арнайы пед.ppt
- Количество слайдов: 26
Арнайы білім берудегі оқыту әдістері.
l Сабақтың мақсаты: Студенттерді арнайы білім беру жүйесіндегі оқытудың әдіс-тәсілдерімен, формаларымен, ерекшеліктерімен таныстыру. l Сабақтың міндеті: Студенттерде арнайы оқытудың ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру, арнайы педагог тұлғасының ерекшеліктерімен таныстыра отырып, олардың бойында сол қасиеттерді қалыптастыруына ықпал жасау. l Жоспары: 1. Білім беру технологиясы. 2. Арнайы оқыту әдістері. 4. Арнайы білім беруді ұйымдастыру формалары. 5. Сабақ түрлері мен құрамы. 6. Арнайы педагог тұлғасы. l l l
♦ Білім беру технологиясы - бұл алдын ала жобаланған педагогикалық мәселені шешуге бағытталған арнайы педагогтың бірімен байланысты әрекеттер жүйесі. ♦ Оқыту әдісі - мақсатқа жетудің саналы түрде қолданылатын тәсілі болып табылады.
Арнайы оқыту әдістерінің жіктелуі жалпы педагогиканың әдістерінің жіктелуімен бірдей. Ол жіктеу бойынша әдістер үш топқа бөлінеді. сөздік әдістер тобы көрнекілік әдістер тобы практикалық әдістер тобы
Әңгіме Балалардың білім алу процесі мұғалімнің түсіндіруі мен сөзіне сүйенсе, онда оқытудың сөздік әдістерінің тобы пайда болады. Оған: Әңгімелеу Түсіндіру Кітаппен жұмыс істеу
Әнгімелеу - мұғалім оқу материалын бір ізділікпен баяндайды. Ол үшін материалды айқын, сенімді етіп бейнелейді. Арнайы мектептерде әңгімелеу ұжыммен бірге жүргізуге болады. Әнгімелеу әдісіне қойылатын жалпы педогогикалық талаптар : -әнгімелеу мазмұны маңызды, оқу бағдармадағы тақырыпқа сәйкес болуы тиіс. -мұғалім әнгімелеумен бірге сурет, көрнекілік пайдалануы тиіc.
Әңгіме – оқытудың ең көп тараған әдісі. Әңгіме әдісі-сабақта сұрақ-жауап түрінде және сабақтың кез – келген кезеңінде қолданылады: үйдегі және өз бетімен жұмысты тексергенде, жаңа материалды түсіндіргенде, бекіту мен қайталауда, үй жұмысын қорытындылағанда, оқушылардың сұрақтарына жауап бергенде тағы сол сияқты.
Түсіндіру – ғылыми дәлелдемелерде, ғылыми ұғымдар мен қағидаларды қалыптастыруда, заңдар мен заңдылықтарды зерттеуде қолданылатын негізгі әдіс. Бұл әдістегі басты мәселе – ой – пікірдің логикалық ғылыми дәлелділігі. Оқытудың көрнекілік әдістеріне көрнекі құралдарды пайдалану жолдары жатады. Көрнекі құрал оқу материалын түсінуге елеулі ықпал жасайды, оқушы ойының мазмұны мен құрылымын анықтайды. Себебі кез – келген көрнекі құрал түсіндірмелі, талданады, зерттелген мәселе бойынша негізі не қосымша көз қайнары болып табылады.
Шеру әдісі тәжірибелерді, приборлар, препараттар, табиғи нысандарды, кинофильмдерді т. б. көрсету арқылы жүзеге асады. Шеру әдісі әсіресе физика, химия, биология сабақтарында жиі қолданылады. Иллюстрация Бұл әдіс көмегімен оқушыларға иллюстративті құралдарды ( плакат, карталар, сурет, портреттер, карталар) көрсетуге болады. Бақылау әдісті пайдаланып, оқушылар мұғалімнің тапсырмасы бойынша өз бетімен жұмысын жүргізеді. Бақылау мәліметтерін оқушы үнемі жазып отырады, ал оның нәтижесі сабақта талқыланады.
Оқытудың тәжірибелік әдістеріне оқушылардың икемділігі мен дағдыларын қалыптастыру және жетілдіру процесіне байланысты әдістер жатады. Жаттығулар- оқушылардың іскерлік қабілетті, дағдысы, жаттығу жұмыстарының процесінде қалыптасады. Жатығулардың түрлері: ауысша жаттығулар, жазбаша жатығулар, сыныпта үй жағдайында орындалатын жаттығулар. Жаттығулар арнайы мектептерде оқушылардың жасаған қателіктерін түзетуге мүмкіндік береді.
l Мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту процесінде қалыпты балаларды оқытуда пайдаланатын дәстүрлі әдістер жеткіліксіз. Сол себепте арнайы - өзгеше құрал тәсілдерді пайдалану қажеттілігі өзекті мәселе. l Арнайы педагогикада шет елдік мамандар Э. Сеген, Ж. Демор, О. Декроли, ресейлік арнайы педагогтар Л. С. Выготский, А. И. Граборов, В. П. Кащенко дамуында кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуде өнер құралдарын пайдалану қажеттілігі туралы ойларын білдірген.
Зиятында аутқуы бар балалармен жұмыс жасауда ән күйді пайдалану ақыл-ойын, зейін тұрақтығын дамытуға мол мүмкіндік береді (С. М. Миловская, И. В. Евтушенко). Зиятында аутқуы бар балаларға көркем өнердің әсер етуі (О. В. Гаврилушкина, И. А. Грошенков, О. В. Боровик), Естуінде ауытқуы бар балалардың таным процестерін дамыту үшін көркем өнердің мүмкіндіктер ашады (М. Ю. Рау, Е. А. Сошина) Ән тындау, ән-күй ырғақ сабақтардың естуінде ауытқуы бар балалардың есту арқылы қабылдауын дамытады (Е. З. Яхнина).
♦Білімді оқушыларға жеткізудің негізгі құралы мұғалімнің сөзі. Арнайы білім беру жүйесіндегі педагогтың сөйлеу тіліне ерекше талаптар қойылады. Арнайы білім беруде мұғалімнің сөйлеу тілінен басқа да түрлері пайдаланылады, мысалы, естуінде ауытқуы бар балаларды оқытуда қажетті дактильді сөйлеу тілі мен жест арқылы сөйлеу. ♦ Естуінде аутқуы бар тұлғаларға ақпарат жеткізудің тағы да бір құралы – ауызша сөйлеу тілін көру арқылы қабылдау, арнайы әдебиеттерде еріннен оқу деп айтылады. Бұл қосымша құрал нашар естийтін тұлғаларға есту арқылы қабылдауын жеңілдетеді, ал естімейтін тұлғар үшін зақымдалған есту қабілеттің орнын толықтыру қызметін атқарыды.
Кейбір ауыр жағдайларда пиктографиялық жазу да пайдаланады, әсіресе тірек-қимыл-қозғалысындағы терең кемістіктермен қатар сөйлеу тілінде ауытқушылықтар болған кезде (Блисс жүйесі сияқты). Сонымен арнайы оқытудың негізгі мақсатына қол жеткізу үшін түрлі әдіс-тәсіл жүйесін пайдалану қажет. Оқыту әдістері арнайы оқытуда кешенді пайдаланады және олар нақты оқушыларға тиімді болуы мұғалімнің білік пен шеберлегіне тәуелді.
Арнайы білім беруді ұйымдастыру формалары
♦ Оқу процесін ұымдастырудың ең негізгі, тиімді формасы ол – сабақ. Жалпы мектептегідей арнайы мектептегі сабақ таным әрекетімен бірге басқада дамытушы міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. ♦ Арнайы оқытуды ұйымдастырудың қосалқы формалары да арнайы мектептерге кең пайдаланылады, олар: факультатив сабақтары, оқу саяхаттар, семинар, зертханалық-практикалық сабақтар, үйдегі өзіндік жұмыстар.
Факультатив сабақтары оку пәндерін оқушылар өз таңдауы және қызығуларына орай тереңдете оқуына арналады және білімдерің тереңдету міндетін көздейді. Оқу саяхаттар Бұл сабақтар кемтар арнайы мектеп оқушылары үшін өте қажетті, өйткені балалардың қоршаған орта туралы білімдерің кеңейтуге және болашақта әлеуметтік бейімделуіне мол мүмкіндік береді. Семинар оқу сабақтар меңгеріліп жатқан мәселелер, баяндамаларды ұжымдық талқылау түрінде өтеді. сыныпта және сыныптан жұмыс аралығындағы бірлестікті сақтауға жол ашады. Үйдегі өзіндік жұмыс сабақтан тыс уақытта білімді игеру процесінің құрамдас бөлігі. Бұл жерде үздіксіз үй тапсырмасын толық түсіндіру, талқылау кейін міндетті түрде қадағалау мен бақылау қажет екенің ұмытпау қажет.
Сабақ түрлері мен құрамы
Дидактикалық мақсатына қарай: Пропедевтикалық сабақтар; жаңа білім, икем, дағдыларды қалыптастыру; білім, икем, дағдыларды бекіту; білім, икем, дағдыларды қайталау; білімді қорытындылау; білім, икем, дағдыларды тексеру, бақылау.
Арнайы мектептегі неғұрлым көп тараған сабақ түрі – аралас сабақ. Аралас сабақтын құрылымы: Психологиялық-педагогикалық даярлық Үй тапсырмасын тексеру Оқу материалын қайталау Сабақты қорытындылау. Жаңа оқу материалын баяндау Білімді бағалау Үй тапсырмасын беру
Арнайы мектептердің өзгешелігі ол – түзету сабақтары. Түзету міндеттері әр сабақта, сабақтан тыс уақытта жүзеге асқанына қарамастан арнайы түзету сабақтар енгізілген. Бұл сабақтардын түрлері арнайы мектеп оқушыларынын дамуындағы кемістікке тәуелді.
Арнайы педагог тұлғасы
Педагог-дефектологтың кәсіби әрекеті дәстүрлі ұстаздың әрекетінің белгіленген шеңберінен әлдеқайда кең болып келеді өйткені әлеуметтік-педагогикалық, оңалту, консультативтік-диагностикалық, психотерапиялық жеке коррекцияның көптеген түрлерімен бағытталған, яғни мүмкіндігі шектеулі тұлғаның әлеуметтік бейімделуіне және арнайы білім алуына ықпал ету. Арнайы педагог- бұл жан-дүниесі өте кең, ерекше рухани құндылықтарға ие, мейірімді, ақ көңілді, жан-жақты кәсіби құндылықтар жүйісін меңгерген, өзінің кәсіби әрекетін нәтижелі әрі сәтті болатынына сенімді тұлға. Оның кәсіби әрекеті соншалықты кең, тіпті оған әлеуметтік –мейірімділік акциялардың жетекшісі және белсенді қатысушысы болуына, мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың құқығын қорғаушы болуына тура келеді.
Арнайы педагогтың яғни дефектологтың кәсіби әрекеті денсаулыққа кері әсерін тигізетін мамандықтар қатарынан болып табылады. Сондықтан денсаулығы нашар тұлғалар бұл мамандық бойынша жұмыс істеуі қиын. Бұл мамандық бойынша жұмыс жасаймен деген тұлғада есту, көру, жүйке мен жүрек-тамыр, иммунитет жүйелер жағдайы жақсы болғаны жөн. Өмірден түңілген жандарға және олардың отбасына қолдау көрсету, толыққанды өмір сүруге үміт беру, ойнау, күлу, оқу, қатарлас құрбылармен араласу, мектеп немесе балабақша сахнасында өнер көрсету, қол өнер жасау және суре салу, ересек өмірге дайындау, өз еліне, халқына қажетті азамат болу мүмкіндігін сыйлай алатын маман- арнайы педагогтар.
Назарларыңызға рахмет!
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
арнайы пед.ppt