезинфекция жүргізіледі. Реконвалесценттерді инфекциялық кабинетттер диспансерлік бақылауға алады. Балалар үйіндегілер, бала-бақшаларына баратындар және сол сияқтылар 1 ай бойы бақылауда болады. Тағам өндірісінде жұмыс істеуге 2 айдан кейін ғана рұқсат беріледі. Дизентерия профилактикасында ел арасында ауру тартпау үшін, тағам және сумен жабдықтау шаруашылықтарында санитарлық бақылау койып, санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. Дизентерияға қарсы вакцинация жүргізілмейді.
Эшерихиоздың профилактикасы ішектің басқа ауруларындағыдай. Арнайы профилактикалық шаралар жоқ.
Тырысқақ “Уәлаяттік санитарлық қорғау ережесі” бойынша тырысқақ қоздырғышының шетелден келмеуіне және ел арасына тарамауына қарсы шаралар бағытталады. Екінші, алдын-алу шарасы-су алатын, шомылатын су қоймаларын және былғанған лас судың ағымынан төмен жерлерді холера вибрионына тексеру. Керекті жағдайда холераға қарсы арнайы вакцинамен және холероген-анатоксинмен вакцинация жүргізіледі.
Тырысқақ ошағында жүргізілетін кешенді шаралар: 1)Холера ошағына келушілерді шектейді, келгендерін 5 күн бойы обсервацияда ұстап, медициналық және бактериялық бақылау жүргізеді; 2)Су қоймаларын, ішімдік және былғанған судың зарарсыздандыруын, көпшілік тамақтанатын кәсіп орындарын бақылау шаралары жүргізіледі; 3)Санитарлық-профилактикалық жұмыстар.
Науқас ауруханаға түскеннен кейін ақырғы (қорытынды) дезинфекция жүргізіледі. Жанасуда болғандарды анықтап, оларды емдейтін ауруханаға алып, зерттеп, тетрациклинмен, рифампицинмен немесе сульфатонмен химиопрофилактика жүргізеді. Ауырып- сауыққандар бактериялық бақылаумен диспансеризацияға алынады.
Сальмонеллез Бұл аурудың профилактикасы санитарлықветеринарлық, гигиеналық және эпидемияға қарсы жүргізетін шараларды қамтиды. Ветеринарлық шараларсальмонеллез ауруын үй малдары мен құстар арасында таратпауды, ет пен сүт өндірістерінде санитарлық режимді бұлжытпай орындауға бағытталады. Санитарлық және гигиеналық шаралардың мақсатытамақ дайындағанда, оны тасып және таратып, сатқанда, сальмонелла микробтарының түспеуін қадағалау. Тамақ дайындағанда кулинарлық процестердің дұрыс жүргізілуінің маңызы зор.
Эпидемияға қарсы шаралар сальмонеллез ауруын ел арасына таратпауға бағытталады. Ауру бола қалса, немесе оның эпидемиясы кезінде жұғу жолдарын анықтайды. Ол үшін күмәнді азықтүлікті, аурудың құсығын, асқазан шайындысын, қанын және нәжісін бактериялық зерттеуден өткізеді. Аурудың ошағында күнделікті және қорытынды (ақырғы) дезинфекция жүргізеді. Ауырғандарды клиникалық және эпидемиялық жағдайға байланысты ауруханаға орналастырады. Ауруханадан әбден жазылғаннан кейін және бактериялық бақылау зерттеулерінің теріс нәтижесімен шығарады.
Тағам токсикоинфекциясы Азық-түлікке, дайын тағамдарға микробтар түспейтін шаралар іске асуы керек: 1) азық-түлік сақталуы, өңделуі қазіргі заманның жетістік деңгейлеріне сай жүргізіледі; 2) ет пен сүт малдарының ауырмауын қадағалау; 3) тағамдардың өңделуі, сақталуы, тасылуы санитарлық-бақылаумен жүргізіледі; 4) тез бұзылатын тағамдардың(шырыш, зельц, ет, паштет, торт) сақталуын және сатылу мезгілдерін қатты катаң кадағалау; 5) тағам өндірісі қызметкерлерінің денсаулығын дәрігерлік бақылау.
Ботулизм Азық-түлікті өңдегенде, тағамды дайындағанда, қоймада сақтағанда, тасымалдағанда санитарлық-гигиеналық тәртіп бұзылмай орындалып отырса, оларда ботулотоксин пайда болмайды. Консервілерді стерилдеуде және сақтауда қатаң бақылау керек. Түптері томпиған консерві банктерін жою керек. Ет, балық, саңырауқұлақ және көкөністерден консерві жасау және оларды сақтау режимдерін жұртшылыққа түсіндірудің маңызы зор. Зертханада ботулизм қоздырғышымен жұмыс істейтіндерді ботулизмге қарсы полианатоксинмен егеді.
Вирусты гепатит “А” Кейбір шет елдерде (АҚШ, Италия, Израиль) жас және оқушы балалар гепатит А-ға қарсы егіледі. А-ға қарсы вакцинация эпидемиялық көрсеткіштермен жүргізіледі. 1) сырқаттылығы жоғары жерлерде тұратын балалар; 2) қоғамдық тамақтандыру қызметкерлері; 3) балалар үйі тәрбиешілері және медицина қызметкерлері; 4) су құбыры мен кәріз жүйесінде қызмет ететіндер; 5) гепатит А көп кездесетін елдерге, қалаларға баратындар; 6) эпидемия жағдайында жанасуда болатындар. Вирусты гепатит “Е” Жүкті әйелдерге арнайы иммуноглобулин егеді.
Бруцеллез Ауру байқалған шаруашылықты ерекше есепке алып, сол жерде жұмыс істейтіндердің ауырмауы үшін санитарлық, мал дәрігерлік шараларды мұқият жүзеге асыру керек. Жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді, алдын ала егілмеген адамдарды мал күту жұмыстарына қатыстырмайды. Ондай шаруашылықта әрбір жұмыскер өз басының профилактикасын сақтап арнайы жұмыс киімдерін пайдаланып, оны уақытында залалсыздандырып отырады. Мал шаруашылығында жұмыс істейтіндер бруцеллезге қарсы егіледі. Егу үшін тірі вакцина қолданылады. Иммунитет 1 -2 жылға дейін сақталады.
Иерсиниоз Арнайы профилактикасы жоқ. Тамақтардың, су құрамдары бұзылуының алдын алу үшін санитарлы-гигиеналық шаралар жүргізеді.
Токсоплазмоз -үй жануарлары арасында токсоплазмозды болдырмау, мысықпен жанасуды шектеу; -жеке адамның гигиенасын сақтап, ооцистаның кір қол арқылы жұғуына жол бермеу; -шикі және шала пісірілген етті жемеу; -токсоплазмоздан әйел жыныстылар, әсіресе жүкті әйелдер мұқият сақтануы керек.
Пайдаланылған әдебиеттер: Қ. А. Жұманбаев, Ғ. К. Жұманбаева «Жұқпалы аурулар» , Қарағанды-2009 Әміреев С. А. «Эпидемиология» , Алматы2007: Б. А. Рамазанова; А. Л. Котова; Қ. Құдайбергенұлы «Инфекция туралы ілім» Алматы-2007; Қ. А. Жұманбаев, Ғ. К. Жұманбаева «Жұқпалы аурулар» (зооноздар), Қарағанды2003.
ostro кишеч проф.pptx