
Презентация Microsoft Office PowerPoint.pptx
- Количество слайдов: 15
АСАН МЕЙРІМЖАН Қазақстанның қаржы нарығына теңгенің еркін бағамының әсері АСАН МЕЙРІМЖАН
: "Біздің маңызды міндетіміз – қаржы жүйесін жылдам тұрақтандыру, оны жаңа жаһандық нақты ахуалға сәйкестендіру. Біріншіден, қаржы секторының теңгенің еркін бағамы жағдайында тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Мұндағы қағидатты сәт сол, Ұлттық валютаның бағамына Ұлттық қор қаржылары есебінен шексіз қолдау көрсету тәжірибесіне қайта оралу болмайды. Ұлттық банк секторының барлық субъектілеріне жұмыс істемейтін несиелер бойынша стресс-тестілеу жүргізуі қажет. Оның нәтижелері бойынша оларды мойындау және есептен шығару жөнінде шаралар қабылдау керек. Капиталдандыру проблемаларын шеше алмаған банктер қаржы жүйесінен "кетуі" тиіс. Қазақстандық банктер барлық халықаралық стандарттарға, соның ішінде, Базель комитеті мен Халықаралық валюта қорының стандарттарына сәйкес келуі қажет. «Долларсыздандыру» құралдарын кеңейту арқылы ұлттық валютаға деген сенімді нығайтуға қол жеткізудің маңызы зор“ Н. Ә. Назарбаев
Ақша (ағылш. money; cash; нем. Geldn, Geldmittelpi) — жалпыға бірдей балама ретінде барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар. Ал барлық тауар өндірушілер, сатушылар, тұтынушылар арасындағы экономикалық байланысты қаматамасыз етеді
ақша айналысының факторларына:
Ақшалай емес факторларға:
Қаржы айналымын
6 кесте- ҚР 2016 жылғы теңгенің нақты айырбастау бағамы индексінің өзгеруі Валюта 2016 жыл қаңтар –ақпан 1 қаңтар-2016 жылғы ақпан Ресей рубліне 2, 1%-ға нығаю 0, 1%-ға нығаю АҚШ долларына 8, 2%-ға әлсіреу 47, 3%-ға әлсіреу Еуроға 9, 9%-ға әлсіреу 33, 9%-ға әлсіреу Қытай юаніне 7, 9%-ға әлсіреу 44, 8%-ға әлсіреу Белорусь рубліне 4, 0% ға нығаю 9, 8%-ға әлсіреу Қырғыз сомына 2, 6%-ға әлсіреу 28, 5%-ға әлсіреу
Зерттеулер нәтижесінде анықтағанымыз 2016 жылғы наурызда Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері ұлғайды. Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері 851, 3 млн. АҚШ долларға немесе 3, 1%-ға өсті. Бұл ретте шетел валютасындағы таза активтер 754, 8 млн. АҚШ долларына, ал алтындағы активтер бағасының 0, 04%-ға аздап төмендеуі жағдайында жүргізілген операциялар нәтижесінде 103, 1 млн. АҚШ долларына ұлғайды. Сонымен, 2016 жылғы наурыздағы халықаралық резервтер және ақша базасы 2016 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша алдын ала бағалауға сәйкес халықаралық резервтер (Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін қоспағанда) және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша базасы мынаны құрады,
7 кесте- ҚР ҰБ 2016 жылдың наурыз айындағы ақша базасы № р/р Көрсеткіштер Көлемі, ағымдағы бағамен 28496, 0 1 Жалпы халықаралық резервтер, млн АҚШ доллары 2 Таза халықаралық резервтер, млн АҚШ доллары: оның ішінде: а) ЕАВ-дағы таза активтер ә) алтын б) ақша базасы, млрд. теңге в) ЕДБ-ның ҚР ҰБ-дағы мерзімді депозиттері г) KZD/USD кезең соңында 27606, 6 18550, 2 9056, 4 4993, 2 820, 1 343, 62 3 Алтынның бағасы (1 трой унциясы үшін USD) 1233, 6
Инфляцияны таргеттеудің басымдықтары Қазақстанда инфляциялық таргеттеуді таңдау ұлттық экономиканың ерекшеліктеріне байланысты болды, ол шағын, ашық экспортқа бағдарланған болып жіктеледі. Инфляциялық таргеттеу басымдықтарының оның кемшіліктерінен асып түсуі, сондай-ақ осы режімді қолданудың кемшіліктерін, оның ішінде макропруденциялық реттеу шаралары арқылы басу мүмкіндігі оны Қазақстанда енгізу үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Инфляцияны төмендетуге және оны төмен деңгейде тұрақтандыруға нақты бағдарлану нәтижесінде ұзақмерзімді перспективада тұрақты экономикалық өрлеуге ықпал ететін болады.
Қазақстанда инфляциялық таргеттеуді таңдау ұлттық экономиканың ерекшеліктеріне байланысты болды, ол шағын, ашық экспортқа бағдарланған болып жіктеледі. Инфляциялық таргеттеу басымдықтарының оның кемшіліктерінен асып түсуі, сондай-ақ осы режімді қолданудың кемшіліктерін, оның ішінде макропруденциялық реттеу шаралары арқылы басу мүмкіндігі оны Қазақстанда енгізу үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Инфляцияны төмендетуге және оны төмен деңгейде тұрақтандыруға нақты бағдарлану нәтижесінде ұзақмерзімді перспективада тұрақты экономикалық өрлеуге ықпал ететін болады.
3. 2 Теңгені тұрақтандырудың тетіктерін жетілдіру Ақша- кредит саясаты бойынша стратегиялық шешімдерді жетілдіруәдеттегідей орталық банктердің басқармалары қабылдайды, ал пайыздық мөлшерлемелер бойынша шешімді ақша-кредит саясаты жөніндегі комитет қабылдайды. Ақша-кредит саясаты жөніндегі жекелеген шешімдер қабылданады: - кредит саясаты саласында шешімдерді осы сала сарапшыларының қабылдауына өкілеттік беруді білдіреді. Кейбір елдерде (Ұлыбритания) Ақша - кредит саясаты жөніндегі комитеттің мүшелеріне заңнамалық деңгейде ақша - кредит саясаты саласындағы тәжірибесі мен біліміне қатысты нақты талаптар қойылады. Басқа елдерде (Армения, Филиппин) ақша -кредит саясаты жөніндегі комитет немесе техникалық сарапшылардың консультативтік комитеті басқармаға ұсынымдар береді, ол ақша-кредит саясаты саласында шешімдер қабылдауға ресми жауапты болады.
Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитет белгілеген стратегия шеңберінде жедел шешімдер қабылдау үшін Ақша нарығы жөніндегі комитет құрылатын болады. Аталған Комитеттің құзыретіне мынадай мәселелер кіретін болады: 1) банк секторының өтімділігін бағалау; 2) ішкі және сыртқы қаржы нарықтарында орын алған ахуалды талдау; 3) ақша және валюта нарықтарындағы операциялардың көлемдерін айқындау; 4) ақша-кредит саясаты құралдарының тізбесін, сондай-ақ көрсетілген құралдар бойынша кепілдегі активтердің тізбесін белгілеу және бекіту кіреді.
ҚОРЫТЫНДЫ Магистрлік диссертацияда Қазақстанның қаржы нарығына теңгенің еркін бағамының әсері тұрақтандыруға байланысты жүргізілген зерттеу мынадай тұжырымдар мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді: біріншіден, банктердің меншікті капиталдарының жеткіліктігі коэффициенттерін кемінде екі есеге көтеру; екіншіден, капитал деңгейін ұлғайту мақсатында шығарылатын акциялардың орналастырылуына мемлекет тарапынан қолдаулар көрсету; үшіншіден, капиталы өте төмен банктердің өзара бірігуі немесе қайта ұйымдастырылуы шараларын қарастыру.
Назаларыңызға Рахмет
Презентация Microsoft Office PowerPoint.pptx