nuris.pptx
- Количество слайдов: 9
«Астана медицина университеті» АҚ Эпидемиология және жұқпалы аурулар кафедрасы Тақырыбы: H 1 N 1 грипп вирусымен тудырылған аурулардың этиологиясы, эпидемиологиялық процесстің сиппаттамасы. Орындаған: Закиров Н Тексерген: Ильясов Б. Б Астана 2016
Жоспар: І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім Этиологиясы Шошқа тұмауының белгілері Шошқа тұмауының қауіптілігі Эпидемиологиясы Алдын алу шаралары ІІІ. Қорытынды ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Доңыз тұмауы өте жұқпалы жіті респираторлық инфекциялық жұқпалы ауру, оны аса қауіпті А типті (Н 1 N 1) тұмау вирусы қоздырып, таратады.
Этиологиясы Вирус шошқа арасында аэрозольдар арқылы, тура немесе жанама қатынаста жұғады, сонымен қатар жұқпаның еш белгісі білінбейтін тасымалдаушылар арқылы да таралады. Шошқалардың арасында жұқпа жыл бойы болуы мүмкін, жайлы климат жағдайында күз және қыс айларында ауру өршиді. Ауру деңгейі өте жоғары, аурудан қайтыс болу төмен деңгейде (1 -4%).
2. Шошқа тұмауының белгілері «Доңыз тұмауының» жалпы клиникалық белгілері кезеңдік адам тұмауына ұқсас болады, бірақ ешбір клиникалық белгісіз басталып пневмонияның ауыр түрінен қайтыс болуға әкелетін түрлері жайлы деректер алынды. Мексикада аурудың белгілері жедел респираторлық жұқпаларға ұқсас болу себепті диагноз қою кешеуілдеп, жұқпаның кең тарауына әкеп соқтырды. Көптеген аурулардың өкпе қабынуы үдей түсіп, тыныс алуы қиындағандықтан, өкпені аппаратпен тыныстандыру қажет болды; Көпшілігінде жедел респираторлық аурудың синдромдары өршіді. Аурудың вирус таратушылық мерзімі белгісіз, сондықтан ауру жұқтырған тұлға аурудың басталған күнінен санағанда 7 күн бойы айналасына қауіпті деп ұйғарылды, вирус таратушылық ұзаққа созылып, қоршаған ортада жұқпаның тарау көзіне айналу мүмкіндігі бар.
Эпидемиологиясы Егер адамда жедел қызбалы респираторлық аурудың белгілері, зертханалық расталған жұқпа қоздырғышы болса, мұны анықталған доңыз тұмауы жұқпасы ретінде есептейміз, яғни доңыз тұмауының вирусы бір немесе бірнеше зерттемеде: 1. байырғы уақыттағы ОТ-ПЦР; 2. ауру адамның жоғарғы тыныс жолдарынан алынған мұрын-тамақ қуысының шайынды/аспираттарынан вирус өсіндісін анықтау. Ауруларға эпидемиологиялық сыртартқы негізінде клиникалық белгілері нышандарымен болжалды және мүмкін жағдайлары қойылады: шошқа тұмауымен ауырған адаммен 7 және одан да көп күн байланыста болу, жұқпалы ауру бойынша сәтсіз елдерден және аумақтардан келу, А типті (Н 1 N 1) шошқа тұмауы вирусын тудыратын жағдайлар.
5. Алдын алу шаралары Қазіргі уақытта доңыз тұмауына қарсы қолданатын вакцина жоқ. Вирусқа қарсы емдеу антивирустық препараттар: осельтамивир немесе занамавирді басқа антивирустық препаратармен қоса пайдалану арқылы жасалады. Препараттың дозасы мен емдеу жолын емші дәрігер белгілейді. Балалар мен 18 жасқа дейінгі тұлғаларға дене қызуын түсіру мақсатында аспирин немесе құрамына аспирин кіретін дәрілерді қолдануға болмайды. Кәдімгі адам тұмауында қолданылатын симптоматикалық препаратарды қолдану және сұйықтық заттарды жиі ішу қажет. Залалсыздандыру заттарынан 70% этанол, 5%лизол, 10% хлорлы әк қолданылады.
. Қорытынды «Доңыз тұмауы» жалпы шошқаларда кездесетін, А типті вирусқа жол ашатын ауру. Бұл ауру тез та райды. Ауру шошқаларға тигеннен жұғатын тыныс алу науқасы болып табылады. Шошқалар арасында бұл ауру тыныс алу жолдары арқылы, тікелей немесе жанамалы байланыс арқылы жұғады. Адамдардағы тұ мау вирусы се кілді шошқалардағы вирус та әрдайым өз геріп отырады. Шош қалардың тыныс алу жолдарында шошқа, адам жә не құс тұ мауы вирустарына сезімтал ағзалар болады. Сондықтан шошқалар осы вирустарды бір дей уақытта жұқтырса, жаңа тұ мау вирусы пайда болуы да ықтимал. A/H 1 N 1 вирусы адам, шошқа және құс тұмауы ви рустарының араласуынан қалып тасқан. Вирус шошқадан адамға, сондай-ақ адамнан адамға жұға ды. Әзірше бұл вирусқа қарсы адам да табиғи иммунитет жоқ. Оның қа уіптілігі де осында.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер Беляков В. Д, П. Острумов, Госпитальная инфекция- медицина 1976. Беляков В. Д, Р, Яфаев, Эпидемилогия К. А. Жұманбаев « Жұқпалы аурулар »
nuris.pptx