
тырысу баука.pptx
- Количество слайдов: 13
«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ Тырысу
ТЫРЫСУ Тырысу - ырықсыз, адамға байланыссыз жүретін көлденен жолақты бұлшық еттердің жиырылуы.
Тырысулардың себептері: Туа пайда болған ОЖЖ-нің даму ақаулары, тұқым қуалайтын зат алмасу аурулары, сонымен қатар бас миының ошақты зақымдалуы (ісіктер, абсцесс) жатуы мүмкін. Олар сонымен қатар жүрек-тамыр жүйесінің және жүректің патологиясы (туа пайда болған жүрек ақаулары, коллапс), кейбір қан аурулары (гемофилия, капилляротоксикоз, тромбоцитопениялық пурпура, лейкоз) кезінде де байқалуы мүмкін. Тырысулар аноксиялық жағдайларға жататын естен тану кезінде де респираторлы-аффективті тырысулар (қатты эмоция нәтижелерінен) болуы мүмкін. Ерте жастағы балалардағы тырысулар жоғары температурамен байланысты болуы мүмкін.
Белгілері: Тырысу кезінде бала басын артқа шалқайтып, аяқ-қолдарын алға қарай созып қатып қалады. Көп жағдайларда ұстама кезінде бала есінен танады, көзі айналып, қатты тістеніп қалады. Кейде аузынан көбік ағады. Тырысу кезінде аяққолдарының дірілдеуі байқалады немесе олар максимальды жазу қалпында қатып қалады. Ұстама кезінде жақсы тыныс алу болмағандықтан баланың еріндері көгеріп кетуі мүмкін, сирек жағдайда балада еріксіз зәр шығару болады. Кей жағдайларда тырысу тек кейбір бұлшықет топтарында ғана пайда болады. Ұстама ұзақтығы 10 секундтан 10 минут немесе одан да ұзақ уақытқа созылуы мүмкін. Тырысудан кейін әлсіздік, ұйқышылдық байқалады, балалар не болғанын түсінбей қалады.
КЛАССИФИКАЦИЯСЫ: 1) инфекциялық: ЖРВИ фонындағы нейротоксикоз, менингит, менингоэнцефалит; 2) зат алмасу бұзылысы: гипокальциемия, гипогликемия; 3) гипоксиялық: аффективті респираторлы гипоксиядан болатын (гипоксиялық энцефалопатия) түрлі этиологиялы ІІІ дәрежелі кома; 4) эпилептикалық: идиопатикалық эпилепсия; 5) құрылымдық: ОНЖ түрлі зақымданулары мен ақаулары (ісіктер, жарақаттар, туа біткен түрлі аномалиялар);
ФИБРИЛДІ ТЫРЫСУЛАР Инфекциялық ауруларға байланысты температураның жоғары сандарға көтерілуінен (39 С) болатын тырысу түрі. 5 жасқа дейінгі балаларда кездеседі, жиі 1 жасқа дейін. Перинаталды жүйке жүйесінің паренхиматозды бөлігінің зақымдалуы фонында болады. Тоникалық тырысулар басым болады- бірнеше секундтан бірнеше минутқа дейін. Емі: гипертермияға қарсы терапия; тырысуға қарсы седуксен (реланиум) - 0, 5 % 2 мл - бір реттік доза 10 мг; балаларға 0, 5 % 0, 05 мг/кг. әсері болмаса 20 минуттан соң қайталауға болады, бұлшық етке.
АФФЕКТИВТІ ГИПОКСИЯЛЫҚ (РЕСПИРАТОРЛЫ) Преморбидті фоны бар, балаларда жүйке жүйесінің зақымдалуының жоғарылауымен нерв рефлекторлы қоздырғышқа байланысты бала жылағанда пайда болатын қозу түрі (6 айдан - 3 жас). Клиника: бала қатты жылайды, натяжной крик, бала бозарады, сосын цианоз и на этом пике тырысу болады; есі жоғалады, қарашықтары кеңейген (ми гипоксиясы салдарынан). Баланы невропатологқа қарату керек.
ГИПОКАЛЬЦИЕМИЯЛЫҚ ТЫРЫСУЛАР (Тетаниялық тырысу, спазмофилия) - қандағы кальций иондарының мөлшері төмендеуі салдарынан болатын тырысулар. (кальций сіңірілмеуі, асқазан ішек патологиясы(ахилия, стеаторея кезінде, ішек қысқартылатын болса), рахитпен ауыратын балаларды эргокальциферолмен емдегенде). Классификация: Айқын спазмофилия - "рыбий рот", "рука акушера". Жасырын - "трусса", "хвостек", люст. Емі: Кальций глюконат, кальций хлорид 5 - 10 % 0, 15 г/кг/тәул. көк тамырға 10 % глюкоза ерітіндісімен тамшылап. Ауыр дәрежеде: 10 % кальций хлориді - 0, 2 мл/кг/тәул. + магний сульфаты 25 % 0, 2 мл/кг/тәул.
ЭПИЛЕПТИКАЛЫҚ Мида патологиялық ошақ болады (туа п. б, тұқым қуалайтын, жүре п. б(жарақат, ісік); балаларда мазасыздықпен сипатталады. Тоникалық тырысу (30 сек) клоникалық тырысуға ауысады. Емі: седуксен 0, 5 % 0, 05 мл/кг; натрий теопентал, натрий оксибутираты 20 % ерітінді 0, 5 мл/кг + 10 % глюкозамен. Тырысу: бір реттік; үнемі - периодты қайталанады. Тырысулық статус - ұзақ тырысу, емге көнбейді.
Диагностикасы: диагностиканың негізі болып, электроэнцефалография, компьютерлі немесе магнитті-резонансты томография табылады. ЭЭГ жазудың қарапайым тәсіліне 15 минут қана кетеді, сондықтан зерттеудің көп түрінде қолданады. Көптеген зерттеушілердің ойынша, ЭЭГ мониторинг эпилепсия диагностикасында ең тиімді, ақпарат көп беретін тәсіл болып табылады. Оны жазуға 1 сағаттан 12 сағатқа дейін уақыт кетеді. КТ МРТ
тырысу баука.pptx