пед.pptx
- Количество слайдов: 12
АО «МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ АСТАНА» Презентация Тема: Баланың мектеп алды мекемелерімен мектепке дайындаудағы дәрігерлік қадағалау. Оқуға дайындау критерилері. Арипбаев Н. 622 топ.
Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін реформалау барысында әрбір баланы мектептегі оқу және әлеуметтік ортаға еркін бейімделе алатындай жағдай жасау аса маңызды міндет. Демек, қазіргі талап бойынша мектептің бірінші сыныбына келетін балалардың физиологиялық жағынан мықты, адамгершілік, мәдениеттілік, еңбексүйгіштік қасиеттері мол, ерік-жігері күшті, жұмыс қабілеттеріне ие, білімге қызығушылық сипаттары мол болуы қажет. Сондықтан да мектеп пен мектепке дейінгі мекеменің, ата-аналардың басты міндеті - баланы мектептегі оқуға, мектеп өміріне даярлау.
Мектепалды тобының балаларының мінезі мен ерекшеліктерін мектепке дейінгі дайындығын, денсаулығы мен даярлық сапасының бағалау өлшемін нақты білетін мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі әрі психолог, әрі медицинадан хабары бар, әрі әртістік шеберлігі өте мықты дамыған тәрбиеші болу керек. Ол: - Сабақты жаңаша шығармашылықпен жүргізе білетін. - Ұстаздық жүрегіне жылылық қалыптасқан. - Балалардың ойындағы әртүрлі шығармашылық өнерлерін танып жолға түсіре білетін. - Оқушылардың қызығушылығын оятып, оқу әрекетіне белсенділігін арттыра білетін. - Баланың отбасы және қоғамдық қарым-қатынасын тиімді ұйымдастырудағы ата-ана қызметінің проблемаларын нақты шешіп, жол көрсете білетін ұстаз болуы қажет.
Мектепке дейінгі мекеменің әлюметтік маңыздылығы оның өсіп келе жатқан бала тәрбиесіне жан жақты көмек көрсетуімен байқалады. Мектепке дейінгі және мектептегі балаларға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру құрылымына мектептің медициналық персоналдары дәрігер аға мед бикелер кіреді. Мектепке дейінгі және мектеп бөлімін емхана штатының құрамында меңгерушісі және 9 дәрігер кіреді, 6, 5 және 9 мекеме құрамы кіргенде 0, 5 ставкалық дәрігер жүктемесі еңгізіледі. Мектепке дейінгі және мектеп бөлімшесінің меңгерушісі мен және аға мед бикесі әр түрлі аймақтағы педиатрлармен дәрігер мамандармен және аудандық білім беру бөлімшелермен мектепке дейінгі мекеме меңгерушілерімен мектеп директорларымен туберкулезға қарсы диспансермен аймақтық СЕСпен тығыс байланыста болады
Жаңа оқу жылына мектепке дейінгі және мектеп меңгерушісі балалармен оқушылардың денсаулығын жақсарту мақсатында жоспар құрайды. Балалар емханасының қызметіне мыналар кіреді: диспансеризация күнтізбе жоспары және терең бақылау. Бұл жоспарлар мектепке дейінгі мекеме меңгерушілерімен мектеп директорларымен келісілік емхананың бас маманымен бекітіледі
Мектепке дейінгі мекемеге келетін балаларды педиатриялық аймақта дайындау : Ø Мектепке дейінгі мекемеге балаларды дайындау (ясли, яслибақша, бала бақша) аймақтық педиатр, аймақтық медбике, фельдшер және сау бала бөлмесінің медбикесінің міндеті және олардың жұмысы негізгі екі бөлімнен тұрады. Ø Жалпы дайындық – бұл жалпы қабылданған тәртіптік жүйе, ол баланың нәрестелік шағынан басталады, яғни баланың нервтік-психикалық, физикалық дұрыс дамуының қалыптасуына жағдай жасау. Ø Арайы дайындық 3 айлық жастан басталады. Онда келесі шаралар енген: Ø - Аймақтық педиатрмен медбикенің ай сайын санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізуі. Ø -2 -3 айлық балалардың диспансеризациясы, дәрігер педиатр дәрігер маман; лабораторлық нәтижелері Ø - қауіп тобындағы балалаларды және сонымен қатар тума ақаулары бар, комисся мүшелерінің ақылдасуымен шешіледі
Балаларды терең бақылаудан өткізгеннен кейін әрбір мектепке дейінгі мекемемен мектептерге талдау мәліметтері жеткізіліп медико-санитарлық кеңесте талқыланады. Ø Мектепке және мектеп бөлімшесінде дәрігерлер мен мед бикелердің санатының меңгерушіне жүктеледі. Сонымен қатар санитарлық ағарту жұмыстармен дене тәрбиесінің және шынықтыру шараларын ұйымдастыру жұмыстарына жауапты. Ø Меңгеруші мектептермен мектепке дейінгі мекемелері балаларға медициналық қызмет көрсетілуін бақылап эксперттік баға береді. Бала бақшалардағы дәрігер штаты мына есеппен құралған: педиатр 180 -200 балаға (ясель топтары, ясель бақша); 600 балаға (ясель балабақшаларына сәйкес); 200 оқушыға. Балабақшаларында және мектептеріне мед бикемен фельдшер қызмет етеді: 100 балабақша балаларына; 700 оқушыға. Ø
Балалар денсаулығына қамқорлық – мектеп жағдайында мектепалды даярлық сапасын бағалау үшін біз баланың жан – жақты жағдайын мынандай кретрийлерге бөлдік: Психологтар мен педагогтар осы кезеңдегі дайындықты жалпы және арнаулы деп екіге бөледі, соған байланысты балабақшада жалпы және арнаулы дайындықтар жүргізіледі. Жалпы дайындық – ол псхологиялық, адамгершілік және дене дайындығы. Адамгершілік дайындық және ерік дайындығы бір – бірімен тығыз байланысты. Әр баланың басқа баладан ерекшеленетін өз мінезі бар, соған байланысты істеген ісін, қылығын басқарып үйренуге тиісті. Сонда ғана мектепке барғанда тез тіл табысып кетеді.
Психологиялық дайындық - ол таным процестерінің дамуымен байланысты. Балалар өз еркімен жұмыс істеуге әлі толық дайын емес, зейіні тұрақсыз, тез шаршайды. Мектепке барғанда мұғалім барлық ерекшеліктерді ескеріп, дайындық кезеңіндегі әдіс – тәсілді жалғастыра отырып, осындай таным процесін дамытады. Дене дайындығы – мықты денсаулық, шыдамдылық қасиеттер балаларда болу үшін дербестік, еңбексүйгіштік, жинақтылық сияқты қасиеттері де даму үшін ата – аналардың көмегімен жұмысты бекіту керек.
Әлеуметтік дайындық – оқуға, (дербес тапсырманы орындау) бастаған жұмысты аяқтауға қиыншылықтардан өтуге, ұстамдылыққа үйрету: Ø Жаңа ортаға үйрену. Ø а) құрдастарымен ұрыспау, ренжіспей тіл табысу Ø ә) үлкендермен тіл табысу Ø Баланы мектепке дайындықты балабақша мен мектептегі әдіс – тәсілдері ұштастыру арқылы жүзеге асыруға болады, бірақ оларға қойылатын міндеттілік, реттілік, ойын әдістерін пайдалану, өз кезегімен бір – бірден жауап беру сияқты талаптар бірдей болуға тиісті.
Қолданылған әдебиетер Балаш Түсіпқалиев. С. Х. Аюпова. Н. П. Шабалов. www. Google. com
пед.pptx