
слайд диплом.pptx
- Количество слайдов: 16
«Астана Медицина Университеті» АҚ № 1 Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасы Әскери қызметкерлер арасындағы суицидке бейімділік деңгейін анықтау және оның алдын-алу шаралары Ғылыми жетекшісі: Байгенжеева Р. К. , Астана , 2017 ж
ЗЕРТЕУДІҢ ӨЗЕКТІЛІГІ. Қазіргі уақытта өз-өзіне қол жұмсаған феноменді барлық аспектілері бойынша зерттеу өте өзекті болып келе жатыр. Себебі суицид әрекетінің қарқындылығының және суицид көрсеткішін жоғарылатуға алып келетін психикалық түрде зақымдайтын факторлардың көбеюі экономикалық, әлеуметтік, психологиялық жағдайларға кері әсерін тигізіп жатыр. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша (ДДҰ), қазіргі заманда Қазақстан суицид саны бойынша әлемде үшінші орынды алады. Қазақстанда суицид саны бойынша ресми статистика халыққа айтылмайды. Бірақ тәуелсіз мамандармен жүргізілген статистика көрсеткіші бойынша суицид мәселесі қауіпті масштабты қамтиды. Аса маңызды көңіл аударатын, осындай негативті әлеуметтік жағдайлардың ҚР Қарулы күштерінің әскери бөлімшелерінде де кездесетіні. 2014 жылдың қорытындысы бойынша, елімізде әскери қызметкерлер арасында суицидтің 27 жағдайы тіркелген. 2015 жылы офицерлер арасында бес суицидтік жағдай болса, әскери келісім-шарт қызметінің әскери қызметкерлері арасында 13 суицидтік жағдай болды. Қолымыздағы мәліметтер бойынша бұл мәселе әлі күнге дейін өзекті мәселе болып отыр.
Зерттеудің мақсаты: Әскери қызметкерлер мен борышын өтеушілер арасындағы суицидкке бейімділік деңгейін және жалпы әскери қызметкерлер арасындағы суицидке алып келетін факторларды анықтап, алдын алу шараларын ұйымдастыру. Міндеті: 1. Суицидтік әрекеттерге әсер ететін себептерді анықтау. 2. Әскери қызметкерлер арасындағы суицидке бейімділік деңгейін анықтау. 3. Суицидке қарсы жүргізілетін профилактикалық шаралар.
Зерттеудің материалдары мен әдістері: Зерттеудің объектісі: Павлодар облысы Ертіс ауданының № 2033 «Амангельды» әскери бөлімінің әскери қызметкерлері мен борыщын өтеушілері алынды. (N= 70). Зерттеудің әдістері: Дипломдық жұмыста келесідей ғылыми зерттеу әдістері қолданылды: - тарихи; - ақпараттық - аналитикалық; - статистикалық; - әлеуметтік.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Бұл дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы – әскери қызметкерлер арасындағы суицидке бейімділік деңгейін анықтай отырып, оның алдын- алуды жетілдіру үшін ұсынылатын шаралар.
Респонденттердің жастық және жыныстық көрсеткіштері 90% 85% 75% 80% 70% 80% 60% 50% 36% 40% 25% 30% 15% 20% 4% 10% 0% 20% 18 - 24 жас 60% 25 -34 жас 36% 35 -- 44 жас 35 44 жас 4% Ер адам 85% 75% 80% Әйел адам 15% 20% Жалпы
Суицид себебі бойынша пайыздық көрсеткіші Материальды тұрмыстық қиындықтар 12% 10% 6% 6% Алкогольды көп пайдалану Психикалық дезадаптация 21% 36% 9% Отбасылық жағдайлар Уставты емес қарымқатынастар Жауапсыз махабббат Әскери қызметтің қиындығы
Суицид себебі бойынша пайыздық көрсеткіші 1 -3 балл 3 -6 балл 7 -10 балл 4% 64% 7% 93% 32% Өз еркімен келгендер Еркінен тыс келгендер Әскери қызметтің қиындығын бағалау деңгейі Респонденттердің әскери борыщын өтеуге келуі бойынша
Жетекшілер тарапынан суицидке алып келетін әрекеттер бойынша 30% 26% 25% 18% 20% 15% 10% 8% 5% 0% Ұжынның қолдауынан айыру Ұжымнан оқшаулау Әділетсіз жаза Бойкот Бұйрықты Жөнсіз кінәлау форманы шектен тыс қолдану
Әскери қызметкерлердің психолог көмегіне жүгіну деңгейі. 12% 88% Психолог көмегіне жүгінемін Психолог көмегіне жүгінбеймін
Суицид жасаушыға көмек көрсету деңгейі 90% 80% 70% 60% 50% 40% 30% 20% 10% 0% 84% 8% Тоқтатуға тырысамын Басқа біреуді көмекке шақырамын 4% Қорқып, қашып кетем
Респонденттердің сенім телефонымен танысу деңгейінің проценттік көрсеткіші. 62% 70% 60% 50% 38% 40% 30% 20% 10% 0% Сенім телефонымен таныспын Сенім телефонымен таныс емеспін
Респонденттердің арасында суицидке бейімділік деңгейін анықтауға жүргізілген сауалнама нәтежиесі. 12. 80% 1. 40% 5. 70% 38. 60% Төмен деңгей Орташадан төмен деңгей Орташадан жоғары деңгей 41. 50% Жоғары деңгей
ҚОРЫТЫНДЫ Зерттеу нәтежиелеріне сүйене отырып әскери қызметкерлер арасындағы суицидке алып келетін факторлардың көп мөлшерін қамтитын келесі факторлар екені анықталды: Бірінші, яғни 36%- ды қамтыған - психикалық дезадаптация. Бұл дегеніміз әскери борыщын өтеушілердің ортаға бейімделе алмауы. Демек, жетекшілер мен әскери бөлім психологы тарапынан тиісті жұмыстар толық жүргізілмейтіндігін білдіреді. Екінші суицидке алып келетін фактор - уставқа сәйкес емес қарым- қатынас. Бұл фактор жалпы көрсеткіштің 22%- ын қамтып отыр. Мұндай көрсеткіштің орын алуы тек борыщын өтеушілердің ғана емес жетекшілер мен командирлердің де үстінен қадағалау жүргізілуі керектігін білдіреді. Бірақ қазіргі таңда әскери қызметкерлер психолог маман көмегіне жүгінбейді. Оның себебі психолог маманның маңыздылығын түсінбеуінде және қызметкерлердің дұрыс ақпараттанбауында. .
БІЗДІҢ ТАРАПЫМЫЗДАН ҰСЫНЫЛАТЫН ШАРАЛАР: Әскери қызметкерлер арасындағы суицидке әсер ететін факторлар арасында ең жоғарғы пайыздық мөлшерін психикалық дезадаптация, қамтып отыр. Психикалық дезадаптация - адамның тiршiлiк ету ортасына бейімделе алмауымен сипатталатын жағдай. Бұл жағдай әскери борыщын өтеуге келген кез - келген солдатта кездесуі мүмкін. Маңыздысы осы жағдайдың асқынуына жол бермеу, яғни жетекшілері тарапынан, әскери бөлім психологы тарапынан әскери қызметкерлермен жалпы ғана емес жеке қызмет атқарылуы керек. Пайыздық көрсеткіші жоғары келесі фактор уставты емес қарым- қатынас. Әскери ұжымдарда командирлер мен бастықтардың қол астындағылармен қарым- қатынасы және іс- қимылдары өте маңызды болып келеді. Олар әскери бөлімде тәртіптің қатаңдығын сақтау және өз методикасының тиімділігін арттыру мақсатында жеке тұлғаға күшті травматикалық әсер ететін, қате шараларды қолданады. Бұл әрекеттердің алдын алу және жою үшін тек борыщын өтеушілер ғана емес, олардың жетекшілерінің үстінен қадағалау, тексеру жұмыстарын жүзеге асыру керек. Яғни мұндай әрекеттерді қолданған командирді заң тұрғысынан жазалау керек. Жоғары көрсетілгендей суицидтің жағдайлардың алдын - алуда психолог маманның орыны ерекше. Сол себепте кез- келген әскери бөлімде психолог маман болып қана қоймай, әскери қызметкерлермен жүйелі түрде жұмыс жасауы керек. Бірақ қазіргі таңда әскери қызметкерлер арасында психолог маманның көмегіне жүгінушілер өте аз. Оның себебі қызметкерлердің дұрыс ақпараттанбауында. Яғни олар бұл мәселеге аса маңызды көңіл аудармайды. Олар психолог маман мен сенім телефонының бұл мәселеде қаншалықты маңызды екендігін білмейді. Бұл мәселенің негізгі шешімі - халықты дұрыс ақпараттандыру.
Назар аударғандарыңызға рахмет!
слайд диплом.pptx