КазНИИ рисоводства - Лаура апа.pptx
- Количество слайдов: 1
АРПА ДАҚЫЛЫНЫҢ СЕЛЕКЦИЯСЫ Институтта алғаш рет арпаның селекциясы толық схема бойынша 2006 жылы қалыптастырылып, жүргізіле бастады Коллекциялық питомнигі Жергілікті және шетелдік селекциясының арпа үлгілерін зерттеу, будандастыру кезінде бастапқы форма болуға жарайтын адаптивті және экологиялық икемді генотиптерді анықтау – 3 жыл Будандастыру питомнигі Әр түрлі схемалар (топкросс, беккросс) бойынша будандастыру жұмыстарын орындауға арналған – 1 жыл Будан питомнигі F 2 -F 4 будан популяцияларын бағалау нәтижесінде ең жақсы (бағалы) өсімдіктерді іріктеу – 1 -3 жыл Бірінші жылдық селекциялық питомнигі Будан питомниктен іріктеп алынған популяцияларының масағын шаршы-ұялап отырғызу – 1 жыл Екінші жылдық селекциялық питомнигі Бірінші жылдық селекциялық питомниктен іріктеп алынған үлгілерін зерттеу және бағалы генотиптерді көбейту – 3 -4 жыл Бақылау питомнигі Екінші жылдық селекциялық питомниктен іріктеп алынған константтық үлгілерін көбейту және шаруашылық-бағалы қасиеттерін анықтау – 3 -4 жыл Конкурстық сортсынау питомнигі Бақылау питомниктен өткен сортүлгілерін стандартпен салыстырып биологоиялық және шаруашылық-бағалы қасиеттеріне комплекстік баға беру – 3 -5 жыл Селекциялық арпа егістігінің жалпы көрінісі Коллекциялық питомнигі (әлемнің әртүрлі елдерінің коллекциялық үлгілері) Әлемнің әр түкпірінде өсетін тұздылыққа төзімді арпа сорттарының тектік материалдарын зерттеу нәтижесінде 200 үлгіден тұратын жұмыс коллекциясы жинақталды Будандастыру питомнигі Жыл сайын төрт топкростық будандастыру блогында будандастырудың 30 комбинациясы, реципроктық үлгі бойынша 10 комбинация жасалынады, нәтижесінде 500 -600 будандық дән алынады. Стресстік жағдайда түйін салу өте төмен болады 25 -30% шамасында, сондықтан бір будандастырудың комбинациясында 15 -20 масақты пайдаланады. Алынған F 2 -F 6 будандық популяциясынан 2000 -ға жуық масақ дайындалады.
КазНИИ рисоводства - Лаура апа.pptx