англия.pptx
- Количество слайдов: 10
Англия банк жүйесі ОРЫНДАҒАН: МҰРАТОВ Н.
Әлемдік қаржы орталықтары – халықаралық валюталық, несиелік және қаржы операцияларын жүзеге асыратын, құнды қағаздармен, алтынмен келісім жасайтын банктер мен мамандандырылған несиелік-қаржылық институттарының шоғырланған орталықтары. Ертеде, олар ұлттық нарықтар базасында құрылған еді, кейін әлемдік, валюталық, несиелік, қаржылық нарықтарда, алтын нарықтары негізінде құрылды. Бүгінгі таңда, осындай орталықтарға Лондон, Нью-Йорк, Токио, Цюрих, Люксембург, Майндағы Франкфурт, Сингапур және басқа да орталықтар кіреді.
Әлемдік қаржы орталықтардың үздік бестігі № Қаржы орталығы Баллдар саны (ең жоғары балл 1000 -ға тең) 1. Лондон 795 2. Нью-Йорк 786 3. Гонконг 695 4. Сингапур 675 5. Цюрих 665
Лондон. Ұлыбритания, атап айтатын болсақ Лондон бүгінгі таңда негізгі әлемдік қаржы орталығы болып табылады. Аталған қаржы орталығы бүкіл әлемде инвесторлардан тартылған қаражат көлемі бойынша бірінші орынды алады. Күнделікті валютамен жасайтын келісімдерінің мөлшерінің өзі шамамен, 500 млрд. долл. құрайды. Лондонда негізгі әлемдік алып компаниялардың өкілдіктерінің орналасуы тарихи қалыптасқан жағдай. Қазірдің өзінде, өз акцияларын орналастыру үшін үлкен компаниялар Лондонды таңдайды.
1673 жылы бірінші «C Hoare & Co» атты банктік кеңсенің құрылуы мен кейін 1694 жылы Англия Банкінің құрылуы Ұлыбританиядағы Лондон Сити қаржылық орталығының құрылуына себеп болды. XVII ғасырда Италия, Германия, Франция және Қытайдың саудагерлері Сити орталығында «физикалық тауарлар» сататын болған: алтын мен кофеден бастап тоқыма мен дәмдеуіштерге дейін. XIX ғасырдың ортасынан бастап бұл орталықтың басты саласы – капитал саудасы болды. Бұған әсер еткен көп себептердің ең бастысы – еркіндік болды. Италияндық және еврейлік банкир отбасы- лары, жібек маталарын сататын француз гугеноттары, ХХ ғасырдың аяғында американдық және жапон банктері Лондонға келді, себебі бұл қала оларға еркіндік пен төзімділікті ұсынды.
Қазір, ол әлемнің жетекші қаржы орталықтарының бірі, және Лондон немесе оның басқаша атауы – Шар- шы Миля Лондондағы тарихи орталығы болып табылады. Дәл осы жерде біздің дәуірімізге дейінгі 43 ж. Рим легионерлері әскери қос тігіп, Лондиниум деп атап кеткен болатын. Лондон қаржы орталығы көптеген әлемдік қаржы нарықтарында жасалынатын келісімдердің үлескері болып отыр. Лондон орталығында 550 шетел банкі орналасқан және күн сайынғы жұмысшылардың саны 280 000 адамды құрайды, ал нақты тұрғындарының саны шамамен 5 000 адамнан аспайды.
Англия банкі – Біріккен Патшалықтың орталық банкі болып саналады. Ертеректе «Старая Леди» of Threadneedle Street атымен белгілі Банк 1694 жылы құрылған болатын. Қазіргі уақытта, Британ қаржы жүйесінің орталығында орналасқан банк Ұлыбританияның барлық ақшалы және қаржылық жүйесін тұрғылықты деңгейде дамыту және қолдау мақсатында қызмет етеді, бұл оның мемлекет пен бүкіл әлем экономикасының әлауқатты болуына салған үлесі болып табылады. Банктің негізгі жұмысы үкімет институттарымен және басқа да ең ірі банктермен байланысты. Лондон халықаралық қаржылық орталығының статусы ішкі және халықаралық бағыттар бойынша жұмыс жасауға жол ашады.
Лондон қаржылық алаңдарының ішінен ең танымалылары: • LSE (London Stock Exchange) — Лондон қор биржасы; • LIFFE (London International Financial Futures and Options Exchange) — Лондон халықаралық қаржылық фьючерстер мен опциондар биржасы; • LME (London Metal Exchange) — Лондон металл биржасы.
Назарларыңызға рахмет
англия.pptx