
Аменорея слайдтар.ppt
- Количество слайдов: 68
Аменорея. Гипоменструалды синдром Дәріс жоспары: 1. Аменореяның анықтамасы. 2. Жіктелуі. 3. Диагностикасы. Салыстырмалы диагностикасы. 4. Қосымша зерттеу әдістері. 5. Емдеу әдістері. 6. Гипоменструалды синдромның анықтамасы. 7. Себептері. 8. Емі. 9. Алдын алу шаралары.
Менструалды циклдың бұзылу себептері: § Шектен тыс психикалық күйзеліс § Қолайсыз әлеуметтік-тұрмыстық жағдай (гипо, авитаминоздар, ауыр физикалық жұмыс). § Өндірістік зиянды факторлар (рентген, сәулелену). § Инфекциялық аурулар (тұмау, туберкулез, септикалық аурулар). § Cоматикалық аурулар (ревматизм, анемия, гепатиттер). § Көрші эндокринді бездердің қызметінің бұзылыстары (қалқанша без ауруы, бүйрек үсті безі)
Менструалды цикл бұзылыстарының жіктелуі: § § § Аменорея – етеккірдің 6 айдан аса болмауы. Циклдық бұзылыстар: - гиперменорея - гипоменорея - етеккір уақытының ұзақтығының бұзылысы (полименорея, олигоменорея) - етеккір ритмділігінің бұзылысы (пройоменорея, опсоменорея) Дисфункционалды жатырдан қан ағулар (ДЖҚ): Овуляторлық Ановуляторлық Альгодисменорея – ауру сезімді етеккір
Менструалды циклдың реттелуі
Аменорея Патологиялық көріністердің уақытына немесе мерзіміне қарай: ØБіріншілік ØЕкіншілік
Біріншілік аменорея 16 жастан және одан аса жастарда етеккірдің болмауы.
Біріншілік аменорея Сүт бездерінің дұрыс дамымауы, 16 жасқа келгенде етеккірінің болмауы
Екіншілік аменорея – 1 рет жүкті болғаннан кейінгі етеккірдің тоқтап қалуын айтады.
Екіншілік аменорея- аналық бездің поликистозы Аменорея фонында май алмасуының бұзылуы, акне, гирсутизм және бедеулік байқалады. УДЗ суретте “алқа” нәтижесі көрінеді.
Екіншілік аменорея- аналық бездің поликистозы
Аменорея бөлінеді: - Физиологиялық - Патологиялық болып бөлінеді
Физиологиялық аменорея § Қыз балалардың жыныстық жетілу кезеңіне дейін § Жүктілік кезінде § Лактация § Менопауза
Менопауза кезеңінде солған, аналық бездің тіс тәрізді көрінісі
Лактация Емшекпен емізу кезінде әйелде лактациялық аменорея дамиды
Патологиялық аменорея Әртүрлі функционалды органикалық ауруларға байланысты етеккір циклының бұзылуы (6 айдан немесе одан да көп уақыт етеккірдің болмауы)
Патологиялық аменорея: § Қыртысты-гипоталамикалық § Гипоталамды-гипофизарлық § Гипофизарлық § Аналық бездік § Жатырлық § Қалқанша безінің, бүйрек үсті безінің дисфункциясы кезінде
Қыртыстық-гипоталамикалық аменорея § § § «Cоғыс уақытындағы» аменорея Психогенді аменорея Жалған жүктілік Жүйкелік анорексия Аменорея-галакторея Арықтататын аурулар және интоксикация фонында
Психогенді аменорея Қалыпты етеккір бар әйелдерде аффективті шок нәтижесінде пайда болады. Психикалық зардап шегу салдарынан: § Жақын адамның өлімі § Қамауға түсу § Босқындық § Соғыс § Жер аудару § Ұзақ жүйкенің тозуы
Психогенді аменорея Ал жас қыздарда: § Емтихан кезінде § Интернатта өмір сүру § Зорлау салдарынан пайда болады.
Жалған жүктілік синдромы Синдром аменореямен және жалған жүктілік белгілерімен жүреді. Ол: § Бала өте қажет немесе қажет емес бедеу әйелдерде § Жүкті болудан қорқататын әйелдерде кездеседі
Жалған жүктілік синдромының белгілері: § § § Олигоменорея Гипоменорея немесе аменорея Жүрек айну Дене салмағының жоғарылауы Сүт бездерінің қатаюы Іштің үлкеюімен сипатталады
Қыздық перденің бүтін болуы Етеккір кезінде бөлінген кезде қан қынапта, жатырда, жатыр түтіктерінде жиналып қалып, гематокольпос, гематометра және гематосальпинкс пайда болады
Қыртысты-гипоталамикалық аменореяның барлық түрі гипофизді екіншілік түрде патологиялық процеске ұшыратады, оның гонадотропты функциясын төмендетеді.
Гипоталамды-гипофизарлық (органикалық): § Адипозо-гениталды аменорея (Бабинский-Фрейлих синдромы) § Лауренс-Мун-Бидль синдромы § Киари-Фроммель синдромы
Гипоталамды-гипофизарлық ісіктер - хромофобты аденома 38 жастағы әйел. Жыныстық жетілуі 12 жастан бастап, ретті етеккір. 26 жастан бастап етеккірі 2 -3 -6 айда 1 рет. 31 жастан бастап аменорея. Вульваның гипотрофиясы. Түрік ерінің қосарланған контуры.
Адипозо-гениталды аменорея (Бабинский-Фрейлих синдромы) vаралық-гипофизарлы аймақтың хромофобты аденомамен зақымдануы немесе гипоталамды-гипофизарлы аймақтың белгісіз генезінің дисфункциясымен сипатталады.
Лауренс-Мун-Бидль синдромы vмезенцефалонның туғаннан пайда болған генетикалық кемшілігі.
Киари-Фроммель синдромы vгипоталамустың орталықтарының гормонды белсенсіз ісікпен немесе басқа патологиялық процеспен жарақаттануы.
Гипофизарлық аменорея: § § § Шихан синдромы Симмондс синдромы Босанғаннан кейінгі семіздік Гигантизм Акромегалия
Аналық бездік аменорея: - Туа пайда болған - Жүре пайда болған болып бөлінеді
Туа пайда болған аменорея 1. Гонадалардың дисгенезиясы (Шерешевский-Тернер синдромы) 2. Тестикулярлы феминизация (Морис синдромы)
Шерешевский-Тернер синдромы Гонадалықсоматикалық дисгенезиямен, ол үштік симптоммен сипатталады: бойдың гипотрофиясы, жыныстық инфантилизмм ен, және туа пайда болған даму ақауларымен сипатталады.
Жүре пайда болған аменорея 1. Балалық шақта аналық бездердің зақымдалуы, евнухизм 2. Пубертатты және репродуктивті кезеңдерде аналық бездердің зақымдалуы
Аналық бездің поликистозы Лапароскопия кезінде үлкен ақ түсті поликистозды аналық бездің суреті
Эндометрияның гиперплазиясы Олигоменореямен әйелдерде эндометрияның гиперплазиясы мен карцинома дамуы мүмкін
Пубертатты аналык бездік жетіспеушілік кезінде - денесі қысқа, аяқтары ұзын, бұған қосымша май табандық, сколиоз, кифоз қосылады
Жүре пайда болған аменорея себептері § § § § аналық бездің құрт ауруы, аналық бездің поликистоздық синдромы, аналық бездердің гормон шығарушы ісіктері, бездердің серпімділік (резистенттілік) синдромы, аналық бездердің әлсіреуі синдромы, рентген-радийлі сәулелендіру әсері, гонадтарды алып тастау
Гиперпролактинемия Сүт безін басқан кезде сүт тәрізді бөлінулердің болуы
Екіншілік аменорея § Себебіне қарай: Ø жалған Ø шынайы аменорея болып бөлінеді.
Жалған аменорея (криптоменорея) § § Циклдық өзгерістер әйелдердің барлық организмде және гипоталамус-гипофиз-аналық бездер-жатыр жүйесінде өткенімен, етеккірдің болмауымен сипатталады. Бұндай жағдайда етеккірдің болмауы механикалық кедергілерге байланысты болады: қыздық перденің жабық болуынан, жатыр мойны өзегінің бітеліп қалуынан, тыртықтану өзгерісінен болған жатыр мойнының, қынаптың атрезиясы және жыныс мүшелерінің ақаулық дамуынан. Сондықтан, етеккір кезінде бөлінген қан қынапта, жатырда, жатыр түтіктерінде жиналып қалып гематокольпос, гематометра және гематосальпинкс пайда болады.
Шын аменорея зақымдалу деңгейіне байланысты мынадай түрлерге бөлінеді: § Орталық генезді аменорея § Шеткі генезді аменорея
Орталық генезді патологиялық аменорея Бүкіл организмнің және де орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) бөлек құрамды бөліктерінің аурулары кезінде дамиды.
Бұл аурулардың әртүрін 2 үлкен топқа бөлуге болады § Функционалды § Органикалық, мұндай бөліну шартты деуге болады, себебі функционалды деп жүрген көптеген патологиялық жағдайларды, электронды микроскопияның, молекулярлы биологияның, биохимияның жетістіктері арқасында органикалық өзгерістерді анықтауға болатын болды.
Шеткі генезді аменорея § § Аналық бездік Жатырлық Бүйрек үсті бездік Тиреоидтық
Аналық бездік аменорея: 1. Балалық шақта аналық бездердің зақымдалуы, евнухизм 2. Пубертатты және репродуктивті кезеңдерде аналық бездердің зақымдалуы
Аналық бездің жетіспеушілігі Жыныс мүшелеріндегі өзгерістер: вульва гипопластикалық, кіші жыныс еріндері дұрыс дамымаған, пигментация жоқ. Сүт бездері регрессияға ұшыраған. Емізік ішке тартылған, емізік айналасындағы пигментациясы жоқ, бездің жалпы түрі липомастикалық.
Жатырлық аменорея § Туа жатырдың болмауы § Жатырдың интерорецепторларының жыныс гормондарының әсеріне сезімталдығының бұзылысы § Эндометрияның бұзылыстары (дөрекі қыру, туберкулез, синехиялар)
Жатырдың шырышты қабатының өзгерістері мынадай жағдайларда болуы мүмкін § § Құрт ауруының әсерінен Септикалық эндометриттен Жатыр қуысын қырғандағы жарақаттанудан Жатыр ішіне жіберілген әртүрлі дәрідәрмектерден болатын жатыр ішінің жабысуынан § Туғаннан немесе жүре пайда болған гормондардың әсеріне жатыр интерорецепторларының сезімталдығының бұзылуынан
Бүйрек үсті безі түріндегі аменорея Адреногениталды синдроммен (жиі туғаннан пайда болған) және АКТГ мөлшерінің артуымен байланысты болады.
Қалқанша безінің дисфункциясы кезіндегі аменорея гипотиреозбен және гипофиздің гонадотропты, тиреотропты функцияларының басылуымен байланысты болады. гипотиреоз кезінде аменорея сирек байқалады.
Аменореяның диагностикасы § § Аурудың шағымдары мен анамнезі: тұрмыс, жұмыс жағдайларын, акушерлік анамнездің ерекшеліктерін, түсіктен, босанғаннан кейінгі асқынуларын анықтау
Жалпы, арнайы қарау мен зерттеу § § дене бітімінің типі, семіздіктің сипаты, стрийдің, акне, гирсутизмнің болуы, жыныс белгілерінің екіншілік дамуының ерекшеліктері § гинекологиялық зерттеу
Қосымша зерттеу әдістері § § § жатыр мойнын зондылау, жатыр қуысын диагностикалық қыру, қырындыны гистологиялық зерттеу, функционалдық диагностиканың тестілері, кіші жамбастың УДЗ-і, МСГ, пневмоперитонеум, бас сауытының, түрік ерінің рентгенографиясы, ЭЭГ, компьютерлі томография, көз түбін және көру аймағын тексеру, қант қисық сызығын тексеру
Краниография 16 жастан бастап аменореямен және жыныс инфантилизмімен 26 жастағы әйелдің бас сауыты
Гормоналдық зерттеулер гормондардың базалдық деңгейін зерттеу: § эстрогендерді, § прогестеронды, § гонадотропиндерді, § 17 -КС-ті, § тестостеронды, § пролактинді, § ТТГ § функционалдық гормоналдық– прогестеронмен, эстрогенпрогестеронмен, ХГ-мен, кломифенмен, ЛГ-РГ-мен дексаметазонмен сынамаларды жүргізу
Генетикалық әдістер § жыныстық хроматинді, § кариотипті тексеру
Эндоскопиялық § лапароскопия, аналық бездердің биопсиясы, Пирке, Манту реакциясы § гистероскопия
Салыстырмалы диагностикасы 1. Жалған аменореяны жоққа шығару үшін: § гинекологиялық тексеру, § МСГ, § пневмопельвиография.
Аменореяның жатырлық түрін жоққа шығару үшін 2 ФДТ, эстрогендермен қанығу жеткілікті болған кезде прогестерон сынамасы жүргізіледі; прогестерондық сынама оң болса – жатырлық генезді аурудың жоқтығын айтады. Прогестерон сынамасы теріс болған кезде эстроген-прогестерондық сынаманы қосымша жүргізу керек. Эстроген-прогестерондық сынама теріс болған кезде – аменореяның жатырлық түрінің диагнозын анықтау үшін МСГ (жатыр ішінің жабысуы, шырышты қабатының құрт ауруы), диагностикалық қыру, туберкулиндік сынамалар жүргізу қажет.
Аменореяның аналық бездік түрін 3. жоққа шығару үшін (көбінесе туғаннан пайда болған үлгісі немесе ісіктер және аналық бездерінің гормоналдық функциясының сипаттамасын анықтау): § Жыныстық хроматинді, кариотипті, ФДТ зерттеу, УДЗ, МСГ, пневмопельвиография (ППГ), гормоналдық зерттеулерін (қанның плазмасындағы және зәрдегі гормондардың деңгейін және ХГ-мен сынама(жүргізу қажет. Сынама теріс болған кезде аналық бездік түрінің диагнозы дұрыс.
§ § § § § Аменореяның орталық түрлерін шығарып тастау аурудың шағымдары, анамнезі, объективті зерттеулердің мәліметтері, морфограммасы, стрийдің, галактореяның, екіншілік жыныс белгілерінің ерекшелігінің болуы, бас сауытының, түрік ерінің рентгенографиясы, ЭЭГ, компьютерлі томография, көз түбін және көру аймағын, қан қисық сызығын тексеру, гонадотропиндерді, пролактинді, ТТГ, АКТГ-ні анықтау, ЛГ-РГ-мен сынама).
Бүйрек үсті безінің функциясын зерттеу § § объективті статустың мәліметтері, арнайы зерттеу әдістері, 17 -КС, АКТГ мен, дексаметазонмен сынамалар.
Аменореяның емі зақымдану деңгейін табуына байланысты, гормоналды және арнайы зерттеу әдістерінің мәліметтері бойынша жүргізіледі. § Прогестерон сынамасы оң болса – прогестеронмен ем 8 -10 күндей 6 айға дейін жүргізіледі. § Эстроген-прогестерон сынамасы оң болса – циклдік гормонотерапияны (ЦТГ) 3 -4 айға тағайындайды.
Аменореяның аналық бездік түрі § анықталғанда (гонадтар дисгенезиясы) емін 10 жасқа дейін жүргізу керек. Тиреоидин (0, 06 мг 2 рет), Неробол тағайындап (20 күн ішіп, сосын 10 күн үзіліс) 4 -6 курсін алғаннан кейін 3 айға үзіліс жасайды. Ем 13 -14 жасқа дейін жүргізіледі. Содан кейін орынбасушы гормондық терапия жүргізіледі – әуелі эстерогендер препараттарымен, келесі ЦГТға көшеді. Емі ұзаққа созылады.
Аменореяның орталық түрінің емі: Гипофиз ісігінің диагностикасында хирургиялық ем немесе рентгенотерапия жүргізіледі. Функционалдық зақымдану кезінде витаминдер, ұзақ психоседативтік терапия, диета, жалпы күшейтетін препараттар, физиотерапия (мұрын ішті электрофорез, моыйн-бет гальванизациясы) жүргізіледі. Емнің нәтижесі болмаған жағдайда 3 -4 ай қатарынан аз дозадан эстероген және прогестерон қатарында, ы препараттар, синтетикалық эстероген –гестагендер (СЭГ), парлодел, клостильбегит, пергонал.
Гипоменстралды синдром термині Етеккір циклінің нашарлауы, оның қысқаруы, сирек болуы, қан мөлшерінің азаюы екенін айтамыз. Бұл синдром фолликуланың бәсеңдеп немесе жай пісіп жетілуімен, овулzцияның кеш басталуымен лютеин фазасының жетіспеушілігімен немесе ановуляциямен, организмнің эстерогендік қанағуының төмендеуімен сипатталады.
Гипоменструалды синдром : § § § нейроэндокриндік бұзылыстарға, созылмалы инфекцияларда, организмнің улануында, жыныстан тыс ауруларда, климактериялық кезеңде, жыныстық пісіп-жетілу кезеңінде жиі байқалады.
Алдын-алу шаралары § стресстердің, психикалық жүйке ауруларының, § тамақтанудың бұзылуы, витаминдердің жетіспеушілігінің алдын-алу; § өндірістік зиянгершілікті, § инфекциялық ауруларды, § улануды, § жыныстан тыс патологияларды, § түсіктен, босанғаннан кейінгі асқынуларды жою болып табылады.
Аменорея слайдтар.ppt