«Астана медицина университеті» АҚ № 1 Жалпы дәрігерлік кафедрасы Тақырыбы: Фармакоэпидемиология және фармакоэкономика анықтамасы, даму кезеңдері, негізгі принциптері. Экономикалық бағалауды қолдану – медицинада шешім қабылдауға сәйкес элемент. Орындаған: Дербисалиева А. Қ. Тобы: 317 -ЖМ Тексерген: Ибраимова БС. Астана қаласы 2015 Ж
Жоспары: q Фармакоэпидемиологияның негізгі міндеті q Фармакоэканомиканың негізгі міндеті q Жіктемесі, дамуы
Фармакоэпидемиология дегеніміз не? Фармакоэпидемиология – популяция деңгейінде немесе үлкен топтардан тұратын адамдарға дәрілік заттарды қолдануды зерттейтін ғылым. Фармакоэпидемиология ғылымы фармакология және эпидемиология ғылымдарының қосындысы болып табылады. Осы бағытта фармакоэпидемиологияны фармакологияны да, эпидемиологияны да байланыстырушы ғылым.
Фармакоэкономика дегеніміз не? Фармакоэкономика – өмір сүру барысында емдеу мақсатында қолданылатын дәрілік заттардың шығыны мен қолданылуын салыстырмалы түрде зерттейтін ғылым саласы. Бұл ғылым фармакология ғылымымен экономика ғылымдарының өзара қосындысы.
Экономикалық бағалау Жалпы экономика ғылымының бірнеше анықтамасы бар. Сонымен қатар экономика ғылымы барлық салада қолданылатын кең қолданыс тапқан ғылым. Экономика – қоғам және жеке адам алдында тұратын шаруашылық, әлеуметтік және саяси мәселелердің шешуіне арналған әдістердің теориялық негізін қайталайтын қоғамдық ғылым. Ал бізге қажеті медициналық экономика. Медициналық экономика – пациенттердің аурухана келгендегі қолданылатын медициналық жәрдем, дәрі-дәрмек көлемін, медициналық аппаратура, жиһаз, науқастардың түрлі аурумен ауырғандағы статисттикасына жұмсалатын қаржылық есептердің жинақталған ғылымы.
Медициналық экономика деңгейлері: Метаэкономикалық деңгей Макроэкономикалық деңгей Микроэкономикалық деңгей; Медиумэкономикалық деңгей
Метаэкономикалық деңгей – бұл деңгейде әр түрлі мемлекеттер денсаулық сақтау жүйелерінде ұлтаралық экономикалық қатынастар қалыптасады да содан олар әлемдік экономика бірлестігін құрайды. Осы үрдістердің үйлестіруші қызметін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы атқарады. Онда мынадай мәселелер шешіледі: q Әлеуметтік салдары зор жұқпалы және жұқпалы емес ауруларға қарсы күрес жүргізу мен қатар олардың алдын алу шараларының мақсаттық бағдарламаларын дайындау, қаржыландыру, экономикалық негіздеу; q Заманауи медициналық технологияларды дамыту, дәрілік заттарды және медициналық құрал-жабдықтар өндіруді үйлестіру және бірегйлерндіру; q Мамандар дайындау және медициналық- биологиялық зерттеулер жүргізуді қаржыландыру.
Макроэкономикалық деңгей – бұл деңгейде денсаулық сақтау саласының басқа шаруашылық салаларымен өзара байланысы қарастырылады. Осы деңгейде ұлттық экономика шеңберінде денсаулық сақтаудың басқа салалармен тікелей байланысы барболса экономикалық қатынастар пайда болады. q мемлекеттік тұрғыдан денсаулық сақтауға жалпы ішкі өнімнен бөлінетін қаржының пайыздық үлесі белгіленеді; q халық денсаулығын қорғау аясында жүргізілетін мақсаттық бағдарламаларды дайындаумен қатар олардың экономикалық негіздерлуі жасалады; q мемлекеттік қаржы мүмкіншілігіне сәйкес халыққа тегін медициналық көмек көрсетудің кепілдік көлемі белгіленеді; q денсаулық сақтауға стратегиялық жоспарлау мен қаржыландыружүйесін енгізудің экономикалық негізі дайындалады.
Медуимэкономикалық деңгей Медиумэкономикалық деңгей – бұл деңгейде денсаулық сақтау жүйесінің өзінің ішкі экономикалық қатынастары белгіленеді де келесі мәселелер шешуін табады: v Халықтың әр түрлі медициналық көмекке қажеттілігінің экономикалық негізі жасалады; v Әр аймақтың демографиялық даму үрдісінің ерекшеліктеріне және тұрғындардың аурулық көрсеткіштерінің деңгейі мен құрамына сәйкес денсаулық сақтау мекемелерін ұйымдастыру шешімдері қабылданады және т. б. аймақтық мәселелер қарастырылады;
Микроэкономиалық деңгей Микроэкономикалық деңгей – бұл деңгейде әрбір жеке емдеу-профилактикалық мекеменің және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметі белгіленеді: Ø денсаулық сақтау ұйымдарының қаржысын қалыптастыру; Ø жеке денсаулық сақтау мекемесінің қорларын пайдалануының экономикалық тиімділігін талдау; Ø бухгалтерлік, салықтық және статистикалық есеп жүргізу; Ø тұрғындарға тегін медициналық көмек көрсетудің мемлекеттік тапсырысын орындауды қадағалау және т. б. Қызметтер атқарылады;
Фармакоэканомикалық шығындардың үш түрі бар: -1 -тікелей медициналық шығындар -2 - тікелей медициналық емес шығындар -3 - тікелей емес шығындар
Денсаулық сақтау экономикасы зерттейтін мәселелері: ü Денсаулық сақтау саласын басқаруды жетілдірудің шаруашылық ізденістері; ü Денсаулық сақтау саласының басшыларының құқықтарын кеңейтумен байланысты салалық қаржыландыру мәселелерін жетілдіру; ü Денсаулық сақтау саласында экономикалық тәжірибе ретінде тың жаңалықтарды енгізуі; ü Аурушаңдық деңгейі, оның өзгеруі; ü Аурудың саны; ü Дені сау адамдардың саны;
Қолданылған әдебиеттер Громовик Б. П. Лікарське забезпечення з позицій логістики // Фармац. журн. — 2000. — № 1. — С. 34– 41. Заліська О. М. Інформаційні аспекти фармакоекономіки // Клінічна фармація. — 1999. —Т. 3, № 2. Заліська О. М. Класифікація фармакоекономічних витрат // Галицька аптека. — 2000. — № 6. — С. 10.