Антивирус.ppt
- Количество слайдов: 27
Антивирустар немесе Компьютерді вирустан қорғау
Компьютерлік вирустардың анықтамасына тоқтала кетсек: Компьютерлік вирус – арнайы жазылған шағын көлемді (2005000 байт) программа. Ол өздігінен басқа программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды “бүлдіруге” кіріседі, сондай-ақ компьютерде тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен осындай вирус табылған программа “ауру жұққан” немесе “бүлінген” деп аталады. Қазіргі кезде 50 мыңнан астам вирус белгілі.
Вирустар қайдан пайда болды? Оларды білікті қаскөй мамандар басқа бәсекелес фирмаларға зиян келтіру үшін қызғаныш, зиянкестік, мансапқұмарлық оймен немесе антивирустық программаларды сатудан ақша табу үшін жазады.
Макровирустар-Word құжаттары және Excel электрондық кестесі құжаттарына вирус жұқтырады. Жұғу құжат файлын ашқанда орындалады. Жүктейтін (загрузочный) вирустар – негізгі жүктейтін жазбаға немесе жүктейтін секторға вирус жұқтырады. Операциялық жүйе жүктелгенде жұқпалы тасушыдан вирус жұғады. Файлдық вирустар- бұл қолданбалы программалардың ішіне енгізілген программалық кодалық блоктар. Вирустық кода программа жүктелгенде жіберіледі.
Вирустардың таралу жолдары Дискеттер v Лазерлік дискілер v Компьютерлік желілер v Флешкалар v
Вирустың пайда болуының белгілері Бұрын жұмыс істеп тұратын программалардың жұмыс істемей қалуы Ш Компьютердің баяу жұмыс істеуі Ш Файлдар мен қапшықтардың жоғалуы немесе олардың мазмұнының бұрмалануы Ш Файл өлшемдерінің өзгеруі Ш Дискідегі файл санының кенеттен едәуір көбеюі Ш Жедел жад өлшемдерінің кішіреюі Ш Компьютердің жұмысындағы жиі тұрып қалулары мен бұзылуы Ш
Компьютерлік вирус-өздігінен көбеюге қабілетті арнайы программалар, ол компьютер жадысында сақталатын программалар мен файлдарды құртуы, жоюы және компьютерді істен шығаруы мүмкін. Басқа да вирустар жүктейтін вирус Троян Файлдық вирус макровирустар
Мекендеу ортасына қарай Жұмыс логикасы және мақсатына қарай Мақсатына қарай
Мекендеу ортасына қарай Файлдық Бұл қолданбалы программалардың ішіне енгізілген программалық кодалық блоктар. Вирустық кода программа жүктелгенде жіберіледі. Жүктейтін Макровирустар Негізгі жүктейтін жазбаға немесе жүктейтін секторға вирус жұқтырады. Операциялық жүйе жүктелгенде жұқпаны тасушыдан вирус жұғады. Word құжаттары және Excel электрондық кестесі құжаттарына вирус жұқтырады. Жұғу құжат файлын ашқанда орындалады.
Ұстауыш вирустар Құрттар Жұмыс логикасы мен мақсатына қарай Программалық құралдар кешеніндегі қателіктер мен дәлсіздіктерді пайдаланатын вирустар. Логикалық бомбалар Троян аттары
Шантаж жасаушы Бейсауат Мақсатына қарай Мағынасыз Насихатшы
Вирус жұққан компьютерлер
Осы вирустардан қорғауға арналған арнайы бағытты программаларға антивирустық программалар жатады. Антивирустық программалар вирустарды табуға және жоюға арналған.
Вирустарды байқайтын және жоятын программалар антивирустық программалар деп аталады. Антивирус – бұл компьютерді емдейтін дәрігер.
2011 -201 3 жылғы антивирустар түрлері
Антивирустық программалар типі Детектор программалар Фагтар, докторпрограммалар Тексерушілер
Детекторпрограммалар Докторпрограммалар Ревизорпрограммалар Доктор. Ревизорлар Полифагтар Сүзгіпрограммалар Вакцинапрограммалар
Детектор. Программалар- тек бұрыннан белгілі вирус түрлерінен ғана қорғай алады, жаңа вирусқа олар дәрменсіз болып келеді.
Доктор. Ревизорлар- доктор-программа мен ревизорлар арасынан шыққан гибрид. Бұлар тек файлдағы өзгерістерді, анықтап қана қоймай, оларды автоматты түрде “емдеп” бастапқы қалыпты жағдайға түзеп келтіреді.
Ревизор. Программалар- да алдымен программалар мен дискінің жүйелік аймағы туралы мәліметтерді есіне сақтап, содан соң оны кейінгісімен салыстыра отырып сәйкессіздікті анықтаса, оны дереу программа иесіне хабарлайды.
Вакцина. Программалар – компьютердегі программалар жұмысына әсер етпей, оларды вирус “жұққан” сияқты етіп модификациялайды да, вирус әсерінен сақтайды, бірақ бұл программаларды пайдалану онша тиімді емес.
СүзгіПрограммалар- компьютердің оперативтік(жедел) жадында тұрақты (резиденттік) орналасады да, вирустардың зиянда әрекетіне әкелетін операцияны ұстап алып, бұл туралы жұмыс істеп отырған адамға дер кезінде хабарлап отырады. Одан әрі шешім қабылдау әркімнің өзіне байланысты болады.
Ревизорлар – Олардың міндеті программалардың. Каталогтардың компьютер вирус жұқтырмай тұрғандағы алғашқы күйін есте сақтау, содан кейін әлсін-әлсін оның ағымдағы күйін алғашқымен салыстырып отыру. Д. Мостов дайындаған прогамма-ревизор ADif жақсы танымал.
Полифагтар. Олардың қызметі-вирустарды табу ғана емес, оның кодасын жұқпалы (ауру жұққан) программадан жою. Өте қутты полиграф-сканер И. Данилов құрған Dr. Web (Doctor Web) болып табылады. Ол вирустарды жақса айырып таниды, бірақ оның базасында вирусқа қарсы күресетін құралдар басқа вирусқа қарсы программаларға қарағанда анағұрлым аз. Жалпыға әйгілі полифаг Е. Касперский зертханасы құрған Kaspersky Anti. Virus программасы вирусқа қарсы бірден-бір сенімді программа ретінде бүкіл әлемге әйгілі.
Қорытынды: 1. Резервтік көшірме жасау, ақпаратты архивтеу; 2. Ұрлық программаларды қолданбау; 3. Дискеттегі файлдарды вирусқа тексеру; 4. Антивирустық программаны дискетте сақтау;
Антивирус.ppt