
дерма.pptx
- Количество слайдов: 12
“Астана Медицина университеті” АҚ кафедрасы Тақырыбы: Вульгарлы безеу. Осы ауруда диагностика – емдеу шараларын ұйымдастыру. Тексерген: Орындаған: Қайратқызы А. Медиева Г. А. Астана 2014 ж.
ЖОСПАР Кіріспе Негізгі бөлім Вульгарлы безеудің патогенезі Клиникасы Вульгарлы безеудің диагностикасы және емі. Қорытынды Пайдаланған әдебиеттер
КІРІСПЕ Безеу немесе акне (acne) – әртүрлі себептерден май бездерінің және шаш қапшығының қабынуы. Қою және сұйық себорея өршуінен пайда болатын безеуді, кәдімгі немесе жасөспірім безеуі (acne vulgaris, s. Juvcnillis) дейді. Олардың арасында бірнеше түрі бар. Ең жеңіл, қарапайым және жиі кездесетін түрі түйіншекті (а. papulosa) безеу.
Себорейлық теріде қызғылт, көлемі тарының дәнінен ұсақ бұршаққа дейінгі, үшкірленген немесе жарты шар тәріздес түйіншектер шығады. Түйіншектің ортасында жиі комедонның қара нүктесі болады – a. punctata. Сонан соң түйіншектердің ортасында кішкене іріңдік түзіледі, қабықпен құрғайды немесе жарылады – a. pustulosa. Бұл безеу жедел және көптеп шығады. Бірнеше күн өткен соң, түйіншектер өзінің орнында кішкене пигментті дақ немесе ұсақ, сәл ғана көрінетін тыртық қалдырып жазылады.
Қою себореяда, безеудің бөртпелері терең, қаттылау, ауыратын, ірі бұршақтың көлеміндей болады – a. indurata. Бірте –бірте сіңбелер не ыдырайды не жұмсарып жарылады да қою желім сияқты майлы ірің ағады. Жазылған соң кісінің түрін бұзатын, терең жиі гипертрофиялық тыртықтар қалдырады. Жекеленген индуративтік безеулер ұлғайып, бір-бірімен терең ұласып белдеу тәрізді сіңбе құрады, ұласқан безеу – a. confluens бірнеше тесікпен ашылуы мүмкін. Кейде осы процесс үдемелі дамиды, инфильтраттың терісі ашық-қызыл түске боялады, жарылған соң көп ірің шығарады (флегмоноздық безеу – a. phlegmonosa)
Безеудің ерекше түрі – a. conglobata. Ол әдетте, қою себореямен ауыратын жас еркектерде, тек арқа терісінде кездеседі, сирегірек – кеудеде және бетте орналасады. Ауру ірі, жиі жұпталған комедоннан басталады, олардың төңірегінде біртіндеп өзгеше тыртық пайда болады. Кейін қабыну инфильтраты пайда болады да, баяу абцесс түзіледі, жарылған соң қан аралас ұйыма-іріңді экссудат шығады. Кейбір абцесстер ыдырап жара түзеді. Жазылған соң тегіс емес, қалталы тыртықтар қалдырады.
Бастың шашты бөлігінің абцесін және жартылай фолликулитті, перифолликулитті (folliculitis et perifolliculitis abscedens et suffoidens capitis E. Hoffmann) безеудің өзгеше түрі деп қарауға болады. Ауру бастың шашты бөлігінде, жеке шаштың қасында орналасқан, фолликулярлы іріңдіктер мен кішкене түйіншектерден басталады. Біртіндеп түйіншектердің көлемі үлкейіп, ірі шиенің көлеміндей көтеріңкі , жарты шар тәріздес, түйіндерге немесе бір-бірімен ұласып кеткен белдеуге айналады. Алдымен қатты, сонан соң жұмсарып флюктуация байқалады. Оның бетіндегі терісі іркілген көкшіл немесе піл сүйегі түстес. Зақымданған ошақтарда шаш түгел түседі. Кейбір ошақтарда жұмсарған инфильтрат кейін тесіліп, кішкентай фистулалардан қан аралас ірің ағады, құрылған қуыстар әлсіз, сілікпе тәріздес грануляциямен толады. Бастың шашты бөлігіндегі зақымданбаған тері ошақтарында, әсіресе шүйденің және шекенің ірі камедондары кездесуі, бұл ауруға өте тән белгі. Ауру баяу дамиды, созылып, біртіндеп бастың шаш бөлігінің бәріне таралуы мүмкін. Жазылған соң жиі гипертрофиялық тыртық қалады.
Себорея және оның асқынуларының дамуына негізгі себеп, секреторлық қызметті реттейтін эндокрин және жүйке жүйесі жұмысының бұзылуы салдарынан май бездерінің қалыпты физиологиялық қызметінің өзгеруі. Оған дәлел: 1. Ер адамдарда және әйелдерде себорея алдымен жыныстық жетілу кезінде дамуы. 2. кейбір ішкі секреция бездерде жаңадан ісік пайда болған науқастарда, әсіресе ер адамдардың жыныс бездерінде (семинома), бүйрек бездерінің қыртысында, гипофиздің алдыңғы бөлігінде, сол сияқты орталық жүйке жүйесінің кейбір ауруларымен, мысалы паркинсонизммен ауыратындарда және энцефалиттен кейін себореяның дамуы жиі болады.
Сұйық себореяда емді вегатативтік жүйке жүйесінің қызметін реттеуден бастау керек. Кальций препараттары, бромкамфора, беллоид, беласпон, сумен емдеу(ванна, душ, теңізде шомылу) ұсынылады. Сыртқа шығарда, бактерияға қарсы спирттегі бор немесе салицил қышқылының ерітіндісін, айқын май бөлінуде эфирлі-спирт ерітіндісі (50%), күндіз – индифферентті опалар (тальк, мырыш тотығы) пайдаланылады. Тұрақты іріңдікті безеуде – антибиотиктер, рифампицмн, метациклин, оксацилин, доксициклин, мономицин, лик омицин қолданылады. Флегмонозды және қосылған безеуді хирургиялық жолмен емдеу қажет. Әйелдердің сұйық себореясы ауыр дамыған жағдайда, әйелдің жыныс гормонын немесе олардың синтетикалық препараттарын береді. Құрамында экстрогендері бар жергілікті қолданылатын дәрілерді ұсынуға болады (фолликулин, синэстрол, Diaethylboestroli oleosae 0, 5 % - 5 мл) немесе қоймалжың ( Sol. Folliculini oleosae 0, 1 – 5 мл; Ac. Salicylici 2, 0; Sulfur praecipitati – 10, 0). Себореялық қасқада, аптасына 2 -3 реттен анаболик стероид препараттарын жағу ұсынылады (Methandrostenoloni 0, 3; Lanolini 10, 0; Ol. Persicori, Aq. Destil. Aa 10 мл. ) Бір курсы 20 -30 процедура. Ауыр жағдайда жалпы емге анаболик стероид беруге болады. Қою себореяны емдеу асқаза-ішек жолдарының қызметін ретеуге бағытталады, сондықтан диета сақтаған жөн. Мүйіздену процесін басу үшін А витаминін тәулігіне 100 000 МЕ , сонымен бірге В, С, Д, Е белгілейді. Индуративтік безеуде антибиотиктер беріледі, соратын, бактерияға қарсы және қабыршақты түсіретін майлар: салицил қышқылы, күкірт-резорцин, күкірт-қара майлар қолданылады.
ҚОРЫТЫНДЫ Себорея, әдетте тері майының бактерияға қарсы қабілеті төмендегендіктен, терінің қышқылдығы азайғандықтан, әртүрлі инфекциялық дерматозбен асқынады. Солардың ішіндегі ең жиі кездесетініпиодермиттер: остиофолликулит, сыздауық, сикоз, импетиго, бастың шашты бөлігінің созылмалы дуффузды стрептодермиясы. Жиі себореялық экзема және қайызғақ дамиды.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР Под редакцией Е. В. Соколовского “Дерматовенерология”. З. Б. Есенгараева, Н. М. Малдыбаева, З. Б. Кешилева, А. А. Кубанова “Тері және венерология аурулары”.
дерма.pptx