острый живот каз.ppt
- Количество слайдов: 22
АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ АҚ АКУШЕРЛІК ЖӘНЕ ГИНЕКОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ ГИНЕКОЛОГИЯДАҒЫ «ЖЕДЕЛ ІШ» Сағат саны 2 Курс 4 Мамандық 051301 «Жалпы медицина»
n n Дәрістің жоспары «Жедел іш» ауырына әкелетін негізгі гинекологиялық сырқаттар. «Жедел іш» ауруына әкелетін сырқаттарды диагностикалаудың негізгі әдістері. Медициналық көмекті беру кезеңіндегі қолданылатын жедел көмек шаралы.
n n n Гинекологиядағы «Жедел іш» термині гениталий ағзаларының кенеттен дамып, өмірге қауіп төндіретін және науқастардың көпшілігінде емделу тек оталы жолмен мүмкін болатын ауру топтарын біріктіреді. Себептері мен жедел іштің даму механизміне қарай аурулардың бірнеше топтары бөлінеді: Іш қуысына қан құйылу мен қан кетудің нәтижесінде. Аналық без ісігінің және миоматоздық түйінділердің асқынуының нәтижесінде. Гениталий және басқа да ішкі ағзалардың жабынды іш перделерінің жедел қабынуының нәтижесінде.
Аурулардың бірінші тобына жататындар: n n n үзілген эктопиялық жүктілік, аналық без аполексиясы, жатыр перфорациясы. Осы аурулар тобының ішіндегі ең жиі кездесетін эктопиялық жүктілік – жатырдан тыс жүктілік, босанған әйелдердің арасында 0, 3 -тен 2, 4 -ке дейінгі жиілікпен кездеседі. Олардың 4 -10%-да жатырдан тыс жүктіліктің қайталап кездесуі орын алады.
Жатырдан тыс жүктілік Өте ерте мерзімде үзіледі. Жиі 4 -6 апта мерзімінде. n Аталған жүктіліктің орналасуына қарамастан, оның үзілуі ішкі қан кетуге алып келеді. n Кенеттен ұстамалы ауырсынудың пайда болуы және ауырсыну белгісінің құйымшаққа, сондай-ақ иық пен жауырынға берілуі болады. n
КЛИНИКАСЫ Ұстама әлсіздік пен бас айналуымен қоса өтеді, n кей жағдайда– естен тану (қысқа мерзімді), жабысқақ және салқын тердің пайда болуы, жүрек айнуы, құсық, кейде сұйық дәрет орын алады. n дене тепературасы көтерілмейді. n Жыныс жолдарынан қанды бөліністер жатырдан тыс жүктілікпен әйелдердің 80 -90% бақыланады. n Бөліністердің сипаты жиі – жағылмалы және күңгірт. n Етеккірдің кідіруі - 65 -70% анықталады n
Аналық безінің аполексиясы n Аналық безінің апоплексиясына тән белгілер: n Анамнезінде кистаның болуы n «жедел іш» белгілерінің кезекті етеккірдің аяқталуынан бірнеше күннен кейін дамуы, яғни етеккір циклінің ортасы, овуляция кезеңінде.
n n n Жатырдың тесілуі (перфорация) гинекологиялық манипуляциялар мен кіші хирургиялық операциялардан кейін байқалады – ЖІС енгізу немесе алып алдыру, диагностикалық тырнамалау және аборт. Тесілуден кейін «Жедел іш» дамиды: қарқынды ішкі қан кетуде алғашқы сағаттарда немесе тесілуден кейін жедел перитонит дамуына байланысты 1 -2 тәуліктен соң
Аналық без ісігінің және миоматоздық түйінділердің асқынуының нәтижесіндегі «жедел іш» : v v Аналық без ісігінің аяқшасының оралуы миоматоздық түйінділердің айналуы және некрозы
Аналық без ісігінің аяқшасының оралуы Аталған ауруы бар әйелдердің 10 -20%-да кездеседі. Жиі өлшемі улкен емес, сондай-ақ ұзын қозғалмалы аяқшасы бар ісіктерде және көршілес ағзалармен дәнекерлі жабысу жоқ жағдайларда байқалады
Клиникасы n n n n n Ісіктің түріне байланысты емес және өзіне тән Жүрек айну мен құсумен бірге жүретін іштің төменгі аймағындағы қатты ауырсыну белгісімен басталады Әдетте күрт болған қимылмен, ауыр салмақ түсумен байланысты болады. Ауырсынуға байланысты науқас мәжбір қалыпты қабылдайды Пальпация -алдыңғы іш қабырғасының тырысуы, Оң мәнді Щеткин-Блюмберг симптомы ішек парезі, дәреттің кідіруі Дене қызуының көтерілуі, жиі тамыр соғысы, құрғақ тіл Тері қабаттарының бозаруы, салқын тер
Миоматоздық түйінділердің айналуы және некрозы n n Субсерозды түйіндерде және жіңішке аяқшасы болған жағдайда кездеседі Сондай-ақ, жедел іш симптомдары интрамуральды және субмукозды түінділердің босанудан кейінгі, утеротоникалық дәрілерден кейін және етеккір кезіндегі жатырдың қатты жиырылунан болған некрозымен байланысты болуы мүмкін.
Клиникасы • Іштің төменгі аймағындағы толғақ тәрізді немесе тұрақты ауырсыну • организмнің жалпы интоксикация белгілері – тіл мен тері қабаттарының құрғауы, дене қызуының 38 -39 көтерілуі, • Ішпердесінің тітіркену белгілері және жүрек айну мен құсу • қандағы лейкоцитоздың өсуі • Гинекологиялық тексеруде – миоматозды, үлкейген және пальпация барысында күрт ауырсынған жатыр анықталады.
Гениталий және басқа да ішкі ағзалардың жабынды іш перделерінің жедел қабынуының нәтижесіндегі «жедел іш» n n «Жедел іш» клиникасының дамуына алып келетін аурулардың үшінші тобы ішкі жыныс ағзаларының қабыну ауруларынан болған кіші жамбас пен іш қуысының ішперделерінің жедел қабынуымен байланысты. Бірінші жағдайда – пельвиоперитонит, екінші жағдайда перитонит дамиды.
Гинекологиядағы перитониттің себептері n Аднексит, метрэндометрит кезінде инфекцияның жайылуы (генерализациясы) n Пиосальпинкс пен пиовардың тесілуі n Кесар тілігінен кейінгі тігістердің ажырауы n Жатыр қуысын тырналау кезіндегі перфорациясы
n Перитониттің клиникалық ағымы себептеріне , қоздырғыштардың вируленттігіне және организмнің әрекет қабілеттілігіне байланысты әртүрлі стрептококк гонококк стафилококк
КЛИНИКАСЫ А) Организмнің интоксикациясы – жоғары температура, кілегей және тері қабаттарының кебуі, тахикардия және қалтырау Б) Ішперденің тітіркену белгілері– жүрек айну мен құсу, ішперденің тітіркенуінің оң мәнді симптомдары, іштің кебуі В) Ішек қызметінің бұзылуы–парезден салға (паралич) дейін
Дифференциальды диагностикасы. n n Емханада, ЖТД хирургиялық аурулардан: жедел аппендицит, жедел холецистит, жедел панкреатит, жедел ішек өткізбеушілігі- ажырата алуы тиіс. Барлық факторларды, анамнез бен клиникалық белгілерінен бастап зертханалық және аспаптық зерттеулердің қорытындыларын есепке алу қажет.
Note bene n Дифференциальды диагностика және алғашқы диагнозды қою науқастың бағдарын (маршрут) анықтауға өте маңызды: гинекологиялық, хирургиялық немесе урологиялық бөлімше
Жедел көмек шаралары мен науқастың маршруты n n Гинекологиялық патологиядан болған жедел іш белгілері бар науқас әйелдер мекендік жақын орналасқан гинекологиялық бөлімшеге шұғыл орналастырылуы қажет. Науқасты стационарға «жедел жәрдем» каретасында медициналық персоналдың қатысуымен жеткізу қажет
Note bene n Науқаста ауырсынудан немесе геморрагиялық есеңгіреу (шок) орын алған жағдайда жедел жәрдем жансыздандыруға, қан тоқтатуға арналған дәрілерді, қаналмастырғыштарды енгізуді госпитализацияға дейін жүргізу тиіс.
АСА НАЗАР АУДАР n Жалпы тәжірибелік дәрігердің науқастың жағдайын дұрыс бағалай алғаны, дер кезінде диагноз қойып, шұғыл көмек көрсетіп және «жедел іш» белгілерімен науқасты стационарға жатқызуы бұл патология кезіндегі операциядан кейінгі асқынулар мен летальды жағдайларды айтарлықтай азайта алады.
острый живот каз.ppt