
Айтбаев кардиология.pptx
- Количество слайдов: 12
“АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ” АҚ № 2 ІШКІ АУРУЛАР КАФЕДРАСЫ СӨЖ Тақырыбы: Ірі ошақты миокард инфаркті Орындаған: Айтбаев Ғ. Т Тобы: 411 ЖМ Тексерген: Абай Г. А Астана, 2014
Ірі ошақты миокард инфаркті тәждік артериялардың ұзақ уақыт спазмы мен тромбозы салдарынан жүрек бұлшық етінде ірі ошақты некроздың болуымен жүретін тәждік қанайналымның жіті бұзылысы
Кезеңдері 1. Қауырт кезеңі (30 -120 минут) • жүрек бұлшықетінде ишемиядан некроздың дамуына дейінгі уақыт аралығы 2. Жедел кезеңі (2 -10 тәулік) • жүрек бұлшықетінде некроз бен миомаляцияны ң дамуынан басталады 3. Жеделдеу кезеңі (1 -4 апта және одан жоғары) • тыртықтану дамуының алғашқы кезеңдерінің аяқталуына дейін 4. Инфаркттан кейінгі кезең (3 -5 айға дейін) толығымен тығыздалу және тыртық дамуының ақырғы кезеңі, миокардтың адаптациялану үрдісі
Миокард инфарктісінің жедел сатысы Ангинозды ұстамадан 20 -30 минут өткеннен кейін жүрек бұлшықетінде субэндокардиалды ишемия аймағы дамиды. Бұл кезде электрокардиограммада жоғары коронарлы Т тісшесі мен біріккен RST сегменті изосызықтан төмен орналасады. Ол сол жақ қарынша миокардының субэндокардиалды аймақтарындағы ишемиялық зақымдалуының көрінісі. (сурет 2 -а, -б). Бірақ бұл кезеңдегі ЭКГ көріністері жиі анықтала бермейді. Сондықтан дәрігер миокард инфарктының жедел сатысының кеш кезеңдерінде ғана іске кірісе алады. Коронарлы қанайналымның қайтымсыз бұзылыстарының нәтижесінде ишемиялық зақымдану аймағы эпикардқа дейін жайылады (ал бұл миокард инфарктынан бірнеше сағат өткеннен кейін болады). ЭКГ-да біріккен RS-T сегменті изосызықтан жоғары орналасады, бұл жүрек бұлшықетінің трансмуральді ишемиялық зақымдалуының сипатты белгісі болып табылады (2 -в сурет). RS-T сегменті бұл кезде оң Т тісшесімен бірігіп кетеді, ол формасы трансмембраналы әсер потенциялына ұқсас монофазалы қисық түзеді.
Ангинозды ұстамадан 20 -30 минут өткеннен кейін: жоғары коронарлы Т тісшесі мен біріккен RS-T сегменті изосызықтан төмен орналасады. RS-T сегменті бұл кезде оң Т тісшесімен бірігіп кетеді, ол формасы трансмембраналы әсер потенциялына ұқсас монофазалы қисық түзеді. Бірнеше сағат өткен соң.
Миокард инфарктісінің ары қарай дамуы жүрек бұлшықеттерінің субэндокардиалды аймақтарындағы жылдам үлкейетін некроз аймағымен сипатталады. ЭКГ-дағы өзгерістер Q-патологиялық тісшесінің пайда болуымен және R-тісшесінің амплитудасының төмендеуімен сипат алады. RS-T сегменті изосызықтан жоғары тұрған күйінде қалады (2 -г сурет). Некроз аймағы көлемінің барынша тез жайылуы Q-тісшесінің тереңдеуі мен үлкеюіне алып келеді (2 -д сурет). Миокард инфарктісінің жедел сатысындағы некроз аймағының пайда болуы мен үлкеюі ерте ишемиялық зақымдану жағдайында болған бұлшықет талшықтарының өлімі есебінен болады. Инфаркт басталғаннан бірнеше тәулік өткеннен кейін зақымдалу аймағының көлемінің азаюы байқалады. Бұл кезде ЭКГ-дағы өзгерістер RS-T сегментінің изосызыққа жақындауымен көрінеді (2 -д сурет). Дәл осы кезде жүрек бұлшықетінде некроздалған ошақ жанындағы ишемиялық аймақ болады, ол өз кезегінде ЭКГ-да теріс Т-коронарлы тісшесінің пайда болуымен анықталады (2 -д, -е сурет). Сонымен, миокард инфарктісінің жедел сатысы сипатталады: жүрек бұлшықетінде ишемия және ишемиялық зақымалумен бір уақыта некроз аймағы көлемінің жылдам түрде үлкеюімен сипатталады.
Q-патологиялық тісшесінің пайда болуы және Rтісшесінің амплитудасының төмендеуі
Миокард инфарктісінің жеделдеу сатысы Миокард инфарктінің жеделдеу сатысы некроз аймағы өлшемінің тұрақталуымен және жүрек бұлшықеттеріндегі ишемиялық зақымдалу аймағының жоғалуымен сипатталады. Бұл аймақтың жоғалу себебі: миокар инфартінің жедел сатысындағы бұлшықет талшықтарының бір бөлігі некроздалынады (өліеттенеді), енді бір бөлігі коллатералды қанағыстың жақсаруы нәтижесінде қайта қалпына келеді және ишемиялық аймаққа өткендей болады. сонымен, миокард инфарктінің бұл сатысында тек 2 аймақ болады: 1) ЭКГ-да патологиялық Q-тісшесі немесе QS кешені түрінде көрінетін некроз аймағы; 2) теріс Ткоронарлы тісшесі түрінде көрінетін ишемия аймағы. RS-T сегменті изосызыққа қайта оралады, ол ишемиялық зақымдалу аймағының жоғалғанын дәлелдейді (2 -ж сурет). Миокардтың ишемияланған талшықтарындағы метаболизм біртіндеп қайта қалпына келе бастайды. Бұл теріс Т-коронарлы тісшесі амплитудасының кішіреюіне алып келеді. Миокард инфарктінің жеделдеу сатысының соңына қарай Т-тісшесі тегістелген, тіпті кейде оң көрініс алуы мүмкін. Осы уақытта Q патологиялық тісшесі ЭКГ-да миокард инфарктінің жеделдеу сатысының барлық ағымында болады.
Миокард инфарктісінің тыртықтану сатысы бұрынғы инфаркт орнында дәнекер тіні – тыртықтың пайда болуымен сипатталады. Тыртық некроздалған тін секліді қозбйды және қозуды өткізбейді. Сондықтан, тыртықталған аймақ үстінде оң электродты орналастырғанда ЭКГ-да патологиялық Q тісшесі немесе QS кешені табылады (2 -з сурет). Миокард инфарктісінің тыртықтану сатысында ишемиялық зақымдану аймағы болмағандықтан, RS-T сегменті калыпты изосызықта орналасады. Т тісшесі сәл теріс, тегістелген, тіпті оң болуы мүмкін. Және де тыртықтанған аймақ үстіне тіркегенде теріс Т тісшесі көрінеді. Сонымен, жедел миокар инфарктісінің барлық электрокардиографиялық белгілері салыстырмалы жылдам динамикамен сипат алады. Дәл осындай динамика көптеген жағдайларда жедел миокард инфарктісі кезіндегі ЭКГ көріністерін инфаркттен кейінгі кардиосклероз (инфаркттың тыртықтану кезеңі) көріністерінен ажыратуға мүмкіншілік береді.
Миокард инфарктісінің емі
Айтбаев кардиология.pptx