эндо срс2.ppt
- Количество слайдов: 18
“Астана Медицина Университеті” АҚ Радиология кафедрасы СӨЖ «ГИПОТАЛАМУС – ГИПОФИЗАРЛЫ СЕМІРУ КЕЗІНДЕГІ ВИЗУАЛЬДЫ ДИАГНОСТИКА» Орындаған: Айтбаева Б. М. Топ: 316 ОМ Тексерген: Скакова А. Б. Астана 2012
Гипоталамус-гипофиз жүйесі ағзаның негізгі қызметтерін реттеуде маңызды роль атқаратын гипоталамус және гипофиз құрылымдарын біріктіреді. Гипофиз бен гипоталмуста өндірілетін гормондар эндокринді жүйе мүшелерінің қызметіне тікелей әсер етеді. Аралық мидың гипоталамусгипофизарлы бөлімінің зақымдалуы кезінде ішкі секреция мүшелерінің қызметі бұзылғандығы жөнінде ақпарат беретін түрлі патологиялық жағдайлар туындайды.
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕ ГИПОТАЛАМУС-ГПИОФИЗАРЛЫ ЖҮЙЕНІҢ КЕЛЕСІ АУРУЛАРЫ КЕҢ АУҚЫМДА ТАРАЛҒАН: Иценко-Кушинг ауруы Пангипопитуитаризм Гипоталамус-гипофизарлы жүйе ісіктері Акромегалия Гиперпролактинемия Ергежейлілік (гипофизарлы нанизм) Гипоталамустық и эндокриндік семіру
Иценко-Кушинг ауруыаденогипофиз iсiгiнде немесе диэнцефальдi реттеуiнiң бұзылуынан кортикотропин секрециясы өсуiмен /салдары болып бүйрек үстi бездерiнде глюкокортикоидтардың секрециясы өседi/ сипатталатын аденогипофиз гиперфункциясының түрi. Гиперкортицизмнiң АКТГның жоғары деңгейiмен, бүйрек үстi безiнiң екi жақтық гиперплазиясымен қатар жүруi тән
Бет, мойын, кеуде аймақтарында майдың артық жиналуы Аяқтарының арық болуы Иценко. Кушинг ауруының белгілері Ішінде, бел бөлімінде, қолтық астында стриялардың болуы Бет пішіні ай тәрізді болуы
РЕНТГЕНОДИАГНОСТИКА. Краниограммада бас сүйегінің ортеопорозы байқалады. Түрік ершігі өлшемі әдетте өзгермеген. Кейбір жағдайларда (макроаденома гипофиза) түрік ершігі ұлғайған. Гипофиз микроаденомасын анытау барысында компьютерлік және магнитті резонанстық томографияны (КТ және МРТ) қолданады. Омыртқалар денесі остеопорозы анық байқалады ( «балық» омыртқа). Бүйрек үсті безін пневмосупраренография әдісімен (бүйрек маңы кеңістігіне оттегі жіберу арқылы пневмоперинефрос әдісі немесе пресакральды аймаққа оттегі жіберу арқылы ретроперитонеум әдісі) рентгенологиялық зерттеу кезінде томограммада бүйрек үсті безінің екеуінің де гомогенді емес құрылымды гиперплазиясы байқалады. Бүйрек үсті бездері үлкейген деп саналады, егер: оң жақ бездің ауданы 7, 8 см 2, ал сол жақтікі — 8, 7 см 2 болса. Бүйрек үсті бездерінің ең ақпаратты әдістері ретінде 19 йодхолестеринмен, белгіленген 1311 мен жүргізілетін радиоизотопты визуализация және эхография болып табылады.
Бүйрек үсті бездерін зерттеу кезінде КТ, MPT қолданады. KT бүйрек үсті бездерін зерттеудегі жеткілікті түрде ақпараттық және қауіпсіз әдіс болып саналады. Бұл әдіс бүйрек үсті бездерінің тек қана көлемі мен пішіні жөнінде ғана емес, сонымен қатар, олардың құрылымы жөнінде де ақпарат бере алады. МРТ – түсі бойынша Бүйрек үсті бездерін оны қоршап жатқан май тіндерінен оңай ажыратып көлемі мен құрылымын анықтауда маңызды ақпаратты әдіс.
Бүйрек үсті бездерінің магниттікрезонанстық томографиясы (МРТ) – без тіндерінің индуцирленген магнит өрісіне жауабы ретінде ядролық магниттік резонанстық тіркелулерге негізделген бүйрек үсті бездерінің құрылымын зерттеу әдісі. Бүйрек үсті бездерінің МРТ сы хирургиялық терапияға қажетті бездің өспелері, олардың орналауы, құрылымы, контурлары, қоршап жатқан тіндермен байланысы жайлы ақпараттарды алуға негізделген. МРТ кезінде контрастылық күшейткішті қолдану бүйрек үсті бездерінің қатерлі және қатерсіз өспелерінің морфологиялық верификациясын анықтауда маңызды.
Бүйрек үсті бездерінің компьютерлік томографиясы (КТ) бүйрек үсті бездерінде қатерлі ісіктердің болу болмауын, емнің келесі тактикаларын анықтауда, хирургиялық емнің қажеттілін анықтау үшін қолданылады. КТ өспенің сипатын (аденома, кис та, феохромоци тома, адренокортикальды рак, метастаздар және т. б. ) жоғары дәрежелі дәлдікпен дифференциялауға мүмкіндік береді. Бүйрек үсті бездерінің томограммасында Бүйрек үсті бездерінің орналасу жағдайын, формасын, құрылымын, тығыздығын, өлшемдерін және қосымша өспелердің болу болмауын, лимфа түйіндерінің ұлғаюын бағалауға болады. Бүйрек үсті бездерінің КТ сын жүргізген кезде құрамында йоды бар заттарды қолдану арқылы контрастылы күшейтуді пайдалануға болады.
Бүйрек үсті бездерінің сцинтиграфиясы – бүйрек үсті безі тіндеріне радиоизотопты тарату арқылы олардың құрылымдық қызметтік жағдайын радиологиялық диагностикалау әдісі. Сцинтиграфияны бүйрек үсті бездерінің гиперплазиялары мен өспелерін дифференциалды диагностикалау мақсатында қолданады. Бірінші жағдайда – радиоизотоптың симметриялы таралуы, ал екіншісінде – біржақты жинақталуы көрініс береді. Бүйрек үсті бездерінің сцинтиграфиясы радиоизотопты (йодхолестерина, сцинтадрена) енгізгеннен кейін детекторлы гамма камералар арқылы жүзеге асырылады. Бүйрек үсті бездерінің гормонопродуцирлеуші ісіктеріне күдіктенген кезде сцинтиграфияны АКТГ стимулдаушы немесе дексаметазонды сынамамен бірге жүргізеді.
Бүйрек үсті бездерінің ангиографиялық зерттеуі бүйрек үсті бездерінің веналарынан алынған құрамындағы гормондардың мөлшерін анықтаумен қатар жүргізіледі. Бұл әдіс жеткілікті түрде ақпарат бере алады, дегенмен науқастар үшін әрдайым қауіпсіз бола бермейді.
ГИПОТАЛАМУСТЫҚ ЖӘНЕ ЭНДОКРИНДІК СЕМІРУ Семіру артық мөлшерде май тіндерінің жиналуымен сипатталатын ауру. Көбіне, 40 жастан асқан әйелдердің бұл ауруға шалдығу қаупі жоғары деп есептеледі, дегенмен, мамандардың ойынша, бұл аурумен әйелдердің де, ерлердің де, ерте жастардан бастап ақ ауыру қаупі бар.
СЕМІРУДІҢ ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІ: Ø Энергияны жинақтау мен сақтау процестері арасындағы энергетикалық тепе теңдіктің бұзылуы; Ø Тұқымқуалаушылық конституциональды бейімділік; Ø Гиподинамия; Ø Гипоталамустық бұзылыстар; Ø Гормоналды бұзылыстар
СЕМІЗДІКТІҢ ДЕҢГЕЙЛЕРІ I дәрежесі • аурудың дене салмағы қалыптыдан 20 – 29% жоғары; II дәрежесі IV дәрежесі • аурудың дене салмағы қалыптыдан 39 – 49% жоғары; • аурудың дене салмағы қалыптыдан 59 – 99% жоғары; • аурудың дене салмағы қалыптыдан 100% жоғары;
Семіру типтері «Жоғары" тип (абдоминалды), ер кісілік «Төмен « тип (белжамбастық), әйелдік
СЕМІРУДІҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ I. Біріншілікті семіру. Алиментарлы-конституциональды (экзогендікконституциональдық) 1. Конституционалды тұқымқуалаушылық 2. Тамақтанудың бұзылуы (түнде тамақтану синдромы, стресс кезінде тағамды шамадан тыс қолдану) 3. Аралас семіру II. Екіншілікті семіру 1. Анықталған генетикалық дефектілермен 2. Церебралды семіру ü Бас миы ісіктері ü Бас сүйегі негізінің зақымдалуы, сәтсіз хирургиялық операциялар ü Бол түрік ершігі синдромы ü Қабынулық аурулар (энцефалит және т. б. ) 3. Эндокриндік семіру ü Гипофизарлы ü Гипотиреоидтік ü Климактерлік ü Бүйрек үсті безілік ü Аралас 4. Психикалық аурулардың көрінісі ретінде немесе нейролептиктер қолдану нәтижесі ретінде
МАГНИТТІ-РЕЗОНАНСТЫ ТОМОГРАФИЯ МРТ – организмдегі май тіндерінің нақты мөлшерін анықтауда ең тиімді әдіс. Артық салмағы бар адамдар өз денесінің өлшемдерін ұлғайтып айтуа бейім келеді, нәтижесінде субъективті қанағатсыздық пайда болады. Артық салмағы бар науқасқа жасалған магнитті-резонансты томография
ИСПОЛЬЗОВАННАЯ ЛИТЕРАТУРА: Ø Ø Ø http: //www. krasotaimedicina. ru http: //www. endoc. ru http: //medactiv. ru http: //lekmed. ru http: //diagnos. ru http: //inflora. ru
эндо срс2.ppt