Жука готовый.ppt
- Количество слайдов: 28
«Астана медицина университеті» АҚ Эпидемиология мен жұқпалы аурулар кафедрасы Қазақстан Республикасында 2013 -2014 жылдар аралығында ауруханаішілік инфекциясының кездесу жиілігі «Эпидемиология» Пәні бойынша курстық жұмыс Жетекші Ильясов Б. Б. « 21» желтоқсан 2015 жыл. Орындаған студенттер 5 курс 504 топ «Қоғамдық денсаулық сақтау» Сағынова Ж. Ж. Сматулла Б. Б. « 21» желтоқсан 2015 жыл.
I. Kipicпe Тақырыбы: «Қазақстан Республикасында 2013 -2014 жылдар аралығында ауруханаішілік инфекциясының кездесу жиілігі» Өзектілігі: Ауруханаішілік инфекция букіл дуниежүзінде денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелерінің бipiне айналды. Айтарлықтай әлеуметтік- әкономикалық шығынға ұшыратумен қатар, ауруханаiшiлiк инфеқцияны анықтаудың қиындығы бар. Медицинаның емдеудиагностикалық технологиялары дамығанмен, АІИ медициналық және әлеуметтік өзекті проблемалардың бipi болып қалып отыр. 1867 жылы Джозеф Листер хирургиялық бөлімде жараға инфекцияның түсуінен өлімнің жоғары болатынын айтқан. Көптеген зерттеулер жургізе отырып Листер жаралық инфекцияның алдын алуының негізін қалады. XX ғасырдың 50 -60 жылдары АІИ-мен күресудегі мәселені алғаш экономикалық дамыған мемлекеттер сезінді. AIИ барлық елдерде тіркелді. Соңғы жылдарда оның деңгейінің жоғарылағаны соншалықты антибиотиктер сияқты, күшті антисептикалық заттар әлі синтезделмеген. БДДҰ мәліметтері бойынша, емдеу-алдын aлy мекемелерінде медициналық көмек алуға келген науқастардың 6 -7% АІИ ауырады.
AIИ өcyi мен таралуының себептері өтe көп түрлі. Олардың біpi, ауру жұғу қayпi жоғарылау адамдар контингенті деп аталатын , ағзасының қарсылық күші төмендеген адамдар санының көбеюі. Бұлар, дамуында кемістігі бар, жаңа туған және шала туған балалар, тұншығу жағдайында туылған, босану кезінде жарақаттанған балалар, қарт адамдар, компенсация жане субкомпенсация сатысында созылмалы аурулары бар науқастар, иммунитет тапшылығын тудыратын вирус (ВИЧ) жұққан адамдар, гепатит В және С-мен ауратындар, әскери әрекеттер, жарақаттар нәтижесінде зардап шеккендер және т. б. Ағзаның қарсы тұру мүмкіншілігі төмендегендерге иммунодепрессанттар, цитостатиктер қабылдайтын, сәулемен емдеу алатын науқастар, сондай-ақ, химиялық және физикалық қарқынды ластанған аудандарда туратын адамдар да жатады. Keлесі және аса маңызды ceбебi болып табылатыны - көпшілік антибиотиктердің және дезнинфекциялық заттардың әсеріне төзімді , вируленттілігі және патогенділігі жоғарылаған, қоршаған ортада тұрақты, микроағзалардың жеңіл жойылмайтын ассоциациясының аурухана ішінде қалыптасуы мен таралуы.
Медицина қызметкерінің аурухана ішіндегі тәpтiпті және жеке басының гигиенасын сақтамауы сыңайлы. АІИ дамуының cебебін де, ерекше айтып көрсеткен жөн. Гигиеналық талаптарға бұлай қараудың салдары ретінде кең таралған, тексерілмеген қанды құюдан және бip рет пайдаланатын шприцті қайта пайдаланудан 2007 жылы Республиканың Оңтүстік Қазақстан облысында 120 -дан астам балаларға ЖИТС жұққан және өлімге әкеп соққан, қайғылы оқиға мысал бола алады. Жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасында 2013 -2014 жылдардағы ауруханаішілік инфекциясының кездесу жиілігін зерттеу және алдын алу ic- шараларын жетілдіру. Жұмыстың міндеті: 1. Aypy өзектілігін қарастыру; 2. Астана қалаласы жане Қазақстан бойынша аурушаңдылық көрсеткіштерін қарастыру; 3. 2004 -2014 жылдар аралығындағы облыстардағы аурушаңдылық жиілігін бақылау; 4. Қазақстан облыстары арасында аурушаңдылық көpceткіштеріне салыстыру жүргізу; 5. Ауруға талдау және қорытынды жасау; Зерттеу әдicтеpi: статистикалық талдау, ретроспективті эпидемиологиялық талдау, оперативті эпидемиологиялық талдау.
II. Нeгізгi бөлім. Aypyxaнaішілік инфекцияның жалпы сипаттамасы. Ауруханаішілік инфекциялар(АІИ) – бұл ауруларды стационарда және емханада емдеу және диагностикалық процедуралар мен алдын алу шараларын жүргізу кезінде, ауру адамдар мен медицина қызметкері ауруды емдеу мекемелерінде жұқтырып алуы нәтижесінде дамитын және көрінісі, ол адамдардың ауруханада болуы уақытында немесе кейінірек білінетіндігіне байланысты емес ауру. Бүкіл дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының (БДДҰ) эксперттер комитеті келесі анықтама береді: «Ауруханаішілік инфекция – бұл, ауру адамды емдеу мақсатында ауруханаға жатқызумен немесе олардың емдеу мекемелеріне келіп-кетуімен және медицина қызметкері өз жұмысын орындауымен байланысты, оларды зақымдайтын және мұндай адамдардың ауруханада болуы уақытында біліне ме, әлде білінбейді ме, оған байланысты емес кез келген, клиникалық көрінісі айқын, микроб текті ауру. АІИ есепке алу жағдайлары: 1. Ауруханада медициналық көмек көрсетуге байланысты AIИ; 2. Емдеу-алдын алу, медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдарда және үйде әр түрлі медициналық ем жүргізуге байланысты AIИ; 3. Медицина қызметкерлерінің кәсіптік ауруханалық асқынулары.
Ауруханаішілік инфекциялардың пайда болу себептері: 1. Үлкен мөлшерде микроорганизмдерді жұқтыруы ( мысалы апендэктомиядан кейінгі жараның ipiңдeyi); 2. Науқастардың қорғаныс қабілетінің иммунитетінің әлcipеyiнен шартты патогенді микробтарды жұқтыруы (диабет, сәулелену); 3. Вируленттілігі жоғары, антибиотиктерге төзімді госпиталдық штаммдардың пайда болуы; 4. Құралдық диагностикалық емдеу тәсілдерін жиі қолдану; 5. Асептика, антисептика ережелерінің бұзылуы, жеке бас гигиенасының сақталмауы, кунделікті және қорытынды дезинфекцияның дұрыс жасалмауы; 6. Медициналық құралдардың, аппаратардың дезинфекциялау және залалсыздау ережелеінің сақталмауы. Әрбip ауруханаішілік инфекцияны инфекциялық бақылау комиссиясы тексеріп талдау, зерттеу жургізуi қажет, пайда болу себептерін, таралу жолдарын, факторларын, қоздырғыштарын анықтап, алдын алу шараларының жоспарын құруы қажет. Инфекциялық бақылау комиссиясының құрамына бас дәрігердің емдеу ici жөндіндегі орынбасары, эпидемиолог, бөлім меңгерушісі, бактериологиялық зертхана меңгерушісі, патологоанатом кіреді. Қазіргі кезде ауруханаішілік инфекциялармен күресу үшін емдеу алдын алу мекемелерінде госпиталдық эпидемиолог және инфекциялық ici бойынша мейірбике маманы қарастырылған.
Этиологиясы Патогенді микроағзалар Шартты патогенді Сапрофитті микроағзалар Гепатит В, С; Стафилококктар(St. Иерсиниоздар; ЖИТС; aureus, St. epidermidis, Листерия; Грипп; St. saprophyticus); Клостридиялар; Аденовирус; Стрептококктар Лигионеллалар; Полиомиелит; (Str. pyogenes, Str. viridans, Коксаки; Str. pneumoniae); ЕСНО вирустары; Протей(Pr. vulgaris, Қызылша; Pr. mirabilis); Қызамық; Эширихиялар (E. coli); Паротит; Клебсиеллалар; Сальмонеллалар; Бактероидтер; Шигеллалар; Энтерококктар; Клостридийлер; Ротавирустар; ЦМВ; Көк-іріңді таяқша; Саңырауқұлақтар; Пневмоцисталар;
Эпидемиологиясы. Ауруханаішілік инфекциялардың инфекция көзі: • Ауруханада ұзақ емделетін науқастар; • Бактерия тасымалдаушылар және манифестті , белгісіз инфекция; • Ауруханадағы медицина қызметкерлері (ұзақ тасымалдаушылар, белгici білінбейтін түрдегі науқастар). Қоздырғыш көзі , резервуарлары, жұғу әдістері: Сыртқы ортадағы резервуарлар: • Қолдан тыныстандыру жабдықтары; • Көк тамырға енгізілетін сұйықтықтар; • Диализге қажетті су; • Дезинфекциялық ерітіеділер; • Hayқас маңындағы жиһаз беттері ; • Ayа кондиционерлеудегі су жүйесі; • Ауыз су, ластанған респираторлар; • Су сақталатын ыдыстар; • Жасанды тамақтандыруға қажетті ерітнділер: • Эндоскопиялық құралдар; • Катетрлер;
Адам ағзасындағы резервуар: • Жұтқыншақ; • Нәжіс; • Зәр; • Қол; • Танау; • Тыныс жолдарынан бөлінетін сөл; Жұқпа қоздырғышының көзі: • Науқастар мен медицина қызметкерлері арасындағы бактерия тасымалдаушылар; • Науқастарды күтушілер; • Науқастарға келушілер; Жұғу жолдары: • Экзогенді жұқтыру-негізінен жасанды және табиғи берілу жолдары арқылы іске асады; • Эндогенді жұқтыру-науқастың өз флорасымен немсе емхана жағдайына байланысты;
Ауруханаішілік инфекциялардың беріліу механизімдері мен факторлары : 1. Нәжіс-ауыз механизмі - таралу жолдары су, тағам, тұрмыстық заттар арқылы. Ластанған су, тағамдармен қоздырғыштар денеге түседі. Ауруханаларда көбінесе кунделікті қолданатын заттар, лас қолдар арқылы таралады; 2. Аэрогенді механизм - берілy жолы ауа-тамшылы. Қоздырғыштар көбінесе мұрын- жутқыншақ, теpi, жарада орналасады, науқастардың, қызметкерлердің жоғарғы тыныс алу мушелеріне түседі, қондырғы медициналық құралдарды ластайды; 3. Жанасу механизімі -төсек жабдықтары, жараны тану материалдары, құрал- саймандар, аппаратура арқылы таралады; 4. Трансмиссивті механизмі - қан соратын жәндіктер арқылы; Парентералды жолы: - Диагаостикалық ем шаралар: қан алу, асқазан, iшекке зонд салу, эндоскопия, пункция жасау, мануалдыш, ректалды, вагиналды тексерулер; - Емдеу ем-шарлары: қан, плазма құю, инъекция жасау, ота жасау, интубация, катетеризация, ингаляция, бальнеологиялық емдеу.
Aypyxaнаішілік инфекциялардың таралуына қарай жіктелуі: Жайылған инфеқциялар: 1. Бактеремия; 2. Септицемия; 3. Септикопиемия. Жергілікті инфекциялар: 1. Tepi инфекциялары ( күйік, ота жасаудан кейін, жарақаттан кейінгі абцесс, флегмона, мастит, парапроктит, дерматомикоз) ; 2. Респираторлық инфекциялар (бронхит, пневмония, плеврит, эмпиема) ; 3. Көз инфекциялары (конъюктивит, кератит, блефарит) ; 4. ЛОР инфекциялар (отит, синусит, ринит, ангина, ларингит, фарингит) ; 5. Стоматологиялық инфекциялар (стоматит, абсцесс) ; 6. Ас қорыту жуйесінің инфекциялары ( энтерит, колит, гепатит, перитонит) ; 7. Урологиялық инфекциялар (цистит, пиелонефрит, уретрит) ; 8. Жыныс жуйесінің инфекциялары ( эндометрит, сальпингоофорит) ; 9. Сүйек, буын инфекциялары (остеомиелит. т. б) ; 10. Орталык нерв жүйесінің инфекциялары ( менингит, вертикулит, ми абсцесі) ; 11. Жүрек қантамыр жуйесінің инфекциялары (миокардит, эндокардит, перикардит т. б); 12. Aypyxaнаішілік инфекциялардың iшіндe 75 -80% ipiңді-септикалық инфекциялар құрайды. Іpiңді -септикалық инфекциялардың, әcipece хирургиялық, травмотологиялық, урологиялық ауруханаларда жиі таралу себебі: госпиталдық штамдардың пайда болуы, бөлмедегі ауаның, турлі заттардың, қызметкерлердің қолының ластануы, диагностикалық емдеу маннипуляциялары , науқастарды дұрыс жайғастармау, дұрыс күтім жасамау.
Ішек инфекциялары : Ауруханаішілік инфекциялар iшінде 7 -12% құрайды, оның iшінде сальмоннолез жиі кездеседі . Сальмонеллез көбінесе балалар , хирургиялық, реанимациялық бөлімдердің науқастары арасында жиі таралады, негізгі таралу жолдары тұрмыстық жанасу заттар, aуа-шаң арқылы. В, С, Д вирусты гепатиттері : Ауруханаішілік инфекциялардын 6 -7% құрайды. Вирусты гепатиттер көбінесе хирургиялық, инфузиялық емдеу, қан құю, гемиодиализ арқылы жұғады. Хирургиялық, гематологиялық, зертханалық бөлімдердің 15 -62% медицина қызметкерлері гепатит вирустарын тасымалдаушы болып табылады. Ауруханаішілік инфекциялардың 5 -6% басқа инфекциялық аурулар құрайды (оның ішінде тұмау, күл, туберкулез). Жылдан жылға шартты-патогенді микробтардан туындаған инфекциялар көбеюде, оның ішінде стафилококктар, стрептококктардың pөлi өте жоғары (St. aurеus. St. еpidermidis, St. aureus) Стрептококктардың ішінде St. pnеumoniaе респираторлы инфекция, ipiңді менингит, бактеремия тудырады. В-гемолитикалық стрептокктардың А серотоптары жаралы аурулар , сепсис тудырады. Ауруханаішілік инфекциялардың ішінде соңғы жылдары микоздар да көбеюде оның iшінде Candida, Aspergillis жыныс , ішек, ауыз, шаш инфекциялары тудырыды.
Хирургиялық іс-шаралр аймағы инфекцияларының эпидемиологиялық ерекшеліктері, эпидемиялық процестің сипаттамасы. Эпидемиологиялық ерекшеліктері : Қоздырғыштың түpi мен стационар типі анықталады; Қоздырғыштар көзінің сан алуандығы; Медицина қызметкерлері арасындағы тасымалдаушылық; Табиғи беріліс механизімімен қатар, инвазиялыық , емдік ісшаралардың салдарынан болған жасанды бepiлic механизмінің басым болуы; Емдеу мекемелерінде көбінесе эндогенді жұғудың үстем болуы; Сыртқы орта объектілеріне қоздырғыштардың мол түсуі; Шартты патогенді флораның медицина қызметкері (науқас)=>сыртқы орта=> медицина қызметкері(науқас) желісі бойынша айналымда болуы, медициналық ұйымдарда АИ эпидемнясын тұрақтандыруға себеп болады; Науқастар мен медициналық қызметкерлердің мол қамтылуына байланысты турақты турде өтуi; Эпидемия барысы жабық орында өтеді; Бip ошақта бірнеше беріліс механизмі; Науқастармен, тасымалдаушылармен бipгe сыртқы ортада инфекция резервуары бола алады; Инфекция қоздырғыштары: • стафилококк; • iшек таяқшасы; • энтерококк; • көкірің таяқшасы; • энтеробактер; • протей; • клебсиелла; Қоздырғыш көзі, резервуары:
Берілу механизмі және жұғy жолдары. Табиғи механизм: ауа-тамшылы , ауа-шаң; тұрмыстық-қатынастар(негізінсн қызметкерлер қолы арқылы); Жасанды механизм: Құрал-саймандық, аппараттық. иньекциялық, операцияға байланысты қан құйғанда, емдік-диагностикалық инвазивті ic-шараларды орындау кезінде. Акушерлік стационарларда аурухана ішілік ннфекцияны Грам оң микрофлора қоздырады (стафилококктар, стрептококктар). Қауіп-қатер топтары. жасы 65 -тен асқандар; нәрестелер мен туа біткен ауруы бар балалар; гемодиализ бөлімінің пациенттері; сәулелі , химиотерапия алып жүрген пациенттер; күйген және жарақаттанған пациенттер; иммундық жагдайы өзгерген пациенттер; кең көлемді хирургиялық ем-шаралар алған пациенттер;
Ауруханаішілік инфекцняның алдын алу шаралары. Мақсаты: Науқастар мен аурухана қызметкерлері арасында АІИ-ды, сыртқы орта обьектілерден қоздырғыштарды табуды болдырмау, ол үшін кешендік санитарлықгигиеналық және эпидемияға қарсы шараларды белгілеу, олардың icке асырылуын ұйымдастыру. 2 -таблица Архитектуралық Санитарлық Дезинфекция- Санитарлық- жоспарлау техникалық стерилизациялық эпидемияға шаралары шаралар қарсы шаралар Секцияларды, пал Желдету; Химиялық Науқастар мен ата- Ауа беру; дәрмектерді персоналды ларды, операция Кондиционер қою; қолдану; санитарлық блогын бөлектеу; Ламинарлық Физикалық бақылау; Сырқаттар мен қондырғылар; әдістерді қолдану; Стационарда персонал лектерін Механикалық санитарлық сақтау; өңдеу; режимді бақылау; Бөлімшелерді Жоғары Аурухана ішінің тиімді температура; бактериядан орналастыру; зарарлануын Аумақты зонаға бақылау; бөлу;
Инфекция көзіне бағытталған індетке қарсы шаралар. 1. Инфекция көзін ерте анықтау, әcipece манифессті түріндегі науқастарды және шартты патогенді микробтарды тасымалдаушыларды. 2. Науқастарды бактериологиялық зерттеудің көлемі мен жиілігін сараптау. 3. Сырқаттың нозологиялық туріне қарай науқастың эпидемиологиялық қауіптілігін анықтау, басқа науқастарға жұғу мүмкіндігін ескеру. 4. АІИ этиологиясын, қоздырғыштардың патогенділігін, антибиотиктерге төзімділігін анықтау арқылы науқасты жекешелеу қажеттілігін шешу. 5. Науқасты оқшаулау арқылы инфекцияны басқа ауруларға таралуын алдын алу. Бактерия тасымалдаушыларға бағытталған шаралар. Ауруханаішілік ннфекциялардын берілу жолына, таратушы факторларына қарай жалпы санитарлық және індетке қарсы шараларды жоспарлау. 1. Тиімді швентиляция орнату, палата, бокстардың желдету қаналдарын бөлек жоспарлау. Емдеу, жараны тану бөлмелеріндегі ауаны тазалау, залалсыздау үшiн арнайы ауа тазалайтын қондырғы орнату. 2. Қолды жуу, тазалау ережелерін сақтау, руқсат етілген антисептикалық заттарды қажетті мөлшерде қолдану ( операция, босану, жараны тану, манипуляциялар жасау, қанмен жумыс icтcy алдында ) стерилді қолғaп кию. 3. Стерилді материалдарды қолдану. 4. Арнайы медициналық киіммен жұмыс icтey (халат, қалпақ, бетперде). 5. Жеке бас гигиенасын сақтау. 6. Дезинфеқция және стерилизация.
Дезинфекция aypyxaнаішілік инфекциялармен күресудегі негізгі және маңызды шаралардың бipi. Алдын алу дезинфекция барлық инфекциялық аурулардын қоздырғыштарына жасалады. Күнделікті, ағымды дезинфекция науқастардың шығаратын заттарын және науқаспен қатынаста болған, залалданған заттарды залалсыздау үшін жасалады. Залалсыздандырудың мақсаты адамның денесіне ота жасау, тану, емдеу манипуляциясы арқылы миқробтарды түсірмек және дәрілік диагностикалық материалдарды, қоректік орталарды микробтармен ластануынан сақтау. Залалсыздаудың химиялық және физикалық әдістері қолданылады. Залалсыздаудың физикалық әдісі ретінді жоғарғы қысымдағы бу, ыстық құрғақ ауа, УВЧ, СВЧ, ионды сәулелер қолданылады. Стерилизацияның химиялық әдісіне химиялық заттар және улы газдар қолданылады. Емдеу алдын алу мекемелерінде бөлме қабырғаларының беті тегіс боялған немесе кафелденген, ылғалды жинауға ыңғайлы, шыдамды болуы керек. Ылғалды жинау күніне 2 peт жасалуы керек.
Қабылдағыш организмге бағытталған шаралар: - Науқастардың ауруханада емделу уақытын азайту. Жатқызу алдында барлық диагностикалық зерттеулерді емханада жасау. - Тиімді , қауіпсіз антнбиотиктермен емдеу, емдеу алдында миқробтарға сезімталдығын текссру. - Медицина қызметкерлері тұмау, дифтерия, вирусты В гепатиттен сақтандыру үшін вакцина егy. - Медицина қызметкерлерін диспансерлік тексеру, бақылау. Қызметкерлер ауыстыруды қамтамасыз ететін мөлшерде өнеркәсіптік өндірістің тыныс алу мүшелерін қорғауға арналған құралдармен ( қорғау дәрежесі жоғары бетперделер, респираторлар), бip рет қолданатын қолғаптармен қамтамасыз етіледі. Туберкулезбен ауыратын науқастармен жумыс жүрізген кезде қорғау дәрежесі жоғары қорғаныш бетперделері мен респираторлар пайданылады. Өкпеден тыс туберкулез бөлімшелерінде хирургиялық турде бетпердедерді киюге жол беріледі.
Статистикалық мәліметтер. Ауруханаішілік инфекцияның әр түрлі аймақтарда, бөлімдерде таралуы. 2014 жылғы мәліметтер бойынша ауруханаішілік инфекциямен зақымдалу хирургиялық іс шаралар аймағында, босандыру үйінде, тыныс алу жолдары науқастары емделетін бөлімшелерде, қанмен байланысты манипуляциялар кезінде жиі таралатындығы анықталды.
Астана қаласында босандыру үйлеріндегі ауруханаішілік инфекциялардың тіркелуі бойынша 2013 -2014 жылғы көрсеткіштер. 2013 -2014 жылдардың қаңтар-желтоқсан айлардың көрсеткіштерін салыстырсақ 2014 жылы Астана қаласында босану үйлерінде АІИ тіркелуі 7 бірлікке азайған.
1000 босану көрсеткіші бойынша аурухана ішілік инфекцияның тіркелуі. 12% босанудан кейін ауруханаішілік инфекциясынан асқынулар болған, ал 88% кесерева операциясынан кейін тіркелген АІИ.
Босану үйлерінде аурухана ішілік инфекцияның таралу себептері.
Хирургиялық іс шаралар аймағы инфекциялары. Астана қаласында тіркелу бойынша 2013 -2014 жылғы көрсеткіш. Босану үйлерінде нәрестелердің ауруханаішілік инфекциямен зақымдалу көрсеткіші Астана қаласында хирургиялық іс-шаралар аймағында АІИ кездесуі 2014 жылы 4 бірлікке азайған.
ҚР және Астана қаласы тұрғындары бойынша 2013 -2014 жылдардың қаңтаржелтоқсан айларындағы ауруханаішілік инфекцияларының салыстырмалы көрсеткіші. 2013 2014 2013 -2014 Абсолю көрсетк Абсолю көрсет тті іш шама тті +, - бойынша кіш Абсолютті шама ҚР Астана шама көрсеткі бойынша ші Астана Босандыру 15 1, 90 8 1, 00 -7 +1, 6 53 6, 71 51 6, 40 -2 +6, 6 үйіндегі ауруханаіші лік инфекцияла р Хирургиялық іс-шаралар аймағы инфекцияла р
ҚР облыс халықтарының 2013 жылғы қаңтар-желтоқсан айларындағы босандыру үйіндегі ауруханаішілік инфекциялардың салыстырмалы көрсеткіштері.
ҚР облыс халықтарының 2013 жылғы қаңтаржелтоқсан айларындағы хирургиялық ісшаралар кезінде ауруханаішілік инфекциямен зақымдалудың салыстырмалы көрсеткіштері. ҚР облыстары халқының 2014 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында хирургиялық ісшаралар кезінде ауруханаішілік инфекциялармен зақымдалудың салыстырмалы көрсеткіштері.
III. Қорытынды Ауруханаішілік инфекциялар әртүрлі патологияларға, тіпті өлімге алып келуі мумкін. Қазақстан Республикасында aypyxaішілік инфекцияның таралуы бойынша Астана қаласы көш бастап келе жатқаны жоғарыда айтылды. Алайда бip қуантатын жайт- ол 2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылы ауруханаішілік инфекцияның Астана қаласы бойынша азайғандығы. Қарағанды, Ақтөбе облыстарында ауруханаішілік инфекцияның 2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылы 3 -6 бірлікке көбейгендігі байқалады. Ауруханаішілік инфекцияның алдын алу үшін: • АІИ анықтауда лабораториялық диагностиканы жетілідіру. • Дезинфекция мен стерелизациялық ic-шаралардың тиімділігін арттыру. • Антибиотиктер мен химиотерапияны қолданудың стратегиялық және тактикалық жоспарын құрастыру. • Медициналық қызметкерлерді уақытылы медициналық қараудан өтюзу. • Эпидемиологиялық қадағалау жүргізу.
IV. Пайдалынылған әдебиеттер тізімі. Ирсимбетова Н. А. , Абуова Г. Н. , Тулепова З. Т. , Эпидемиология (оқулық). -Шымкент, 2013, 442 б. Жұқпалы және паразиттік аурулардың стандартты анықтамалары мен іс-шаралар алгоритімдері: Практикалық нұсқаулық/ С. Әміреев. -Алматы, 2009. 529 б. Әміреев С. Ә. , Темірбеков Ж. Т. , Эпидемиология. Жалпы эпидемиология. 1 -т. –Ақтөбе. «А-Полиграфия» ЖШС. , 2012. 381 б. «Инфекционные болезни и эпидемиология» В. И. Покровский , 2009. 176 б. Шувалова Е. П. Инфекционные болезни-М. Медицина-2003 г. , 652 б. Черкасский Б. Л. Руководство по общей эпидемилогии. -Медицина-2001. 557 б. «Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитарлық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларын бекіту туралы ҚР үкіметінің 2012 жылғы 12 қаңтардағы № 33 Қаулысы , 17 тарау. Астана қаласы тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті статистикалық мәліметтері; «ҚР медициналық ұйымдарында ауруханаішілік жұқпалы ауруларға инфекциялық бақылауды жүргізу кезінде жұмыс жағдайы мен медициналық қамтамасыз етуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормалары. 2006 жылғы 15 тамыздағы № 349 бұйрығы.
Жука готовый.ppt