
КАРЛ.pptx
- Количество слайдов: 24
«Астана Медицина Университеті» АҚ Балалар жасындағы стоматология және ортопедия кафедрасы. Презентация Тақырыбы: Бет сүйектерінің сынығынан және тістердің, беттің жұмсақ тіндерінің зақымдануынан кейін балаларды реабилитациялау. Орындаған: Карл А. А. Тексерген: Кенжин Б. Д Астана, 2013 ж.
Жоспары І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім: а) Тіс жарақаты кезінде баланы реабилитациялау этаптары б) Жақсүйектер сынығы кезінде кешенді реабилитациялау. ІІІ. Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
I Кіріспе. Қайта қалпына келтіруші ем немесе реабилитация – бұл кешенді шаралар жиынтығы (медициналық, психологиялық, тұрмыстық, педагогикалық, қоғамдықэкономикалық, өндірістік және т. б. ), науқастын денсаулығын толық және максимальді түрде қайта қалпына келтіруге бағытталған шаралар болып табылады. Бет жақ аймағы зақымданған науқастын реабилитациялау шараларында ескеруге қажет жағдайлар, яғни мұндай жарақаттар жабық бассүйек ми жарақатымен және СТЖБ қызметі мен құрылымының бұзылыстарымен жүруі мүмкін. Бұл бұзылыстарға жасалатын ем шаралар жиынтығы жарақаттың локализациясына тікелей тәуелді болып табылады. Медициналық көмек арнайы мамандардың тобымен көрсетеледі (бетжақ хирургтері , стоматолог-терапевттер, стоматолог-хирургтар, ортодонттар, стоматолог-ортопедтер). Қажет жағдайда қосымша мамандар шақырылады (терапевт, кардиологтары, отоларингологтар, генетиктер). Науқастарды зерттеуде қазіргі таңдағы зерттеу әдістері: рентген диагностика, және УЗИ-диагностика қолданылады. Қажет жағдайда лабороторлық зерттеу әдістері (ЖҚА, қан биохимиясы, зәр анализі) тағайындалады.
II Негізгі бөлім. МССК- реабилитациялау этаптары: I этап – біріншілікті қарау (первичное обращение), науқастын дәрігерге біріншілікті арнайы медициналық көмек көрсеткенге дейін қаралуы.
II этап – арнайы медициналық көмек анамнез жинағаннан басталады, жарақат себебін анықтау, клиникалық жазылуға дейін арнайы емді енгізу шаралары кіреді.
III этап –хирургиялық науқастын жарақаттанған тістердің емдеуін аяқтау және қызметін қалыптастыру бет-жақ сүйектерін.
• I этапта тіс жарақатын алған балаға кез-келген медициналық мекемеде жедел көмек көрсету шараларын жасау болып табылады. Тіс жарақаты бар науқас жұмсақ тіндері мен қатты тіндері және ми шайқалуы байқалмаса стоматолог дәрігерге жіберіледі.
• Стоматолог-терапевт науқас балаға арнайы көмек көрсетуге міндетті, және бұл көмек неғұрлым ерте жасалса, көмектің кейінгі нәтижелері де жақсы болады. ü Бұл көмек келесі шараларды қарастырады: ü диагноз қою, ü баланың жалпы жағдайын бағалау, ü жансыздандыруды жүргізу немесе анальгетиктерді тағайындау. ü емдеу шараларын жоспарлау, ü жалпы және жергілікті ем жүргізу, § Арнайы жеделдетілген ем 1 -2 тәулік ішінде жасалса кейінгі асқынулардың алдын алады.
v II этапқа кіреді: v. Медициналық документтерді дұрыс толтыру; v Анамнез жинау; v. Клиникалық зерттеу әдістерін жүргізу(қарау, пальпация, перкуссия); v. Трансиллюминационнды зерттеу; v. Рентгенологиялық зерттеу; v. Зерттеу жүргізу барысында дұрыс диагноз қою; v. Арнайы ем жүргізу;
Сүт тістері зақымдану кезінде дәрігер тактикасы: • Тіс жартылай шықса- репозиция, 5 6 күнге тыныштық, тістерді каппамен бекіту; • Тіс толық щықса - интрузия, экструзия, мұнда сүт тістер жұлынады; • Тіс сауыты сынса, ұлпа ашылып қалса диспансерлік топқа аламыз, эндодонтиялық ем жүргіземіз; • Тіс түбірлері сынса, ұшынан сынса- тыныштық және диспансерлік бақылауға аламыз; • Тіс сауытынан яғни түбірге жақын сынса- сүт тістер жұлынады;
Диспансеризация. • Зақым алған тістер диспансерлік бақылауға алынады. • Диспансерлік бақылау мақсаты: • Профилактика және уақытылы асқынуларға жол бермеу; • Бала мекемеге келіп, қажетті ем шараны алғаннан соң 2 жұмада 3 айда 6 айда 1 жылдабір рет қаралады, әрбір 10 айда рентгенография жасалады. • Егер тұрақты тіс жарып шығып, түбір бөлігі толықтай жетілсе диспансерлік топтан шығарылады.
Жақсүйектер сынығы кезінде кешенді реабилитациялау.
Жақсүйектер сынығы кезінде кешенді реабилитациялау шараларының жоспарында мына шаралар тұрады: q. Сынық қалдықтарын өз уақытында және эффективті бекіту; q. Антимикробты және жалпы жағдайын жақсартатын терапия; q. Емдеудің физикалық әдістері; емдік физкультура мен ауыз қуысы гигиенасы;
• Жақсүйектері сынығы бар науқастарға сүйек тінінде жиналатын антибиотиктер (линкомицин, фузидин натрия, морфоциклин, вибрамицин, олеандомицин)тағайынд алады. Алғашқы 3– 4 күннен соң зақымдалған аймаққа жергілікті антибиотиктерді енгізуге болады. Антибиотиктермен бірге сульфаниламидтер және нитрофуран туындыларын тағайындалады.
Жалпы жағдайын жақсартатын терапияға келесі препараттар : В тобы витаминдері туындылары; аскорбин қышқылы, метилурацил немесе В пентоксила , метилурацил немесе пентоксил ішке, аутогемотерапия жүргізу, тыныстық және гигиеналық жаттығулар, рациональді тамақтану.
Зақымдалған ошаққа УВЧ-терапия ( 10 сеансқа дейін), жалпы УФО (20 сеансқа дейін) , сынық бөліктерін иммобилизациялағаннан соң микротолқынды терапия тағайындау көрсеткіштері болып табылады. УВЧ сынық бөліктеріе фиксациялағаннан соң 2— 3 күннен соң тағайындалады. Магнитті терапия остеосинтез және шиналаудан соң 4— 5 -күн жасалады. Магнитті алаңның индукциясы алғашқы екі процедурадан соң 9— 10 м. Тл құрайды, содан кейін 12– 19 м. Тл. Синусоидальді ток үзіліссіз режимдеқолданылады. Алғашқы екі процедура 10 мин. көлемінде жүргізіледі, кейінгі шаралар– 15 мин. ішінде жүргізіледі.
Емдік физкультура қолдану төменгі жақсүйегі қызметінің жылдам қалпына келуіне жағдай жасайды. Емдік физкультураға көрсеткіш жас сүйек регенераторының жетілуі барысында және шиналарды шешкеннен соң болып табылады. (сынғаннан соң 4— 5 -аптасында). • Жақсүйектері сынығы бар балалар шайнау функциясының бұзылуына байланысты жай қарапайым тамақтарды қабылдай алмайды, сондықтан да физиологиялық толық режимді механикалық және химиялық щадящая тамақтарды қабылдау тағайындалады. Тамақтарды ұсақтап, бульон түрінде қабылдайды, ас тұзын шегереді. Тамақ температурасы 45– 50 °Cболуы қажет.
Бет жақ аймағы жарақаты бар балаларды күніне 4 реттен кем емес тамақтандыру қажет, арине күндік калориялық рационды белгілей отырып: таңғы ас – 30 %, түстік ас– 40 %, кешкі ас– 20– 25 %, екінші кешкі ас– 5– 8 %. Науқастарды күту де аз рол атқармайды. Күтудің екі түрін ажыратамыз: Жалпы Арнайы
Жалпы күтім жалпы гигиеналық шараларды біріктіреді, жүрек-қантамыр және тыныс жолдары, асқазан-ішек жолдары және зәр шығару жйелерін бақылау. Арнайы күтім– бұл ауыз қуысы күтімі. Егер науқас ес түссіз болса, науқастың ауыз қуысын және шырышты қабатын тәулігіне екі реттен фурацилин, этакридин, калия перманганаты ерітінділерімен шайып, сүртіп тұру қажет.
Адамның жалпы гигиенасын сақтауда рациональді ауыз қуысы гигиенасында қолданылатын щетка мен пастаның орны бет жақ аймағы жарақаттары бар науқастарды реабилитациялауда да негізгі компоненттердің бірі болып табылады. Жалпы емнің тиімділігі ауыз қуысы санациясы мен ауыз қуысы гигиенасына да тікелей байланысты болып табылады.
• Жалпы иммунитетінің төмендеуі мен ауыз қуысы гигиенасының төмен деңгейі , жарақаттан кейінгі адам ағзасының жалпы резистенттілігінің әлсіреуі ауыз қуысы шартты патогенді микрофлорасының көбеюіне жағдай жасайды, ал олар өз кезегінде мынадай асқынуларға жол береді: Ø Жарақаттан кейінгі остеомиелит ; Ø Лимфаденит; Ø Флегмона және абсцестер; Ø Септикалық жағдайлардың дамуына;
• Сондықтан да, ауыз қуысының рациональді гигиенасы мен санациясы бет жақ аймақтары жарақатынан кейінгі реабилитациялық шаралар кешенінің ішінде бірінші орынды алады.
Әдебиеттер тізімі: • Супиев Т. К. “Лекции по стоматологии детского возраста”; • Колесов “Стоматология детского возраста”; • Интернет желісі;
КАРЛ.pptx