Арттерапия.pptx
- Количество слайдов: 16
АРТ-ТЕРАПИЯ Орындаған: 541 топ Орымбетова А Қабылдаған: Жанадилов Ш. Ж. АСТАНА 2015
Психотерапияның маңызды салаларының бірі қазіргі таңда арт-терапия болып табылады. Арт-терапия даму үстіндегі психотерапиялық әдістердің жаңа түрі болып табылады. Аталған терапияның түрі қазіргі таңда үлкен жетістіктерге ие. Алғашқы Арт-терапия түсінігі енгізілген кезде оны тек сырқат, ауру, немесе демалыс үйіндегі емделушілерге ғана қолданған болса, қазіргі кезде оның қолданыс аясы, шеңбері кеңеюде. Яғни бұл терапия адамның шығармашылық жағдайын дамытып қана қоймай, адамның бойындағы қасиеттердің мүмкіндігін түсініп ашуға да жағдай жасайды. Арт терапия- бұл емдеу ғана емес, сонымен креативтің дамуы, тұлғаның дамуы мен үйлесімділігі, кез-келген жағдайды шешуге көмек. Арт терапия бейнелік өнер арқылы жанның дамуы мен емдеудің табиғи және қолайлы әдісі. Арт-терапия терминин ғылымға 1938 жылы Адриан Хилл енгізді. Арт-терапия ағылшын тілінен аударғанда шығармашылық терапия деген ұғымды білдіреді. Артерапия шектеусіз және психотерапияның барлық бағыттарында, педагогикада, әлеуметтік жұмыста т. б. қолданылады. Әр адам өзін, өз сезімін және өзінің жағдайын әуен, дыбыс, қимыл және сурет арқылы көрсете алады. Кейбір адамдар үшін бұл- әлемге өзі туралы өзінің шығармашыл адам екенін танытудың жалғыз ғана әдісі болып табылады. Қажет ететіндерге мұндай мүмкіндікті беру- арттерапияның ерекшелігі. .
Arttherapy - art -өнер (искусство), therapy - терапия Шатастырмау керек: creative therapy - шығармашылық (творчеством) терапия: - би терапиясы, - библиотерапия, - драматерапия, - әнтерапия, - ландшефтотерапия, - этнотерапия.
Арт терапияның ерекшеліктері- музыкалық терапия, қозғалмалы би терапиясы, драма терапиясы, ертегі терапиясы, ойын терапиясы, қуыршақ терапиясы, гүл терапиясы, фото терапия, оригами, этнотерпия, киндер-сюрприз, құм терапиясы, артсинтез терапиясы, библиотерапиясы, маска терапиясы т. б.
- сурет көркем сурет (живопись) жабыстырма, мүсіндеу (лепка) ермексаз (пластика) грим и боди-арт
^ Агрессияға болмаса басқада негативті сезімдерге әлеуметтік шығар жолды табуға мүмкіндік береді. Суреттермен, мүсіндермен жұмыс жасау күштеуді бәсеңдетудің қауіпсіз түрі болып табылады. Емдеу процесін жеңілдету. Түсініксіз ішкі шиеленістер және қобалжулар көбінесе көру бейнелерінің көмегімен вербалды психотерапия кезінде сөзбен айтқанға қарағанда көрсету оңай. Вербалды емес қарым-қатынас санадан тез шығады. Интерпритацияға және диагностикалық қорытындыларға материалдар алуға болады. Көркем шығарманың өнімі ұзақ уақыттылық, емделуші оның бар екенін жоққа шығаруы. Терапевтке емделушінің көркем жұмыстың стилі және мазмұны емделуші туралы ақпарат береді, сол арқылы терапевт өзінің еңбектеріне интерпритация жасауға болады және жақсы көмектеседі.
Емделушінің басым болуына дағдыланып кеткен ойлары мен сезімдерімен жұмыс жасау. Кей кездері вербалды емес амал, бірденбір күшті қобалжулармен сендірулерді анықтауға, көрсетуге мүмкіндік береді. Терапевт пен емделушініңарасындағы қарым-қатынасты жақсарту үшін көркем іс-әрекетке бірлесіп қатысу ол қабілетті қарым-қатынас, эмпатия және өзара түсінушілік туындауына әкеледі. Ішкі қадағалау сезімін жоғарылату. Суреттермен картиналардан жұмыс болмаса мүсін соғу жұмыстарында түстерді және формаларды тәртіпке салу қарастырылмайды. Зейінді қабылдауға және сезімдерді шоғырландыру. Таңдамалы өнермен жұмыстар бай мүмкіндік тәжірибе жасауға кинестетикалық және көру түйсіктеріне, қабылдау қабілеттіліктерінің дамуына жағдай жасайды. Көркемдік қабілеттерді дамыту және өзін-өзі бағалауын жоғарылату. Арт-терапияның соңғы өнімі қанағаттану рахат алу сезімі, ол жасырын таланттың көрінуінің және олардың дамуының нәтежесі.
Жеке сурет салу барсында ескерілетін жағдайларға тоқталсақ. Мақсаты. Бұл тапсырма сабақты бастауға жақсы сәйкес келеді. Топ мүшелерінің шығармашылығының бастауы сонымен қатар оларға өздерінің эмоцияларын түсінуге және бір-бірімен танысуға көмектеседі. Қажетті уақыт. 1 сағат. Қажетті құралдар. Қағаз, түрлі-түсті қаламдар және борлар, бояулар. Сонымен қатар мүсін соғуға қажетті саз балшықтар. Дайындық. Қажет етпейді. Процедура. Топ мүшелері қағаз, түрлі-түсті қаламдардан таршылық көрмеуі қажет. Әр адам өзімен-өзі жеке қала алатын орынға жайғасады. 2 минуттай уақыт ойларын жинақтауға, сезімдеріне құлақ асуына беріледі. Оларға алдағы жұмыстың шығармашылық жағын ойлаудың қажеті жоқ. Топ мүшелері жәй қалам алып сурет салуды бастайды. Өзінің сезімдерін білдіру үшін сызықтарды, фигураларды түрлі-түстермен салуғада болады. Бұл жерде сурет салушыға берілетін тапсырма символдық түрде өзінің сезімдерін, ол сол кезде өзін қалай сезінсе, жоғарыда болмаса төменде екендігін айқын бейнелеу. Топ мүшелеріне белгілі-бір нәрсені бейнелеуге күштеудің қажеті жоқ, сол уақытта басына не келсе, соны бейнелеуге тырысуы қажет. Топ сурет салып аяқтаған соң, басқалардың жұмыстарынан алған әсерлер туралы пікір алысады, бірақ оларға баға беруге тырыспауы керек. Өздері бейнелеген суретте, өздерінің сезімдері қалай көрініс тапқандығы жөнінде айтуларына болады. Әр түрлілік үшін, бұл жерде тек ғана түрлі-түсті қаламдармен ғана емес, сонымен бірге борлар, бояулар және саз балшықты да пайдалануға болады. Бұл жерде қай кезде болмасын, ең бастысы, өздерінің сезімдеріне ерік беріп, өз еңбектерінен өздері туралы азда болса, жаңа ақпарат алуға ұмтылу. Әр адам бұл тапсырманы өздерінің қиялдарын оятып, ішкі қалыптарын бейнелерде көру үшін қолданады.
Жеке сурет салудан жұптасып сурет салудың өз ерекшелігі де бар. Осыған мән берсек. Мақсаты. Бұл тапсырма жеке тұлғалардың арасындағы шиеленісті зерттеуге жақсы көмектеседі. Қажетті уақыт. 0, 5 -1 сағат. Қажетті құралдар. Қағаздар, түрлі-түсті қаламдар және борлар. Дайындық. Әдейі ұйымдастырылған дайындықты қажет етпейді. Процедура. Әрбір топ мүшесі өзіне жұп таңдайды. Ескертетін жайт, ол өзіне жұп ретінде, кіммен қарым-қатынасы анықталмаған, өзі жақсырақ танысқысы келетін адамды алады. Екеуінің арасына үлкен қағаз жазады, әрқайсысы өзіне қажетті көптеген түрлі-түсті борларды алады. Олар қағазды бірлескен шығармашылығының кеңістігі ретінде қабылдап, жұмысты серіктер бір-бірінің көзіне тіке қараудан бастауы керек. Осыдан соң, үлкен қағазға өздерінің үнсіз спонтандық сурет салуда сезімдерін бейнелеуге кіріседі. Олар қарым-қатынасқа тек фигура және сызықтар, түрлі –түстер арқылы ғана түседі. Сурет салуды аяқтаған соң, жұптар өздерінде болған әсерлер туралы пікір алмасады. Олар жұптарының суретіне қарағанда, өздерінде болған эмоцияналды реакциялар туралы, екеуінің суретіндегі сәйкестіктерге, мінез-құлық ерекшеліктеріне, авто демонстрация етіп отырған топтағы әр серік өзінің серігі туралы жаңа бірнәрсе білуге ұмтылуы қажет.
Топтық сурет салудың өзіне тән ерекшеліктерін ескерсек, онда жұмыстың сапалы өңдеуіне өз ықпалын тигізеді. Мақсаты. Бұл тапсырма топ мүшелерінің шығармашылық жұмысқа әркім өз үлесін енгізуге болады. Бұл топтағы рөлдік қарым-қатынасты және қатысушылардың индивидуалді тәжірбиесіне басқалардың әсерін айқындау үшін күшті тәсіл болып табылады. Қажетті уақыт. 1 сағат. Қажетті құралдар. Қағаздар, түрлі-түсті қаламдар және борлар. Дайындық. Басқарушы топтық арт-терапия динамикасы туралы кішкене болсада елесі болуы керек. Барлығы дөңгеленіп отырып, әр адам не қажет деп тапса соны бейнелеуді бастайды. Басқарушының сигналына кейін, барлығы өздері бастаған суреттерін сол жақтағы көршісіне береді де, оң жақтағы көршісінің бастаған суретін алады. Осыдан кейін, әркім алған суреттерін өз суреттері сияқты ары қарай жалғастырады, оған өздері қалаған өзгертулермен, толықтырулар енгізе алады. Келесі сигнал берілгенде, тағы сол секілді, сол жаққа суретті береді де, оң жақтан алған суретті жалғастырады. Әр топ мүшесі өзі бастаған суретті алмайынша осылай жалғаса береді. Қатысушыларға өздері бастаған суреттердің қалай жалғастырылғанын қарағанда өздерінде пайда болған сезімдерді ұғынуға ұмтылулары керек. Әр топ мүшесі суретті сол күйінше қалдырады ма жоқ, әлде өзгертулер енгізеді ме, оны өзі біледі. Топ мүшелері өздері жасаған жұмыстарынан алған әсерлерді талқылайды. Бірлескен сурет салуда, қарама-қарсы нұсқасы ол қатысушылар ортақ бір композицияға өздерінің үлестерін қосады. Сонымен қатар, әрбір қатысушы өздерінің көңіл күйлері туралы топпен бірге ортаға салады. Әрбір қатысушының топтық тәжірбиеден алынған жұмысқа өзінің жеке қатынасын білдіру арқылы жұмысты аяқтаймыз.
Музыка трапиясы – бұл психотерапевтикалық әдіс. Ол жағдайын емдеу арқылы музыка әсер етеді. Мұнда музыка емдік, дәрілік зат ретінде қолданылады. Музыканың терапевтикалық әсері бұрынғы заманнан бері белгілі. Музыка терапиясының негізгі механизмдерінің әсері әдістің әр адамға ыңғайлы әрі қолайлылығын көрсетеді. Біріншіден, ырғақ сақталған музыка мидың бөліктеріне әсер ету арқылы оның жұмыс істеуіне көмектеседі. Екіншіден, әр музыканың өзіндік белгілері бар. Адамның белгілі бір жағдайы мен көніл-күйімен байланыса отырып, бізге белгілі бір эмоцияның пайда болуына әсер етеді.
Бейнелеу терапиясын қолданудың негізгі мақсаты- баланың немесе ересек адамның қандай да бір қимылды таңдауына қарамастан, баланың өзін-өзі тануына және өз әлемінде өмір сүруіне демеу беру болып табылады. Сурет салу- ешқандай ересек адамның көмегінсіз ең күшті өзін таныту түрімен байланысты болады. Өзінің ішкі сезімі мен өзін теңестіруді көрсетуіне жол ашады. Балалардың сезімін сурет салу арқылы бейнелеу әдістері шектеусіз. Балалар бояуға қолын малып қағаз бетіне із қалдыруды жақсы көреді. Бала бояу түрін өзінің жай күйіне байланысты таңдайды. Бояудың түстері сезімнің жағдайына тең келеді. Саусақ живописі- ешқандай құралдың көмегінсіз тек саусақпен бейнелеу. Ол үшін баланың әрбір саусағын әр түске матыру арқылы парақ бетіне әртүрлі сызықтар, нүктелер, саусақ ұшы таңбасының, алақанның көмегімен бейнелеу. Бұл әдіс артпедагогика мен арттерапияда белсенді қолданылады. Себебі баланың қателік жасаудың алдында, сәтсіздікке ұшырау алдындағы қорқынышты жеңу үшін қолданылады. Бейнелеу терапиясының түрлері: 1. Поролон бөліктерімен сурет салу. 2. Сабынмен сурет салу. 3. Щеткамен сурет салу. 4. Майшаммен сурет салу.
Ойын терапиясы- арттерапияның түріне жатады. Бұл терапияның жүргізу үлкендер мен балалардың әлеуметтік және психологиялық мәселелерді жеңу үшін, жеке және эмоционалды дамуы үшін арнайы ойындар қолданады. Егер бала ойынға белсенді және бар ықыласымен қатынасса емдеу әсерлі болады. Ойын баланың психологиялық ахуалын сақтауға, оның қоғаммен қарымқатынасын анықтауға, ересек өмірге дайындайды. Ойын балаларға белгілі дағдыларды меңгеру үшін, сонымен қатар қарым-қатынасты, өмірге деген құлшыныстарын арттырады, эмоционалды және физиологиялық жағдайын жақсартады. Ойын психологиялық күйзелістен шығу үшін емдеудің бір тәсілі ретінде қолданылады. Бала ойынға өз еркімен қатысып, ойыннан қуаныш рахатын көру керек. Балалардың ойын барысында эмоционалды әсерін мөлшерлеп, өзін қалай сезінетінін бақылаңыз. 1. Эмоциялық жаттығуларды қамтамасыз ету- жиналып қалған жүйкелік күшті алып және ата-аналармен балалардың өмірге деген қызығушылықтарын арттыру. 2. Күтпеген жерде болатын шабуылдан, жазалаудан, қараңғыдан, жалғыздықтан болатын қорқынышты азайту. 3. Тез шешім қабылдай білу қабілетін арттыру. 4. Топта өзін-өзі ұстау ережелерін меңгерту. 5. Ата-аналармен балалардың қарым-қатынасын жақсарту. 6. Қозғалыстағы бағыттарын және ептілікті дамыту.
Құм терапиясы- адамға өзінің жан дүниесіндегі өз «Менін» , өзін танытуға, өзіне өте маңызды, жан тебірентерлік және құпиясының ашылуына көмектеседі. Құм терапиясы- клиенттің немесе емделушінің мәселелерін жөндеуге және бала кезінде негізгі қарама-қайшы тәртіп түрлері оған қауіпсіз түрдегі рольдік қимыл-әрекеттің түрі, бйнелеме(символика)әлемге жолдауды қолдану арқылы анықтауға көмек көрсетеді.
1. Рудестам К. Групповая психотерапия. СПб, 1998 г. -372 с. 2. Психотерапевтическая энциклопедия. Под ред. Б. Д. Карвасарского. СПб, 2000 г. -708 с. 3. Ирвин Я. Теория и практика групповой психатрии. СПб, 2000 г. -515 с. 4. Старшенбаум Г. В. Тренинг навыков практического психолога. М, 2006 г. 355 с. 5. Проективная психология. М, 2000 г. -320 с. 6. Психокоррекционные группы: теория и практика. Общ. 2001 г. -408 с. 7. Берн Э. Групповая психотерапия М, 2000 г. -423 с. 8. Копытин В. И. Руководство по групповой арт-терапии. СПб, 2003 г. -438 с. 9. Бердібаева С. Қ. «Көркем творчество психологиясындағы этностық мәселелер» //Вестник НАПК, № 3. 2005 ж. -Б. 9 -10.
Арттерапия.pptx