Клиника Малика.ppt
- Количество слайдов: 17
“Астана Медицина Университеті” АҚ Тақырыбы: Гломерулонефрит Орындаған: Томашкулова М. 301 МПД Астана 2016 ж.
Жоспары І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім 1)Жалпы анықтамасы 2)Клиникалық көріністері мен, диагностикасы ІІІ. Қорытынды
Гломерулонефрит - бүйрек шумақтары қабынуы) - Бүйрек шумақтарының екі жақты жайылмалы иммунды ауруы.
Этиологиясы Басты себебі - А топты 12 типті β-гемолиздеуші стрептококк. Дерттің дамуына 3 -4 -ші типтері де әкелуі мүмкін, бірақ 12 -ші типті стрептококк нефритогенді болып саналады. Бұдан басқа, гломерулонефриттің дамуына өзге инфекциялық немесе инфекциялық емес факторлар да әкелуі мүмкін, мәселен НВУ, Коксаки вирусы, желшешек вирусы, қызамықгың қоздырғышы, сарысулар, аллергендер, жәндіктердің уы, бүйрек көктамырларының тромбозы.
Гломерулонефрит патогенезі бойынша иммундыкомплекстік, морфологиялық түрғыдан интракапиллярлық гломерулонефрит болып табылады. Классикалық гломерулонефрит фарингиттен, тонзиллигген, стрептодермиядан 10 -12 күн өткеннен кейін дамиды.
Клиникалық көрінісі: жіті гломерулонефрит әдетте, стрептококктық инфекциядан 7 -20 күннен кейін пайда болады. Дерттің негізгі белгілері - ісіну, ентікпе, олигоанурия, гематурия, белдің ауыруы, артериялық қысымның жоғарылауы. Ісінуден бұрын шөл, әлсіздік болады. Ең алдымен бет пен кабақ ісінеді (шел қабатының болбырлығынан). Науқастың өзі "салмақ қосуын", "денесінің ауырлауын" сезінеді.
Науқастардың көбі ентігеді. Ентікпе горизонтальді қалыпта күшейеді. Аурудың тез дамыған түрінде ентікпе мен қүрғақ жөтелдің болуынан оны кейде жіті пневмониямен шатастырады. Ентікпенің себебі - айналымдағы қан көлемінің көбеюінен және артериялық қысымның тез жоғарылауынан болатын жүрек шамасыздығы. Науқастардың 80% -да өтпелі артериялық гипертензия болады. Артериялық гипертония дамуының басты себептері - натрий мен судың іркілісі, айналымдағы қан көлемінің және жүректің соғу көлемінің ұлғаюы.
Қабынып ісінген бүйрек капсуласы ның керілуінен, науқастардың көбі бел аймағының ауырсынуына шағымдананады. Жіті гломерулонефриттің алғашқы 2 -3 күнінде олигурия, тіпті анурия болуы мүмкін. Созылмалы гломерулонефриттен айрықша, олигурия болғанның өзінде концентрацияланған зәр бөлінеді, оның меншікті салмағы жоғары болады (егерде бүйрек шамасыздығы болмаса). Осыған қарап жіті гломерулонефритті созылмалы гломерулонефриттен айырады.
Олигуриямен қатар зәрдің түсі өзгереді. Әдетте зәрдің түсі қызғылт, жас еттің шайындысына үқсайды, ал реакциясы кышқыл болса, онда түсі қара қоңыр болады. Гломерулонефритке тән несептік синдромның басты белгісі - жұптасып жүретін протеинурия мен гематурия (микро-, сиректеу -макрогематурия).
Диагнозды нақты анықтау үшін науқастарды міндетті түрде ауруханаға жатқызады. Ісіну мен гипертензия әбден жойылғанға дейін науқасты төсек тәртібінде ұстайды (2 -4 апта). Жылы төсекте жатқанның өзі бүйректің қанайналымын жақсартады, сондықтан диурез көбейіп, ісіну мен гипертония тез қайтады.
Диетотерапия Тамақтануға қойылатын талаптар - су мен ас тұзын шектеу. Егерде ісіну аса ауыр, артериялық гипертония биік, диурез өте аз болса және эклампсияалды белгілері байқалса, онда науқасты 2 -3 күн аш ұстайды, су ішкізбейді. Қалған жағдайларда алғашқы 2 -3 күндерде тұзсыз емдәм үсынылады. Ісіну қайтып, артериялық қысым қалпына келген соң, ас тұзын біртіндеп көбейтіп, 4 -6 г тәуліктік мөлшерге жеткізеді. Содан кейін 6 -12 ай бойы ас тұзын шамалы шектетеді (8 -10 г тәулігіне). Этиологиялық ем Егер созылмалы инфекцияның көздері болса немесе жіті гломерулонефрит белгілі бір инфекцияның салдарынан күмәнсіз дамыса, мәселен жуық арада болып өткен стрептококктық инфекциядан кейін онда антибактериялық емді қолданады.
Патогенездік ем Стероидтық гормондар. Жіті гломерулонефритте стероидтық гормондар аса сақтықпен қолданылады. Глюкокортикоидтарды мүмкіндігінше биопсия жасап, гломерулонефриттің морфологиялық көрінісін анықтап барып қолданған жөн. Глюкокортикоидтардың колдану көрсеткіштері: жіті гломерулонефриттің созылыңкы барысы, егер 2 -3 аптадан кейін ісіну мен гипертензия қайтпаса немесе оның қайтуы баяу болса және протеинурияның азаюға бейімділігі байқалмаса; бүйректің жіті шамасыздығының дамуы; жіті гломерулонефриттің нефротикалық түрі.
Антикоагулянттық және антиагреғанттық ем Шумақішілік, тамырішілік гиперкоагуляцияның болуы және содан бүйрекіші қанағымының, шумақгық фильтрацияның төмендеуі гепарин мен антиагреғанттарды қолдануды қажет етеді. Гепарин — әсері тез антикоагулянт, қан ұюының барлық фазаларын тежейді, фибринолизді арттырады.
Алдын алуы: Баланы дұрыс тамақтандыру, шынықтыру. Созылмалы ауруларды мұқият емдеу. Барлық балаларды диспансерлік бақылауға алу.
Қорытынды
Клиника Малика.ppt