As__1179_orytu_a_1171_za_aurulary.ppt
- Количество слайдов: 83
АС ҚОРЫТУ АҒЗАЛАРЫНЫҢ АУРУЛАРЫ Дәрісті құрастырған: м. ғ. к. Серікбай М. Қ.
Дәріс жоспары: Эзофагиттер. Өңеш дивертикулы. Жедел және созылмалы гастриттер. Асқазан және он екі елі ішектің ойық жара ауруы. Жедел аппендицит. Ішек аурулары. Асқазан рагы. Бауыр мен ұйқы безінің аурулары Анықтамасы, патологиялық анатомиясы, әр түрінің морфологиясы, асқынулары
АС ҚОРЫТУ АҒЗАЛАРЫ
Эзофагит – өңештің қабынуы. Клинико-морфологиялық түрлері: - Фибринозды - Флегмонозды - Жаралы - Гангренозды - Жарғақты § Рефлюкс эзофагит – асқазан сөлінің өңеш қуысына өтуінен дамитын, өңештің жаралы және эрозиялы қабынуы.
Рефлюкс эзофагит
Эзофагит
Дивертикул § Шынайы дивертикул өңеш қабырғасының барлық қабатының шектелген бұлтиюі. § Жалған дивертикул – бұлшықет қабатының жырығынан шырышты және шырыш асты қабаттарының бұлтиюі. § Патогенезі бойынша: Тракционды – сыртынан тарылуына байланысты (дәнекер тінмен) Пульсионды - өңеш қабырғасына іштен жоғары қысымның түсуінен Релаксациялық (өңеш қабырғасының ошақты босаңсуы)
Дивертикул жіктелуі Орналасуына байланысты: Жоғары, ортаңғы, төменгі 1/3 бөлігінде Тұқым қуалаушық белгілеріне байланысты: - Туа пайда болған (өңеш қабырғасының толық жетілмеуі) - Жүре пайда болған (қабыну, склероз, тыртық) Дивертикулдың қабынуы – дивертикулит деп аталады.
Гастрит – асқазан шырышты қабатының қабынуы § Этиологиясы: § Экзо- и эндогенді факторлар: § хеликобактер § дәрілік § химиялық § уремия § тағам, психоэмоционалді, § физикалық,
Гастриттің жіктелуі: § Орналасуына қарай: диффузды және ошақты § Ағымына қарай: жедел, созылмалы § Топографиясына қарай: фундальді, антральді, пилородуоденальді § Қабыну сипатына байланысты: катаралді (жай), фибринозды, іріңді (флегмонозды), некрозды (коррозиялы).
Жедел гастриттің морфологиясы § Макро. өзгерістері: Шырышты қабаты қалыңдаған, қан толған, қатпарлары кеңейген. Бетінде қою шырышты сұйықтық және ошақты қан құйылулар мен эрозиялар. § Микро өзгерістері: Дистрофия, некробиоз, эпителидің сыдырылуы, ісіну, қанға толуы, лейкоциттердің сіңбеленуі.
Эрозия – эпителидің беткей дефекті. § Эрозивті гастрит – қабынудың эрозиямен бірге жүруі. § Фибринозды гастрит – макро. көрінісінде – шырышты қабатта сары-қоңыр түсті фибринозды жабындының болуы. § Крупозды – шырышты қабаттың фибрин және лейкоцит сіңбелерімен дамитын беткей некрозы - Дифтериттік – шырышты қабаттың фибрин және лейкоцит сіңбелерімен дамитын терең некрозы
Жедел гастриттің асқынулары - Перигастрит - Перфорация - Перитонит Нәтижесі: 1) қолайлы - сауығуы 2) Созылмалы гастритке ауысуы
Созылмалы гастрит этиологиясы: Экзо және эндогенді факторлар: аутоинфекция, хеликобактер Нейроэндокринді бұзылыстар Созылмалы жүрек-қан тамырлар жетіспеушілігі, аллергия Патогенезі: Аутоиммунды А гастритте асқазанның фундалді бөлігінің париеталді жасушаларына антиденелер түзіледі, тұз қышқылының мөлшері төмендейді
Созылмалы гастриттің морфологиясы § Макро. өзгерістері созылмалы гастрит кезінде – шырышты қабаты аспидті-сұр түсті қоймалжың шырышпен жабылған, гипертрофияланған, көбіне атрофиялық өзгерістері дамиды § Микро. өзгерістері эпителий қабатының дистрофиясы, негізгі жасушалардың азаюы, гистиолимфоцитарлы сіңбелер, склероз. Шырышты қабаты ісінген, лимфоцит және плазмоциттермен сіңбеленген.
Созылмалы атрофиялық гастрит - Шырышты қабаттың және бездерінің атрофиясы - Мукоидизация - Пепсин мен тұз қышқылының секрециясы бұзылған - Эпителидің қайта құрылуы – бокал тәрізді жасушалардың, Панет жасушаларының метаплазиясы (ішектік). Эпителидің дисплазиясы
Атрофиялық гастрит
Гипертрофиялық гастрит Менетрие ауру Макроскопиялық өзгерістері - Шырышты қабаттың қалыңдауы «тас төселген көшедей» көрінуі Микроскопиялық өзгерістері - Бездер гипертрофиясы - Асқазан шырышты қабатының қалыңдауы - Қабыну сіңбелері
Гипертрофиялық гастрит
Созылмалы гастриттердің жіктелуі (Сидней жіктелуі бойынша): 1. Атрофиялық гастрит 2. Атрофиялық емес гастрит 3. Гастриттің ерекше түрлері (аутоиммунды, рефлюкс гастрит, гипертрофиялық гастропатия)
Ойық жара ауруы Он екі елі ішектің және асқазанның қайталамалы жарасымен сипатталатын, созылмалы кезеңдік сырқат. § Этиологиясы: § Стрестік жағдайлар, психоэмоционалді ауыртпалықтар, неврогенді, алиментарлы факторлар, зиянды әдеттер - Тұқымқуалаушы (тұқымқуалаушыконституциялық фактор) - Инфекциялық агент – Compylobacter pyloridis, дуоденумде 90%, асқазанда 70 -80% кездеседі.
Симптомдық жаралар § Басқа аурулар кезіндегі екіншілік дамиды: - Эндокринді (Эллисон-Золлингер синдромы) - Гипоксиялық (дисциркуляторлыгипоксиялық жаралар) – қан айналым бұзылыстары кезінде - Токсиндік, Аллергиялық - Арнайы қабыну аурулары - Операциядан кейінгі пепсиндік жаралар
Патологиялық анатомиясы § Созылмалы ойық жара біреу, сирек жағдайда бірнешеу болады. Жара асқазан қабырғасының әртүрлі тереңдігіне сірлі қабатына дейін енеді. Макроскопиялық өзгерістер: - Жараның түбі тегіс, кейде кедір-бұдыр - Асқазанның шырышты қабаты жара дефектін валик тәрізді көтеріліп қоршап тұрады. Каллезді жара кезінде жараның қырлары тығыз сүйелденген
Асқазанның ойық жарасы
Ойық жараның өршу кезіндегі микроскопиялық өзгерістері 1)Жараның түбінде - некроз және фибринозды іріңді экссудаттың болуы 2)Қан тамыр қабырғасының фибриноидты некрозы және тромбозы 3) Грануляциялық тіннің болуы 4) Жетілген дәнекер тіннің болуы - Ремиссия сатысында 1) Шырышты қабатының гиперплазиясы 2) Асқазанның шырышты және бұлшық ет қабаттарының тығыз тыртық тінімен алмасуы 3) Қан тамырлар склерозы
Созылмалы жараның түбі. Қан тамырларының фибриноидты некрозы(а), фибринді экссудат(б) а б
Он екі елі ішектің ойық жарасы Орналасуы: бульбарлы бөлігінде - Алдыңғы және артқы қабырғаларында «сүйіскен жаралар» Асқынулары: 1. Жаралы-деструктивті (қан кету, тесілу, пенетрация) 2. Қабынулы (гастрит, дуоденит, перигастрит) 3. Жаралы тыртықты (деформациясы және тарылуы) 4. Малигнизациясы
Асқазан рагы Рак алды үрдістерге атрофиялық гастрит, асқазан полипі, асқазан жарасы жатады Жіктелуі: топографиясына қарай: - Пилорикалық бөлігінде - Кіші иірімінде - Кардиальді - Үлкен иірімде - Фундальді бөлігінде - Тотальді
Рак өсу түріне байланысты: I. Экзофитті экспансивті - Табақша тәрізді - Полип тәрізді - фунгозды Жараланған рак: біріншілік-жаралы рак, табақша тәрізді рак. II. Эндофитті инфильтрациялы өсу 1)Инфильтрациялық жаралы 2)Диффузды III. Аралас
Ас қазанның аденокарциномасы
Ас қазанның шырышты рагы
Аппендицит құрт тәрізді өсіндінің қабынуы. Этиологиясы: энтерогенді аутоинфекция, ішек таяқшасы, энтерококк. Жедел аппендициттің түрлері: 1)Жай 2)Беткей 3)Деструктивті: - флегмонозды - апостематозды - Флегмонозды-жаралы - Гангренозды (біріншілік, екіншілік)
Аппендициттің асқынулары - Периаппендицит Өсіндінің эмпиемасы Өсіндінің перфорациясы Аппендикулярлы инфильтрат Перитонит Шажырқайдың қан тамырларының іріңді тромбофлебиті - Пилефлебиттік абсцестер
Ішек аурулары: § Ішектердің қабынуы - энтерит, колит, энтероколит § Ішек энтеропатиялары: тұқымқуалаушы немесе жүре пайда болған ферментті бұзылыстар (ішек ферментопатиялары) - Уиппл ауруы – аш ішектің сіңірілуінің бұзылыстарымен жүретін созылмалы сырқаты. т. б.
Ішек аурулары: § Стеноз – ішек түтікшесінің тарылуы § Пилоростеноз –пилородуоденалді аймақтың стенозы § Меккель дивертикулы – омфоломезентериалді өзектің сақталуы § Гиршпрунг ауруы – тоқ ішектің бұлшық ет асты нерв ганглилерінің болмауы (мегаколон) § Аноректалді атрезиялары мен стеноздары, жыланкөздердің түзілуі
Бауыр және өт жолдары аурулары § Бауыр аурулары: туа пайда болған, жүре пайда болған және біріншілік, екіншілік болып бөлінеді. § Этиологиясы: - Инфекциялық - Уланудан кейінгі - Қан айналым бұзылыстарынан - Дұрыс тамақтанбағаннан - Зат алмасудың бұзылыстарынан
Морфологиялық сипатына байланысты бауыр ауруларының жіктелуі 1. Қабынулы үрдістер – гепатиттер 2. Дистрофия мен некроздың басым болуы – гепатоздар 3. Дисрегенераторлы үрдістер – цирроздар 4. Бауыр ісіктері
Гепатит – бауыр тінінің қабынуы - Ағымына қарай: жедел, жеделдеу, созылмалы; - дамуына қарай: біріншілік, екіншілік - Қабынудың түріне қарай: серозды, іріңді, продуктивті Этиологиясы: гепатотропты вирустар –вирусты гепатит алкоголь –алкогольді гепатит дәрі-дәрмектер - медикаментозды
Вирусты гепатиттер § Клиникалық-морфологиялық көріністері ұқсас, жұғуы жоғары жұқпалы ауруына жатады. § А вирусты гепатиті – алиментарлы § В вирусты гепатиті – парентералді § Д вирусты гепатиті (дельта гепатит) § С гепатиті – қан құюдан кейін дамиды ж. т. б
Вирусты гепатиттердің морфологиялық түрлері 1)Жедел кезеңді (сарғаюлы) 2)Сарғаюсыз 3)Қатерлі (некрозды) 4)Холестаздық 5)Созылмалы
Вирусты гепатиттер Макро. өзгерістері: бауыр үлкейген, қыры доғалданған, беті жұмыр, кесіп қарағанда қызыл түсті, бөлікке бөлінуі айқын емес Микро. өзгерістері: бағаналық құрылысының бұзылуы, гепатоциттердің гидропиялық дистрофиясы. Гепатоциттер цитоплазмасы - гомогенді ацидофилді, ядросы – пикнозды (эозинофильді Каунсильмен денешіктері) - Купфер жасушалары пролиферациясы
Холестаздық түрі § Майда өт капиллярларының қабынуы, сарғаю ұзақ сақталады Макро. өзгерістері: Бауырдың көлемі үлкейген, бөліктік суреті сақталған, кесіндісінде жасыл түске боялған Микро. өзгерістері: гепатоциттердің гидропиялық, баллонды дистрофиясы, Каунсильмен денешіктерінің болуы, өт капиллярлары кеңейген, өтке толған, гепатоциттерде өт пигменті көрінеді,
Қатерлі вирусты гепатит , некрозды түрі
Созылмалы вирусты гепатит § Бауыр паренхимасының деструкциясымен, стромасының қабынулы сіңбелерімен, склерозы және бауыр жасушаларының регенерациясымен сипатталады. § Түрлері: § созылмалы белсенді гепатит § персистенциялық гепатит.
Бауырдың порто-ковальді некрозы
Алкоголді гепатит Бауырдың алкогольдің зақымдаушы әсерінен пайда болған жедел және созылмалы қабынуы. Этанол гепатотропты әсер көрсетіп бауыр тінінде некроз тудырады. Макро: Бауыр тығыз, тіні қызыл түсті, тыртықты ошақтар көрінеді Микро: Гепатоциттердің майлы дистрофиясы, некрозы, цитоплазмасында алкоголді гиалин (Маллори денешіктері) көрінеді. Перипорталді жолдардың лейкоциттер мен лимфоциттердің сіңбеленуі.
Алкоголді гепатит. Гепатоциттердің ірі тамшылы майлы дистрофиясы
Алкоголді гепатит. Маллори денешіктері (а) а
Алкоголді порталді цирроз
Гепатоздар – бұл гепатоциттердің дистрофиясы және некрозымен сипатталатын сырқаттар жиынтығы. Туа пайда болған және жүре пайда болған деп бөлінеді Жедел жүре пайда болған гепатоз – бауырдың массивті үдемелі некрозы. Себептері: - Экзогенді факторлар - саңырауқұлақтар, тағамдық токсиндер, гепатотропты улар - Эндогенді – жүктілік токсикозы, тиреотоксикоз
1 ші апта (сары дистрофия сатысы): макро: бауыр үлкейген, сары түсті, болбыр, қыры доғалданған, кесіндісінде сары түсті. - Микро: гепатоциттер ошақты некрозы, ірі тамшылы майлы дистрофиясы - 3 ші апта (қызыл дистрофия) макро: бауыр кішірейген, тығыз, қырлары үшкірленген, кесіндісінде қызыл түсті. - Микро: ретикулярлы строманың жалаңаштануы, некроз ошақтары, қан құйылулар, синусоидтар қанға толған
Майлы гепатоз § Гепатоциттерде майда және ірі тамшылы нейтральді майлардың жиналуымен жүретін созылмалы ауру § Этиологиясы - Улы әсерлер: алкоголь, дәрілік заттар - Зат алмасудың бұзылыстары: қант диабеті - Тамақтанудың бұзылыстары: майдың жеткіліксіз немесе артық түсуі
Патологиялық анатомиясы Макроскопиялық өзгерістері: бауыр болбыр, үлкен, сары, беті тегіс. Кесіндісінде сары түсті. Микроскопиялық өзгерістері: гепатоциттердің шаң тәрізді, майда және ірі тамшылы дистрофиясы. Некроз ошақтары, жасушадан тыс майлы кисталар, аймақтық және диффузды семіру.
Бауыр циррозы § Бауыр тінінің тыртықты бүрісуі және құрылымдық өзгерістеріне байланысты бауыр жетіспеушілігімен сипатталатын созылмалы сырқат § Этиологиясы: - Инфекциялар - Улы – аллергиялық себептер - Биллиарлы - Алиментарлы. Циркулярлы. Криптогенді
Бауыр цирроздарының жіктелуі: - Макроскопиялық сипаты бойынша: септалді, майда түйінді, ірі түйінді - Клинико-морфологиялық түрі бойынша: некроздан кейінгі, порталді, биллиарлы (біріншілік, екіншілік), аралас Бауыр циррозы кезіндегі бауырдан тыс өзгерістерге: Сарғаю , Геморрагиялық синдром, Қақпа венасының склерозы
Патологиялық анатомиясы - Гепатоциттердің дистрофиясы мен некрозы - Дұрыс емес регенерация - Диффузды склероз - Ағзаның құрылымдық өзгерістері - Ағзаның деформациясы Макроскопиялық өзгерістері: бауырдың көлемі кішірейген, беті тегіс емес, майда және ірі бұдырлы, қыры үшкірленген, кесіндісінде паренхимасы дінекер тінмен бөліктерге бөлінген.
Бауырдың майда түйінді циррозы
Бауырдың септалді циррозы
Порталді циррозы
Биллиарлы цирроз § Вирусты гепатиттен кейін, бауыр ішілік өт жолдарының қабынуы, бауырдан тыс өт жолдарының обструкциясы және т. б) § Макроскопиялық өзгерістері: кесіндісінде жасыл түсті, холестаз белгілерімен майда түйінді цирроз дамиды
Бауыр рагы жіктелуі: - Макроскопиялық түрлері: түйінді, массивті, диффузды - Гистологиялық варинттары: гепатоцеллюлярлы рак, холангиоцеллюлярлы, аралас, гепатобластома Метастаздары: іш пердеге, өкпеге, сүйекке Метастаз ошақтарының ерекшелігі жасыл түсті Асқынуы: кахексия, қан құйылу, гепатаргия.
Гепатоцеллюлярлы рак
Өт қапшығының сырқаттары: Қабыну, тастың түзілуі, ісіктер. Өт қапшығының қабынуын холецистит деп атайды (жедел, созылмалы). Жедел холецистит: фибринозды, іріңді. Асқынулары: перфорациясы, өттік перитонит, қапшық эмпиемасы, іріңді холангит, холангиолит, перихолецистит Созылмалы холецистит: шырышты қабатының атрофиясы, склерозы, гистиолимфоцитарлы инфильтрациясы.
Өт тас ауруы § Өт қапшығының тастары өт тас ауруына әкеледі (калькулёзді холецистит). § Асқынулары: бауырастылық сарғаю, өтті перитонитке әкелетін перфорация Өт қапшығының рагы – калькулёзді холецистит кезінде дамиды Орналасуы: мойны және түбінде
Ұйқы безінің аурулары § Жедел панкреатит – ұйқы безінің және жанындағы ағзалардың деструктивті зақымдануы, қабыну және аутолиздік белгілермен өтеді
Жедел панкреатиттің морфологиялық түрлері: - интерстициалді: серозды, сероздыгеморрагиялық - Некроздық: геморрагиялық, майлы, аралас, - Инфильтративті-некроздық - Іріңді - некроздық - рецидивті
Ұйқы безінің ісіктері § Қатерсіз ісіктері - Дәнекер тәннен дамыған ісіктер: фиброма, липома - Эпителиалді ісіктер: папиллома, аденома, кистаденома - Қан тамырлы: гемангиома, лимфома, гемангиолимфома - Біріңғай салалы бұлшық еттен дамыған: миома - Неврогенді: невринома, ганглионеврома
Лангерганс аралшықтарының гиперплазия (а) а
Назар салып тыңдағандарыңызға рахмет !!!
As__1179_orytu_a_1171_za_aurulary.ppt