Ботулизм..ppt
- Количество слайдов: 26
АСТАНА ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ № 66 мектеп-лицейінің 9”г” сынып оқушысы Омарова Сәуле Нұрашқызы Тақырыбы: Ботулизм ауруының алдын алу және емдеу шаралары Ғ. Мүсірепов “Жақсы ойдың тууы қандай қиын болса, өлуі де оңай емес. Қиыннан туған ой ғана ұзақ жасай алады”
Бактерия жайлы мәлімет • Бактериялар— тек микроскопта ғана көрінетін аса ұсақ микробтар және олар көптеген әр алуан аурулар туғызады. Ғалым Антон Левенгук ашқан. Бактерия - бір жасушалы ағза, көбісі таяқша пішінді болып келеді. Бакреия негізінен түссіз тек кейбіреулерінде ғана аздап бояғыш заттар кездеседі. Фотосинтез құбылысы жүретін көк -жасыл қызыл түсті өкілдерін цианобактериялар деп атайды. Бактериялар – табиғатта ең көп тараған, негізінен бір клеткадан тұратын, оқшауланған ядросы жоқ, ең қарапайым организмдер тобы. Алғаш рет бактерияларды (грекше bakterіon – таяқша) 17 ғасырда голланд ғалымы, микроскопты жасаушы – Антони ван Левенгук байқаған. 19 ғасырда бактериялардың құрылысы мен табиғаттағы рөлін француз ғалымы Луи Пастер, неміс ғалымы Роберт Кох және ағылшын ғалымы Джозеф Листер зерттеді. Бактериялардың клетка құрамында тұрақты клетка қабаты, цитоплазмалық мембрана, цитоплазма, нуклеоид, рибосома болады. Ядроның қызметін дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) атқарады. Бактериялар ядросы мембрана қабығымен оқшауланбаған және онда хромотин жіптері түзілмейді.
• Бактериялар тамақ және жеңіл өнеркәсіптерінде (сүт тағамдарын әзірлеу, зығырды жібіту, т. б. ) кеңінен пайдаланылады. Бактериялық сілтісіздендіру, бактериялық шаймалау – кентастар құрамындағы бағалы кендерді (уран, мыс, алтын, т. б. ) микроорганизмдер көмегімен ерітінділеп алу әдісі. Металдарды бактериялық сілтісіздендіру арқылы бөліп алу әдісімен өндіру 16 ғасырдан белгілі болған. Бірақ ол кезде бактериялардың металдарды сілтісіздендірудегі рөлі белгісіз болды. 1947 ж. американың микробиологтары Холмер мен Хинкелл кеніш суында бұрын белгісіз Thіobacіllus T. ferrooxіdans бактериясының бар екенін анықтады және оның сульфидті минералдардың барлық түрін, күкіртті, темірді, сондай-ақ Сu+, Se 2 -, Sb 3+, U 4+ элементтерін қышқылдығы (р. Н) 1, 0 – 4, 8, температурасы 5 – 35Ә болатын ортада тотықтыра алатынын дәлелдеді.
• Фотосинтездеуші цианобактериялардың хоромотоплазмасында болатын көк фикоциан және қызыл фикоэритрин пигменттері қызыл балдырлардың хроматофорларында да болады. Бұл жағдай бактериялар, цианобактериялар және қызыл балдырлардың ата-тегі болатын организмдердің өте ертеде тіршілік еткендігіне дәлел бола алады.
Бактериялардың құрылысы, көбеюі, тіршілігі және қоректенуі • Құрылысы: Бактериялардың клетка құрамында тұрақты клетка қабаты, цитоплазмалық мембрана, цитоплазма, нуклеоид, рибосома болады. Ядроның қызметін дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) атқарады. Бактериялар ядросы мембрана қабығымен оқшауланбаған және онда хромотин жіптері түзілмейді. Бактериялар қарапайым бөліну арқылы көбейеді. Мысалы, 1 г қара топырақта 2 – 3 млрд. бактериялар, 1 г құмды топырақта 150 мың бактериялар, адам көп жиналған бөлме ауасының 1 м 3 -інде он мыңдай бактериялар тіршілік етеді. Олардың пішіндері әр түрлі: шар тәрізділерін – кокк, қосарланғандарын – диплококк, таяқша тәрізділерін – бациллалар, үтір тәрізділерін – вибриондар, таға тәрізділерін терроидтар, жүзім тәрізді шоғырланғандарын – стафилококтар деп атайды. Бактериялардың ұзындығы 1 – 20 мкм, ені 0, 1 – 10 мкм, ал жіп тәрізділерінің ұзындығы 50 – 100 мкм-ге жетеді. Құрылысы: Бактериялардың клетка құрамында тұрақты клетка қабаты, цитоплазмалық мембрана, цитоплазма, нуклеоид, рибосома болады.
• Ядроның қызметін дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) атқарады. Бактериялар • ядросы мембрана қабығымен оқшауланбаған және онда хромотин жіптері түзілмейді. Бактериялар қарапайым бөліну арқылы көбейеді. Мысалы, 1 г қара топырақта 2 – 3 млрд. бактериялар, 1 г құмды топырақта 150 мың бактериялар, адам көп жиналған бөлме ауасының 1 м 3 -інде он мыңдай бактериялар тіршілік етеді. Олардың пішіндері әр түрлі: шар тәрізділерін – кокк, қосарланғандарын – диплококк, таяқша тәрізділерін – бациллалар, үтір тәрізділерін – вибриондар, таға тәрізділерін терроидтар, жүзім тәрізді шоғырланғандарын – стафилококтар деп атайды. Бактериялардың ұзындығы 1 – 20 мкм, ені 0, 1 – 10 мкм, ал жіп тәрізділерінің ұзындығы 50 – 100 мкм-ге жетеді. Бактерия клеткаларының көпшілігі тіркесе келіп немесе бөлініп жаңа пайда болған клеткалар ажырап кетпей ұзын тізьекке айналады. Иненің жасаушысындай өте ұсақ жемістік денелер түзеді. Олардың құрамында бір миллиондай бактерия клеткалары болады. Орасан көп бактериялар топтала келіп, қаймақталып шіри бастаған заттар, лас сулардың, бұзылған тағамдардың бетінде кілегей қабат түзеді.
• Тіршілігі: Қолайсыз жағдай туғанда сырты қалың қабықпен қапталып спора түзеді. Бактериялар өте төменгі температурада ([[– 190ӘС-та, ал споралары – 253 С-та]]) тіршілік ете береді. Оларды өте жоғары температурада (+100ӘС-та) кептіргенде, кейбір түрлері (мысалы, гонококтар) тіршілігін тез жойса, дизентерия таяқшалары жеті тәулік, дифтериянікі отыз тәулік, туберкулездікі тоқсан тәулік, ал түйнеменің бациллалары он жылға дейін тіршілігін жоймайды. Бактерияларды ультракүлгін сәулелері ерітіп жібереді. Қышқылды, қантты, тұзды ортада тіршілік ете алмайды. Бактериялардың көпшілігі зиянсыз, ал зиянды түрлері көптеген жұқпалы аурулар (туберкулез, тырысқақ, көкжөтел, т. б. ) тудырады.
• Қоректенуі: Бактериялардың кейбір түрлерінде Ұцианобактериялар, жасыл күкіртті бактерияларҚ хлорофилл «а» пигменті болғандықтан фотосинтез құбылысы жүреді. Жасыл күкіртті бактерияларда күкірт фотосинтез кезіндегі судың қызметін атқарады. Сонда СО²+H²S қосылып, жарық энергиясы қатысымен пигментте реакция жүреді(CH²)+H²S+2 S. осы түзілген органикалық затпен бактерияның өзі автотрофтықоректенеді. Қоректенуге жұмсалғанымен басқа гетеротрофты қоректенетін бактериялар қоректеніп шірітіп, топыраққа айналдырады. Күкіртті дайын күйінде адаморганизмі тек мал етінен алады. Енді осы күкірттің табиғаттағы айналымын қарастырайық. Хемоавтотрофты бактериялар күкіртті сульфаттарға дейін тотықтырып, өсімдіктердің тамыры арқылы сіңуіне қолайлы күйге келтіреді. Өсімдік клеткаларында сульфаттардың құрамындағы күкірт белокпен қосылады. Біразы шөппен қоректенуші жайылымдық жануарлардың организміне өтеді.
• Мал етімен адам организміне өтеді. Өсімдіктер шірігенде белок • ыдырап, құрамында күкірті бар аминқышқылдары түзіледі де, олар бактериялардың қатысуымен күкіртті сутегі (H²S)түзіп ыдырайды. Одан біртіндеп күкірт бөлініп шығады. Хемоавтотрофты бактериялар күкіртті сульфаттарға дейін тотықтырып, өсімдіктердің тамыры арқылы сіңуіне қолайлы күйге келтіреді. Өсімдік клеткаларында сульфаттардың құрамындағы күкірт белокпен қосылады. Біразы шөппен қоректенуші жайылымдық жануарлардың организміне өтеді. Мал етімен адам организміне өтеді. Өсімдіктер шірігенде белок ыдырап, құрамында күкірті бар аминқышқылдары түзіледі де, олар бактериялардың қатысуымен күкіртті сутегі (H²S)түзіп ыдырайды. Одан біртіндеп күкірт бөлініп шығады.
• Бактериялардың көпшілігі гетеротрофты жолмен қоректенеді. Себебі ондай бактериялар • басқа бактериялар сияқты бейорганикалық заттардан органикалық заттар түзе алмайды. Сондықтан олар көбіне өлі органикалық заттармен қорктенеді де саңырауқұлақтардың кейбір түрлерімен қосылып, оларды шірітіп топыраққа айналдырады. Бұл түрін сапрофитті қоректенушілер деп, тірі организмдердің клеткасы қабығымен және протопластымен (тірі органикалық заттар) қоректенсе паразиттер деп атайды. Кейбір бактериялар басқа тірі организмдермен бір-біріне пайда келтіріп, селбесіп симбионтты да тіршілік етеді. Сапрофитті қоректену кезінде саңырауқұлақтар кейбір түрлері мен бактериялары өсімдік, жануарлар, саңырауқұлақтар қалдықтарындағы органикалық заттарды(целлюлоза, крахмал, қант, бело, май)ыдыратып топырақ түзеді, әрі атмосфераға CO² бөледі. Атмосфера құрамындағы 90% CO² осы жолмен пайда болады. Белоктарды аминқышқылдарына дейін ыдыратады. Аминқышқылдарды аммоний иондарын (NH 4+) бөледі. Nitrosomonas бактерияларының түрлері аммонид (NO 2 -) айналдырады. Nitrobacter бактериялары нитриттерді тотықтырып нитраттарға (NO 3 -)айналдырады.
Ботулизм ауруының белгілері:
Емдеу принцптері мен сақтану жолдары • Ботулизмді емдеу принциптері. Уланудың алғашқы уақытында • асқазанды шаю, іш өткізу, абсорбенттер ішкізу. Ең басты ем ботулотоксинге қарсы поливалентті сары суды Безредко тәсілімен бұлшықетке немесе көк тамырға енгізу. Поливалентті сары су ботулотоксин түрі анықталғанша ғана қолданылады. Анықталғаннан кейі сәйкес сары су енгізіледі. Негізгі емге қосымша дезинтоксикациялық, антибактериалды, патогенетикалық, симптоматикалық емдер қолданылады. Патогенетикалық терапия Мұрын-асқазан зондын пайдалапып, 5 -6 литр сумен асказанды жуу. Бұл аурудың басталған күніне қарамай жасалынуы тиіс, тазалау клизмасы, парентералдык дезинтоксикация 2, 0 -3, 0 литр/тэул. , диурез/п тексере отырып. В|, В(, витаминдер1 парентералдык енпзу аркылы - 14 кун. Прозерин - 1 -2 мл/тэул. б/ішіне - 10 күн. Оксигендж терапия.
• • • Алдын-алу шаралары. -Ботулизмнің алдын-алу шаралары қоздырғыштың шикізатқа түсуінен қорғауға, дұрыс жылумен өңдеуге (стерилизация), дайын консервіленген өнімде қоздырғыштың көбеюі мен уыт бөлуін ескертуге бағытталу керек. - Айқын бұзылыс көріністері бар банкідегі сұйықтың лайлануы, қақпағының көтерілуі, қақпағын ашқан кезде өнім бетінің көгеру көріністері бар консервілерді тағамдық мақсатта қолдануға болмайды. - Көшеде, кездейсоқ жерлерде сатылатын консервіленген банкідегі өнімдердісатып алға болмайды. - Бұзыла бастаған лас, пісіп кеткен жеміс-жидектерді консервілеуге, қалбырлауға пайдаланбаңыздар. - Саңырауқұлақтарды тұздау және маринадтау жұмыстарын беті ашық ыдыстарда жасауға болады, маринадталған ыдыстардың бетін дәкемен жауып қоюға болады, өйткені ауа жоқ жерде ботулин уыты өнбейді. - Үй жағдайында консервіленген маринадталған көкөніс пен жеміс жидектерді 0 - +16 градус Цельсийде сақтаған жағдайда 1 жылдан артық сақтауға болмайды. - Тұз, қант және қышқылдық рецепте ұсынылған дәрежелерін қолдану, олар токсиннің жиналуына қарсы әсер етеді. - Үй консервілерін және қолдан жасалған ет, балық өнімдерін даладан, базардан сатып алуда абай болу керек.
• Профилактикасы. тағамды өңдеу, тасмалдау, сақтау барысында санитарлық, гигиеналық талаптарды қатаң сақтауға байланысты. Ерекше технологиялық, сонитарлық назарда консервілеу, кәсіпорында тағамды стерильдеу, бактериологиялық бақлау, техникалық жабдықтардың дұрыс жұмыс істеуі т. б. ұсталады. Дайын өнімдерді тұтынушыларға жеткізу жүйесі- тасмалдау, сақтау ережелерін қатаң сақтауы қажет. Балық өнімдерін өндіру, кәсіпорындары балықты өңдеу тәртібін, тұздауды сақтау керек.
Ботулизмге зертханалық диагноз қою критерийлері • Лабораториялық диагностикасы • Лабораторияға қажетті құрал-жабдықтар: күдікті тағам, • • • микроскоп, қол және тұтқалы әйнектер (лупа), тамызғы (пипетка), сапты ине, қысқыш (пинцет) зат және жабын шынылар. Зерттеу ботулотоксинді, оның типін анықтау және CI. Botulinumді көру мақсатында жүргізіледі. Жұмыс барысы Мерзімі өткен консервіленген тағамның бетінен сапты иненің көмегімен заттық шыныға бір тамшы су тамызып, бетіне күдікті тағамды қойып, жабын әйнекпен жауып препарат дайындап алдық және оны микроскоппен 500 -600 есе үлкейтіп қарағанда, шеттері дөңгелектенген үлкен полиморфты таяқшалар, кейде қысқарған вормалары да болады, ретсіз орналасқан CI. Botulinum-ді көрдік.
• Үстіміздегі жылдың өткен мерзімінде облыс бойынша топтық тағамнан уланудың 1 жағдайы тіркеліп, нәтижесінде 8 адам зардап шекті, соның ішінде бір адам қайтыс болды. Ауырғандар 2010 жылдың 15 қаңтарында үй жағдайындалған консервіленген баклажан икрасын жеген. Аталған тағамды туысқандары Өзбекстаннан беріп жіберген. Ботулизмнің алдын-алу мақсатында, облыс халқының назарын келесі мәселелерге аударғымыз келеді: - көшеден үй жағдайындалған консервіленген, қақталған тағамдарды сатып алмаңыздар; - консервіленген тағамдарды жеудің алдында оның сақталу мерзіміне, сатылу мерзіміне және қақпақтың көтерілуінің «бомбаждың» баржоқтығына назар аударыңыздар; - көкөністерді, жемістерді және саңырауқұлақтарды консервілеу кезінде оларды мұқият жуып, термиялық өңдеуден өткізу және зарарсыздандыру тәртібін міндетті түрде сақтау қажет; - тағамнан улануға күдіктенген кезде тез арада тиісті ем алу үшін дәрігерге қаралу керек, өз бетінше емделуге болмайды.
Ботулизм..ppt