патан срс Азамат-Айдана.pptx
- Количество слайдов: 20
“Астана медицина университеті ”АҚ Патологиялық анатомия кафедрасы Тақырыбы: Тромбоцитопениялар мен тромбоцитопатиялар. ҚШҰ синдромының патоморфологиясы. Тексерген: Дукенбаева Б. А. Орындаған: жмф 335 топ Ахметолдинов А. С. Астана, 2015 ж.
Жоспар Ø Кіріспе. Ø Негізгі бөлім. 1. Тромбоцитопатиялар. Этиологиясы мен патогенезі. Диагностикасы мен емі. 2. Тромбоцитопениялар. Этиологиясы мен патогенезі. Диагностикасы мен емі. 3. ҚШҰ синдромы және оның патоморфологиясы. Ø Қорытынды. Ø Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе • Қан түзу, қан айналым жүйесінің аурулары қазіргі кезде әлемдік індеттің сипатын алды. Қазақстан Республикасының жүрек және қан-тамыр дерттеріне шалдығушылық 5 -7 есеге өсті, бұл дерттермен аурусырқаушылық және өлім құрылымы бойынша біздің еліміз алғашқы орында тұр. Оның себептері әртүрлі. Келесі аурулар тобына сипаттама берсек:
Тромбоцитопатиялар • Тромбоцитопатиялар- тромбоциттердің сапасы немесе қызметі өзгеріп, гомеостаздық үдерістер бүлінгендіктен дамитын сырқаттар мен синдромдардың үлкен бір тобы. Олардың даму барысында микроциркуляциялық арна зақымдалып, қанды дақтар пайда болып , әдетте геморрагиялық диатез байқалады.
Тромбоцитопениялар • Тромбоцитопения- тромбоциттердің саны 150 мың/мкл төмендеуімен сипатталатын организмнің күйі. Егер тромбоциттер критикалық деңгейден (меньше 50 х109/л или 50 тыс. /мкл) төмен болса, тромбоцитопениялық симптомдар, ауыздың шырышты қабатының қанталауы, қызыл иек қанталауы, жатырдан қан кету, ішектің әр бөлігінен қан кету, ешқандай себепсіз тері көгерулері пайда болып және басқа да ішкі органдарға қан құйылуы байқалады.
Тромбоцитопениялар • Тұқым қуалайтын тромбоцитопатияларға – тромбоциттер санының немесе сапасының өзгеруімен байланысты туындайтын аурулар – тромбоцитопениялық пурпура (Верльгоф ауруы) жатады. Геморрагиялық диатездердің шінде жиі кездеседі. Көбіне мектеп жасындағы балалар аурырады.
Себептері: • Тұқым қуалаушылық, жұқпалы вирустық аурулар (қызылша, қызамық, тұмау), егу жұмыстарының жақпауы, физикалық және психикалық стресстер болып келеді.
Тұқым қуалайтайтын Тромбоцитпениялар бөлінеді. Жүре болатын Тұқым қулайтын тромбоцитпениялардың көбінде тромбоциттердің бірқатар қасиеті өзгереді. Сондықтан, ондай аурулар тромбоцитпатиялар тобына жатқызылады.
Жүре пайда болатын тромбоцитпениялардың мегакариоциттер мен тромбоциттер зақымдалғандықтан дамитын нысандары-> иммунды бейиммунды
Иммундық тромбоцитпениялар өз кезегінде: 1. Аллоиммундық (қандағы жүйелердің біріне сәйкессіздік) 2. Трансиммундық (аутоиммундық тромбоцитпениямен сырқат ананың аутоантиденелері плацента арқылы нәрестелерге өтеді) 3. Гетероиммундық (тромбоциттердің антигендік құрылымы • өзгереді) • 4. Аутоиммундық (өз тромбоциттерінің өзгермеген антигендеріне қарсы антиденелер түзіледі)
Бейиммундық тромбоцитопения • Тромбоциттердің механикалық әсерден зақымдануы • Сүйек кемігіндегі жасушалардың көбеюі тежелгенде • Соматикалық мутациямен(Маркиафава Микели ауруы) • Фолий мен витамин В 12 тапшылығынан т. б
Патогенезі : • Сол себептердің салдарынан көк бауырдағы тромбоциттер саны азаяды (тромбоцитопения) және сапасы өзгереді (тромбоцитопатия). Бұл өзгерістер қан ұюын төмендетеді. • Клиникасы: тері және шырышты қабықтарына қан құйылулармен сипатталады. Тері қабатындағы қан құйылған жерлері әр түрлі көлемде, әр түрлі формада, бала денесінің кез келген жерінде байқалады.
Емі • Емдеу арнайы гематологиялық бөлімшелерде жүргізіледі: 1. Төсек режимі тағайындалады 2. Тамағы салқындатылған түрде, қоймалжың болуы керек. Жиі сусындар беріледі. 3. Қан кету кезінде оны тоқтататын жалпы және жергілікті шаралар жүргізу қажет. 4. Дәрілерден – қан ұюын жақсартатын дәрілер тағйындалады: хлорлы кальций ішуге және егу арқылы; викасол, рутин, аскорбин қышқылы, аминокапрон қышқылы, дицинон т. б. Ауыр түрлерін преднизолон 1 -2 мг/кг
Тамырішілік шашыранды қан ұю синдромы (ҚШҰ синдромы) • ҚШҰ синдромы деп қанның қан тамырлары ішінде шашыранды ұюын, ұсақ тамырлардың микротромтармен бітелуіне, кейін гипокоагуляция мен тромбоцитопенияға әкеліп соқтыратын гемостаздың бейспецификалық патологиясын айтамыз.
• Ол бейспецификалық патологиялық процесс, гемостаз бұзылуының арнайы түрлерінің бірі. ТШҚҰ – синдромы жүре пайда болған коагулопатиялардың ең жиі себебі. • Тамыр ішіндегі шашыранды қан ұю (ТШҚҰ) синдромы шеткері қанда әрі тромбиннің, әрі плазминнің шамадан тыс артып кетуінен жүре пайда болатын ауыр тромбоздық қанағыштық бұзылыстарға жатады. Бұл үрдістің тромбоздан айырмашылығы, ұйыған қан тромбқа айналмай − ақ өз − өзінен ыдырап жоқ болып кетуі мүмкін.
• Мысалы, операциядан кейін қан ұю үрдісі көптеген ауруларда кездеседі, ал нағыз тромб жеке бір жағдайларда ғана пайда болады. Бұл синдром көптеген аурулардың барысын асқындырады және көптеген ауруларда кездеседі: акушерлік патология, операциялар, шок, жұқпалы аурулар, дене күйгенде, жарақаттанулар, сепсис, жүрек − тамырлар аурулары, өткір вирусты инфекциялар, тобы сәйкес келмейтін қан құю, ұрық ана жатырында өліп қалғанда, дәнекер тінінің жайылма аурулары, қатерлі өспелер, гемолиздік анемия, т. б.
Даму себептері: • • • • Сепсис, вирусемия; Қатерлі өспелер; Сілеймелердің барлық түрлерінде, әсіресе кардиогендік сілейме кезінде; Ауыр жарақатпен, әсіресе қансыраумен қабаттасатын хирургиялық әрекеттерде; Акушерлік дерттерде; Үлкен күйіктерде, үсіктерде; Сүйек сынықтарда, жұмсақ тіндердің жаншылуларында; Бүйрек, бауыр, ұйқыбез бүліністерінде; Тез дамитын тамыр ішіндегі гемолиз бен лейкоциттердің цитолизінің барлық түрлерінде; Гемобластоздарда, созылмалы миелолейкозда; Жүйелі қызыл жегіде, түйінді периартритте және басқа иммундық ауруларда; Геморрагиялық васкулитте; Көп мөлшерде қан құйғанда т. б. жағдайларда байқалады. Инициальды патогенетикалық факторлар
ҚШҰ − синдромы келесі төрт сатыда өтеді: • гиперкоагуляция; • гипокоагуляция немесе тұтынулық коагулопатия; • фибриноген жоғалу; • сауығу немесе қайта қалпына келу.
Қорытынды: • Бүгінгі күні әлемдегі өлім жағдайларының шамамен 50% жүрек қан-тамыр аурулары себебінен, еңбекке жарамды жаста болады, сондықтан, жұмыс орны-жүрек қан-тамыр аурулары қауіп-қатерін төмендетудің ұйымдасқан маңызды үлгісі. ҚР артериалық гипертонияның тұрақты өсу үрдісі байқалады. Мысалы, ҚР Статистика Агенттігінің деректері бойынша 100 мың халық санына 2007 жылы -99577, 1; 2008 жылы-10499; 2009 жылы-14673, 8 жағдай тіркелген. Бұл көрсеткіштің өсуі қуантарлық жайт емес. Сондықтан осы қорқынышты цифрлардың ішінде өзіміз болмас үшін, ең бастысы салауатты өмір салтын ұстанып, өзімізді тәрбиелеуден бастайық, ағайын!
Пайдаланылған әдебиеттер 1. “Патологиялық анатомия” А. И Струков, В. В Серов Мәскеу 2014 ж 2. “Патологическая анатомия” О. В Зайратьянц 2007 жыл 3. “Патологическая анатомия” А. И Струков, М. А Пальцев 4. Google. kz
патан срс Азамат-Айдана.pptx