
Презентация1.pptx
- Количество слайдов: 17
Алматы Технологиялық Университеті Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі ЖИДЕКТЕР Орындаған: ТОП 11 -1 студенті Шликбаева Д. Алматы 2013
ЖОСПАР Ø Ø Ø Ø Кіріспе Таңқурайдың химиялық құрамы, қолданылуы Қарақаттың химиялық құрамы Құлпынай Химиялық құрамы, қасиеттері, қолданылуы Қорытынды
Жидектер — шөптесін өсімдіктер мен бұталарда өсетін шағын ылғалды жемістер. Жидектер көбіне кондитерлік істе қолданылады. Олардан тосаптар, конфитюрлер, джемдер, повидло, мармелад дайындайды, тәтгі тағамдарға қосады (мусс, суфле, желе, қою шырын) және сусындар жасайды (шырындар, экстрактар, морстар, квас, құймалар, тұнбалар, ликерлар).
Таңқурай - раушангүлділер тұқымдасының бір түрі. Биіктігі 1— 3 м, сабағы тікенді, жапырағы қалың, атпа тамырлы, көп жылдық шала бұта. Жемісі сүйекті, түсі қызыл, сары. Жемісінің құрамында қант, пентон, органикалық қышқылдар, С, А, В витаминдері, хош иісті заттар бар. Жемісін жеуге және тосап, шырынсу, шырын, шарап, т. б. дайындауға пайдаланады
Таңқурай құрамы өте бай : оның жидегінде 90% жуық су болады, бояғыш заттар қант (глюкоза, сахароза, фруктоза) эфирлі пуриндер азотты заттар органикалық қышқылдар (лимон, салицил, фоль алма қышқылы – 5, 1 мкг 100 г өнімде) каротин (А провитамині)-0, 07 мг мыс, темір калий тұздары В тобының витаминдері: В 41(тиамин)-0, 06 мг, В 42 (рибофлавин) -0, 002 мг С витамині (аскорбин қышқылы)-25 мг Е витамині (токоферол) -0, 1 мг витамин Р(биофлавоноидтар) РР витамині (никотин қышқылы) -0, 5 мг
Таңқурай
Атауы Адам организмінде атқаратын қызметі Таңқурайдың химиялық құрамына кіретін керек емес заттар мен сұйықтың сыртқа шығарылуын қамтамасыз етеді элементтер мен витаминдердің адам фоль қышқылы , қан түзілу процессіне қатысады мыс пенорганизіміне пайдасы зор: темір каротин А витаминінің түзілуі үшін қажет, ол өз кезегінде ақуыз айналымына, көздің көруінің жықсаруына ықпал етеді калий тұздары минералды тұздар, түрлі простердің жүзеге асуына ықпал етеді калий микроэлементі, жүрек- қан тамырлары жүйесінің дұрыс қызметіне әсер ететін зәр шығаруды күшейтеді В 41 витамині зат алмасуда маңызды рөл атқарады, көмірсу алмасуына да әсер –етеді Cу В 42 витамині көмірсу мен ақуыз алмасуына қатысады В 46 витамині зат алмасу процестері мен ақуыз түзілуінде қажет С витамині зат алмасуға қатысады Е витамині май алмасуына ықпал етеді Р витамині капилярлардың төзімділігінің артуына әсер етеді РР витамині биолгиялық тотығу процестеріне қатысады
Қолданылуы Таңқурайдан жасалған қайнатпаны дене қызуын түсіруге, несеп жүргізуге, бүйрек тасын шығаруға, іш ауруына, қант диабетіне, өт айдауға пайдаланады. Гемоглобин мөлшерін арттыру, қан тоқтату, суық тигенде дене қызуын басуға, іш тоқтатуға, қан аздыққа, жүйке ауруларына, бронхитке, жөтелге қарсы қолданады. Таңқурай жемісін табиғи қалпында немесе кептірілген күйінде қайнатып, сусын жасап, қыста тұмау кезінде пайдаланады. Әсіресе, тибет медицинасында таңқурайдың жапырағы, жемісі және сабағы қолданылады. Жапырақтарын бұқтырып шайдың орнына ішеді. Сонымен қатар таңқурайдан тосап, сусын, шырын, джем жасайды. Кондитерлік тағамдарға қосады.
Қарақат (Rіbes)– тасжарғандар тұқымдасына жататын бұта. Биіктігі 60 см-ден 2 м-ге дейін жетеді. Бұтағы тікенекті, жапырағы жалпақ, 3 – 5 қалақшасы болады. Гүлі ұсақ, екі үйлі, көбінесе қос жынысты кейде дара жынысты. Маусым – шілде айларында гүлдеп, шілде – тамызда жемісі піседі. Жемісі – жидек. Жеміс шоғында 2 – 18 түйір жеміс болады. Жеміс құрамында 12 – 20% құрғақ зат, 78 – 83% су, 5 – 10% қант, 2 – 4% түрлі қышқылдар, витаминдер (В 1, С, Р), сондай-ақ пектин, илік заттар, минералды тұздар бар. Қара қарақатты халық медицинасында кеңінен қолданады. Жидегі тәбет ашады, тер шығаратын және несеп жүргізетін қасиеті бар. Жидегі организмде витамин жетіспеген жағдайда, қан азайғанда және жүдеген кезде пайдалы. Жидек ретінде қара, қызыл және ақ қарақат көп өсіріледі.
Қарақат
Құлпынай – раушангүл тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Биіктігі 30 – 35 см, жапырағы үш тармақты, ірі, ашық жасыл, қалың түпті. Гүл сабақтары жапырақтардан биік орналасады, гүлі ақ, дара жынысты Мамырда гүлдеп, маусымда жеміс береді. Құлпынай суыққа төзімді, бірақ ұзақ уақыт болатын суықта, әсіресе, қарсыз жылдары түптері үсіп кетеді. Құрғақшылыққа төзімсіз, көлеңкелеу жерде жақсы өседі. Құлпынайдың Шпанка, Миланская, Гүлжан, т. б. сорттары бар.
Құлпынай
Элементтер Организмдегі қызметі лимон, алма және янтарь қышқылдары олар жасуша тыныс алуында және метоболизімінде маңызды рөл атқарады фоль қышқылы иммунитет жүйесінің дұрыс дамумының маңызды элементі фосфор қышқылы организмнің біріктіруші ұлпалары үшін қажет Салицил және хин қышқылдары бактерицидтік және қабынуға қарсы қасиетке ие калий мен натрий макроэлементтері су балансын және жүрек соғысын реттейді, калий – жұмсақ ұлпалардың дұрыс жұмыс атқаруын, организмнен артық судың шығарылуын қамтамасыз етеді; ал натрий – жүйке және ас қорыту жүйесінің жұмысын, қышқылдық балансты реттейді; кальций макроэлементі қаңқа мен тістің құрамына кіреді; тырнақ, шаш, сүйек, тістің сау болуы үшін қажет, антистресстік қасиетке ие;
Микроэлементтер Организмдегі қызметі Бор буындар мен позвоночник ауруларын болдырмайды Фтор қаңқа мен тіс эмалін қалыптастырады, шаш пен тырнақ өсуін қамтамасыз етеді, иммунитетті күшейтеді; Ванадий жүрек- қан тамырлары жүйесінің жұмысын реттейді, сүйектер үшін пайдалы, қан құрамындағы глюкоза мен гемоглобиннің мөлшерін реттейді Молибден ақуыздар мен майлар, көмірсулар метоболизіміне қатысады, ішек микрофлорасына әсер етеді
ҚАСИЕТТЕРІ 1. Тұмау ауруларына қарсы иммунитетті кушейтеді. 2. Тамыр қабырғаларының беріктігін арттырады. 3. Асқазан ауруларымен күреседі; 4. Несеп айдау қасиеті жоғары болғандықтан, бүйрек пен бауыр ауруларын емдеуде қолданылады; 5. Зат алмасуды ретке келтіреді; 6. Бұл жидек антидеприссант болып табылады және ұйқысыздыққа қарсы әсер етеді; 7. Тер айдаушы қасиетке ие ; 8. Гипертония, атеросклероз, анемияның алдын алу және оны емдеу үшін қолданылады, қан ұйуын жақсартады; 9. Бет терісін әрлендіреді; 10. Қан құрамындағы қант мөлшерін азайтад, бұл қант диабетімен ауыратын адамдар үшін пайдалы. 11. Ауыз қуысындағы жағымсыз иісті жояды
ҚҰЛПЫНАЙДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ Құлпынайдың пайдалы қасиеттерін ескере отырып әр түрлі салаларда қолданады : Медецинада зәр айдаушы зат ретінде қолданса , халық медицинасында тұмауды емдеу үшін қолданылады. Теріні кептіретін қасиеті болғандықтан косметологияда кеңінен қолданылады. Құлпынайдың керемет иісі әтір жасау үшін қолданылады. Құрамында пайдалы элементтер мен витаминдер көп, каллориясы аз болғандықтан құлпынай көптеген емдәмнің негізгі элементі болып табылады.
ҚОРЫТЫНДЫ Қорыта келе жалпы жидек атаулының құрамы адам ағзасына керек ең құнарлы заттар мен витаминдерге толы екені айдан анық болды. Сол себепті күнделікті рационға жидек өнімдерін қосқан дұрыс болады. Түрлі аурулардың алдын алу мақсатында жидектерді молырақ пайдаланған жөн.
Презентация1.pptx