Копия Жубанова Асем 101 мпд.ppt
- Количество слайдов: 12
“Астана Медицина Университеті” АҚ __________________ кафедрасы Тақырыбы: Фосформен уыттану әсерінен туындаған кәсіби ауруларды емдеу және алдын алу принциптері Тексерген: Орындаған: Ануарбекова А. Томашкулова М. Жубанова А. 301 МПД Астана 2015 ж.
Жоспары І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім 1)Фосформен және олардың қосылыстарымен уыттану ІІІ. Қорытынды Пайдаланған әдебиеттер
Кірісіпе Фосфор және оның органикалық емес қосындыларымен улану жағдайлары, ағзаға фосфор және құрамында фосфоры бар органикалық емес (родентицидтер, инсектицидтер, фосфин[сутегінің фосфиді, РН 3, сасық газ] қосындылардың түсуі нәтижесінде пайда болады. Ацетиленмен (фосфиннің түзілуі мүмкін), фосформен жұмыс істегенде, металды суға және қышқылға түсуі кезінде, өндірістік кәсіпорындарда, ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін адамдарда кездеседі. Фосфор және оның органикалық емес қосындыларының улылығын жеңіл қортылатын майлармен бірге ішімдікті қолданған кездерінде болады. Фосфордың рұқсат берілетін концентрациясы 0, 03 мг/м 3.
Этиопатогенезі: Фосфор қосындыларының барлығының цитотоксикалық (нейро және гепатотоксикалық), жергілікті тітіркендіретін және күйдіретін әсері бар.
Клиникасы: Жедел улану. Бас ауру, бас айналу, жүрек айну, брадикардия. Ауыр жағдайларда-қозу, жүйке жүйесінің тежелулері болады. Гепатит, сарғаю. Коллапс болуы мүмкін. Ішке қабылдаған кезде: бас айналу, іштегі ауырсыну, қараңғыда жанатын құсу. Асқазан ішек жолдарының бұзылыстарының дамуына дейін коллапс дамуы мүмкін. Ауыр жағдайларда 2 -3 күннен кейін бауырдың жедел ауыр атрофиясы дамуы мүмкін. әлсіздік, гипопротромбинемия, тері асты қан құюлулары, гематурия нефрит, қозу, ұйқысыздық, галлюцинациялар. Жүрек қызметінің төмендеуі, дене температурасының төмендеуі, коллапс, кома. 7 күні немесе кейінірек өлім тууы мүмкін. Сүлелі улану. Бас ауыру, жалпы әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, іштегі ауырсынулар, іш қату немесе іш өту, аяқ қолдардағы ауырсынулар, тітіркенгіштік. Сүлелі ринит, ларинготрахеит, бронхит, кейде гингивит, стоматит, пародонтит, тістердің кариесі. Ескі әдебиеттр бойынша жақтың «фосфорлы» некрозы дамиды, оның басталуы ауырсынулармен жоғарғы немесе жиекті перидонтитпен, қызыл иектің ісінуі және тістің босауымен іріңдеуі және периостит дамиды. Кейінгі асқынуларға абсцетер мен жыланкөздермен аяқталады, ол ауыз қуысын немесе мойынның ашылуларымен аяқталады. Қазіргі кездегі тәжірибеде «фосфорлы» некроз кездеспейді.
Фосфордын әсерінен уланған адам
Емі: Ішке қабылдаған кезде: калий перманганатының ертіндісімен зонд арқылы асқазанды шаю (1: 5000), 0, 1 -0, 2% күкірт қышқыл сынап ертіндісімен шаяды( фосфорлы сынаптан пленка түзіледі, ол фосфордың бір бөлігін жауып жатады, оның күйдіретін нәтижесін ескеру керек). Бумен тыныс алған кезде — симптомды ем жүргізеді. Теріге түскен кезде: зақымдалған терінің аймағын сол сәтте сумен шаю керек. Немесе зақымдалған қолды күкірт қышқылды магнезидің 5% ертіндісіне салып қою керек, содан кейін фосфордың барлық бөлшектерін марлыдан жасалған тампонмен немесе пинцетпен алып тастау керек. Сонымен қатар 3 % сірке сутегінде қолдануға болады. Зақымдалған аймақтың дымдануы басылғанша қолды ертіндіде ұстау керек. Осы жерді қараңғыда қарау керек, сосын жанып тұрған аймақтарды пинцетпен алып тастаукерек. Сосын калий перманганат ертіндісіне (1: 1000) салынған ылғалды байламды салып қою керек. Майлы байламдар көрсетілмейді. Май, сүт, жұмыртқа, қызыл май көрсетілмеген (удың еруіне және сіңуіне әсер етеді). Симптомды ем - Гемодиализ Хирургиялық – жыланкөздермен, некроздалған сүйек массаларын алып тастау
Сары фосфорды қызылға ауыстыру, өндірістік процестердің толық герметизациясы, жеке бас гигиенасын сақтау, ауыз және құлақ қуыстарының толық санациясы. Жақсы тамақтану. әйелдер мен жасөспірімдер фосформен жұмысқа жіберілмейді.
Қорытынды Фосфор және оның органикалық емес қосындыларымен улану жағдайлары, ағзаға фосфор және құрамында фосфоры бар органикалық емес (родентицидтер, инсектицидтер, фосфин[сутегінің фосфиді, РН 3, сасық газ] қосындылардың түсуі нәтижесінде пайда болады. Ацетиленмен (фосфиннің түзілуі мүмкін), фосформен жұмыс істегенде, металды суға және қышқылға түсуі кезінде, өндірістік кәсіпорындарда, ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін адамдарда кездеседі. Фосфор және оның органикалық емес қосындыларының улылығын жеңіл қортылатын майлармен бірге ішімдікті қолданған кездерінде болады.
Пайдаланылған әдебиеттер 1)Интернет желісі
Копия Жубанова Асем 101 мпд.ppt