“Астана медицина университеті” АҚ Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы
“Астана медицина университеті” АҚ Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы кафедрасы Сарғаю синдромы Орындаған: Айтуғанова М.М. 301гр Ом Тексерген: _______________
Сарғаю синдромы – билирубиннің көп мөлшері қанда жиналуы салдарынан пайда болатын синдром. Клиникада ол терінің, шырышты қабықтар мен склераның сары туске боялуы бойынша анықталады.
Сарғаюдың себебіне байланысты үш түрі бар: Гемолитикалық сарғаю – эритроциттердің шамадан тыс ыдырауынан дамиды; Механикалық сарғаю - өттің ішке өтуіне кедергі пайда болғаннан дамиды; Паренхиматозды сарғаю – бауыр паренхимасы қабынғаннан, созылмалы гепатит, бауыр циррозы салдарынан дамиды.
Гемолитикалық сарғаю – немесе бауыр үстілік сарғаю. Іштен туа және жүре дамыған гемолитикалық анемияларға тән. Бұл ауруда эритроциттердің осмостық беріктігі төмендейді. Сондықтан олар әр түрлі әсерлер, көбіне иммунды өзгерістер салдарынан гемолизге ұшырайды. Осыған байланысты қанда тура емес билирубин мөлшері көбейеді.
Механикалық немесе бауыр астылық сарғаю – жалпы өт өзегі немесе бауырдан шығатын өт жолдарының таспен, қатерлі ісікпен не бөгде затпен бітелуінен дамиды. Кейде өт жолының бітелуі сыртынан қысылғаннан не ұйқы безі басындағы өзгерістер салдарынан дамиды.
Механикалық сарғыштану Өт қышқылдарының қанға түсуіне байланысты холемиялық синдром дамиды. Бұл кезде өт қышқылдары: кезбе жүйкенің рецепторлары мен орталығын қоздырады, жүректің синустық торабын тежейді, қан тамырларының межеқуатын әлсіретеді; ОЖЖ не уытты әсер етеді; Терідегі сезімтал жүйкелердің аяқшаларын қоздырып, қатты қышыну сезімін тудырады Эритроциттердің, лейкоциттердің ыдырауына, қан ұюының әлсіреуіне әкеледі.
Паренхиматозды сарғаю Бауыр клеткалары қабынғаннан дамиды. Бауыр бос билирубинді байланысқан түрде айналдырғанмен, оны өт жолдарына бөлуі бұзылады. Себептері: вирусты инфекция, токсикалық әсерлер, бауыр циррозы, сепсис.
Паренхиматозды сарғаюдың этиологиясы Жұқпалардың (А, В, С, Д, Е гепатиттерінің вирустары, сепсис, іш сүзегі); Улы заттардың әсерлерінен бауыр жасушаларының тікелей бүліністері; Ұзақ мерзім өттіің бауырда іркіліп тұрып қалуы; Тура емес билирубиннің қан құрамында көбеюі.
Паренхиматозды сарғаюдың сатылары Сарғыштану алды сатысы. Бауыр жасушалары бүліністерінің ең бірінші көрінісі болып қанда және зәрде уробилиногеннің пайда болуы есептелінеді Сарғыштану сатысы. бауыр жасушаларында тура емес билирубинніңи глюкурон қышқылымен байланысы бұзылады. Бұл кезде уридиндифосфат глюкуронилтрансфераза ферментінің белсенділігі төмендеген болады Кома алды сатысы. Бауыр жасушалары тура емес билирубинді тура билирубинге айналдыру қабілетін мүлде жоғалтады.
Паренхиматозды сарғаюдың клиникалық белгілері: Адам денесі сарғаю, денесі қышу, оң қабырға доға тұсы ауырумен, қызу көтеріледі. Тері қышуы механикалық сарғаюдан бәсеңдеу, себебі зақымдалған бауыр клеткаларының өт қышқылдарын синтездеу мүмкіндігі төмендеген.
Пайдаланылған әдебиеттер Ішкі аурулар пропедевтикасынан дәрістер жинағы, Ахметов Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы, Б.Н. Айтбембет Патофизиология, Ә.Нұрмұхамбетұлы
2606-proped_sar_1171_ayu_sindromy.ppt
- Количество слайдов: 11