Альбина психология.pptx
- Количество слайдов: 15
“Астана Медицина Университеті” АҚ Кафедра: Медициналық психология және коммуникативті дағдылар. Тақырыбы: Қабілеттер психиканың жеке даралық көрінісі. Орындаған: Молдабекова А. Т Қабылдаған: Тулькина С. М. Тобы: 127 ЖМ
Жоспар. Кіріспе Негізгі бөлім Қабілеттер концепциялары Қабілеттілікті зерттеу мәселесі Қабілет және нышан Қабілеттің психикалық механиқалық көрінісі Бейімділік және қабілет. Қорытынды Қолданылған әдебиеттер
Қабілет туралы жалпы түсінік Күнделікті ауызекі сөзде “қабілет” деген атауды біз жиі қолданамыз. Мәселен, мұғалім оқушысына мінездеме бере отырып, осы баланың математика пәніне қабілеті күшті екенін айтады. Қабілет – іс-әркеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті. Кез келген іс-әрекет күрделі де сан қырлы болып келеді. Ол адамның психикалық және физикалық қуатына әр түрлі талап қояды. Егер жеке адамда бар қасиеттер жүйесі осы талаптарға сай болса, онда іс-әркетті табысты болады. Егер осындай сәйкестік болмаса онда индивидте қабілет болмағаны. Яғни қабілетті адамның басқа бір қасиетімен шатыстыруға болмайды. Қабілет әр кезде де жеке адам қасиеттерінің синтезі.
Қабілеттілік Адамның кәсіби қызметі. Адамның психикасы
Адамның кәсіби қызметіне қарай д Инженерлік қабілеттілік. Ғылыми қабілеттілік. Көркемдік қабілеттілік.
Адам психикасына қарай. Коммуникатив ті қабілеттілік. Регулятивті қабілеттілік. Танымдық қабілеттілік.
Адам болғаның барлығы тік жүру, сөйлеу мүмкіндіктеріне ие, бірақ бұлардың бірі де шын қабілет тобына кірмейді, себебі, біріншісі - психологиялық құбылыс емес, екіншісі – баршада бірдей көрінетін әерекерт. Қабілеттердің табысты іс-әрекетпен байланыстылығын бас айтумен, шеңберін тарылта қарастыру керек. Қабілетсіздіктерге қарағанда қабілетті адам іс-әрекетті тезірек меңгереді, қажетті , мол нәтижеге оңай жетеді. Қабілет өз ішіне әр түрлі психофизикалық қызметтер мен психикалық проецстерді ғана емес, сонымен бірге жеке тұлғаның барша даму деңгейін қамтыған әрі оларға тәуелді күрделі бірігім. Адамның сыртқы білім, ептілік, дағды әрекеттерінде көрінгенімен , қабілет табиғаты іс-әрекеттен бөлек. Мыаслы, тұлға техникалық және білім жағынан күшті бола тұрып, қызметке келгенде болымсыз, ал кейбіреулер арнайы оықуп, үйренбей-ақ күрделі қызметтерді атқарып, тиімді нәтиже беруге шебер
Қабілетті адамның жетістігі — оның нервтік психикалық қасиеттері комплексінің іс-әрекет талаптарымен сәйкес келуінің нәтижесі болып табылады. «Қабілет» түсінігінің бүгінгі ғылым қабылдап отырған үш негізгі көрсеткішін (Б. М. Теплов) көрсетті. 1. Қабілет- біор адамды екіншісінен ажырататын дара психологиялық ерекшелік. Баршаға бірдей тән қасиеттері қабілет бола алмайды. 2. Қабілет – барша тұлғаға тән болған ортақ сапа емес, кей адамға ғана дарыған қандай да бір не бірнеше ісәрекетті табысты орындауға жарайтын өзара ептілік. 3. Қабілет – нақты адамда топталған білім, ептілік және дағдыларды оқшау , қажет әрекетті игеру желсінде ғана көрінеді
Қабілет және нышан. Адамның кейбір өзгешеліктері ана құрсағында жатқанда-ақ дамиды. Мәселен, баланың ата-анасы мен туысқандарына ұқсап тууы. Мұны анатомиялық нышан дейді. Нерв жүйесінің анализаторлардың ерекшеліктері де туысынан пайда болады. Мұны физиологиялық нышан дейді. Нышанның енді бір түрі қабілеттің дамуында белгілі орын алады. Мәселен, баланың есту анализаторының жетім дамуы музыкалық қабілет үшін көру анализаторының өзгешелігі сурет қабілетінің көрінуіне себін тигізеді. Бірақ нышан қабілет дамуының бірден-бір шорты бола алмайды. Ол -адамның ішкі мүмкіндігінің көрсеткіші. Егер адамның туысынан нышаны болса да, дұрыс тәрбие көрмесе, яғни белгілі әрекетпен айналыспаса, оның қабілеті айтарлықтай дамымайды. Әрбір қабілетке арнаулы нышан сәйкес келеді деп ойлау да қате. Нышан көп мәнді қасиет, яғни сол нышанға негізделіп, адам өмірінің жан-жақтылығына қарай түрлі қабілет қалыптасады. Нышанның ықпалымен қалыптасқан қабілеттің түрін дарындылық дейді.
Адам қабілетін аз, көп деп сан жағынан өлшеудің ғылымға қажеттілігі шамалы. Өйткені алғашқы кезде түрлі себептермен көріне алмаған қабілеттің оның есейген шағында көрінуі ғажап емес. Жас шақта сөзге олақ адамдардың есейе келе ірі ақын, жазушы болғандары; көрген нәрсесінде жөнді сақтай алмайтын адамдардың кейіннен суретші болып шыққандары да бар. Мәселен, ескі заманның аса көрнекті ораторы (шешені) Демосфен бала кезінде тұттықпа кекеш бола тұрса да өзін ерекше жаттықтырудың арқасында Қабілетінің кемістігін жойып, аты-шулы шешен деген атаққа ие болған
Қабілет саласындағы дара айырмашылықтар Алуан-алуан жүйрік бар әліне қарай шабатын» дегендей адамдардың қабілет саласындағы дара айырмашылықтары да сан алуан болып келеді. Мәселен, біреу іске күшті жігермен, қатты мейірмен кіріседі. Мұндай адам жұмысты сапалы да орындай алады. Енді біреу, керісінше, сол істі баяу, сапасын төмен етіп орындайбы. Қабілетті адамдардың бірі- зеректілігімен, екіншілері байқағыштығымен, үшіншілері материалды еске сақтағыштығымен ерекше көзге түседі. Бұл айтылған қасиеттер кейде бір адамның басында да тоғыса береді.
Бейімділік пен қабілет ересек адамдардан да қосақтаса көрініп отырады. Адамда күшті, әсерлі, тиянақты бейімділіктің болуы одан зор қабілеттің бар екенін жақсы аңғартады. Бұл екеуінің бір-бірімен қабыспай жататын кездері болады. Біреу тек өзін көрсету үшін ғана іс-әрекетке бағыт алатын болса, мысалы, тек жұрттың көзіне түсу үшін театрдың оқуына түсетіндер де болады. Мұны оның бейімділігіне қарай туып отырған қабілеттің көрінісі деуге болмайды.
Қорытынды. Адам болғаның барлығы тік жүру, сөйлеу мүмкіндіктеріне ие, бірақ бұлардың бірі де шын қабілет тобына кірмейді, себебі, біріншісі - психологиялық құбылыс емес, екіншісі – баршада бірдей көрінетін әерекерт. Қабілеттердің табысты іс-әрекетпен байланыстылығын бас айтумен, шеңберін тарылта қарастыру керек. Қабілетсіздіктерге қарағанда қабілетті адам іс-әрекетті тезірек меңгереді, қажетті , мол нәтижеге оңай жетеді. Қабілет өз ішіне әр түрлі психофизикалық қызметтер мен психикалық проецстерді ғана емес, сонымен бірге жеке тұлғаның барша даму деңгейін қамтыған әрі оларға тәуелді күрделі бірігім. Адамның сыртқы білім, ептілік, дағды әрекеттерінде көрінгенімен , қабілет табиғаты іс-әрекеттен бөлек. Мыаслы, тұлға техникалық және білім жағынан күшті бола тұрып, қызметке келгенде болымсыз, ал кейбіреулер арнайы оықуп, үйренбей-ақ күрделі қызметтерді атқарып, тиімді нәтиже беруге шебер. Қабілеттің ең жоғарғы дәрежесін – талант деген сөзбен белгілейді. Талант – бір әрекетті творчестволықпен орындау мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттердің ерекше қиысып келуі. Адамның таланты музыкада, әдебиетте, ғылымда, техникада т. б. әрекеттерде көрінеді. Таланттың дамуы еңбек ете білумен, еңбек сүйгіштікпен тығыз байланысты.
Пайдаланылған әдебиеттер. 1. Адам. Қоғам. Құқық , 9 сынып "Мектеп" баспасы, 2009 жыл 2. Ахметжанова А. «Оқушылардың қызығушылығын арттыру жолдары» Білім 2004 3. Әбжанов С. «Оқушыларды шығармашылықпен дамыта оқыту» Бастауыш мектеп № 2. 2003 4. Әбілқасымова А. Е. «Оқушылардың танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру» Алматы Білім 1994 5. Әуелбеков Ш. «Қазақ тілін оқыту методикасы» Алматы 1987 6. Әлмұханова Г. «Шығармашылық деңгеймен жұмыс жасау» Бастауыш мектеп № 10. 2002
Назар аударғандарыңызға рахмет!
Альбина психология.pptx