Гипертониялык криз.ppt
- Количество слайдов: 15
Астана Медицина Университеті АҚ Кафедра: Ішкі аурулар пропедевтикасы Тақырыбы: Гипертониялық криздің диагностикасы мен жедел жәрдем көрсету алгоритмі. Орындаған: Қарсыбаев Н. Қ Қабылдаған:
Жоспары: 1. Кіріспе 2. Негізгі бөлім А) Гипертониялық криз туралы түсініктеме Б) Гипертониялық криздің диагностикалақ әдістері В) Жедел жәрдем 3. Қортытынды
Гипертониялық криз – систолалық немесе диастолалық АҚ-ның кенет жоғарылауы, сонымен қатар нысана ағзалар қанайналымы бұзылысының жіті ауырлауы. ГК тек артериялық гипертониямен емес, симптомдық гипертониямен сырқаттанатын науқастарда да дами береді. Гипертониялық криздер АҚ 160 -95 мм. с. б. көтерілгенде де дамуы мүмкін, бірақ көбіне криз кезінде САҚ 190 -270, ал ДАҚ 120 -270 мм. с. б. дейін биіктейді. Негізінде криздің ауырлығы қысымның биіктеу деңгейіне емес, ми мен жүрек жағынан болатын бұзылыстардың ауырлығына тәуелді.
Гипертониялық криз белгілері: - Артериялық қысымның тез көтерілуі - Бастың қатты ауырсынуы - Бас айналу - Қорқыныш сезімі, мазасыздық - Беттің қызаруы мен ісінуі - Жүрек айну - Құсу - Демікпе - Жүректің жиі соғуы - Жүректің ауырсынуы(кейде)
Криздің дамуына түрткі болатын себептер: психикалық, эмоциялық стрестер, күйзелістер; Сұйықтықты, тұзды тағамдарды мөлшерден аса ішу; Ауа райының, атмосфералық қысымның өзгерістері, метеосезәмталдық; көбіне метеосезімталдық омыртқа жотасының мойын-кеуде бөлігінің остеохондрозы бар немесе неврозға ұшыраған адамдарға тән; ауа райының құбылысынан болатын криздер күз, көктем айларында жиіленеді; Вертебробазиллярлық бассеинде қан ағымының жетіспеушілігіне әкелетін бас миының ишемиялық эпизодтары; оның бір себебі-түнгі ұйқы кезінде бастың ыңғайсыз жағдайы; осыдан болатын гипертониялық криздер таңертенгі уақыттарда байқалады; Инфекциялық ауруларға шалдығу; Бұрыннан қолданылып келе жатқан емді бірден үзу (клофелинді, допегитті) Бүйрек қан ағымының рефлекторлық бұзылыстары; Екіншілік альдостеронизмнің өрістеуі.
Криз дамуының негізгі механизмдері: Симпатоадренал жүйесінің аса белсенділенуі; Организмде натрий иондары мен судың тез немесе біртіндеп жиналған іркілісі; Артерия мен артериолалардың тегіс салалы бұлшықет жасушаларында кальцийлік механизмнің активациясы; Ренин - ангтотензин ІІ – альдестерон жүйесінің белсенділенуі.
Гипертониялық криздің клиникалық көріністері: Жедел энцефалопатияның салдарынан болатын шағымдар: бастың қатты ауыруы, бас айналуы, жүрек айнуы, құсу, фотопсияның әртүрлі бергілері: көздің уақытша көрмей қалуы, қос көріну, көз алдының бұлдырлануы немесе шыбын-шіркей тәрізді көлеңкелер көрінуі. Криздің екі түрінде мидың ісінуі басым болады, сондықтан мидың өтпелі ошақты зақымдану белгілері байқалуы мүмкін: қолдардың, беттің жансыздануы; бет аймағында ерін мен тілдің ауырсыну сезімталдығының төмендеуі; қолдың әлсізденуі; кейде бір тәуліктің көлемінде сақталатын гемипарез, афазия, құрысулар болады.
Жүрек жағынан болатын белгілер: жүрек аймағының ауырсынуы, жүрек қағуы, шалыс соғуы, ентікпенің пайда болуы немесе күшеюі. Вегетативтік дисфункцияның белгілері: дененің дірілі, қорқыныш сезімі, шөл, тершеңдік, кейде ыстықтау, сезімі және криздің соныңда кіші дәретке жиі отырып, көп мөлшерде ашық түсті зәр шығару. Бұл белгілердің себебі – симпатоадренал жүйесінің шамадан тыс белсендірілуі.
Бірінші типті гипертониялық криз. Криздің бұл түрі көбіне артериялық гипертонияның алғашқы сатыларына тән. Оның дамуы адреналиннің қанға көптеп бөлінуінен болады. Көрінісі беттің қызаруы, жүректің қағуы, бастың ауыруы, дененің дірілі және жалпы қозумен білінеді. Мұндай жағдайдың ұзақтығы – минуттар, сағаттар ғана созылады. Екінші типті гипертониялық криз. Оның даму негізі норадреналиннің гиперпродукциясынан болады. Көрінісінде тері жамылғыларының қуқылдануы назар аударады. Жүректің айнуына, құстыруға дейін алып баратын бастың ерекше ауыруы тән. Криз бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін созылады және оңайлықпен басылмайды. Кей жағдайларда екі түрлі криздің қатар жүруінен оларды ажырату мүмкін емес.
Диагностика Қан анализі – лейкоцит мөлшерін анықтау үшін Биохимиялық анализ – уремияны жоюға Зәр анализі – ақуыз мөлшерін анықтау үшін, гипертониялық кризде гематурия және протеинумия Эксперсс-тест – глюкозаны анықтауға ЭКГ Рентгенография КТ – мидың қанайналымының бұзылысы
Гипрертониялық криз кезінде ЭКГ-да сол жақ қарыншаның систолалық жүктеме кезіндегі ST тісшесінің интервалының төмендеуі және Т тісшесінің двухфазный или отрицательный зубец, QRS комплексінің кеңеюі.
Инфаркт миокардына ұласқан гипертониялық криз кезіндегі рентгенография
Гипертониялық криз кезіндегі алғашқы көмек: Науқасты горизонталді бағытта жатқызып, арқасына жастық қою Таза ауамен бөлмені желдету Аяғына жылы грелка қою Тіл астына нитроглициринді салу
Қорытынды: Гипертониялық криз –аса қауіпті ауру. Ол – инфаркт тудырып, өлім себепшісі болуы мүмкін. Гипертониялық криздер АҚ 160 -95 мм. с. б. көтерілгенде де дамуы мүмкін, бірақ көбіне криз кезінде САҚ 190 -270, ал ДАҚ 120 -270 мм. с. б. дейін биіктейді. Гипертониялық кризді анықтау үшін диагностикаәдістері қолданады. Артерялық қысымды өлшеу, ЭКГ көрсеткіші, рентген т. б. Әдістер қолданады. Әр дәрігер осындай науқасқа алғашқы көмекті қалай көрсету керек екенін білу тиіс.
Гипертониялык криз.ppt