415.pptx
- Количество слайдов: 13
<<Астана Медицина Университеті>>АҚ Инфекциялық эндокардит Орындаған: Әбдеш Д. Тексерген: Илимова Ж. Ж. Астана 2015 жыл
Инфекциялық эндокардит ИЭ – эндокардтың, кейде сонымен бірге аортаның немесе ірі артериялар эндотелийінің патогенді микроорганизмдермен жаралы-полипті зақымдану. ИЭ ер адамдар 2 -3 есе жиі шалдығады. Бұл ауру кез келген жаста дамуы мүмкін, бірақ көбіне 20 -50 жас аралығында кездеседі. Ертеректе бұл ауру “созылыңқы сепсистік” және бактериялық эндокардит аталатын. Соңғы кезде қолданылатын “инфекциялық эндокардит” термині 1966 жылы енгізілген, өйткені бұл кеседің дамуына тек бактериялар емес, өзге микрофлораның қатысуы мүмкіндігі дәлелденген.
Этиология сы Негізінде инфекциялық эндокардит – жүрек қақпақ – тарында немесе қабырғалық эндокардта орналасқан сепсистік қабыну ошағы. Басты себептері : 1. Жасылдаушы стрептококк – 33 -66%, бұл инфекциялық эндокардиттің классикалық түрінің қоздырғышы. 2. Алтын сары және ақ түсті стафилококк – 34 -66% 3. Энтерококтар – 10% 4. Грамтеріс флора – 10% 5. вирустар, хламидиялар, микоплазмалар 6. Анаэробтық инфекция
ИЭ патогенезі ИЭ дамуында келесі тізбектердің ролі маңызды: 1. Инфекцияның организмге ену жолының болуы 2. Эндокардтың қорғаныс қасиетінің төмендеуі Қоздырғыш сыртқы ортадан организмге түрлі жолдармен түседі, мәселен ауыз-қуысынан(баспа, тіс аурулары) тыныс мүшелерінен(пневмония, сепсис) ас қорыту мүшелерінен(холецистит, іріңді перитонит) жыныс мүшелерінен(аборт, босану, эндометрит) Инфекциялық эндокардиттің дамуна веналық инъекциялар, венаға салынған катетерлер, флебиттер, жүрек операциялары алып келуі мүмкін
Қоздырғыштардың енуіне эндокардтың немесе тамыр эндотелийінің макро немес микро жарақаттары жол ашады. Бұл дерт көбіне туа біткен немесе ревматизмдік ақаулардың үстінде дамиды. Алдыменэндокардтың зақымданған ошағында, тромбоциттер мен фибриннің шөгуінен, тромбтық өскеншектер түзіледі. Бактеремия немесе вирусемия болғанда қоздырғыштар тромбтық өскеншектің арасына оңай еніп көбейеді. Осыдан тромбоциттер мен фибрин инфекция ошағына үстіне жиналады. Осылайша, ірлі – ұсақты сүйел тәрізді полиптер аталатын – тромбтық өскеншектер пайда болады. Оның құрамы фибриннен, қан жасушаларынан, некроздық тіннің бөлшектерінен және микробтық колониялардан тұрады. Бұлар өте жұмсақ және ұгілгіш келеді. Қақпақтың зақымдануы деңгейі қоздырғыштың патогендік қуатына тәуелді. Аса патогенді флора қақпақтардың жаралы деструкциясына алып келіп, ақырында ауыр ақаумен аяқталады. Бұл жағдайда жаралы және полипозды процесс қатар жүреді. Егер флора огшалықты патогенді болмаса, онда жаралы деструкция болмайд, тек полипозды процесс дамиды.
Патогенез ИЭ дамуынан бұрын эндокардтың күйіне қарай дерттің екі түрін айырады. Біріншілік (30%) – бұдан бұрын сау эндокардтың қоздырғыштардың аса верулентілігінен зақымдануы (стафилококтар, грмтеріс микробтар, т. б ) Екіншілік (70%) – туа немесе жүре біткен жүрек – тамыр ақауларының үстінде пайда болатын. Инфекция ошағының орналасуна қарай эндокардиттің қақпақтық, хордалық, париетальді, аралас түрін айырады. ИЭ көбінесе аорта қақпағы, содан кейін митральді қақпақ зақымданады. Үш жармалы қақпақ әдетте, нашақорлықта, генитальдік және иньекциялық сепсисте зақымданады, негізінен оның зақымдануы сиректеу кездеседі.
Дифференциалдық диагностика Биік қызба болғанда жедел барысты инфекциялық эндокардитті жедел инфекциялардан – гриптен, іш сүзегінен, безгектен айыру қажет. Қанды тиф – паратифтік топқа серологиялық тексеру, қан тамшысында безгек плазмодиялардын анықтау бұл кеселдерді айыруға мүмкіндік береді. Кейде аорта үстінде шудың, артралгиялардың, қызбаның болуы, эндокардитті мерездік аортиттен айыруға қиындық келтіреді. Бұл жағдайда дифференциальдық диагностикаға спецификалық серологиялық зерттеулер, соның ішінде боз трепонеманы иммобилизациялау реакциясы комектеседі.
ИЭ диагностикалық критерийлері Негізгі клиникалық белгілер: Дене қызуының 38 С артық биіктеуі, қалтырау Жүрек шуы, спленомегалия Қосымша клиникалық белгілер: Тромбоэмболиялар, тері васкулиті, гломерулонефрит Параклиникалық белгілер: Қақпақ бетіндегі өскеншектер, анемия, қан себіндісінің оң нәтижесі, 30 мм/сағ артық ЭТЖ Сенімді диагноз – екі негізгі, бір қосымша клиникалық және ең кемінде екі параклиникалық белгілердің болуы.
Емі Ауруханалық емнің ұзақтығы 1 – 1. 5 ай болуы тиіс. Негізгісі – антибактериялдық ем. Антибиотиктерді қолданбастан бұрын өмір ұзақтығы 6 – 12 айдан, әрі кеткенде 2 жылдан аспаған, өлім саны 100% болған. Антибактериялық емнің басты принциптері: 1. Емді неғұрлым ерте бастау, мәселен инфекциялық эндокардит басталғаннан 2 аптадан кейін жүргізілген емде тірі қалу саны 100%, ал 8 аптадан кейін жасалған емде 56%. 2. Бактерицидтік дәрмектерді үлкен дозада вена ішіне енгізу, өйткені өскеншектер арасында отырған микробтарға әсер ету өте қиын. 3. Емді ұзақ жүргізу (ерте басталған емді 4 – 6 апта, кеш басталғанды 2 – 2. 5 ) 4. Антибиотиктің түрі мен дозасын қоздырғыштың түріне және сезімталдығына сәйкестеу.
Инфекциялық жүйенің қорғаныс қуатын күшейту Т-лимфоциттер саны аз болғанда тимус дәрмектері қоланылады. Т-активин – 100 мкг тері астына күніне 1 ре 5 -10 инъекция. Тималин – 10 -20 мг күніне 1 рет бұлшықетке 10 -15 инъекция Дезинтоксикациялық ем: Дезинтоксикация мақсатымен гемодез, неокомпенсан, глюкозаның 5% ерітіндісі, кристаллоидтық ерітінділерді – ацесоль, хлосоль, трисоль т. б вена ішіне тамшылатып салады. Хирургиялық емі: Мақсаты – жүрек ішіндегі инфекция ошағын жою, жасанды қақпақты орнатып, жүрек іші гемодинамикасын қалпына келтіру
Назарларыңызға рахмет! 13
415.pptx