
Самет 2.pptx
- Количество слайдов: 8
“АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ” АҚ Медициналық психология және коммуникативтік машықтар кафедрасы ПРЕЗЕНТАЦИЯ Тақырыбы: «Медициналық ұйымның коммуникативті құрылымы» Қабылдаған: Сейдина М. З. Орындаған: Саметова А. С. Астана 2015
ЖОСПАР Кіріспе Өндірістік ұжым Негізгі бөлім Ұжымның “әлеуметтік –психологиялық климаты” Қарым-қатынас түрлері Коммуникатор. Коммуникант. Коммуникация арнасы Қорытынды
ӨНДІРІСТІК ҰЖЫМ Саны белгілі адамдар болса; Бір-бірімен ұзақ әрекеттесу жағдайында; Түрлі ережелерді ұстанса; “біз” деген сезімдері болса.
ҰЖЫМНЫҢ “ӘЛЕУМЕТТІК –ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЛИМАТЫ” Өзінің мүшелері мен айнласындағыларға деген қатынасын сипаттайтын мекеме мүшелерінің ортық пікірін көрсететін термин. Маңызды факторлары: 1. Басшының мінез-құлқы; 2. Мекеменің жасы мен шамасы; 3. Физикалық ортасы; 4. Жұмысты жоспарлау ерекшелігі; 5. Қызметкерлерге ұсынатын марапаттау рәсімі; 6. Адамның жұмысының сипаты; 7. Еңбек ететін ұжымына;
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС Дәрігер өз міндетін атқару барысында, басқа адамдармен түрлі қарым қатынас, байланыс, сұқбат жасауға мәжбүр болады: оның ішінде – науқаспен, оның туысқандарымен, басқа медициналық қызметкерлерімен, т. б. дәрігер мен сырқат адамның қатынасының жоғары дәрежеде болуы, маманның кәсіби дамуына үздіксіз әсер етеді. Қарым-қатынас – адамдардың жанасуы негізінде ақпаратпен алмасуы, бірін қабылдауы және әрекеттесуі. Дәрігер жұмысының нәтижелілігі мен дәңгейі, дәрежесі, оның білімділігі мен біліктілігіне ғана емес, қарым-қатынас дағдыларына да байланысты екені анық.
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС Дәрігер жұмыс бабы бойынша орта және кіші буынды медициналық қызметкерлерімен де тығыз қатынаста болады. Олармен дұрыс қарым-қатынас құруы, тіл табысуы, міндеттерін бір бағытта атқаруы емдеудің нәтижесіне оң әсер беретіні ақиқат. Диагностикалық зерттеулер және ем шараларын жүргізуде мейірбике дәрігерге көмек көрсетіп, ол ауруға күтім шараларын жүргізіп, науқастың бақылауын тікелей өзі іске асырады. Егер, дәрігер мен мейірбикенің арасында дұрыс қарым-қатынас орнамаса, тағайындалған ем шараларын мейірбике тиісті дәрежеде орындамаса, емнің нәтижелі болуы екіталай.
Өзара қарым-қатынас жасау үшін, кем дегенде екі адам болуы қажет, олардың әрқайсысы субьект ретінде саналады. Коммуникатор – ақпарат жіберуші адам. Коммуникант – ақпарат қабылдаушы адам. Коммуникация арнасы – жіберушіден, қабылдаушыға ақпараттың жүру жолы. Адамдардың өзара қатынасқа түсуі – олардың әрекеттеріне тікелей байланысты. Қажеттілігіне қарай, қатынасқан адамдар әрекеттесіп, өзара мәлімет жинастыра келе, түсінушілік тудыруға тырысады. Қатынасу арқылы адам өз басының ерекшеліктерін, мақсатын, басқа адамға түсіндіріп, білдіруге ықпал жасайды. Қатынасудың түрлері және даму барысы адамдардың әлеуметтік жағдайына, олардың қоғамдағы орнына, қоғам заңдары мен құқық ережелеріне байланысты болады.
ҚОРЫТЫНДЫ Қорыта келгенде, дәрігердің коммуникативтік дағдыларды жоғары деңгейде жүргізе алуы, оның жұмысының нәтижелі болуына оң әсерін тигізеді және әріптестерімен жақсы қарым-қатынас орнатуына ықпалын тигізеді. Дәрігердің коммуникативті дағдыларды жүргізу дәрежесін дәргердің қарым-қатынасқа түсе алу деңгейін бақылау арқылы бағалауға болады.
Самет 2.pptx