аорта коарктациясы.pptx
- Количество слайдов: 11
Аорта коарктациясы 433 -топ Шатқал Балнұр
Аорта коарктациясы • Сол жақ бұғана асты артериясының сағағының төмендегі аортаның қысқа жерінде туа пайда болған тарылуы. Тарылу дәрежесі және ұзындығы әртүрлі болуы мүмкін. Коарктация жекелеген немесе кейде артериялық өзектің ашықтығымен қосарлануы мүмкін. Өзек тарылған жерден немесе жоғары (пре- немесе постдуктальды коарктация) орналасуы мүмкін.
Коарктацияның 3 түрін ажыратамыз: • 1. Жекелеген коарктация. • 2. Артериялық өзектің ашықтығымен қосарланатын коарктация: постдуктальды( артериялық өзек ашықтығы шыққан жерден төмен орналасқан (предуктальды) артериялық өзек тарылған жерден төмен шығады. • 3. Басқа ақаулармен қосарланған коарктация.
Орналасуына байланысты 2 түрге: «Балалық » түрі- бойына тарылу(тубулярлы тарылу) ААӨ-мен қосарланады. «Ересек» түрі- ұзын жердің жекелеген коарктациясы.
• Аорта коарктациясында гипертониялық (коарктациядан жоғары денесінде) және гипотониялық (тарылған жерден төмен-іш қуысы, аяқтары) жағдай болуы мүмкін.
Клиникасы • Ерте жастағы балаларда бірінші күннен бастап коарктация кейде бозару, күрт ентігу, өкпесінде тұнбалы сырылдар пайда болуы сияқты өкпе-жүрек шамасыздағының белгілерімен анықталады. Жүрек шекарасы орташа немесе өте кеңейген , систолалық шу естіледі. Қолында пульс кернеуі, сан артериясында, аяғының басында пульс әлсіреген немесе анықталмайды. Артериялық қысым қолында сынап бағанасы бойынша 160200/30 -100 мм болса, аяғында өте төмендеп кетеді. Балалардың аяғы мұздап, қыста тоңғақ келеді, тез шаршайды. Денесінің дамуының пропорциясы өзгеріп, денесінің жоғарғы жағының еттері гипертрофияланса, төменгі жағында гипотрофия пайда болады.
• ЭКГ-де: электрлік ось оңға ығысқан, оң қарыншаның гипотрофиясы, Тарақашықтығы изолиниядан төмен ығысқан, және тіркемелерде Ттісшесі теріс болуы мүмкін. • Рентгенограммада: өкпе көрінісі қатайған, жүрек шар тәрізді, аортаның өрме бөлігі кеңейген болып келеді. • Эхокардиографияда: Супрастернальды аймақта аортаның тарылуы анықталады. Доплер-кардиография көмегімен тарылудан кейін орналасқан қанның жеделдеген құйынды ағымын анықтауға және тарылу деңгейінде қысым градиентін есептеуге мүмкіндік береді.
Аорта коарктациясының асқынулары: • • Ауыр артериялды гипертензия Инсульт Суборахноидальды қан құйылу Сол жақ қарыншалық жүрек жеткіліксіздігі Гипертониялық нефроангиосклероз Инфекционды эндокардит Кеңейген аневризмалардың жарылуы
Емі • Аорта коарктациясының «инфантильді» түрінде жедел хирургиялық ем жүргізіледі. Ақаудың асқынбаған түрінде операция жасаудың тиімді мерзімі болып науқастың 3 -5 жасқа, сиректеу 10 жасқа келуі есептеледі.
аорта коарктациясы.pptx