Anglia.ppt
- Количество слайдов: 7
Англия мен Франция елдерінің әлеуметтік - экономикалық дамуы
Англия елінің әлеуметтік дамуы • XIX ғасырдың басында Англия экономикасы дамыған мемлекет болды. 1811 жылы Англияда сауда мен кәсіп орында халықтың 44 пайызы жұмыс істеді. Еңбекшілердің жағдайы өте ауыр болды. Ағылшын тауарлары дүние жүзінің барлық елдеріне шығарылды. Бұл көліктік шығындарды талап етті, сондықтан да өнеркәсіп иелері жұмысшылардың еңбек ақысын азайту арқылы өнімнің бағасын төмендетуге тырысты.
• Напалеон соғыстарынан кейін Англия бірнеше жылдар бойы экономикалық қиыншылықтарды басынан өткізді. Мемлекеттік қарыз 450 млн фунтстерлингтен асып кетті. Жарты миллионға жуық адам әскер қатарынан босатылды. Балтық және Солтүстік теңіз порттарынан арзан дақыл түсе бастады.
I Напалеон кезіндегі Франция • 1799 жылы 9 қарашадағы мемлекеттік төңкерістен кейін барлық билік 3 консулдың қолына өтті, бірақ іс жүзінде билік бірінші консул-Бонапарттың қолында болды. Ол жеке өзі билік жүргізгісі келді. Жаңа конституция қабылдады. 3 миллионға таяу француз оны қолдап дауыс берсе, тек 1 жарым мыңы қарсы болды. Конституция бойынша Франциядағы билік 1 консулдың қолына шоғырланды. Бүкіл Францияны қатаң орталықтанған әкімшілік жүйе биледі.
• 1804, 1808, 1811 жылдары Азаматтық, Қаржылық және Қылмыстық кодекстер шығарылып, олар”Напалеонның кодекстері” деген атқа ие болды. Бұл кодекстер Францияда экономиканың дамуына жағдай жасады. Ауыл шаруашылығы ойдағыдай дамыды. Дәнді дақылдардың өнімділігі артты. Жүзім шаруашылығы, жібек өндіру сияқты салалар жетістіктерге жетіп, мал басының саны көбейді. Елде жіп иіру машиналарының саны өсті, техника жетіле бастады.
Англия • 70 -жылдарында Ұлыбритания барлқ елдерді экономикалық даму дәрежесі жағынан және өзінің отар иеліктері жағынан озып, ең күшті еуропалық мемлекетке айналды. Англияның өмірінде қатерлі дабыл пайда болды. Өнеркәсіп өнімінің жыл сайынғы өсуі небары2, 1%дықұрады, бұл кезде АҚШ -та бұл көрсеткіш 4, 2%ға, Германияда-4, 1%-ға жеткен еді.
Назарларыңыз ға
Anglia.ppt