
Жубанова Асем 101 мпд.ppt
- Количество слайдов: 15
“Астана Медицина Университеті” АҚ __________________ кафедрасы Тақырыбы: Организм гомеостазын сақтайтын экожүйелер мен экологиялық әсерлер Тексерген: Орындаған: Томашкулова М. 201 МПД Астана 2015 ж.
Жоспары І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім 1)Гомеостаз дегеніміз не? 2)Экожүйелер мен экологиялық әсерлер ІІІ. Қорытынды Пайдаланған әдебиеттер
Кірісіпе Гомеостаз- жүйенің қызмет ететін сыртқы ортасының өзгеруіне қатысты тұрақты қалыпта ұстау немесе реттеу үрдісі. Бұл термин әлеуметтік жүйелерге қатысты қолданылады. Әлеуметтік жүйелер өзін-өзі қолдайтындығы немесе өзін тепе-теңдікте ұстайтындығы туралы қағида даулы болып табылады. Тепе-теңдігін бұзуға тырысатын ішкі және сыртқы факторларға қарсы күрес жолымен сақталатын, қандай да бір жүйенің қимылды тепе-теңдік қалпы.
Экожүйе – тірі ағзалар жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі. Экожүйе құрамына организмдер де, табиғи орта да кіретін тірі табиғаттың негізгі функционалдық бірлігі болып табылады. Экожүйенің құрылымын энергияны трансформациялаудың үш деңгейі (консументтер, продуценттер, редуценттер) мен қатты және газ тәрізді заттар айналымы құрайды.
Экожүйенің қасиеттері оның құрамына кіретін өсімдіктер мен жануарлардың әрекеттеріне байланысты. Әр түрлі экожүйелерде өсімдіктің күн энергиясын, минералды заттар мен судың қорын пайдалануы әр түрлі мөлшерде жүреді.
Табиғатқа қатер төндіретін факторлар 1)Жер бетіндегі халықтың өсуі 2)Жаһандық жылыну 3)Озон қабатының жұқаруы 4)Тіршілік ету ортасының күйреуі және өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің құрып кетуі 5)Ауаның ластануы 6)Судың ластануы 7)Жер асты суларының сарқылуы және ластануы 8)Химиялық өндіріс және оған байланысты қауіп қатерлер 9)Экологялық нәсілшілдік 10)Энергетика
Гран Канариядағы Қайнарсу экожүйесі, Канар аралдарының аралы.
Экожүйенің гомеостазы белгілі бір аралықтарда ғана сақтала алады. Экожүйелер гомеостазды сақтай отырып, өзгерумен қатар даму қабілеттілігі де бар, табиғи және антропогендік факторлар әсерлерінің нәтижесінде тұрақты бір жерден ізден таймай қайталанбайтын алмасуға түсіп, олардың жай түрден күрделі түрге өтуі де орын алады.
Маржан жарлауыты суасты экожүйесі үлгісі ретінде. Бажа Калифорния шөліндегі флора , Катавина аймағы, Мексика.
Экожүйенің қаситтері өздігінен реттелу. Ол әр түрлі дарақтар санының белгілі, салыстырмалы тұрақтылық деңгейде сақталуын көрсетеді. Экожүйенің негізігі көрсеткіші мыналар: Түр алуан түрлілігі-бұл тап осы экожүйедегі түзілетін өсімдіктер мен жануарлардың саны; Популяция тығыздығы- тап осы түр дарақтарының аудан өлшем бірлігіндегі немесе көлем өлшем бірлігіндегі(мысалы, планктондар үшін) мөлшері; Биомасса-энергиясы бар дарақтардың толық жиынтығындағы ағзалық заттардың жалпы мөлшері. (Әдетте биомасса аудан немесе көлем өлшем бірлігімен құрғақ затқа шығып, масса өлшем бірлігінде көрсетіледі;
Экожүйенің негізгі экологиялық көрсеткіштері тұрақты болады, себебі оның өзін-өзі сүйемелдеуге және өздігінен реттелуге қабілеттілігі бар. Осы қабілеттілікті Экожүйе гомеостазы деп атайды. Гомеостаз кері байланыс принципіне негізделген. Мысалы, популяция тығыздығының оптимумнан ауытқу нәтижесінде не туылым, не өлім-жітім артады.
Тарихи қалыптасқан экожүйе оның құрамына кіретін жеке организмдердің жай ғана жинағы емес, ол қоршаған ортаның салыстырмалы тұрақты жағдайларында өзінің тұрақтылығын сақтап қала отырып, әрі қоршаған орта мен экожүйенің өз құрамындағы өзгерістерінде де бейімделе алатын жүйе болып саналады. Гомеостаздың негізгі популяция тығыздығының қоректік ресурстарға тәуелділігі мысалы арқылы көрсетуге болатын кері байланыс принципі болып табылады. Ол бірнеше басқыштардың тұрады: әрбір басқыш аймағында кері қайтымды байланыс әсер етеді. Қоректік ресурстар мөлшерінің көбеюі, не азаюы әсерінен гоместаз бір басқыштан екінші басқышқа ауысады.
Қорытынды Сонымен экожүйенің гомеостазы белгілі бір аралықтарда ғана сақтала алады. Экожүйелер гомеостазды сақтай отырып, өзгерумен қатар даму қабілеттілігі де бар, табиғи және антропогендік факторлар әсерлерінің нәтижесінде тұрақты бір жерден ізден таймай қайталанбайтын алмасуға түсіп, олардың жай түрден күрделі түрге өтуі де орын алады.
Пайдаланылған әдебиеттер 1) Ұлттық энцклопедия Алматы «Қазақ энциклопедиясы» 2)Интернет желісі (google. kz)
Жубанова Асем 101 мпд.ppt