Турдибаева Д...ppt
- Количество слайдов: 23
«Астана Медицина Университеті» АҚ Аритмиялар – ырғақ бұзылыстары. Орындаған: Турдибаева Д. Ш. Ерікқызы М. 432 ЖМ Астана – 2015
Жүрек аритмиясы – дегеніміз автоматизмнің, қозғыштықтың, өткізгіш жүйенің бұзылуымен сипатталатын жүректің ырғағының кез-келген бұзылысы. Жүрек ырғағының бұзылысы немесе аритмия ЖСЖ > 100 немесе < 60 соққы минутына; кез келген түзілген дұрыс емес ырғақ; Жүректің өткізгіш жүйесінің әртүрлі бөліктеріне импульстің өткізілуінің бұзылуы.
Көптеген аурулардың бірден-бір симптомы болып табылатын жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылысы көбінесе жедел көмек көрсетуді қажет етеді. Жүрек аритмиясының көптеген түрлерінің ішінде пароксизмальды тахикардия ұстамалары, жүрекшелердің жыпылықтауы мен тыпырлауы, Адам-Стокс. Морганьи ұстамалары, қарыншалық экстрасистолияның кейбір түрлері, синустық түйіннің әлсіздік синдромы жиі жедел көмекті қажет етеді.
Этиология Ең жиі кездесетін жүрек ырғағы және өткізгіштігінің бұзылысның себептері: q Жүректік себептері: ü ЖИА, оның ішінде миокард инфаркты және тұрақты емес стенокардия. ü жүрек жетіспеушілігі ü Кардиомиопатия ü Жүре пайда болған жүрек ақаулары ü Туа пайда болған жүрек ақаулары ü Миокардиттер ü Митральді клапан пролапсы. q Дәрілік заттар әсерлері: ü Жүрек глиеозидтері ü Аритмияға қарсы препараттар ü Диуретиктер ü Симпатомиметиктер
q Электролиттер алмасуының бұзылуы: ü Гипокалиемия ü Гиперкалиемия ü Гипомагниемия ü Гиперкальциемия және т. б. q Токсикалық әсер: ü Шылым шегу ü Наркотикалық заттар ü Алкогольды ішімдіктер ü Тиреотоксикоз
q. Эндокринді әсер: ü Диффузды уытты жемсау ü Микседема ü Феохромацитома ü Жүктілік, менструация, климакс, т. б. q Психогендік немесе рефлекторлық әсерлерден функциялық өзгерістер; q. Жүректі механикалық тітіркендіру немесе жарақаттау (жүрекке катетер салу, операция жасау, басқа жарақаттар. )
Ырғақ бұзылысының түрлері : Импульс түзілу бұзылыстары Өткізудің бұзылысы (блоктар) Импулстің түзілуі мен өткізудің бұзылыстары
Импульс түзілу бұзылыстары I, Нормотроптық бұзылыстар(импульстың СА түйінде түзіду бұзылыстары): ØСинустық тахикардия ØСинустық брадикардия ØСинустық аритмия ØСинус түйінінің тоқтауы (sinus arest)
II, СА түйінінен тыс гетеротоптық (эктопиялық)импульстің түзілуі. 1. Пассивті ырғақтар мен комплекстер: жүрекшелік түйіндік көшпелі суправентрикулярлық ырғақ жетекшісі қарыншалық (идиовентрикулалық) 2. Активтісистолалар мен ырғақтар: 2, 1. Жүрекшелік жүрекшелік экстрасистолия жүрекшелік пароксизмдік тахикардия жүрекшелер дірілі жүрекшелер жыбыры 2, 2. Түйіндік түйіндік экстрасистолия түйіндік пароксизмдік тахикардия 2, 3. Қарыншалық қарыншалық экстросистолия қарыншалық пароксизмдік тахикардия қарыншалар дірілі қарыншалар жыбыры (фибриляциясы)
СА түйінде импульс түзілуінің бұзылыстары. (номотоптық бұзылыстар) Синустық тахикардия – СА түйіннің автоматизмдік қасиетінің жоғарлауынан болады, cor-ң соғуы минутына 100 -ден артады, ырғағы дұрыс. Даму механизмінің негізінде СА түйіндегі Р-жасушалардың трансмембраналық потенциалының 4 фазасының тезделуі жатады. Клиникалық көрінісінде жүректің соғуы, жүрек тұсында салмақ сезіну байқалады. Пульс 100 -160 шамасында, ырғақты. Аускультацияда эмбриокардия, маятник тәрізді ырғақ және I тонның күшеюі немесе жарықшақтануы естіледі.
ЭКГ-лық сипаттамалары: 1. R-R аралықтары, Т-Р аралығының қысқаруы есебінен, 0, 60 с кем; 2. P тісшесі мен QRS комплекстерінің жұптасуы сақталған, PQ аралығы 0, 12 -0, 22 с шамасында; 3. Ұзаққа созылған тахикардияда S-T аралығы қиғаш төмендеуі мүмкін.
Синустық брадикардия – СА түйінінің автоматизмдік қасиетінің төмендеуінен болады. Жүрек ырғағы минутына 60 -тан кем. Даму механизмі – трансмембраналық потенциальдың 4 фазасының баяулауы. Клиникалық көрінісі симптомсыз немесе жүрек соғуы, жүрек тұсында салмақ сезіну байқалады. Диастола кезінде аса толуынан жүрек шеттері шамалы кеңеюі мүмкін. Пульс минутына 60 -40, ырғақты, толық.
ЭКГ-лық сипаттамалары: 1. Р тісшесі мен QRS комплекстерінің жұптасуы сақталған; 2. R-R аралықтары қашық немесе 1 с артық; 3. Функциялық брадикардия болғанда атропин 1 мг салған соң ЖСС жиіленеді.
Синустық аритмия Тыныстық – n. vagus тонусының тыныс қимылдарынан өзгеріп тұруынан болады. Дем алғанда ЖСС жиіленеді, шығарғанда азаяды. Тыныстық емес аритмия тыныс қимылына тәуелсіз, көбіне миокардтың біріншілік зақымдану салдарынан болады.
Экстросистолия – түгел жүректің немесе оның белгілі бір бөлігінің кезектен тыс жиырылуымен сипатталатын жүрек ырғағының бұзыоысы. Клиникалық көрінісі. Экстрасистоладан кейінгі үзіліс жүрек “тоқтап қалғандай”, ал одан кейінгі бірінші соғу “жүрек түртіп қалғандай” сезіледі. Жүрекшелер мен қарыншалар аса толу кезінде жүрек “шаншып кеткендей” болады.
Жүрекшелер дірілі – өткізу жүйесі автоматизмінің күшеюінен немесе re-entry механизміне байланысты жүрекшелердің минутына 250 -400 жиілікпен жиырылуы. Жүрекшелер жыбыры немесе жыбыр аритмиясы – эктопиялық ошақтардың көптігінен жүрекшелік бұлшықет талшықтарының әр тобы өз бетінше хаосты қозып жиырылуы, яғни жүрекшелер бір уақытта тұтас қозуы мен жиырылуы болмайды.
Жүрекшелер жыбырының ЭКГ – лық белгілері: ØР тісшесінің жоқтығы; ØР тісшесінің орнына ұсақ жыбыр (f) толқындарының болуы; ØR-R лықтарының әртүрлілігі; ØF толқындардың QRS комплекстерінің әр жеріне қабаттасуынан, қарыншалық комплекстердің бәр – бірінен сәл айырмашылылығы.
Қарыншалар дірілі – қарыншалардың белгілі бір ошағында импульстің re-entri механизмімен шыр айналуынан минутына 200 -300 жиілікпен қозуы. Қарыншалар жыбыры (фибрилляциясы) – қарыншалық бұлшыұет талшықтарының ретсіз хаосты қозып жиырылуы.
Жүректің өткізу функциясының бұзылыстары (Блокадалар) Жүректің өткізу функциясының бұзылыстары – импульс өткізілуінің баяулануы немесе өткізілмеуі. Толық емес блокада – өткізудің баяулауы немесе импульстің оқтын – оқтын өткізілмеуі. Толық блокада – импульстің мүлдем өткізілмеуі.
Жүректің өткізу функциясының бұзылыстары (Блокадалар) ның жіктелуі: Синоатриальді блокада (СА) Жүрекшеішілік блокада Атриовентрикулалық блокада (АВ) Қарыншаішілік блокада
Синоатриальді блокада (СА) – синус түйінінен шыққан импульстің жүрекшелерге өтуінің бұзылысы. Жүрекшеішілік блокада – жүрекшілердің бір немесе бірнеше түйінаралық өткізу жолында импульс өтуінің баяулауы немесе үзілуі. Атриовентрикулалық блокада (АВ) – импульстің жүрекшелерден қарыншаларға өтуінің баяулауы немесе үзілуі. Қарыншаішілік блокада – Гис будасының оң және сол аяқшаларындағы импульстің өтуініңі баяулауы немесе мүлдем тоқтауы.
q. ЭКГ - да PQRST – комплекстері жоқ, қалыпты R-R аралықтан 2 -3 есе ұзын, асистолиялық үзілістер п. б. q. ЭКГ – да әр жүрекінің өз бетімен бөлек қозуынан қос жүрекшелік ырғақ болады. Сол жүрекше ырғағының Р тісшесі кішкене, жіңішке келеді және оның Р тісшесі, F немесе f толқындары QRST комплекстерімен байланыссыз. q. АВ блокаданың ЭКГ – лық белгілері: Ø I д. PQ (R) аралығының 0, 2 с артық ұзаруы; Ø II д. бірқатар қарыншалық комплекстердің түсіп қалуы; Ø III д. Жүрекшелік Р және QRST комплекстерінің бір – бірінен толық ажырасуы және қарыншалық комплекстер санының минутына 60 -30, одан да сирек болуы. qҚарыншаішілік блокаданың ЭКГ – лық белгілері: Ø электрлік өстің күрт солға ауытқуы; Ø I, AVL тіркемелерде қарыншалық комплекстің R-тісшесі биік, яғни қарыншалық комплекс q. R немесе QR типті болуы; Ø III, AVF тіркемелерінде керісінше қарыншалық комплекстің S-тісшесі үлкен, сондықтан қарыншалық комплекстің пішіні r. S типті;
Назарларыңызға рахмет !
Турдибаева Д...ppt