331.pptx
- Количество слайдов: 12
“Астана медицина университеті” АҚ Тамыр ішінде шашыраңқы қан ұю синдромы Дайындаған: Рақбай Н. Д Қабылдаған: Астана 2015
Анықтамасы: ТШҚҰ синдромы – шеткері қанда әрі тромбиннің, әрі плазминнің шамадан тыс артып кетуінен жүре пайда болады ауыр тромбоздық қан ағыштық бұзылыстарға жатады.
Этилогиясы: • • • Сепсис, вирусемия Қатерлі өспелер Ауыр жарақаттарда Акушерлік жарақаттарда Күйік, үсіктерде Тез дамитын гемолиз бен лейкоциттердің цитолизінің барлық түрлерінде • Геморрагиялық васкулитте • Көп мөлшерде қан құйғанда т. б. жағдайларда байқалады.
ТШҚҰ синдромы келесі 4 сатыда өтеді: 1. гиперкоагуляция сатысы: қанның ұюы тым артып кетеді, Бұл саты қысқа мерзімде болуы мүмкін және ол көптеген тамырлардың ішінде қан ұйып қалуынан ішкі ағзалардың майда тамырлары бітеледі. Осыдан гиперкоагуляцилық шок дамиды. 2. гипокоагуляция сатысы: қан ұюы шектеліп, фибринолизді арттыратын заттардың белсенділігі көтеріледі. Содан тоқтамайтын ауыр қан кетулер болады.
3. фибриноген жоғалу сатысы: мезгіл толық фибринолиз дамуының нәтижесінде қанда фибриноген мүлде жоғалады. Бұны фибриноген жоғалу сатысы дейді. 4. сауығу сатысы.
Патогенезі: Бактериялар, вирустар Иммундық кешендер Ауыр жарақаттар Зат алмасу бұзылыстары Тіндердің бүліністері Қан ұюының артуы; Фибринолиз жүйесінің әсерленуі АДФ, ӨЖФ, ТБФ Эндотели жасушалар. Ының бүліністері
Клиникалық көрінісі: Ауру көріністері осы жағдайға алып келу себептеріне байланысты дамиды: кесілген, зақымданған не дәрі жіберген орындар, қанауы немесе петехийлер, экхимоздар, өз өзінен болатын қанағулар, ішкі ағзаларға, миға қан құйылу; қан тамырлық тромбоздар көрініс береді.
ТШҚҰ синдромының жіктелуі: 1. Ағымына қарай: жедел, созылмалы; 2. Перифериядағы қан жүйесінің істен шығуына қарай: өзгерісіз, өзгерген; 3. Таралуы бойынша: жергілікті жалпылама;
Диагнозы: Гиперкоагулация мерзімін анықтау тек лабораториялық жолмен жүргізіледі: қанұю уақытының қысқаруы, рекальцификация уақытының азаюы; бос гепарин белсенділігінің кемі; тромбоциттер саны, фибриноген және басқа қанұюға қатысты факторлар деңгейі жоғары болуы мүмкін.
Емі: • Гепарин (10 -15 Бкгсағ. тамшы түрінде не 200 -300 Бкг ) • Фраксипарин (150 -250 Б/кг. тәулігіне) емдік курсы 10 -14 күндей.
Болжамы: • Синдромның болу себебі мен оның ауырлық дәрежесіне қарай. ГУС, сұрапыл және тромботикалық пурпупра (Мошковиц синдромы) жағдайында көбінесе болжамы нашар.
Қолданылған әдебиеттер: 1. Б. Х. Хабижанов, С. Х. Хамзин Педиатрия Алматы – 2005 ж. 2. Ә. Нұрмағанбетұлы Патфизиология Алматы – 2007 ж.
331.pptx