Antik_filosofiasy.pptx
- Количество слайдов: 15
Антикалық философия өкілдері Орындаған: Серикова Т. С. , Сманғали А. Т. 5 В 011700 -қазақ тілі мен әдебиеті 204 -топ Тексерген: Иманбаева С. Ж
Антик философиясы б. з. б VII-VI ғасырлар аралығында Кіші Азияның Батыс жағалауында орналасқан гректің қала-мемлекеттерінде, одан соң Оңтүстік Италиядағы грек қалаларында, сондай-ақ Сицилияның терістік жағалауындағы қалаларда, ақыр соңында Грекияның өз ішіндегі Афины қаласында дүниеге келді.
Антик философиясының өкілдері v Фалес б. з. б 625 -547 ж. ж v Анаксимандр б. з. б 610 -547 ж. ж v Анаксимен 585 -525 ж. ж v Гераклит 535 -475 ж. ж v Парменид б. д. д. VI г v Зенон 490 -430 ж. ж v Эмпедокл 490 -30 ж. ж v Анаксагор 500 -428 ж. ж v Сократ 469 -399 ж. ж v Демокрит 460 -360 ж. ж v Платон 428 -347 ж. ж v Аристотель 384 -322 ж. ж
Анаксимандр (Милеттік) (б. з. д. 40 ж. ж. ) - ежелгі грек материалистфилософы, стихиялық диалектик, Фалестің шәкірті. Грекиядағы "Табиғат туралы" атты түңғыш ғылыми шығарманың авторы, бұл шығарма бізге жеткен жоқ. Анаксимандр нәрсе атаулының бастапқы негізі — "архе" ("негіз", "принцип") ұғымын енгізді және апейронды осы бастапқы негіз деп есептеді. Апейронды ыстық пен суықтың қарама-қарсылығы туады; олардың күресі космосты дүниеге әкеледі; ыстық от ретінде көрініс табады, суық аспан мен жерге айналады. Ол материяның сақталу және айналу заңын тұңғыш рет тұжырымдады. Анаксимандрдың космологиялық теориясы бойынша жазық цилиндр формасындағы жер ғаламның ортасында тұр. Жер төңірегінде аспанның үш сақинасы: күн, ай және жұлдыз сақиналары айналып жүреді. Анаксимандр тарихта тұңғыш рет эволюция идеясын ұсынды: адам — басқа да тіршілік иелері сияқты балықтан шыққан
Милеттік Фалес -Ежелгі грекияның әйгілі абызы, ғалымы, философы, Сократқа дейінгі жаратылыстану философтарының бастаушысы, Кіші Азиядаы (Қазіргі Түркиядағы) Ионияның Милет қаласында милет ағымның бастаушысы болған. Грек жеті әулиесінің бірі деп құрметтелген. Батыс мәдениеті тарихында тұңғыш аты сақталған ойшылы ретінде бағаланады. “Ғылым мен философияның атасы” делінеді. Фалестің әлемге мәшүр Анаксимандр, Анаксимен делінетін екі шәкәрті болған. Олар да Грек даналығы тарихында ерекше аталады.
Анаксимен(б. з. б 585525)дүниенің негізі ауа дейді. Ауаның қоюлануы сұйықталуынан су, жер, тас, от пайда болады деп топшылады. Ол ауасыз тіршілік жоқ, жан дегеніміз-ауа десе керек.
Гераклит(535 -475 ж. ж шамасы). Ол Эфес қаласынан шықты. Оның пікірінше, дүниеде өзгермейтін, қозғалмайтын еш нәрсе жоқ. Бәрі ағыста, бәрі өзгерісте. Қозғалыс мәңгі. Гераклиттің ойынша, (“дүниедегі барлық құбылыс оттан жасалған, олай болса, жан да оттан тұрады, бірақ олөте құрғақ. Әлемді билейтін күш. Логос. ”
Парменид б. д. д. VI г. Элея қаласында дүниеге келіп, V г. орта шенінде қайтыс болады. Осы қалада ол өзінің кейін өте ықпалды болган мектебін ашады. Аңыз бойынша, оның философиямен айналысуына Аминий деген пифагоршыл себепші болады. Парменидтың саясатқа да араласып, өз қаласының қоғамдық тірлігін реттеу үшін заң шыгарғаны да мәлім. Парменидтің пікірінше, болмысты көзбен көруге, сезім мүшелері арқылы сезуге болмайды. Оны тек оймен тану, білу мүмкін. Парменидтің қанатты сөзі: «Болмыс бар, бейболмыс жоқ»
Зенон-Парменидтің шәкірті болған. (490 -430)Зенон бірнеше ғажап ойлар айтты, солардың бірі-оның апориясы. Мәселен, тасбақаны Ахилл қуып жете алмайды, садақтың оғы ешқашан нысанаға жетпейді дегені. Зенон қозғалыс пен жүру қашанда үздік пен үздіксіздіктің диалектикалық бірлікте екенін білмеді. Ол бірлік пен көптіктің диалектикасын былай топшылады: “Бірлік көп емес, ол бөлінбейді. Егер бірлік бөлінетін болса, ол – бірлік емес, көптік”, -дейді.
Анаксагор (Шамамен Б. д. д. 610 -546)- көне грек философы. Дүниенің кұрылымын және кұбылмалығын сан жетпес, көзге көрінбейтін бөлшектер немесе «ұрыктар» (гомеомерия) аркылы түсіндіреді. Олардың сырткы козғаушысы ақыл (нус). Анаксагор космогония аспан денелерінің жүйесі зат бөлшектерінің қүйын тәрізді айналуы нәтижесінде олардың бейберекет бастапқы араласуынан пайда болды деп түсіндірді.
Платон (б. з. б. 427 — 347) — ежелгі грек философы, Сократтың шәкірті, еуропалық идеализмнің негізін салушы. Платон оның лақап аты (жалпақ, кең), өз есімі — Аристокл. 407 ж. ш. Платон Сократпен танысып, оның ең сүйікті шәкіртінің бірі болды. 389 ж. Оңтүстік Италия мен Сицилияға саяхат жасап, онда пифагоршылармен ғылыми, философиялық, діни ілім жайында пікір алысты. Платон Афинада өз мектебі — Платон академиясының негізін қалайды. 367 және 361 ж. Сицилияға екі рет саяхат жасап, өмірінің соңғы жылдарын Афинада өткізді. Осында көптеген еңбектер жазып, дәріс оқыды. Негізгі шығармалары: “Апология” (Сократты қорғау), “Критон” т. б
Эмпедокл(490 -430 ж. ж)Эмпедокл -ертедегі гректердің ішінен шыққан материалист. Дүниенің түрлі құбылыстарын ол төрт бастамадан шығарды. Олар: ауа, от, су және жер. Түрлі заттар осы заттардың қосылуынан пайда болып, ыдырауынан жойылады деді. Бұлардан басқа зат емес екі рухани бастама бар: сүйіспеншілік пеқастастық. Эмпедоклдің айтқан екі пікірі таң қалдырады. БіріКүннің тұтылуы, Жер мен Күннің арасына Айдың тура келіп, қабаттасуы. Екіншісісәуленің әлемде тарауы үшін уақыттың керектігі
Демокрит (460 -360)ертедегі гректерден шыққан тек материалист қана емес, сонымен бірге ол атомистік теорияның негізін салушылардың көрнекті өкілі. Демокриттің пікірінше, бір кезде адамдар хайуандарша өмір сүрген. “Соларды адам қалпына келтірген-қажеттілік”деп түсіндіреді Демокрит.
Сократ (грекше: Σωκράτης c. 469 / 471 – 399 ]), —ежелгі грек пәлсапасышы , Батыс пәлсапасының негізін қалаушылардың бірі болып есептеледі. Ол Платонға қатты ықпал жасап, оның әсері Платонның шәкірті болған Аристотельгеде ықпал етті. Сократтың ілімі қазіргі заман пәлсапасының маңызды бөлігі болып қалып отыр. Ол этика саласына жасаған үлесімен белгілі, Сократтық мысқыл және Сократтық әдіс атты ұғымдар оның атымен аталған. Сократтық әдіс әлі де түрлі пікірталастарда жиі қолданылатын құрал болып отыр, ол құралды мәнісі мынада: түрлі-түрлі сұрақтар тек жауап алу үшін ғана емес, қатысып отырғандарға қарастырылып отырған мәселенің түп-тамырына үңілу үшін де қойылады.
Аристотель (грекше: Ἀριστοτέλης Aristotélēs) (б. з. д. 384 — б. з. д. 322 жылдар) — грек пәлсапашысы, Платонның шәкірті, Ұлы Александрдың ұстазы. Ол түрлі-түрлі тақырыптарға зерттеулер жазған, соның ішінде физика, метафизика, ақындық өнер, театр, музыка, логика, шешендік өнері, саясат, үкімет, этика, биология және зоология.
Antik_filosofiasy.pptx