фзл передел.ppt
- Количество слайдов: 20
“Астана Медицина университеті” АҚ Қалыпты физиология кафедрасы. § “ Экспериментальды невроздар” Орындаған: 205 топ cуденті Муталова А. М Қабылдаған: Астана 2014 ж
Жоспар: § § Невроз туралы түсінік, оның түрлері. Невроздың пайда болуы. Невроздың белгілері. Невроздың емі.
Невроз туралы жалпы түсінік. Невроз - психика ауруларының кең таралған түрі. Жалпы тән құбылыс бас миының құрылымдық зақымдалуы болмайды. Невроз жас және жыныс ерекшеліктерімен бөлінбейді. Алдымен невроз астениялық синдроммен, онда өте жоғары шаршау, жүйке психикалық процестердің қажуы, тершеңдік, жүрек соғуы, ұйқының бұзылуы сияқты симптомдармен көрініс береді.
“НЕВРОЗ” терминін өзіне тән көріністері бар психологиялық механизмнің зақымдалуы, яғни олар невроздың пайда болу көзі тәртіптік терапияның көмегімен қалпына келтіруге болатын келеңсіз әдеттер екенін дәлелдеуге ұмтылады.
§ Истериялық невроз - анық және әр түрлі көрініс береді. Мұнда судорогты ұстамалар ( оны эпилепсиялық ұстамадан ажырата білу керек), қимыл қозғалыс қиындауы (астазия және абазия), көз көрмеу, құлақ естімеу, сөйлеу қызметінің бұзылуы (мутизм) және басқа да нерв жүйесінің бұзылыстары байқалады. Бұл жағдайда адамның ашулануы да жеткілікті, соның нәтижесінде ұстамамен талып қалып, жарақаттануыда мүмкін.
Истериялық неврозбен науқастанған балаларда энурез, тұтығып сөйлеу, анорекция (тамаққа тәбеті болмау) тән. Неврозға депрессия да қосылып көрініс бері мүмкін. Мазасыз жағдайдағы невроз-невроздың өте қиын емелетін түрі, ол өткен істерді еске түсіру, келеңсіз ойлар, әртүрлі орынсыз қимыл-қозғалыстар және де патологиялық қорқыныштармен сипатталады. Бұдан басқа невроздардың бұл түрін обсессивті невроз деп те атайды, ал фобияны невроздың ерекше түрі деп бөледі.
Бұл невроздың дамуының негізгі себебіпсихикалық травма болып табылады, яғни қарама – қарсы тенденциялардан туындайтын конфликтілі жағдайлар. Мысалы, өте жақын адамына өлім , тілейтін жек көру сезімі. Сонымен қатар перверзияны да жатқызамыз, яғни науқас өткен өмір елестерімен, кейбір әндер, кейбір жағымсыз сөз тіркестерінен арыла алмайды.
Невроздың маңызды белгісі қорқыныш болып табылады. Көптеген невроздық ауруларда есінен айырылу, инфекциялық, венералогиялық аурулар, қатерлі ісік қаупі мен жүрек ауруы, өзіне өзі қол жұмсау мен өлімнен қорқу және басқа да көріністер елестейді. Үрейлену созылмалы қорқыныш жағдайы, ол науқас өмірінде кездескен бақытсыздықтан пайда болады. Үрейленудің жедел өтуі организмге интенсивті түрде әсер етіп, естен танумен сипатталады.
Невроздың емі. § Неврозды емдеудің ең тиімді әдісі аурудың бастапқы даму сатысында аурудың себебі болған факторлардың көзін жою. Егер бұл көмек болмаса, психоанализ қолданылады. Ал “тереңдеген неврозда” алғашқы психозды жою шаралары көмек бере алмайды, сондықтан тағы да психоанализ, гипноз, медикаментозды ем (транквилизаторлар) және әр түрлі физиотерапия әдісі қолданылады.
Психоанализдің әртүрлі әдістері бар. Олар көптеген психохологиялық мектептерде ойлап табылған. Невроздың барлық түрлерін емдеу науқастың әлеуметтік, мәдениеттік және интеллектуалдық дәрежесіне байланысты. Сонымен қатар науқастың жасы мен жынысы да маңызды роль атқарады.
Невроз немесе невротикалық бұзылыстар көптеген соматикалық, тәртіптік симптомдармен сипатталатын психоэмоциональды көрініспен байқалады. Жеңіл түрлерінде соматикалық және психикалық қызметтер қалыпты күйінде сақталады. Ал, ауыр түрлерінде бұл қызметтердің өте маңызды бұзылуларымен адамның еңбекке қаббілеттілігі жоғалуына әкеледі.
Эмоциональды бұзылыстар мен невроздық синдромды науқастарға көбіне психотерапия қолданылады. Мақсаты эмоциональды тұрақсыз адамды бақытты және тұрақты еркін жеке тұлға ретінде қалпына келтіру. Психотерапияның интенсивті түріпсихоанализ.
Онда арнайы қабылдаулар, яғни көрген түсін қорытындылау, фантазияларының интерпретациясы сияқты әдістер қолданыла. Басқа психотерапиялық әдіс топтық терапия. Онда науқастарды бір топқа біріктіріп, психотерапевт көмегімен араларында динамикалық еркін қарым қатынас орнайды. Сонымен қатар транквилизаторлар да қолданылады.
Бұл препараттардың науқасты мазалайтын үрей мен қорқынышты басатын, тыныш ұйықтау мен жұмыс жасауға әсер ететін жағымды әсерлері бар. Бірақ, бұл препараттар шектеулі уақыт ғана қолданылады, себебі көптеген жанама әсерлері болуы мүмкін. Соңғы зерттеліп, анықталған әдіс тәртіптік терапия, ол шартты рефлекстерге негізделген. Мұның оң нәтижеге жетуі науқастың физикалық релаксациясына байланысты. Науқас орындағысы келмеген тәртіптер мен нормалар шегінен шықса, бұл терапия негативті (жағымсыз) санкциялар қолданылады. ( мысалы: электрошок).
Пайда болуы. Дәстүрлі психотерапиялық тұрғыдан алатын болсақ, Фрейд жұмыстарына байланысты невроздар конфликтілердің іштегі сәйкессіздігінен туады. Бұл келіспеушіліктер ішкі қажеттіліктердің қоғамдық тәртіпқалыптылығына қарама қарсы сәйкеспеушілігі болып табылады. Осы конфликтілерді өздігінен шеше алмаған адамдар өз санасы шеңберінен шығарып тастайды.
§ Нәтижесінде бұл конфликтілер “ұмытылып” қалады. Бірақ, “ұмыт” болған психикалық процесстер, ауыр және жағымсыз еске алулар өзінің динамикалық сипаты мен потенциалын сақтап қалады. Бұл психикаға тереңдеп енген конфликтілер “жасырын іштей” ойлау, сезу және адамның тәртіптік қызметіне белсенді әсер ете бастайды.
Қорытынды Қалыпты жағдайда адамда жұмысқа қабілеттілігіне және өзінен басқа адамды ұнатуға кері әсер ететін терең психикалық конфликтілер (келіспеушіліктер) болмайды. Қайғы мен қасіретті жеңуадамның жеке тұлғалық қасиетінің арнайы образы деп саналмайды. Әрбір адамның невроздық тұлғалығы осы сипаттамалармен қалыпты жағдайдан ауытқып, пайда болған қиыншылықармен күресе алмайды.
Адамдардың қорқыныш, бос ауруы, бас айналу, терең шаршағандық асқорыту бұзылысы, жүректің жиі соғуы, ауырсыну, ентігу, ұйқысыздық сияқты соматикалық және соматикалық емес шағымдары науқас образын көрсетпейді. Бірақ, бұл белгілер өз негізінде ағза зақымданулары мен ауруларын тудырады.
Ал бұл процесстер қатты жүйкелік зорығу мен эмоциональды қажу кезінде жоғарылап, өз белгілерін көрсетеді. Өте жиі кездесетін белгісі патологиялық шаршау, ол физикалық себептер мен тынығуда қалпына келмеуі мүмкін.
зға ңы арл аз Н ет! ахм р
фзл передел.ppt