ерке.питание.pptx
- Количество слайдов: 19
“АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ” АҚ _____________ КАФЕДРАСЫ ПРЕЗЕНТАЦИЯ Тақырыбы: Күнжіт майы Дайындаған: Ерғалиева Ерке 404 -топ ҚДС Астана 2014 ж.
КYНЖIТ майы Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім 1. Күнжіт өсімдігі 2. Күнжіт майы және пайдасы 3. Күнжіт майының қолданылу аясы Қорытынды Пайдаланылған әдебиет
Кіріспе Май — ағзаға қуат беретін астың жұғымы. Май белоктарды, минерал тұздарды, сондай-ақ майды ерітетін дәрумендерді ағзаның қалыпты сіңіруіне қажет. Тамақтың рационында майдың болуы әр түрлі тағамдардың дәмділігін жақсартыл, тәбетті арттырады. Тамақтағы майдың біраз бөлігі адамның денесіндегі май қорын жасауға жұмсалады. Бірақ адам майлы тамақ ішкеннен ғана семірмейді, ол көміртектерді артық қабылдаудай да болады. Мұны етженді тез толуға оңтайлы адамдардың есте сақтаулары қажет. Организмнің майды қажетсінуін қанағаттандыру майдың түрі мен сапасына байланысты. Мал майы мен өсімдік майының бір-бірін толықтыра түсетіні белгілі. Биологиялық жағынан алғанда тәулігіне аспен бірге қабылданатын майдың 70%-і мал майы, 30%-і өсімдік майы болғаны қолайлы.
Күнжіт өсімдігі Күнжіт – күнжіт тұқымдасына жататын бір жылдық не көп жылдық өсімдік туысы. Негізінен Оңтүстік Африккада, Мадагаскар, Сокотра аралдарында, Оңтүстік-Шығыс Азия, Жаңа Гвинея және Солтүсік Австралияның тропиктік, субтропиктік белдемдерінде өсетін 35 -ке жуық түрі бар. Екпе түрі – Үнді күнжіті. Биіктігі 1 – 2 м, сабағы тік, бұтақты, 4 – 8 қырлы, тамыры 1 м тереңдікке жайылады. Төменгі жапырақтары қысқа, жалпақ, орта тұсындағылары ірі, гүлі ірі, ұзындығы 4 см-ге жетеді. Күлтесі ашық қызғылт, күлгін не ақ. Жемісі 4, 5 не 8 қырлы қорапша, ұзындығы 3 – 5 см, піскенде қақырап ашылады да, тұқымы төгіледі. Бір қорапшада ұзындығы 2, 5 – 3, 5 мм, ені 1, 6 – 2 мм, 80 -ге жуық дән болады. Сортына, өсірілген жеріне байланысты вегетациялық кезеңі 80 – 150 күн. Жарық, жылу сүйгіш өсімдік. 18 – 20°С-тан жоғары температурада жақсы көктейді. Күнжіт май алу үшін өсіріледі. Дәнінде 45 – 59% май болады. Оны тағам, кондитер өндірісі, медицина, техника салалары пайдаланады. Күнжіттің әр гектарынан 1, 2 – 1, 5 ц дән алынады.
Күнжіт майы және пайдасы Күнжіт біздің заманымыздан 7000 жыл бұрын мәдени өсімдіктер қатарына енген. Қазіргі кезде Үндістан, Пәкістан, Орта Азия, Қытай және Жерорта теңізі жағалауы елдерінде өсіріледі. Күнжіт майы құрамында антиоксиданттардың көп болуынан ұзақ уақыт сақтауға шыдамды келеді.
Күнжіт майы құрамында антиоксиданттардың көп болуынан ұзақ уақыт сақтауға шыдамды келеді Күнжіт майының құрамы Витаминдер Е, А, D, B 1, B 2, B 3, С Макро-және микроэлементтер калий, кальций, фосфор, мырыш, магний, марганец, кремний, темір, мыс, никель, т. б. Биологиялық белсенді заттар Сезамол, сквален антиоксиданттары, фитин, фитостеролдар, фосфолипидтер Майлы қышқылдар Омега-6 (40 -46%), Омега-9 (3842%), Омега-3 (0, 2%)
Омега-6 мен Омега-9 майлы қышқылдары жүрек-тамыр, жыныс, жүйке жүйелері қызметінің жақсаруына, қандағы қант деңгейінің қалыпты болуына, иммунитетті нығайтуға үлес қосып, ісік ауруларының пайда болуына кедергі болады. Күнжіт майы көздің көруін жақсартатын, жүрек-тамыр жүйесіне жағымды әсер ететін Е, А, С витаминдеріне өте бай. Сонымен қатар, бұл витаминдер косметология саласында да сұранысқа ие. Сезам майы макро және микроэлементтердің қайнар көзі. Күнжіт майының құрамында кальцийдің көп болуы барлық азықтүліктің ішінде рекорд орнатқан. Сүйектің беріктігіне күнделікті қажет болатын кальций мөлшері бір ғана шай қасық күнжіт майында бар. Басқа өсімдік майларының да құрамында болатын фитостерол иммунитетті жақсартуға, терінің жағдайына, эндокриндік қызметтерге оң әсерін берсе, фосфолипидтер бауырдың дұрыс қызметіне, миға, жүректамыр, жүйке жүйелерін жақсартуға қажет.
Емдік дәрі ретінде қолданылады: Асқазан жолдары аурулары (іш қату, гастрит, тоқ ішектің қабынуы, ұйқы безінің ауруы); Жүрек-тамыр жүйесінің аурулары (тахикардия, инфаркт, инсульт, қан қысымының артуы, гемофилия, т. б. ); Ақыл-есі нашар дамыған адамдарды емдеуге (естің нашарлауы, ұмытшақтық, Альцгеймер ауруы); Күйзеліске қарсы (депрессия, енжарлық, ұйқысыздық, шаршағыштық). Сонымен қатар, қант диабеті, остеохандроз, қан аздық, өкпенің қабынуы, артрит, тіс жегі, бүйрекке тас жиналу, қуықтың қабынуы сияқты тағы басқа көптеген ауруларға ем. Жүктілік немесе бала емізу кезеңіндегі аналардың күнделікті тамақтану рационына күнжіт майын қосуы өте пайдалы.
Шығыс елдері күнжітті ертеден-ақ кез келген тағамға пайдаланып келеді. Оны шығыс халықтары ұзақ жасаудың эликсирі деп білген. Сезам деп те атайды. Негізінен Индияда өсетін Sesamun indicum деп аталатын гүлді өсімдік. Өзіне тән нәзік дәмі бар, ұсақ шемішке секілді бұл дәндерді қазір де ұннан, күріштен жасаған тағамдарға қосады, әсіресе күнжіт майы халва жасауда жиі пайдаланылады. Күнжіт темір мен кальцийге, басқа да ағза үшін өте қажетті микроэлементтерге бай. Оның құрамында май 55%, белок 22%, көмірсу 16%, А, В, С, Е дәрумендерімен қатар, қанның ұюын тездететін қасиеті бар.
Шығыс халықтарының ішінде күнжітті жиі пайдаланатындар – жапондар. Бұл тағам Жапонияда өте қымбат тұрады, бағалы саналады. Кез келген жапон тағамының дәмін кіргізетін – күнжіт. Соның ішінде жапондықтардың сүйікті тағамы сушиді айтуға болады. Жапондықтардың күнжітті жиі пайдалануының себебі де жоқ емес. Дүниежүзінде ең ұзақ жасайтын халық жапондар екенін білеміз. Ал күнжіттің құрамындағы микроэлементтер организмдегі жасушаларды тірілтіп, қартаю процесін тоқтататын көрінеді. Күнжітте көп мөлшерде протеин бар, ол адамды стресс пен депрессиядан арылтып, қандағы холестериннің азаюына көмектеседі екен.
Күнжіт майының қолданылу аясы Ибн Синаның емдік трактаттарында күнжіт дәндерінің медицинада қолданылуы туралы жазылған. Күнжіттің екінші атауы – «сезам» , ассирия тілінен аударғанда «майлы өсімдік» деген мағынаны береді. Сезам дәндерінің құрамында майдың үлесі 60%-ға дейін жетеді. Пайдалы құрамының арқасында күнжіт майы халықтық медицинада, үй жағдайындағы косметологияда, фармацевтикада, наубайхана-кондитер саласында, парфюмерияда кеңінен қолданылады.
Шашқа тигізер әсері: В тобындағы витаминдер мен Е витамині, кремний – шашқа ең қажетті элементтер. Шаштың жиі түсуіне, сынғыштығына қарсы тиімді ем. Сонымен қатар, зақымдалған шаш пен боялған шашқа нәр беретін әрі қалпына келтіретін маска ретінде қолданылады.
Тырнақ күтімі: Күнжіт майынан тырнаққа ванна қабылдау тырнақтың тез өсуіне, қатпарлануына, сынғыштыққа және тырнақ зеңінен арылуға бірден-бір ем.
Косметология Теріні азықтаушы және күн сәулесінен қорғаушы қасиеттері бар.
Қорытынды Өсімдік майлары (күнделікті тұрмыста оларды май деп атайды) өсімдіктердің тазартылып, ұнтақталған майлы дәндері мен жемістерінен еріткіштердің көмегімен немесе престеу жолымен алынады. Өсімдік майларын тазартыл (орыс. рафинированные) және тазартпай (орыс. нерафинированные) шығарады. Тазартылмаған майда әр түрлі ілеспе заттар мен қоспалар болады, олар өсімдіктердің дәндері жетіліп, пісу, сондай-ақ майып алу кезінде біртіндеп жиналады. Үй жағдайында өсімдік майын салқын жерде сақтау керек (сақтау мерзімі 6 айға дейін). Өсімдіктердің дәні мен шырынында өсімдік майының мөлшері 2 – 3 -тен – 70%-ға дейін болады. Өсімдік майын қолдануды тағам рационымызға енгізгеніміз жөн. Өсімдік майын қолдану ең алдымен денсаулығымыздың одан кейін біздің сырт-бейнеміздің сұлулығының кепілі.
Пайдаланылған әдебиет * Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз. Сов. энцикл. Бас ред. , 1990 * Қазақ энциклопедиясы, 2009
HAЗAPЛАРЫНЫЗFA PAXMET
ерке.питание.pptx