any_1179_tauysh.pptx
- Количество слайдов: 17
Анықтауыш және айқындауыш мүшелер
Тұрлаусыз мүшелер Сөйлемде өзі байланысқа түскен тұрлаулы я басқа мүшелерді анықтап, толықпан, пысықтап тұратын сөздерді тұрлаусыз мүше дейді. Тұрлаусыз мүшелер сөйлемдегі ойды толықтырып, анықтай пысықтай түсіп тұрғанымен, тұрлаулы мүшелерсіз өз бетімен сөйлем құрай алмайды. Олар тікелей немесе басқа өзі байланысқан сөздер арқылы тұрлаулы мүшелерге бағынышты болады. Кешегі соғыста жараланған бір жігіт сол түні таң алдында жан тапсырды. (Ә. Нүрпейісов)
Тұрлаусыз мүшелер Толықтауыш анықтауыш пысықтауыш
• Анықтауыш дегеніміз- сөйлемде зат есімнен болған не заттық мағынады қолданылған мүшені сын сапалық, санмөлшерлік, меншіктік-қатынастық жағынан анықтап тұратын тұрлаусыз мүше. Қандай? Қай? Кімнің? Ненің? Қайдағы? Қашанғы? Қанша? Неше? Қайткен? Не еткен?
Негізгі, туынды сын есімдер Ақ сары ат доп болып ішін тартқан Зат есімнен болады Анықтауыш болатын сөз таптары Қой қораның алдында электр моторының дүбірін естіді. Сан есімнен болады Жаңадан екі үй құрылып жатыр Есімдіктен болады Оспан мына қимылға тіпті сүйсініп кетті Етістіктің есімше түрінен болады Оқыған кітаптарым мені іске бастады Ілік септік жалғауы жалғанған сөздер анықтауыштың қызметін атқарады: Көптің ісінде береке бар. Талаптанғанның еңбегі жана
Анықтауыш Дара Ердің сыншысы – елі. Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, Ол ақынның білімсіз бишарасы. Күрделі (кемі екі сөздің қосыла бір сұрауға жауап беруі арқылы жасалады) Ал, алқаптың үстіндегі
Құрамына қарай анықтауыш бір сөзден болып дара анықтауыш, сөз тіркесі, күрделі сөз бен тұрақты тіркестерінен құралып күрделі анықтауыш болады.
Анықтауыш ілік септік тұлғасында ашық немесе жасырын түрінде келіп, анықталатын сөзбен матаса байланысады да, ешбір жалғаусыз айтылса орын тәртібі арқылы анықталатын сөзбен қабыса байланысады Екі қыздың еңіреген үні алқаптың үстіндегі кештің әуесін қозғап ызыңдатты. Ал, бұл жалпақ бет, жалпақ жауырынды қара жігіт дамыл көрмей қысы-жазы солардың жылқысын бағады.
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері • Бір сұраққа жауап беріп, бір ғана қызмет атқарып, бір ғана мүшемен байланысатын екі я одан көп мүшелерді бірыңғай мүшелер дейді • Бірыңғай мүшелер көбінесе тұлғалас болып келеді де, өзара салалас, бірде жалғаулықтар арқылы, бірде жалғаулықсыз дауыс ырғағымен байланысып, бір ғана мүшеге қатысты болады. Сөйлемнің барлық мүшесі де: бастауыш, баяндауыш та, толықтауыш та, анықтауыш та, пысықтауыш та бірыңғай мүше бола алады. • Мысалы: Ел жата Есбол, Еламан, Рай келді. Шиделі күпілі, сенсең тымақты бұжыр қара кісі ат үріккен жаққа жылан көзін жылдам тастады да, тізгінін сәл тежеді. (Ә. Н) Құланиек таңды, шашырап шыққан күнді оған биік таулар көрсетпеді (Ғ. М)
• Айқындауыш — анықтауыштын ерекше бір түрі. Сөйлемде белгілі бір мүшенін заттық, мекендік, мезгілдік т. б. мағынасын басқа сөзбен түсіндіріп, нақтылап көрсететін сөз я сөз тіркесі. Айқындауыш айқындайтын сөздерімен тұлғалас, қызметтес болып келеді
Сөйлемде кейде бір • Өзі әнші, өзі сөзді немесе сұлу Байтасқа сөздер екеуі де-бірі тізбегін басқа кәрі, бірі жас бір сөз я бала-қызғана сөздер тізбегі да, айқындап, тамашалайда дәлдеп, қараған еді. түсіндіріп (М. Әуезов) тұрады.
Қосалкы Айқындауыш — зат есімдердін (көбінесе кісі аттарынын) қосымша сипаты, анықтамасы ретінде жұмсалатын сөздер: Жамбыл ақын, Қамбар батыр. Қосарлы Айқындауыш — айқындайтын сөзіне қосақталып келіп, оның мағынасын нактылап тұратын сөздер: телефонавтомат, батыр-үіиқыш. Жазуда арасына дефис белгісі қойылады. Айқындауыш Онашаланған Айқындауыш — өзі қатысты сөзінен кейін тұрып, көтерінкі әуенмен айтылып, айқындайтын сөзінін заттық, мекендік, мезгілдік т. б. мағыналарын саралап, дәлдеп, нактылап тұратын сөздер: Мэкии өз туысына, інісіне, тамашалай қарады (М. Әуезов).
Тапсырма
1. Анықтауыштың сұрақтары? Қандай? Қай? Кімнің? Ненің? Қайдағы? Қашанғы? Қанша? Неше? Қайткен? Не еткен? 2. Анықтауыштар өзі анықтайтын мүшелерімен қалай байланысады? Қабыса, матаса. 3. Сөйлемдегі анықтауыштың жасалу жолын белгілеңіз. Мен Қалқаманның ұсынысын қолдаймын. Ілік септік жалғаулы зат есім.
4) Анықтауыш болатын негізгі сөз табы? Сын есім 5) Анықтауыш қай сөз табынан жасалған. Баланың өнері ұнады Зат есім 6) Анықтауыш қызметін атқарып тұрған сөзді табыңыз. Бүгін далада үп еткен жел жоқ. Үп еткен. 7) Айқындауышты анықтаңыз. Біздерге, қарттарға, жастар сияқты өмір сүруге тура келеді. Қарттарға.
8) Айқындауышты анықтаңыз. оның кіші қызының, жамалдың, ақындығы елге танымал. Жамалдың 9) Айқындауыш қай сөйлем мүшесін түсіндіріп тұрғанын анықтаңыз. оның кіші қызының, жамалдың, ақындығы елге танымал. анықтауыш 10) Анықтауышқа қойылмайтын сұрақтар? Кімге? неге?
Назарларыңызға рақмет! Орындаған: Қапасова Дана KZ-3
any_1179_tauysh.pptx