журек жет.pptx
- Количество слайдов: 17
«Астана Медицина Университеті» АҚ Тақырыбы: Жедел жүрек жетіспеушілігі ауруханаға дейінгі шұғыл көмек көлемі. Орындаған: Сахипов Ж. М. Тексерген: Кусепова Д. А. Астана 2015 жылы
Жоспары 1. Этиологиясы 2. Патогенезі 3. Жүректің компенсаторлы механизмдері 4. Балаларда аз жүрек лақтырысы синдромы 5. Ерте жастағы балалардағы жетіспеушілігінің жіктелісі 6. Ауруханаға дейінгі шұғыл көмек көлемі 7. Қолданылған әдебиеттер қанайналым
Жүрек жетіспеушілігі - бұл жүрек өзінің насосты функциясын игере алмауынан туындайтын ауру. Бұл кезде дене мүшелері мен тіндерінің қалыпты жұмыс атқаруы үшін қажетті оттегі мен қоректі заттар қан арқылы толық жеткізілмейді. Осыдан науқастар бұлшық еттерінде әлсіздікті сезінеді. Жүрек жетіспеушілігі-тіндердің метаболикалық қажеттілігінің жеткілікті жүре лақтырысты жүректің қамтамасыз ете алмауы.
Этиология Жүрек туа пайда болған ақаулары: солдан оңға қан лақтырысынң артуымен жүректін н/е сол не оң қарынша алып кетуші қан тамырларының обструкциясы. Жүре пайда болған жүрек ақаулары: кардиттер, кардиомиопатиялар, ревматизм кезіндегі жедел н/е созылмалы жүрек зақымдалуы. Ырғақтың немесе өткізгіштіктің бұзылысы: пароксизмальды тахикардия, жыбыр арытмиясы, толық антривентрикулярлы блокада т. б. Ядрогенді факторлар: хирургиялық көмек кезінде жүрек зақымдалуы Жүректен тыс себептер: тиреотоксикоз, артериовенозды фистула, жедел ж/е созылмалы өкпе аурулары, гипоксия, гликогеноз, дәнекер тінінің жүйелі аурулары, жүйке-бұлшықет аурулары, гипоксия, артериальды гипертензия т. б.
Патогенезі Негізгі фактор миокардтың жиырылу қызметінің төмендеуі. Оны екі механізмге ажыратады: 1. Энергиялық-динамикалық (миокардиальді) жетіспеушілігі-миокард метаболизмінің біріншілікті бұзылысы кезінде (кардит, гипоксия, зат алмасу бұзылысы ж/е т. б. ) 2. Гемодинамикалық жетіспеушілік-жүрекке түскен күш оның жұмыс жасау мүмкіндігінен артып кеткен кезде туындайды ж/е компенсаторлық мүмкіндіктерді жояды (туа ж/е жұре пайда болған ақаулар, сирек үлкен н/е кіші қанайналым шеңбері гипертензиясы кезінде) Балаларда бұл механизмдердің қосарлаған түрлері байқалады: Жүрек жетіспеушілігінің екі түрін ажыратады 1. Аз жүрек лақтырысының синдромы(систолалық тип, шұғыл қанайналымының бейімделуімен жедел ағымы) 2. Кідірген жүрек жетіспеушілігі (диастолалық тип, қанайналымның баяу бейімделуімен жедел ағыды)
Жүрек жетіспеушілігінде қалыптастару механизмдері болып келеді: Симпато-адренальды жүйкенің белсенуі (миокард зақымдалғанда) Жиырылу күшінің жоғарылауы (қарыншалық көлем артқанда Франк-Старлинг заңының жүзеге асыу) Миокард гипертрофиясы (қарыншада шектен тыс қысым арытқанда); Декомпенсация үшін тән: 1. Тіндік гипоксия, ентігу; 2. Тіндерде толық тотықпаған метаболизм өнімдерінің жиналуы; 3. Микроциркуляцияның бұзылысы; 4. Тамыр өткізгіштігінің артуы; 5. Натрий мен судың іркілісі (альдестерон мен антидиретикалық гормон бөлінуіне байланысты); 6. Айналымдағы қан көлемінің артуы(гемопоэз белсенуімен); 7. Веноздық қысымның артуына; 8. Ісік; 9. Тіндер мен мүшелерде кайтымсыз дистрофиялық өзгерістер;
Жүрек жетіспеушілігі кезінде Жүрек дұрыс жиырылмаса, ол қанды қажетті көлемінде айдап шығара алмайды. Егер жүрек қан көлемінен толық босай алмай, босаңсыса, келесі жолы оған аз мөлшерде ғана қан құйылады. Осыған сәйкес, әрине қан жеткіліксіз көлемде айдалып шығарылады. Жүрек жетіспеушілігінің негізгі екі салдарына келетін болсақ: Біріншіден, ағза қажетті көлемде қанмен қамтамасыз етілмейді де, жалпы әлсіздік пайда болады; Екіншіден, қан жүрекке кіре берісінде жиналып қалады да, қантамырларындағы сұйықтық айналадағы тіндерге аға бастайды. Бастапқыда ағза бейімделеді және мүшелер мен тіндерге қажет қан көлемін ұстап тұру үшін, жүректің әлсіз қызметін компенсациялауға тырысады. Бірақ компенсаторлы механизмдер шектеулі уақыт аралығында ғана әсер ете алады, бұл бейімделудің (адаптацияның).
Жүректің компенсаторлы механизмдері: қанды көбірек айдау үшін, жүректің жиырылу жиілігінің артуы (тахикардия); ұстап қалатын және айдайтын қан көлемін арттыру үшін, жүрек камералары көлемінің үлкеюі (дилатация) ; жүрек қаттырақ жиырылу үшін, жүрек бұлшықеттерінің қалыңдауы мен тығыздалуы (гипертрофия). Ағза өз кезегінде айналымдағы сұйықтық көлемін арттырып, қанды бұлшық еттерден миға және басқа өмірлік маңызды мүшелерге қарай айдауға тырысады. Ағзаның жүрек жетіспеушілігін ұзақ уақыт компенсациялау мүмкіндігі болғанымен, оның келтіретін пайдасынан гөрі, зияндығы көбірек. Өйткені бұл өзгерістер жүрекке қатты және одан да қаттырақ күш түсіріп, өзі сау емес мүшені одан әрі әлсерете түседі.
Балаларда жүрек жетіспеушілігі белгілері үш топқа бөлуге болады. Жүрек қызметінің бұзылысының белгілері: физикалық дамудың іркілісі, тершендік, кардиомегалия, тахикардия, перифериялық пульс өзгерістері(парадоксальді ж/е альтернирлеуші пульс), аяқ-қолдың салқындылығы н/е мрамор түсті тері. Кіші қан шеңберіндегі іркіліс белгілері: тахипноэ, ентігу, жөтел, өкпе сырылы, ысқырықты тыныс, диспноэ, цианоз ж/е т. б. Үлкен шеңберіндегі веналық іркілес белгілері: гепатомегалия, мойын веналарының ісінуі, шеткі ісіктер ж/е т. б. Қышқылды-сілтілі жағдайдың өзгерістері тән: Іркілестік жүрек жетіспеушілік (ІЖЖ) шамалы болғанда ентігу нәтіжесінде тыныстық алкалоз дамиды, (өкпедегі іркелеске байланысты Jрецепторлардың белсенуі) Ауыр ағымында өкпе шеменінне ж/е эластикалығының төмендеуіне байланысты тыныстық ацидоз дамиды, сонымен қатар тін перфузиясының нашарлауына байланысты метаболикалық ацидоз дамиды.
Балаларда аз жүрек лақтырысы синдромы (Э. К. Цыбулькин бойынша 1999 ж. ) Сытысы Белгілері І Қызбаға байланыссыз тахикардия ж/е ентігу. Пульс пен жүрек соғу жиілігі қатынасы: 1 жасқа дейінгі балаларда 3, 5 н/е одан да жоғары , 1 жастан үлкендерде 4, 5 н/е одан жоғары. Ұлкен қан шеңберініндегі кідіріс белгілері: бауыр ұлғаюы, периорбитальды ісіктер, мойын веналарының ісінуі. Кіші қан шеңберіндегі кідіріс белгілері: цианоз, бронхоспазм, өкпеде крепитация ж/е кіші көпіршікті сырылдар, өкпе артериясында ІІ тон акценті. Жүрек тондарының тұйықталуы, шекараларының кеңуі. ІІ Жоғары белгілерге қосылады: олигурия (сирек анурия), перифериялық ісіктер (аяқта, жамбаста, сегізкоз аймағында), өкпе шемені. ІІІ Тотальды іркілес фонында бірінші систолалық, кейін диастолалық қысымдар төмендейді. Жүрек шекаралы айқын кеңейеді.
Ерте жастағы балалардағы қанайналым жетіспеушілігінің жіктелісі Сатысы Белгілері І Қанайналым жетіспеушілігі белгілері болмайды. Тек физикалық жүктемеден соң (ұзақ жылау, мазасыздану, тамақтану) балада ентігу, бозғылттық, әлсіздік пайда болады. Кейде бала емуден шаршайды, емшектен бас тартады н/е ему кезінде жиі үзіліс жасайды. ІІ А Белгілері тыныштық кезінде де байқалады. Аздаған ентігу: тыныс жиілігі қалыпты көрсеткіштен жоғарылығы 50% дан көп емес. Тахикардия: пульс қалыптыдан 10 -15% жоғары. Бауыр ұлғаймаған н/е сәл ғана ұлғайған (қабырға доғасынан 3 см шығып тұрады). Рентгенологиялық жүрек көлеңкесінің мөлшері ұлғаюы. ІІ В Айқын ентігу (тыныс жиілігі қалыптыдан 50 -70% жоғары), тахикардия (пульс жиілігі қалыптыдан 15 -25% жоғары), ж/е гепатомегалия (бауыр қабырға доғасының 3 -4 см шығып тұрады). Асцит болуы мүмкін. Жүрек өлшемдерінің айқын өсуі. Бала мазасыз. Тәбеті төмендендеген. Кейде құсық болады ІІІ Жедел ентігу (тыныс жилігі қалыптыдан 70 -100% артық), тахикардия (пульс жилігі 30 -40% жоғары), үлкен тығыз бауыр. Жүрек шекаралары кеңейген. Өкпеде кідірісті ылғалды сырылдар. Пульс толымдылығы төмен, асцит, ісіктер, анасарка. Бала әлсіз, қуарған, тәбеті төмендеген.
Емдеу Физикалық жүктемені азайту, төсек режимі. Гипоксияның клиникалық белгілері көрінгенде маска арқылы салқындатылған, ылғалдандырылған оттегіні беру. Метоболикалық бұзылыстарды қалыптастыру. Миокардтың жиырылу қабілетін арттыру. Жүрек гликозидтері миокард жиырылуын күшейту арқылы жүректің минуттық көлемін арттырады. Тандау препараты дигоксин. Дигитализацияны екі сатымен жүргізіледі: 1. Қанықтырушы дозаның жартысын енгізеді, ал 12 -24 сағаттан соң ¼ енгізіледі. 2. Сүйемелдеуші доза тағайындайды, 12 сағат сайын қанықтырушы дозаның 1/8 (тәуліктік доза 1/4 ). Дигоксиннің қанықтырушы дозасы: 1. 2 жастан кіші балалар үшін – 0, 025 -0, 035 мг/кг; 2. 2 жастан үлкен балалар үшін - 0, 01 -0, 025 мг/кг; 3. Үлкендереге – 0, 025 мг/кг тәулігіне.
Көктамырға енгізгенде дигоксиннің дозасын 25% төмендетеді. Дигоксин хинидинмен, верапамилмен және амиодаронмен әсерлеседі (қосып тағайындағанда дигоксин мөлшерін 50% төмендетеді). Басқа инотропты дәрілерді жедел жүрек жетіспеушілігі артериялдық гипотензиямен жүргенде немесе жүрек гликозиттерінен әсер болмағанда қолданады. Дофамин 5 -10 мг/кг дозасы көктамырға тамшылатып енгізіледі, аздаған дозадан бастап (2 мкг/кг минут) және біртіндеп көбейтеді. Добутамин дофаминнен нәтиже болмағанда тағайындалады. Адреналин ең соңында тағайындайды. 0, 2 -1, 0 мкг/кг дозасын көктамырға тамшылатып. Амринон жүрек лақтырысын күшейтеді. Қанықтырушы дозадан кейін (1 -3 мг/кг) инфузиялық препаратты 5 -20 мкг/кг минут дозада тағайындайды Шұғыл ем Көктамырға натрий нитропруссиды минутына 0, 5 мкг/кг дозада әсері көрінгенше н/е артериялық қысым 10%-ға төмендегенше енгізеді. Препараттың орташа дозасы минутына 3 мкг/кг максимальды дозасы минутына 8 мкг/кг. Оны тек реанимация бөлімінде қолданады. 0, 1 -25 мкг/кг/минут есебінен көктамырға нитроглицерин тағайындайды.
І дәрежелі жетіспеушілігінде: 1. Физикалық жүктемені, тұз ж/е сұйықтықты көп қолдануды шектеу қоямыз; 2. Кардиотрофикалық дәрілерді тағайындайды; 3. Негізгі ауруды емдейді. ІІ А дәрежелі жетіспеушілігінде: 1. Төсектік режим ұсынылады, тұз ж/е сұйықтықты шектеу 2. Кардиотрофикалық емді жалғастырады; 3. Жүрек гликозидтерімен ем қосылады. І Б дәрежелі жетіспеушілігінде: 1. Төсектік режим ұсынылады (төсекте кеудесін жоғары көтеріп жатқызу), емдәмде тұз ж/е сұйықтықты шектеу (кей де тәуліктік норманың 2/3 бөлігіне дейін), жеңілдету емдәмін ж/е бөлшектеп тамақтандыру қолданылады; 2. Кардиотрофикалық емді жалғастырады; 3. Оттегі береді; 4. Инотропты препараттармен емді жалғастырады; 5. Диуретиктер тағайындайды. ІІІ дәрежелі жетіспеушілігінде: 1. Барлық бар дәрі-дәрмектерді қолданып кешенді ем жасайды; 2. Организмдегі дистрофиялық өзгерістердің симптоматикалық емін жүргізіледі.
Қолданылған әдебиеттер: Балаш Түсіпқалиев “Балалар аурулары” Ақтөбе-2012 Н. П. Шабалов “Неонатология” Москва-2004
журек жет.pptx