
Orynbaev_srs_SPETs_TEKhN.pptx
- Количество слайдов: 16
« Астана Медицина Университеті » АҚ Фармацевтикалық пәндер кафедрасы ТАҚЫРЫБЫ: «АНТИСЕПТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАУШЫ ЗАТТАР. УРОТРОПИН, ГЕКСАМЕТИЛЕНТЕТРАМИН. АЛЬДЕГИД ПРЕПАРАТТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОЛДАНУ АЙМАҒЫ. » Қабылдаған: Идырысова Ф. М. Орындаған: Орынбаев Темірхан Топ: 501 – фармация Астана, 2016 жыл
Жоспар 1. Антисептиктер және дезинфекциялаушы 2. 3. 4. 5. құралдар туралы Антисептиктер және дезинфекциялаушы құралдар классификациясы Альдегидтер сипаттамасы, қасиеттері Альдегидтерді алу жолдары Жеке препараттар
Антисептиктер және дезинфекциялаушы құралдар Антисептикалық құралдар. Ауру туғызатын микроорганизмдерді құртады немесе олардың өсіп-өнуін тоқтатады. Жара-жарақатқа, дененің күйген жеріне микроорганизмдерді түсірмеу, сондай-ақ терінің іріңді ауруларын емдеу; бөлмелерді, киім-кешекті және науқасадамды күткенде қолданылатын заттардыдезинфекциялау үшін қолданылады. Медицинада қолданылатындары: хлорқоспалары (хлорамин, пантоцид және басқалары), йод қоспалары (йодтың спиртерітінді сі, Люголь ерітіндісі, йодоформ және басқалары), сутегі тотығы, марганец қышқылды калий, кейбір қышқылдар (бор, салицил, карбол қышқылдары) және негіздер (мұсатыр спирті, ас содасы), сынап қоспалары (сулема, сынап майлары және басқалары), күміс қоспалары (лянис, протаргол және басқалары), қорғасын, алюминий қоспалары (Буров сұйығы және бабалары), спирттер мен спирт тұнбалары, формалин, қарамай, кейбір бояғыштар (метиленді көк, гауһар көк және бабалары). Сыртқы ауруларға қолданылатын антибиотиктер (грамицидин т. б. ) мен кейбір өсімдіктерде, мысалы сарымсақта, пиязда, ақжелкенде, календулада және басқаларында болатын фитонцидтер антисептикалық заттардың ерекше тобын құрайды. Кейбір антисептикалық құралдар (мысалы, этил спирті, сірке және сүт қышқылы), сонымен қатар азық-түлік тағамдарын консервілеу үшін пайдаланылады. Ол үшін адамға зиянсыз мөлшерде ерітінді түрінде азық-түлікке қосылады. Олар (мысалы, сірке су) азық-түліктің сақталуына көмектеседі, дәмі мен иісін жақсартады. [1]
Антисептиктердің 9 тобы бар 1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. 9. Галоген туындылары Фенол туындылары Алифатты қосылыстар Бояғыштар Тотықтырғыштар Қышқылдар мен сілтілер Метал тұздары Нитрофуран туындылары Жуғыш заттар
Альдегидтер (лат. al(cohol) dehyd(rogenatum) — сутексiз спирт) - органикалық қосылыс. Молекула құрамында карбонил немесе оксо топшасы бар көмірсутек туындыларын альдегидтер және кетондар деп атайды.
Альдегидтердің қасиеттері Физикалық қасиеттері Құмырсқа альдегиді — өткір иісті газ, сірке альдегидінен бастап келесі мүшелері — сұйық, ал жоғарғылары — қатты заттар. Альдегидтердің физикалық қасиеттері бұдан бұрынғы қарастырылған заңдылықтарға сәйкес келеді. Молекулалық массалары өскен сайын балқу және қайнау температурасы артады. Спирттерден өзгешелігі — альдегидтерде молекулааралық сутектік байланыс түзілмейді, сондықтан сәйкес спирттермен салыстырғанда қайнау температуралары төмен болады. "Альдегидтер" Барлық альдегидтер органикалық еріткіштерде жақсы ериді. Химиялық қасиеттері. Құрамында еселі байланыс болғандық- тан, карбонилді қосылыстарға қосылу реакциясы тән. Қосылатын реагенттің теріс зарядталған бөлігі көміртек атомына, ал оң зарядталған бөлігі оттек атомына қосылады. Басқа органикалык косылыстармен салыстырғанда, альдегидтерде карбонилді топпен байланысқан С — Н байланысының белсенділігі жоғары және реакцияға жеңіл түседі.
Дәрілік зат ретінде медицина тәжірибесінде төменгі альдегидтердің қарапайым өкілдерінің препараттары кеңінен қолданылады – формальдегид, формальдегид ерітіндісі, хлоральгидрат және метенамин(гексаметилентетрамин). Формальдегид ерітіндісі ақуыз денатурациясын тудырады, сол себептен оны өлік материалын консервациялауда қолданылады. Сонымен қатар формальдегид ерітіндісі бөлмені дезинфекциялауға және сыртқа қолдануға антибактериальды зат ретінде қолданылады.
Альдегидтердің қасиеттері Альдегид молекуласына галоген тобын енгізу оның наркотикалық қасиетін жоғарылатады. Мысалы, хлоральдің наркотикалық қасиеті ауетальдегидге қарағанда жоғары. 1, 1 -диолдың немесе альдегидтің гидратты түрін түзу арқылы альдегидтердің улылығын елеулі төмендетуге болады. Гидратты түрді түзуге тек галогенделген альдегидтер қабілетті. Осылайша хлоральгидрат беріктігі және аз улылығымен ерекшеленетін хлоарлдің гидратты түрі алынды. Хлоралгидрат тырысуға қарсы зат ретінде қолданылады. Зәр шығару жолдарының инфекциясы кезінде метенаминнің антибактериалды зат ретінде қолданылуы препараттың зәрдің қышқыл ортасында антибактериалды эффект көрсететін формальдегидке дейін гидролизденуіне негізделген. Сондықтан метенаминмен емдеу кезінде зәрдің ортасын(қышқыл болуы керек) бақылап отыру керек.
Альдегидтердің алынуы Формальдегидті метанолды ауа оттегісімен тотықтыру жолымен алады. Метанол және ауа қосындысын катализатормен(мыс, кокс, күміс) толтырыпғ 500600 С дейін қыздырылған құбырдан өткізеді. Салқындатқаннан кейін формальдегидті ( өткір иісі бар түссіз газ) суда формалин деп аталатын 36, 5 -37, 5% дық сулы ерітіндісін алғанша ерітеді. Хлоралгидратты тетрахлорметан және формальдегидті әрекеттестіріп, яғни олардың буларын ұсақ майдаланған металдардан(мыс) өткізу арқылы алады.
Альдегидтердің алынуы Хлоралгидрат натрий және калий қатысында этанолды электрохимиялық тотықтыру жолымен алынуы мүмкін. Электролиз хлор(анод) және сутектің (катод) түзілуіне алып келеді. Хлор сілтілі ортада этанолмен әрекеттесіп, бірнеше аралық өнімдер түзу арқылы хлоральға айналады.
Альдегидтердің алынуы Алынған хлораль – сұйықтық, сумен белсенді әрекеттесіп, кристалды зат – хлоральгидрат түзеді. Дәрілік зат алу үшін гидратацияны хлоральдың 100 бөлігін судың 12, 2 бөлігімен әрекеттестіріп жүргізеді: Метенаминді формальдегид ерітіндісінен алады. Оны 25%-дық аммиак ерітіндісінің артық мөлшерімен араластырады және 40 -50 С вакуумда буландырады.
Альдегидтердің алынуы Метенаминсинтезі екі сатыдан тұрады. Бастапқы сатыда формальдегитдің үш молекуласы және үш молекула аммиактың конденсациясы жүреді, нәтижесінде гидрленген 1, 3, 5 -тиразин түзіледі. Соңғысы үш молекула формальдегид және бір молекула аммиакпен конденсвцияланады:
Әдебиеттер Арыстанова Т. Ә. «Фармацевтикалық химия» 1 том 2. Wikipedia білімнің ашық ресурсы 1.
Orynbaev_srs_SPETs_TEKhN.pptx