4658.pptx
- Количество слайдов: 17
“Астана Медицина Университеті”АҚ ІШКІ АУРУЛАР ПРОПЕДЕВТИКАСЫ КАФЕДРАСЫ Тақырыбы: ТШҚҰ синдромы Орындаған: Исин Ж. Топ: 331 ОМ Тексерген: Өміртаева Б. А. Астана 2015
ЖОСПАР: Ø Ø Кіріспе бөлім Негізгі бөлім 1. Этиологиясы 2. Патогенезі 3. Диагностикасы Ø Қорытында
Тамыр ішілік шашыранды қан ұю синдромы деп, қанның қан тамырлары ішінде шашыранды ұюын, ұсақ тамырлардың микротромтармен бітелуіне, кейін гипокоагуляция мен тромбоцитопенияға әкеліп соқтыратын гемостаздың бейспецификалық патологиясын айтамыз. Ол бейспецификалық патологиялық процесс, гемостаз бұзылуының арнайы түрлерінің бірі. ТШҚҰ – синдромы жүре пайда болған коагулопатиялардың ең жиі себебі.
Тамыр ішіндегі шашыранды қан ұю (ТШҚҰ) синдромы шеткері қанда әрі тромбиннің, әрі плазминнің шамадан тыс артып кетуінен жүре пайда болатын ауыр тромбоздық қанағыштық бұзылыстарға жатады. Бұл үрдістің тромбоздан айырмашылығы, ұйыған қан тромбқа айналмай − ақ өз − өзінен ыдырап жоқ болып кетуі мүмкін. Мысалы, операциядан кейін қан ұю үрдісі көптеген ауруларда кездеседі, ал нағыз тромб жеке бір жағдайларда ғана пайда болады.
Этиологиясы ТШҚҰ көптеген себептерден дамиды. Сепсис, вирусемия; Қатерлі өспелер; Сілеймелердің барлық түрлерінде, әсіресе кардиогендік сілейме кезінде; Ауыр жарақатпен, әсіресе қансыраумен қабаттасатын хирургиялық әрекеттерде; Акушерлік дерттерде; Үлкен күйіктерде, үсіктерде; üСүйек сынықтарда, жұмсақ тіндердің жаншылуларында; Бүйрек, бауыр, ұйқыбез бүліністерінде; Тез дамитын тамыр ішіндегі гемолиз бен лейкоциттердің цитолизінің барлық түрлерінде; Гемобластоздарда, созылмалы миелолейкозда; Жүйелі қызыл жегіде, түйінді периартритте және басқа иммундық ауруларда; Геморрагиялық васкулитте; Көп мөлшерде қан құйғанда т. б. жағдайларда байқалады. Инициальды патогенетикалық факторлар
Патогенезі. ТШҚҰ − синдромы келесі төрт сатыда өтеді: 1. Гиперкоагуляция; 2. Гипокоагуляция немесе тұтынулық коагулопатия; 3. Фибриноген жоғалу; 4. сауығу немесе қайта қалпына келу. Бірінші гиперкоагуляция сатысында қанның ұюы тым артып кетеді. Бұл саты қысқа мерзімде болуы мүмкін және ол көптеген тамырлардың ішінде қан ұйып қалуынан ішкі ағзалардың (өкпе, бүйрек, бауыр, бүйрек үсті безі, жүрек, ми т. б. ) майда тамырлары бітеледі. Осыдан гиперкоагуляциялық сілейме дамып, сырқат адам кенеттен жан тапсырады. Кейбір жағдайларда гиперкоагуляция баяу түрде байқалмай өтеді. Гиперкоагуляция тым қарқынды тараған түрде болғанда қан ұю факторлары артық тұтынылып кетуінен артынан олардың жеткіліксіздігі дамиды. Бұл кезде қанда тромбоцитопения, гипофибриногенемия, қан ұюының V, VII т. б. факторларының азаюы байқалады;
ТШҚҰ синдромының патогенезі 1 — жинақталған активті ұю 2 — зақымдалған эндотелии тамыры 3 — жинақталған тромбоциттердің активтенуі 4 — циркуляциядағы микротромбтар 5 — қан ұю 6 тромбоциттер; 7— ПДФ
Тұтынулық коагулопатия екінші гипокоагулопатия сатысы дамиды. Бұл кезде қан ұюы шектеліп, фибринолизді арттыратын заттардың белсенділігі көтеріледі. Содан тоқтамайтын ауыр қан кетулер болады. Сондықтан ТШҚҰ − синдромын тромбогеморагиялық синдром деп те атайды; Үшінші сатысында мезгіл − мезгіл толық фибринолиз дамуының қанда фибриноген мүлде жоғалады. Бұны фибриноген жоғалу сатысы дейді; Төртінші сауығу сатысы делінеді.
Диагностикасы. ТШҚҰ синдром дамуы негізгі аурудың клиникасының өзгеруінен байқалады. ТШҚҰ синдромы жаңа басталған кезінде тромбоциттердің саны қалыпты немесе сәл төмен, бірақ олардың адгезиялық және агрегациялық қасиеттері жоғарылайды. Фибриннің деңгейі биіктейді, активтендірілген жартылай тромбопластиндік уақыт қысқарады, фибринолиздің активтігі төмендейді. Тромбтардың түзілуі кезінде және жұмсалу коагулопатиясы дамыған уақытта тромбоциттердің саны азаяды, фибриногеннің деңгейі төмендейді. Геморрагиялар пайда болған кезде тромбоциттердің саны өте аз және фибринолиздің активтігі жоғарылайды.
Емі. ТШҚҰ синдромына әкелген негізгі аурудың емін жүргізеді (акушерлік патологияны жою, емдеу , ісікті алу, сепсистің антибактериялдық емін жасау, т. б. ). Гиперкоагулялық фазада және ТШҚҰ синдромының созылмалы түрінде емді гепаринмен бастайды: гепаринді, тромбиндік уақытты екі есе ұзартатын дозада қолданады. Жедел, жеделдеу барысында гепаринді 10 000 Бвенаға енгізеді, содан кейін тәулік бойы тамшылатады. Антитромбин III жоқ болса, гепарин әсер етпейді. Сондықтан гепаринмен бірге құрамында антитромбині бар препаратты енгізеді жаңа тоңазытылған плазманы немесе жас нативті плазманы. Шоктың ауыр түрінде преднизалонмен пульс терапияны жасайды. Шокпен күресу үшін симпатомиметиктер қолданылмауы тиіс. Микроциркуляцияны жақсарту үшін курантил, трентал, папаверинді, эуфиллинді неғұрлым ерте қолданады. Гипокоагуляциялық фазада гепаринді қолданбайды немесе оны аз дозада енгізеді. Бұл кезде ең алдымен микроциркуляцияны жақсартатын дәрмектер маңызды. Криоплазманы мүмкіндігінше ерте енгізеді. Ауыр тромбоцитопенияда және қан кетуі тоқтамағанда тромбоциттік массаны құяды.
КЛАССИФИКАЦИЯ Клиникалық ағымы қарай: Жедел кенеттен 24 сағат ішінде дамитын Жеделдеу 1 -3 апта ішінде дамитын Созылмалы , 1 айға созылатын Латентті, клиникалық көрініссіз өтетін, тек қана лабороторияда анықтауға болатын
Ауырлық дәрежесі I II IV Қан жоғалту мөлшері (мл) <750 750 -1500 -2000 >2000 Қан жоғалту мөлшері (%ОЦК) <15 15 -30 30 -40 >40 Пульс <100 > 120 > 140 АҚ Норма Төмендеген Тыныс алу жиілігі Норма немесе Төмендеген жоғарылаған Төмендеген Тыныс алу жиілігі 14 -20 20 -30 30 -40 >40 Сағаттық диурез >30 20 -30 5 -15 Жоқ ОЖЖ жағдайы Қозғыштық Тежелу Комаалды Жеңіл қозғыштық
ҚОРЫТЫНДЫ Қанның тамырішіндегі шашыраңқы қан ұю синдромы – қанның тамыр арнасында шашыраңқы ұюынан ұсақ тамырлардың микробтармен бітелуіне, кейін гипоко-агуляция мен тромбоцитопенияға әкеліп соқтыратын гемостаздың бейспецифи-калық патологиясы. Тіндерден тромбопластикалық заттардың босап шығуынан пайда болатын тамырішілік қан ұюының бұзылысы. ТШҚҰ-синдромы жүре пайда болған коагулопатиялардың ең жиі себебі. Бұл синдром көптеген аурулардың бары-сын асқындырады. Ешқандай симптомсыз жүруі ықтимал, не болмаса коагулопатия даму түрінде болады. Көп кездері әртүр-лі акушерлік патология, әртүрлі шок, ауыр жарақат, бактериальды сепсис кездерінде кездеседі.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: • 1. Қалимұрзина Б. С. • Ішкі аурулар: Оқулық, 2 -том-Алматы: Асем-систем, 2005. • 2. Байдурин С. А. • Заболевания системы крови, уч. пос. Астана -2007. • 3. Нұрмұхамбетұлы Ә. • Клиникалық патофизиология. Алматы 2010 -760 б. • Ғаламтор желісі
4658.pptx