Дыхательная система 4 ОМ.ppt
- Количество слайдов: 13
“АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ” АҚ ІШКІ АУРУЛАР ПРОПЕДЕВТИКА КАФЕДРАСЫ № 4 ДӘРІС Өкпе тінінің тығыздалу синдромы. Балалардағы ерекшеліктері. Абдахина Б. Б.
Өкпе тінінің тығыздалу синдромы дегеніміз өкпедегі ауа көлемінің азаюы, немесе мүлдем жойылуы. Өкпенің тығыздалу синдромының себептерін екі топқа бөлуге болады: • қабынуға байланысты • қабынуға байланыссыз
• Қабынуға байланысты себептер: - крупозды пневмония (өкпенің толық бөлігінің зақымдалуы); - ошақты пневмония. • Қабынуға байланыссыз себептер: - обтурациалық ателектаз (бронхтың бітеліп қалуы); - компрессиялық ателектаз (бір себептермен (гидроторакс, пневмоторакс) өкпенің басылып қалуы).
Клиникалық тұрғыдан бөлікті пневмонияның 3 сатысы болады: • • • Аурудың басталу сатысы Аурудың өршу сатысы. Жазылу сатысы.
Аурудың негізгі шағымдары • • • ылғалды жөтел қан қақыру демікпе қызба кеуде сарайындағы ауру сезімі
Аурудың басталу сатысы Науқастың шағымдары: дене қызуының 39 -40° дейін көтерілуі, құрғақ жөтел, кеуде сарайындағы ауру сезімі. Ауру сезімі демді терең алғанда, жөтелгенде күшейе түседі. Науқаста әлсіздік, тұла-бойының сырқырауы болады. 1 -2 күннен кейін қақырық бөліне бастайды. Науқас тотық түсті қақырық тастайды.
Жалпы қарағанда: Науқас мәжбүр жағдайда – ауыратын бүйірімен жатады. Қабынған жақтағы беттің қызаруы болады. Ерін, мұрын аймағында герпес пайда болады. Мұрын қанаты тыныс алуға қатынасып тұрады. Кеуденің ауыратын жағы тыныс алуда қалыңқы болады.
• Пальпациялағанда – дауыс дірілі әлсірейді. • Перкуторлы - қабынған бөліктің ауасы азайғандықтан айқын, ашық өкпе дыбысы тұйықталады. • Аускультациялағанда – везикулярлы тыныс дыбысы әлсірейді, крепитация естіледі (альвеолаларда сұйықтық жинала бастағанының белгісі).
Аурудың өршу сатысында • • • Интоксикация әлі бар, демікпе 30 – 40 -қа дейін, ЖЖЖ минутына 100120 рет. Жөтел ылғалды. Пальпациялағанда - дауыс дірілі күшейген. Перкуторлы - өкпенің қабынған бөлігінде ауаның жоқ болуына байланысты тұйық дыбыс анықталады.
• Аускультацияда - өкпенің толық тығыздалуына байланысты – паталогиялық бронхиалды тыныс дыбысы естіледі, крепитация жойылады, ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар пайда болуы мүмкін. Бронхофония пайда болады.
Жазылу сатысы • • Интоксикация жойылады, дене қызуы түседі. Жөтел азаяды, құрғақ болуы мүмкін. Пальпация кезінде дауыс дірілі біртіндеп әлсірейді, сосын қалыпты болады. Перкуторлы – дыбыс тұйықталады. Аускультацияда - әлсіреген везикулярлы тыныс дыбысы естіледі. Крепитация пайда болады.
Қосымша зерттеу әдістері • Қанның жалпы анализінде лейкоцитоз, таяқша ядролалық клеткалардың көбеюі, эритроциттердің тұну жылдамдығының жоғарылауы анықталады.
• Қақырықты зерттегенде: – кілегейлі, іріңді, эритроциттер анықталады. • R-лық белгісі: - өкпе суреті күшейеді, қабынған бөліктің әр жері қарайып, бірбірімен қосыла бастайды. Ең соңында қабынған бөліктің көлеміне сәйкес бір қалыпты қарайады (гомогенді). • Спирографияда - өкпенің өмірлік сыйымдылығы төмендейді
Дыхательная система 4 ОМ.ppt