Жубанова Асем 101 мпд.ppt
- Количество слайдов: 23
“Астана Медицина Университеті” АҚ __________________ кафедрасы Тақырыбы: Атырау облысының экономикасы Тексерген: Орындаған: Томашкулова М. 201 МПД Астана 2015 ж.
Жоспары І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім 1)Атырау облысы туралы жалпы мағлүмат 2)Атырау облысының экономикасы ІІІ. Қорытынды Пайдаланған әдебиеттер
Кірісіпе Атырау облысы — Батыс Қазақстанда орналасқан облыс. 1938 ж. Гурьев облысы деген атымен құрылған. 1992 жылы қазіргі атауына ие болды. Солтүстігінде Батыс Қазақстан облысымен, шығысында Ақтөбе облысымен, оңтүстікшығысында Маңғыстау облысымен және батысында Ресейдің Астрахан облысымен шектеседі. Сондай-ақ оңтүстік шекарасы Каспий теңізіне келіп тіреледі. Облыс орталығы - Атырау қаласы.
Бүгінгі Атырау облысы – қарқынды дамып келе жатқан өңір. Мұнда мұнай-химия кластерінің инновациялық жобаларынан басқа энергетика, өнеркәсіп өндірісі, агроөнеркәсіптік кешен, құрылыс индустриясы, машина жасау секілді салалар да үздіксіз дамуда.
Статусы : Облыс Кіреді: Батыс Қазақстан Енеді: 2 қала, 7 аудан, 11 кент, 183 ауылдық елді мекен Әкімшілік орталығы Атырау қаласы Жер аумағы: 118, 6 мың км 2 (4, 4%, 13 орын) Ресми тілі: Қазақ тілі Тұрғыны 2014 ж: Ұлттық құрамы: 567 938 адам (3, 3 %, 14 орын) Қазақтар-91, 5%, орыстар-6, 3% , татарлар-0, 4%, корейлер -0, 3%, украиндар-0, 3%, немістер-0, 1%, беларустар-0, 1%, басқалары1, 0% ,
Халқы 2012 жылы 182, 8 мың адам болды. 2014 ж. қала әкімшілігі тұрғындарының саны 280, 6 мың адам құрады, оның ішінде: Атырау қаласы — 195, 6 мың адам; Балықшы кенті — 17, 1 мың адам; Жұмыскер кенті — 10, 4 мың адам; Ауылдық тұрғындар -57, 5 мың адам;
Әкімшілік бөлінісі 1. Жылыой ауданы 2. Индер ауданы 3. Исатай ауданы 4. Қызылқоға ауданы 5. Құрманғазы ауданы 6. Мақат ауданы 7. Махамбет ауданы Белгіленбеген аумақ – Атырау қалалық әкiмшiлiгінің ауданы
Жалпы республикалық өндіріс көлеміне шаққанда, облыстың үлес салмағы мұнайдан -58, 8%, табиғи газдан -10, 6%, балық аулау мен басқа да теңіз өнімдерін өндіруден -65, 5%, электр қуатын өндіру бойынша -3, 4%. Теңіз кен орны мен Каспий қайраңындағы мұнай қоры Қазақстан бойынша анықталған қорлар мен ресурстардың 80%-н құрайды. 2010 жылы өнеркәсiп өнiмiнің көлемi қолданыстағы бағамен 3 059, 7 млрд. теңге құрады, өндiрiлген өнiмнiң нақты көлем индексi - 113, 8 %. Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлеміндегі үлес салмағы 90, 9% құрайтын тау-кен өнеркәсiбiнде 2780, 9 млрд. теңге сомасына өнiм өндiрiлген, нақты көлем индексі - 112, 7%.
2010 жылдың ішінде облыс бойынша 30 млн тонна мұнай немесе 2009 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 113, 1% және 13, 6 млрд текше м. ілеспе мұнай газы немесе 118% өндiрілді.
2010 жылғы қала және аудандар бойынша өнеркәсіп өнімдері: ЖАО Шығарылған өнім Нақты көлемі, млн. тг индексі, % Қызылқоға ауданы 53918 98 918 Жылыой ауданы 274393 115 3 Атырау қаласы 99924 Исатай ауданы 94682 104 1 Мақат ауданы 52414 Махамбет ауданы 42480 112 9 Индер ауданы 1326 118 7
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ Атырау облысының агроөнеркәсіптік кешені өңірдегі экономиканың маңызды секторларының бірі болып есептеледі Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру жөніндегі ұлттық бағдарламаға сәйкес ауыл шаруашылығында түбегейлі экономикалық реформа жүзеге асырылды. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі - 19528, 1 млн теңгені, нақты көлем индексін 99, 7% құрады. Ет өндіру 47, 0 мың тоннаны немесе 102, 1%, сүт өндіру - 54, 2 мың тоннаны (100, 5%), жұмыртқа өндіру - 1, 84 млн дананы (100, 2%) құрады
Қазіргі таңда Атырау облысында көліктің барлық түрлері де дамыған. Оның құрамында: темір жол, автомобиль, су жолы, әуе жолы және құбыр көліктері кіреді. Атырау облысының көлік жүйесінің дамуына оның Орал және Еділ бойы экономикалық аудандармен көрші жатуы және Орта Азия республикалаларымен транзиттік-экономикалық қатынастарының жолындағы қолайлы географиялық орны үлкен әсерін тигізді.
Жалпы білім беретін мектеп саны — 68; Мектепке дейінгі мекеме саны — 25; Жоғарғы оқу орны — 3; Орта арнаулы оқу орны — 11. Атырау мұнай және газ институты Жоғары оқу орындары Атырау Университеті Атырау инженерлік гуманитарлық институты
2006 ж. 3319, 5 мың тонна мұнай өнімі өңделді, одан 493, 7 мың тонна моторлық отын (бензин); 1122, 2 мың тонна газойл; 1389, 9 мың тонна отындық мазут; 123, 6 мың тонна мұнайлы кокс алынды. Электр қуатын өндіру 1442, 9 млн к. Вт/сағ; жылу қуаты — 1624, 4 мың к. Кал құрады.
Облыстың жалпы өңірлік өнімінің үлесі республиканың ішкі жалпы өнімінің 11, 2 пайызын құрайды және 2 -ші орынды алып отыр. Аймақта жылдан-жылға оң әлеуметтік-экономикалық динамика сақталып келеді, мемлекеттік бағдарламалар өз уақытында жүзеге асырылуда. Өңірдің тұрмысы, Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының XI форумы қарсаңында ҮИИД МБ-2 – индустрияландырудың жаңа кезеңінің екінші бесжылдығына қандай қорытындылармен шығып жатқандығы туралы Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов әңгімеледі. Қазіргі кезде облыста Индустрияландыру картасы аясында 4 900 жұмыс орнын құра отырып, жалпы сомасы 1, 6 трлн. теңгеге 44 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде жалпы сомасы 68 млрд. теңгенің 28 жобасы іске қосылып, 2 130 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік туғызды. 2013 жылдың қорытындысы бойынша іске қосылған жобалардың 20 -сы (бұл жалпы санының 95 пайызы) жоспарлы қуатпен жұмыс жасауда.
Негізгі тамақ өнімдерінен: 18 тонна шұжық; 5784 тонна қалбырланған балық; 323 тонна өңделген сұйық сүт пен кілегей; 7370 тонна жаңа піскен нан өндірілді. Атырау қаласының әлеуметтік -экономикалық әлеуетінің артуына «Қазмұнайгаз» ӨФ-ы, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» , «Қазтрансойл» , «Атыраубалық» , «Заман групп» , ЖШС-рі, «Атырау жарық» , «Облтрансгаз» , «Атыраусушар» , «Атырау су арнасы» , т. б. мекемелер ауқымды үлестерін қосуда.
АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА 15 КӘСIПОРЫН МҰНАЙ ӨНДIРУМЕН АЙНАЛЫСАДЫ. ШИКI МҰНАЙ ӨНДIРУДЕ ЕҢ ҮЛКЕН ҮЛЕС САЛМАҒЫН «ТЕҢIЗШЕВРОЙЛ» ЖШС ЖӘНЕ «ЕМБIМҰНАЙГАЗ» ӨФ АЛАДЫ. «ТЕҢIЗШЕВРОЙЛ» ЖШС – КАСПИЙ ТЕҢIЗIНIҢ СОЛТҮСТIК-ШЫҒЫС ЖАҒАЛАУЫНДА ОРНАЛАСҚАН ТЕҢIЗ АЛЫП КЕН ОРНЫНДА ЖӘНЕ КӨРШI КОРОЛЕВСКОЕ КЕН ОРНЫНДА ШИКІ МҰНАЙДЫ ӨҢДЕУ ЖӘНЕ САТУ ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗЕДІ. 2007 ЖЫЛЫ 13, 9 МЛН. ТОННА МҰНАЙ ӨНДІРІЛДІ, БҰЛ ӨТКЕН ЖЫЛДЫҢ СӘЙКЕСТІ КЕЗЕҢІНЕН 1, 1 ЕСЕГЕ АРТЫҚ, 7247, 7 МЛН. ТЕКШЕ МЕТР ІЛЕСПЕ МҰНАЙ ГАЗЫ ӨНДІРІЛДІ (104, 9%).
Мұнай-газ саласы экономиканың басқа салаларының дамуына мүмкіндік бере отырып, мультипликативті нәтижені қамтиды: өндіру, өңдеу және көп мөлшердегі мұнай мен газ тасымалдау, отандық мұнай-газ, энергетика, көлік қатынасы, машина құрылысы, телекомуникация, автожол құрылысын және сервистік инфрақұрылымын дамытудың алғышарттарын құрайды. Бұл осы салалардағы ғылым және жоғары технологияның дамуына күш береді. Кейінгі жылдары бензинге, мазутқа, дизелге және пешке жағатын отынның 50%-ға жуығы, реактивті отынға ішкі мұқтаждықтың 80%-ын өз өндірісі есебінен қамтамасыз етіп отыр.
Атырау облысы инвестиция тартуда республика бойынша көш басында келеді. Сонау 1991 жылы инвестиция 24 млрд. теңгені құраса, 2010 жылы бұл көрсеткіш 1 трлн. 105 млрд. теңгеге жетіп, бүкіл республиканың инвестицияларкөлемінің 28%-ын құрап отыр.
Мұнай саласындағы көрсеткіш те таңдай қақтырарлық. 2010 жылы 30 млн. тонна мұнай, 13, 6 млрд. текше метр ілеспе газ өндірілді. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей араласуымен құрылған «Теңізшевройл» кәсіпорны Атырау облысының ғана емес, күллі Қазақстан экономикасының флагманына айналып, бүгінде ел игілігіне қызмет етіп отыр. Компания құрылысы биыл басталатын үшінші буын зауытын салуды да жоспарлап отыр.
Қорытынды Сонымен Атырау облысының экономикасында тарихи тұрғыдан басымдық орынды мұнай газ өндіру саласы алады, бұл қолда бар елеулі көмірсутек шикізатының қорына байланысты. Бұл салада басқа өнеркәсіп салаларына қарағанда көтеріңкі инвестициялық тартымдылық бар, ол қалыптасқан жағдайларда өңдеу және қайта салаларын дамыту үшін тежеуші фактордың болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер 1)Газет-журналдар (Қызылқоға газеті) 2)Интернет желісі (google. kz)
Жубанова Асем 101 мпд.ppt